Экономика | Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігін талдау

 Экономика | Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігін талдау

Мазмұны

Кіріспе

1. Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорын өнімін жаңартудың экономикалық мәні және маңызы
1.2 Кәсіпорын жаңа өнімді шығарудың экономикалық тиімділігін бағалау әдістері
1.3 Кәсіпорын өнімін жаңартуға әсер ететін факторлар

2.Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ның қызметін талдау.
2.1 Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ны өндірістік-шаруашылық қызметін талдау
2.2 Ырысты-АЭВРЗ-АҚ-ның жаңа өнім шығаруға үрдісін талдау

3.Кәсіпорын өнімін жаңартудың экономикалық тиімділігін арттыру
3.1
3.2 Өндіріс тиімділігін арттыруда жаңа техниканы қолдану бойынша
ұсыныстар

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер тізімі.....


1 Кәсіпорын өнімін жаңарту мен экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері

1.1 Кәсіпорын өнімін жаңартудың экономикалық мәні және маңызы

Вагон өнімдерін өндіру Республикамыздың экономикасының жетекші салаларының бірі болып табылады.Өнім өндіру еңбекті көп керек ететін сала, сондықтан бұл іспен айналысқысы келетін кәсіпкерлік құрылымдар ең алдымен бұл өнімге деген нарықтағы сұранысты зерделеп барып, сатылатын өнімді үнемі арттырып отыруға тиіс.Тәжірибе көрсеткендей, тамақ өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпкерлік құрылымдар өнімдері үнемі жаңартылып және жетілдіріліп отырады.Нарық талабы осындай.
2030 Үкімет бағдарламасының негіздерінде өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары белгіленген.
“Импорттық алмасулар бағдарламасы негізінде ішкі және сыртқы рыноктың қажеттіліктерін қамтамассыз ету үшін өнеркәсіптік өндірістің өсуі үшін, кәсіпорындарды дамыту үшін жағдайлар жасалады.Өнеркәсіптің өсуінің негізі онымен аралас өндірістердегі дамыту болуы тиіс”.
“Үкіметтің өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары Отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру, халықаралық деңгейдегі стандарттау жүйесін құру, сыртқы тауарлар шығаратын кәсіпорындар бағаларының дүние жүзілік нарық бағаларымен теңесуі шараларын іске асыру, өндірісті қалпына келтіру, тұрақтандыру жолында компания басқарушыларының жауапкершілігін арттыру керек”.
Бұл бағдарламаны орындап, бизнес жүйесін қалыптастыру үшін тауар өндірушілерге еркіндік беріліп, олардың экономикалық дербестігі қамтамассыз етілуі қажет.
Нарық, бұл күрделі әрі көп жақты құбылыс. Нарық қатынастары даму дәрежелері бойынша, модификациялау ерекшеліктеріне, кемелдену деңгейіне, тарихи, әлеуметтік және өзге белгілері бойынша ерекшеленеді. Сонымен Кембридж ғылыми мектебінің негізін салушы, нарықты теңестіру тұжырымдамасының авторы, ағылшын экономисі А.Маршалл былай деп жазған болатын: “Тіпті тотықұстан білімді саяси эконом жасауымыз мүмкін, бар – жоғы ол екі сөзді:сұраныс және ұсынысты білуге тиіс”.
Өндіру және өткізу, елеулі ассортимент болып қосылатын жаңа қасиеттері бар – тауар әдетте жаңа өнім, деп аталады. Бұрынан бар бұйымдарды қарапайым түрде жетілдіру жаңа өнімге жатқызылмайды. Өнімнің өзін өзгертпестен жаңа қондырғылар, механизмдер комбинациясы немесе жаңа өнім принципті түрінде жаңа бұйымдар болуы мүмкін. Инновациялау процесінің мақсатына мыналар жатады:
- Жаңа техникалық міндетті шешу – жаңалық табу;
- Ғылыми – зерттеу және тәжірибе конструкциялық талдамалар жасау.
Жаңа қасиеттері бар ассортиментке өндірісі мен өткізілуін қосқанда тауарды әдетте жаңа өнім деп атайды. Нақты бұйымның қарапайым жетілдірулері бұл жерге кірмейді. Жаңа бұйым не тек жаңа өнім, не өнімнің өзін өзгертпей жаңа бейімделулер, механизмдер жиынтығынан тұру керек. Инновация үрдісінің мақсатын келесідей түйіндеуге болады:
- Жаңа техниканың ойлап табылуы – жаңа заттың пайда болуы;
- Ғылыми – зерттеу және тәжірибе - конструкторлық талдамалар
жүргізу;
- Өткізудің дайындығы мен ұйымдастырудың қатар жүруі;
- Нарыққа жаңа өнім енгізу;
-Технологияны жетілдіру, өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру
жолымен нарыққа жаңа өнімді бекіту.
Инновациялау үш сатыға бөлінеді:
1. Келіп түскен ұсыныстарды жүйелеу;
2. Түскен ұсыныстарды іріктеу және жаңа өнімді өндіру;
3. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау


Инновациялық процестің үш сатысын қарастырамыз.
Бірінші сатыда, өнімнің техникалық – экономикалық сипаттамасы, оның сапасын және тұтыну қасиеттерін бағалау анықталады.
Екінші сатыда, әлеуетті (потенциалды) нарық сұранысын және сатылатын тауар көлемін бағалау.
Үшінші сатыда, жаңа өнімді жасауға және игеруге жұмсалған шығынды (инвестицияларды), жаңа өнімнің өзін - өзі ақтау мерзімдерін анықтау.
Төртінші сатыда, жаңа өнімді технологиялық машиналарды, жабдықтарды шығару үшін қажетті ресурстардың болуы.
Бесінші сатыда, жаңа өнімді игеру және оны дүние жүзілік нарыққа шығару мерзімдері.
Алтыншы сатыда, жаңа өнімді өндіру рентабельділігін (пайдалылығын) бағалау, талдау, өнім бойынша маркетинг жүргізу.
Алға қойылған міндетті – жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау үшін осы өнімді бағалауды іске асыру қажет. Жаңа өнімнің тиімділігін бағалаудың негізгі тәсілдері мыналар:
1. Сараптамалық пікір;
2. Күтілетін пайда нормасын анықтау;
3. Ықтималдық тәсіл;
4. Күтілетін пайда қозғалысын бағалау немесе бірқатар факторларды ескере отырып, бағалауды пайдалану.
Бағалаудың көп өлшемді әдістері: саланың тарамдылығы, оған бәсекелестердің еніп кету мүмкіндігі, жаңа өнімнің тұтас алғанда, компанияның бәсекеге қабілеттігіне ықпал жасау, өндірілген тауарларды жетілдіру үшін үлгілерді пайдалану мүмкіндігі, жаңа тауарды өндіру өткізудің фирманың қаржы жағдайына әсері.
Кәсіпорынның түрлі бөлімшелерінің жаңа өнімді жасауға қатысу дәрежесі елеулі мөлшерде кәсіпорын қызмет саласымен, шығарылатын өнімнің сипатымен анықталады.
Тұтас алғанда, тұтыну тауарларын шығаратын компанияларда, компанияның жаңа тауарлар жөніндегі саясатында анықтау кезінде жетекші рөлі – маркетинг жөніндегі мамандарға берілетінін айтуымыз мүмкін.Өндіріс мақсатындағы өнімдер шығаруға мамандандырылған ҒЗТКЖ бөлімшелеріне зор маңыз беріледі.
Маркетинг қызметін басқарушылардан алынған жаңа өнімді жасау жобасы әлбетте маркетингтік зерттеу нәтижесі болып табылады, мұнда нарықтың қажеттілігі туралы, осыған ұқсас заттардың нарықта бар жоқтығы туралы ақпарат болады. Осыларды ескере отырып, кәсіпорын жаңа өнімді шығаруға шешім қабылдайды. Ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстарының бөлімшелерінен жаңа өнімдер жасау туралы идеялар келіп түскен кезде, бұлар жаңа идеяларды жинау, қорытынды зерттеулер жүргізу, қандай да бір нақты идея немесе болашағы зор бұйым туралы келіп түскен ақпаратты зерттеу жөніндегі мақсатты нысаналы зерттеу қызметінің нәтижесін білдіреді. Кәсіпорын өздерінің тасқынды жұмыс істеуіне септігін тигізетін, қолайлы ахуал туғызатын, инновациялық қызметті ынталандыра алатын, жаңа идеялардың қайнар көздерін кеңейтіп отыруға ұмтылады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметінің нарықтық бағдарының күшейе түсуі ғылымды көп қажет ететін өнімді тұтынушылардың инновациялық процестердің түрлі сатыларында оны өңдеуге және игеруге қатысты тәжірибесінің таралуынан байқалады. Бұл бір тараптан өндірушілердің өткізу нарығының тұрақтылығын қамтамассыз етуге ұмтылысымен байланысты, басқа тараптан, тұтынушы жұмыстағы жаңалыққа өз ұсыныстарын енгізіп ғана қоймастан өндіріс жұмысының күллі барысын, жаңалықты игеруді бақылай алады. Бір қатар жағдайларда тапсырыс беруші идеялардың немесе техникалық міндеттердің бастаушысы ретінде көрініп, атап айтқанда жаңа өнімнің сипаттамасын анықтау бойынша, оның прототипін жасау бойынша, мәселені шешуге қатысып отыр. Бұл өндірушімен тапсырыс беруші арасында тұрақты байланыстар орнатуға алып келеді, бұл кезде өндіруші белгілі бір өнімді жөнелтуші ғана емес, ақырғы тұтынушының сұраныстарын бағдарға алатын маркетинг қызметінің қатысушысына да айналады. Инновациялық процестің соңғы мақсаты, жаңа өнімді коммерциялық игеру және оның рентабельді көп таралатын өнімнің болуы. Басынан бастап зерттеу, жобалау жұмыстары өндірісті бағытқа ұстаған, қажетті құрал – жабдыққа күрделі қаржыны ұлғайтудың нақты мүмкіндігі пайда болған жағдайларда ғана қол жеткізіледі. Бұл жағдайда жаңа өнімнің нарықтық сұранымына, алушылардың қажеттілігіне сәйкес келетін, келмейтіні күні бұрын анықталады. Мұндай күрделі жағдайларға байланысты жаңа өнімді жасау жобасының бір бөлегі ғана өндіріске енгізіледі. Зерттеулер көрсеткендей, жасалған талдамалар жобасының тек 40 пайызы ғана өмірде іске асырылады. Сарапшылардың бағалаулары бойынша, нарықта танылған жаңалықтың табыс кіргізу ықтималдылығы кейін кеміп табыс әкелмейтін болған. Жаңа өнімді және технологияны өндіріске енгізудің көптеген сәтсіздіктерін, мамандар – жаңалықтар тұтынушылардың сұранымдарынан емес, жаңа білім базасында пайда болғанымен түсіндіреді. Жаңа өнімнің жобасын жасау, оны өндіріске енгізу компания үшін маңызды, ол кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін арттырады. Қазіргі нарыққа керегі де осы.

1.2 Кәсіпорын жаңа өнімді шығарудың экономикалық тиімділігін бағалау әдістері
Жаңалықты нарыққа шығарған кәсіпорын басшылары оның өмірінің ұзақ және ұтымды болуын қалайды.Тауар ұзақ уақыт сатылады деп ешкім санамағанымен, кәсіпорын және тауар шығаруға байланысты барлық әрекеттерінің, зиян – қауіптерінің, қайтарылымына тұратындай табыс келтіруді қамтамасыз етуге тырысады. Басшылардың ойы өткізілуі әрі жоғары, әрі ұзақ уақытқа созылады деген дәмеде болады. Олар әр тауардың өзіне тән өмір циклі бар екенін біледі, бірақ осы циклдің қанша уақытқа созылатынын болжау оңай емес. Бұл циклде төрт кезең анық түрде бекітілген.
1. Нарыққа шығару кезеңі – тауарды өткізудің шабан өсу кезеңі. Тауарды нарыққа шығарарда көп болатындықтан, бұл кезеңде табыс болмайды.
2. Өсу кезеңі – тауарды нарықта қабылдау және табыстың тез өсу кезеңі.
3. Кемелдену кезеңі – тауарда потенциалды сатып алушылардың
қабылдауына әлдеқашан қол жетіп, соған байланысты өткізу қарқыны
бәсеңси бастаған кезеңі.
4. Құлдырау кезеңі - өткізу өте тез құлдырау және табыстың төмендеген кезеңі. Келтірілген тауар өмірі циклінің ирегі тіпті болмағанымен, ол бұл түрде ылғи болмайды. Жиірек кездесетін варианттардың біріне “қайталау циклі”ирегі жатады. Өткізудің екінші өркеші тауардың құлдырау кезеңінде жүргізілген өткізуді ынталандыру шаралары нәтижесінде іске асырылған.Тағы бір айырмашылығы түрінде тауардың жаңа сипаттамаларының ашылуының, оны пайдаланудың және әдістерінің, жаңа тұтынушылардың, пайда болуының нәтижесінде туындалған бірте – бірте жалғасқан цикл қатарларынан құрылатын “кекілді” ирек жатады.
Тауардың өмірлік циклі түсінігін толық тауар кластарын тауар айырмашылығын не нақтылы марканы суреттеу үшін де пайдалануға болады.Осы жағдайлардың әрқайсысында өмір циклі түсінігі әртүрлі мінездеме береді. Көптеген тауар кластарын өткізу, кемелеттену кезеңі шегінде ұзақ уақыт кідіріске кездеседі. Және керісінше, тауарлардың бір түрінің өмір циклінің иректері әдетте бір типті болады.
Тауарды нарыққа шығару кезінде, нарыққа шығару кезеңі тауардың таратылу сәтінен және оның сатылу түсуінен басталады. Тауарды нарыққа шығару процедурасы уақыт талап етіп, бұл кезеңдегі өткізу әдетте, жай өседі.
Бұл кезеңде, сату көлемінің аздығынан және тауарды таратуды ұйымдастыруға және, оны өткізуді ынталандыруға көп қаражат керектігі нәтижесінде фирма не шығын үстінде, не табыс өте аз. Осы кезде ынталандыру шығындары өзінің ең жоғарғы деңгейіне көтеріледі. “Жаңалықты итермелеу әрекеттерін шоғырландыру қажеттілігіне байланысты мыналарды: 1) потенциалді тұтынушыларға оларға белгісіз жаңа тауар туралы ақпарат беру, 2) оларды тауарды байқауға қызықтыру және 3) бұл тауарға бөлшек сауда кәсіпорындары арқылы таратылуды қамтамасыз ету”.
Бұл кезеңде өндірушілер аз және олар тауардың тек негізгі варианттарын шығаруда, өйткені нарық олардың модификацияларын қабылдауға әлі дайын емес. Фирма өзінің өткізу әрекеттерін сатып алуға дайындығы мол тұтынушыларға, демек, табыс деңгейі жоғары топтардың өкілдеріне шоғырланады. Бұл кезеңде баға әдетте жоғары.
Өсу кезеңі, егер жаңалық нарық қажетін қанағаттыратын болса, өткізу елеулі түрде өсе бастайды. Алғашқы жол ұстаушылар тауарды сатып алуды жалғастыруда. Олардың үлгісіне жәй тұтынушылар еліктей бастайды, әсіресе олар нарықта тауар туралы ұнамды пікірлер естіген болса. Нарықта ашылған мүмкіншіліктерге қызыққан жаңа бәсекелестер пайда болады. Олар жаңа қасиетті тауарлар ұсынып, нарықты кеңейте түседі. Бәсекелестердің санының өсуі, тауар тарату арналарын қанықтыру үшін зауыттардан сату көлемінің тез өсуіне әкеліп соқтырады.
Баға баяғы қалпында қалады не сұранымды өсіру мақсатында шамалы төмендетіледі. Фирманың ынталандыру шығыны бұрынғы деңгейінде қалады не бәсекелестерге қарсыласу және көпшілікті хабардар етуді жалғастыру мақсатында шамалы өседі.
Бұл кезеңде табыс өсуде, өткізуді ынталандыру шығыны, сатудың өскен көлеміне бөлінеді, онымен бірге өндіріс шығыны да қысқарады. Нарықтың тез өсу кезеңін максимальді созғылау үшін фирма бірқатар стратегиялық әдістерді пайдалануы мүмкін:
1. Жаңалықтың сапасын жоғарылату, оған қосымша қасиеттер беру, жаңа модельдер шығару.
2. Нарықтың жаңа сегменттеріне ену.
3. Жаңа тарату арналарын пайдалану.
4. Жарнаманың хабардар ету бірқатар бөлігін тұтынушылардың тауарды алуына ынталандыруға қайта бейімдеу.
5. Қосымша тұтынушыларды тарту үшін бағаны уақытында төмендету.
Осы айтылған нарықты кеңейтудің стратегиялық әдістерін пайдаланған фирма міндетті түрде өзінің бәсекелестік жағдайын нығайтады.
Кәмелеттену кезеңінде, кейбір мезетте тауарды өткізудің өсу темпі бәсеңдейді- кәмелеттену кезеңі басталады. Уақыт ұзақтығы бойынша бұл кезең өткен кезеңдермен салыстырғанда, әдетте, ұзағырақ және маркетингті басқару сапасы алдына мәселелер қояды. Нарықтағы бар тауарлардың көпшілігі кәмелеттену кезеңінде, маркетингті басқару, негізінде”кәмелеттенген” тауармен байланысты.
Өткізудің өсу қарқынының бәсеңдеуі, өндірушілердің көпшілігінде сатылмаған тауар қорларының жинала бастағанын көрсетеді. Бұл бәсекелестіктің шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бәсекелестер төмендетілген бағамен және прейскуранттық бағадан да төмен бағамен сатуға жиі кірісе бастайды. Жарнама шығыны өсуде, сауда өрісі және тұтынушылармен жетілдірілген келісімдер саны өсуде. Тауардың жақсартылған варианттарын шығару мақсатында ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға ассигнования өсуде. Мұның бәрі табыстың төмендегенінің белгісі. Бірқатар нашар бәсекелестер қатардан шыға бастайды. Ең ақырында бұл салада тамырын мықты бойлатқан бәсекелестер ғана қалады.
Тауар басқарушысы өз бұйымдарын қорғаумен шектелмеуі керек. Ең жақсы қорғаныс-бұл шабуыл. Сондықтан басқарушы нарықты, тауарды және маркетинг кешенін модификациялаудың тұрақты жолдарын іздестіруге міндетті.
Нарықты модификациялау кезеңінде, басқарушы барлық тауарлардың тұтынылуын өсіруге тырысады. Ол жаңа пайдаланушыларды, нарықтың жаңа сегменттерін іздеуде. Сонымен қатар, ол бар клиенттердің тауарды интенсивтірек тұтынуын ынталандыру жолдарын іздестіруде. Басқарушы тауарды нарықтың басқа бір ірі не тез өсіп келе жатқан сегментіне ұнамдылығын өсіру үшін, оны қайтадан позициялауды ойластыруы мүмкін.
Тауарды модификациялау кезеңінде, тауарды басқарушы өз бұйымдарының сапа деңгейі, қасиеті сырт безендіру сияқты сипаттамаларын модификациялау арқылы жаңа тұтынушыларды тартып, тұтынуды интенсивтендіруі мүмкін.
Сапасын жақсарту стратегиясы тауардың ұзақ өмірлілігі, сенімділігі, жылдамдығы, дәмі сияқты функционалдық сипаттамаларын жетілдіруді мақсат етеді. Мұндай әдіс мынадай жағдайларда тиімді болады: 1) Сапаны жақсарту мүмкіншілігі бар. 2) Сатып алушылардың сапаның жақсарды дегеніне сенімі бар және 3) сатып алушылардың көпшілігі тауар сапасының жақсарғанын қалайды.
Қасиетін жақсарту стратегиясы тауарға жаңа қасиеттер беру арқылы тауардың универсальдығын, қауіпсізділігін, ыңғайлылығын жоғарылату мақсатын көздейді. Қасиетті жақсарту стратегиясын жапон сағат, калькулятор, көшіру аппараттарын т.б. жасаушылар пайдалануда.
Сырт безендіруін жақсарту стратегиясы тауардың тартымдылығын жоғарылатуды мақсат етеді. Мысалға, түрін жаңалатқанды жақсы көретін сатып алушыларды тарту мақсатында сүт өндіру фирмалары өз өнімдерінің сырт безендіруін өзгертуде.
Маркетинг кешенін модификациялау кезеңінде, тауар басқарушысы басқа шаралармен қатар маркетинг кешенінің бір немесе бірнеше элементтерін модификациялау арқылы өткізуді ынталандыруға тырысуы керек. Жаңа сатып алушыларды тарту және бәсекелестердің клиентурасын арбау үшін бағаны төмендетуге болады. Әсерлілігі жоғарырақ жарнамалық компанияны дайындап көруге болады. Сатушылармен жеңілдетілген келісімдер жасау, бағаны шамалы төмендетуге құқ беретін купондар шығару, сувенирлер тарату, конкурстар өткізу сияқты өткізуді активті түрде ынталандыру әдістерінде пайдалануға болады. Кәсіпорын сиымдылығы молырақ нарық арналарын, атап айтқанда активті өткізу дүкендерінің қызметтерін де пайдалануы мүмкін. Әсіресе осы нарық арналары өсу кезінде болса. Кәсіпорын тұтынушыларға жаңа жетілдірілген қызметтер ұсынуына болады.
Құлдырау кезеңі уақытысында, түбінде тауардың кейбір түрін не маркасын өткізу төмен қарай құлдырайды. Өткізу нөл белгісіне дейін не төменгі деңгейдегі дәрежеге дейін құлдырап, сол деңгейде көптеген жылдар қалуы да мүмкін.
Өткізудің құлдырауын бірқатар себептермен түсіндіруге болады, оның ішінде технологияның жетілуі, тұтынушылар ұнатымының өзгеруі және отандас, шетелдік бақталастармен бәсекелестіктің шиеленісуін айтуға болады. Өткізудің құлдырауына және табыстың төмендеуіне байланысты бірқатар кәсіпорындар нарықтан кете бастайды.
Құлдырау кезеңінде ұшыраған тауарды кәсіпорынның өз номенклатурасында сақтауға тырысуы оны көп шығынға ұшыратады. Тауар басқарушылардың оған көбірек уақыт бөлуін талап етуі мүмкін. Оның үстіне, оның бағасын жиі өзгертуді тауар – материал қорларын қайта бағалауды талап етеді. Оны өндіру бағасы жоғары, оған қарағанда табыстырақ жаңа тауарларды шығаруды ұйымдастыруға қаржыны жұмсағаны жөн болуы мүмкін. Оның табыстылығының құлдырауы тұтынушылар алдында өндіруші – кәсіпорынның жалпы беделін төмендетуі мүмкін. Ал ең жағымсыз жағдайларға кәсіпорын келешекте душар болуы мүмкін. Өндірілуі уақытында тоқтатылмаған ескі тауарлар оны алмастыруды іздей бастауға кедергі келтіреді. Осыған байланысты кәсіпорын “кешегі асыраушыға” көбірек және “ертеңгі” асыраушыға азырақ көңіл бөлетін біржақты маркетинг кешенімін қанағаттануына тура келеді. Мұндай тауарлар Кәсіпорынның бүгінгі рентабельділік әрекеттерін төмендетеді және келешегін әлсіретеді.
Осы аталғандардың бәрін ескере отырып, кәсіпорын өзінің көнере бастаған бұйымдарына көбірек көңіл бөлуі керек. Ең алдымен өткізу көрсеткіштерін, нарық бөліктерін шығын және рентабельдік деңгейлерін жүйелі түрде талдау арқылы құлдырау кезеңіне жүйелі түрде талдау арқылы құлдырау кезеңіне ұшырай бастаған тауарларды анықтау керек. Басқарушылар олардың әрқайсысы туралы, не оны шығаруды жалғастыру, не “жемісін ору”, не номенклатурадан шығару туралы шешім қабылдауы керек. Марканы одан әрі қарай шығару туралы шешім қабылдау бәсекелестер .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!