Экономика | Жалпы ішкі өнім

 Экономика | Жалпы ішкі өнім

Мазмұны
Кіріспе ..................................................................................................2
І. Жалпы ішкі өнім ұғымы
1.1 Жалпы ішкі өнім мәні.................................................................4
1.2 Жалпы ішкі өнімді есептеу тәсілдері........................................5
1.3 Жалпы ішкі өнім көрсеткіші......................................................7
ІІ. Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтері
2.1 Қазақстан Республикасының 2000-2005 ж жағдайы............7
2.2 Қырғыз елніңің әл - ахуалы.......................................................9
2.3 Қазақстан Республикасының дамуының деңгейі................11
2.4 Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімі.................15
Қортынды...........................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер.................................................................26

Кіріспе
Сонау бiр жылдары Қазақстан да бiр тудың астына бiрiгiп, таңның атысы, күннiң батысы мызғымас одақтың игiлiгi үшiн еңбек еткен он бес мемлекеттiң бiрi болатын. Иә, өткен шақпен сөйлеймiз: БОЛАТЫН деп. Өйткенi, бүгiн бiз келешегiне сенiмдi қарайтын Егемен елмiз. Мiне, тәуелсiздiгiмiздiң он алтыншы жылы да аяқталып қалды. Осы уақыт аралығында өзгерiстiң сан түрiн өткердiк. Ең күрделiсi - экономикалық реформалар. Бүгiнде экономикамыз бiршама нығайып, ТМД елдерi арасында алдыңғы қатардан көрiнiп келемiз.
Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiндегi, Ресейдегi қаржы дағдарысы Қазақстанға да соқпай кеткен жоқ. Бiрақ, 1996 жылдан бастап қатаң монетерлық саясат жүргiзу, бюджет тапшылығын төмен ұстау, жеке секторды дамыту және ең бастысы, егемендiк алғаннан кейiн шын мәнiсiнде алғаш рет мемлекеттiң реттеушiлiк рөлiнiң көрiнiс табуы арқасында республика макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткiзе алды. Экономиканың нақты секторының қарыштап қарекет етуi үшiн алғышарттар жасалды. Төлемдер жасамау проблемасы шешiлдi, салықтардың түсуi - индикативтiк жоспар шегiнде, ауыл шаруашылығында күйзелiстi жағдайдан шығу белсен алды, отын-энергетикалық кешен, басқа да шикiзат салалары дами түстi, кәсiпкерлiк қызметi, соның iшiнде шетел инвесторларының қызметiн реттеушi заңнамалық және нормативтiк-құқықтық база жетiлдiрiлдi. Нақты IЖӨ-нiң өсу қарқыны тұрақтала бастады.
Экономиканы орнықты ұстау, қоғамдық-саяси үрдiстердi тұрақтандыру, әлеуметтiк саланы қайтадан жандандыру мынадай шараларды жүзеге асырғанда ғана мүмкiн: мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жандандыру; пәрмендi институционалдық қайта құру; сыбайлас жемқорлықпен және басқа да қылмыстармен белсене күресу; энергетикада жоспарлы бағдарламаларды орындау: жұмыс iстейтiн қуаттарды оңалту, өз энергия ресурстарын айналымға жедел енгiзу, экспортқа шығарылатындарын жасау есебiнен тапшылықты жою, саланы модерлендiру және техникалық жағынан қайта жарақтандыру. Тек осы шаралар елдiң энергетикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпек.
Қазақстан Президентiнiң халыққа Жолдауында белгiленген осынау мiндеттер кейбiреулерге қол жетпестей болып көрiнгенi бар. Жолдау жарияланғаннан кейiн қайсыбiр басшылардың бет-әлпетiнен сенiмсiздiк реңi байқалды, ал оппозиция Президент тапсырмаларын «өткiр» сынға алды.
Өзімнің курстық жұмысымда мен Қазақстан Республикасының ЖІӨ-ін, басқа елдердің әл ахуал деңгейін қарастырамын және ҚР-мен салыстыратын боламын. Дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін біз әлі де талай белестерді бағындыруымыз керек.
1.1 ЖІӨ ұғымы
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің жалпы экономикалық жағдайының көрсеткіші. Ол ұлттың жалпы материалдық әл-ауқатын бейнелейді, себебі, өндіріс дейгейі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым елдің әл-ауқаты жоғары болады.
ЖІӨ-нің зерттеу заты экономикалық бірлік – белгілі бір уақыт аралығындағы тауарлар мен қызметтерді соңғы тұтынуға жіберетін өндіруші резидент болып табылады.
ЖІӨ көрсеткіші жалпы экономикада өте маңызды мәнге ие. Оны өндіріс нәтижелерінің, экономикалық даму деңгейінің, экономикалық өсу темпінің, экономикада еңбектің өнімділігін талдауының және т.б. мінездемелеуге қолданылады.
ЖІӨ - елдің резидентімен белгілі бір уақыт ішінде өндірілген шекті тауарлар мен қызметтердің құнын мінездейтін ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ) орталық көрсеткіші. ЖІӨ шеткі тұтынымның нарықтық бағасымен есептелінеді, яғни, өнімге деген барлық сауда-транспорттық бағамдар мен салықтарды қоса алғандағы тұтынушы төлейтін бағамен есептеледі.
Бәрінен бұрын, ЖІӨ - ол өндірілген шеткі тауарлар мен қызметтердің құнын бейнелейтін өндірілген өнім көрсеткіші. Бұл дегеніміз, өндіру процесінде қолданылған аралық тауарлар мен қызметтер құны (шикізат, материалдар, отын, энергия, дақыл, көлік транспортының қызметі, көтерме сауда, коммерциялық және финанстық қызметтер және т.б. сияқты) ЖІӨ-ге кірмейді деген сөз. Олай болмаған жағдайда ЖІӨ қайталанатын шоттарды иемденетін еді.
ЖІӨ - ол ішкі өнім, себебі ол резиденттермен шығарылған. Резиденттерге олардың ұлты мен азаматтығынан тәуелсіз, экономикалық қызуғышылық ортасы берілген ел территориясында орналасқан барлық экономикалық бірліктер (кәсіпорындар, үй шаруашылығы) жатады. Бұл дегеніміз, олар елдің экономикалық территориясында ұзақ уақыт бойы (бір жылдан кем емес) өндірістік қызметпен айналысып жатыр немесе өмір сүріп жатыр дегенді білдіреді. Елдің экономикалық территориясы – ол сол елдің үкіметімен әкімшілік басқарылатын, оның қойнауында тұлғалар, тауарлар, ақшалар еркін қозғала алатын территорияны айтады.
ЖІӨ - ол жалпы өнім, себебі оны негізгі капиталдың тұтынуын алып тастағанға дейін есептеді. Теориялық жөннен ішкі өнім таза негізде яғни негізгі капиталды алып тастап есептелінуі керек. Мысалы ЖІӨ экономикалық қызмет нәтижесін бағалайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіш ретінде сол қатарда. Оның динамикасы экономиканың жалпы тиімділігін бағалауда қолданылады және ЖІӨ нақты уақыт аралықтарындағы осы ел резиденттері өндірген соңғы өнім құнын өлшейді. Резидент - ұлтына, еліне, азаматтығына қарамай, өздері жұмыс істеп тұрған экономикалық аймақтағы ел эконмикасының қызығушылығын қолдушы экономикалық бірліктер. Ал соңғы не аяқталған тауар және қызмет көрсету түрлері деген соңғы тұтынылатын, жинақталатын және экспортқа кететін тауар және қызмет көрсету түрлері.
Өндіру барысындағы аралық тауар және қызмет көрсету түрлерінің (шикізат, отын, тұқым, қуат, көлік қызметі, жал төлемі) құны ЖІӨ-ге кірмейді. Әйтпесе қайталанған есеп жүреді және олар соңғы не аяқталған тауар және қызмет көрсету түрлері құнының құрамына енеді. ЖІӨ-дегі «жалпы» деген термин құнды есептеуде негізгі капиталды қолдану (немесе амортизация) шегеріліп тасталмайды.
1.2 ЖІӨ-ді есептеу тәсілдері
ЖІӨ-ді есептеудің 3 тәсілі бар:
1. қосымша құн бойынша (өндірістік әдіс)
2. шығын бойынша (соңғы не аяқталған түрдегі пайдалану әдісі)
3. кіріс, табыс бойынша (таратушылық әдіс)
1. ЖІӨ-ді қосымша құн бойынша есептегенде – оны аяқталған өнімді өндіру барысындағы әрбір кезеңде қосылып отыратын құндардың қосындысы бойынша табылады.
Қосымша құн - өндірілген өнім және қызмет көрсету түрлерінің құны (жалпы өндіріп шығарылған) мен өндіріс барысында қолданылған барлық өнім және қызмет көрсету түрлерінің (аралық тұтынылған) құны арасындағы айырманы.
2. Ш ығындар бойынша ЖІӨ-ді есептеу – үй шаруашылығы мен мемлекеттегі тауар және қызмет көрсетулердің соңғы тұтынылуына кеткен шығындардың, жалпы инвестицияның, таза экспорттың қосындылары, яғни:
ЖІӨ = С + І +G +NX
3. Табыс бойынша (таратушылық әдіс) ЖІӨ-ді есептегенде - өндірістік бірлік-резиденттердің қосымша құннан төлеген алғашқы табыстары қосылады. Ондай табыстарға:
• жалдамалы жұмысшылардың еңбегін төлеу, жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыруды төлеуі
• субсидияларды (таза жанама салықтар) шегергендегі өндіріске және импортқа салықтар, яғни қосымша құн салығы, акциздер, сату салығы, жер, ғимарат, еңбек қоры салықтары
Жалпы пайда мен жалпы аралас (жеке, корпоративтік емес-кіші магазин, ферма, серіктестік) табыстар бірігіп, жалпы қосымша құнның бөлігін білдіреді. Ол өндірушіде жалдамалы еңбек ақыны, импорт пен өндіріске салықты төлегеннен соңғы қалған табыстар.
1.3 ЖІӨ-нің атаулы және нақты көрсеткіші
ЖІӨ атаулы (номиналды) және нақты (реалды) болып бөлінеді. Атаулы ЖІӨ ағымдағы жылдағы бағамен есептеледі, ал нақты ЖІӨ тұрақты, базистік, яғни сәйкес бағамен есептеліп, белгілі уақыт аралығындағы өндірілген өнім көлемін бағалауға мүмкіндік береді.
Атаулы ЖІӨ өндірістің шынайы көлемінің динамикасына және баға деңгейінің динамикасына әсер етеді.
Нақты ЖІӨ = Атаулы ЖІӨ / Баға индексі немесе
Баға дефляторы(индексі) = Атаулы ЖІӨ / Нақты ЖІӨ
Егер БИ1 болса, дефлирование, яғни атаулы ЖІӨ кішірейеді. Сонда баға индексі өмір сүру құнының динамикасын, инфляция екпінінің өзгерісін бағалауда қолданылады.
2.1 Қазақстан Республикасының 2000-2005 жылдарындағы жағдайы
Алайда, Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004 жылғы және 2005 жылдың қаңтарындағы қорытындылары мемлекет басшысы болжамының дұрыстығын дәлелдейдi. Нақты IЖӨ-нiң өсуi 2003 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 9,4% болды. Оның құрылымындағы өндiрiс үлесi - 4,5 %, қызмет көрсетулер - 50,6 %. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 9%-ға өсiп, қолданыстағы бағалармен 47,5 млрд. теңге болды. Кен өнеркәсiбiнде - 12,8%, өңдеу өнеркәсiбiнде - 4,8%, электр қуатын, газ және су өндiру мен бөлуде - 8,6 %, ауыл шаруашылығында - 3,5% ұлғайды. Бөлшек тауар айналымы 2005 жылғы қаңтарда 92,5 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылғы қаңтардағыдан 9,9% көп.
Негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 2005 жылғы қаңтарда 97,1 млрд. теңгеге тең болды, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңiндегiден 61%-ға жоғары.
2005 жылғы 1 қаңтарда елде 209884 шаруашылық жүргiзушi субъектiлер тiркелдi, оның iшiнде адам саны 50-ге дейiн, 196952 субъект, iс-қимыл жасайтын заңды тұлғалар - 157843.
Халықтың нақты ақшалай табыстары 2004 жылғы желтоқсанда 2003 жылмен салыстырғанда 12,8%-ға, жалақы - 18,5%-ға ұлғайды. Жұмыссыздық деңгейi 2005 жылғы қаңтарда экономика жағынан белсендi халық санының 8,6%-ын құрады.
Республиканың 2000-2005 жылдардағы даму кезеңi транзиттiк ретiнде сипатталады. Елiмiз ұзаққа созылған жүйелi дағдарыстан нарықтық реформалардың онжылдығында тұрақты даму жолына шықты. Бiрақ, бұл жетiстiктер оңайлықпен келмедi. IЖӨ-нiң көлемi 39%- ға жуық, өнеркәсiп өндiрiсi 50%-ға төмендедi. Химия және жеңiл өнеркәсiп, машина жасау, құрылыс материалдары индустриясы iс жүзiнде құлдырап кеттi. Ғылым өз әлеуетiнен айырылды. Әлеуметтiк сала: медицина, бiлiм беру, мәдениет күрделi жағдайға тап болды. Жұмыссыздық деңгейi жоғары. 10% шылқыған байлар мен 10% кедейлер арасындағы кiрiстер айырмасы 11 еседен асады, яғни әлемдiк индекстер ұсынылымынан 3-4 есе көп.
1997 жылы Iшкi жалпы өнiмнiң (IЖӨ) көлемi оның алдындағы жылғымен салыстырғанда 20%-ға өссе, жүктер тасымалының көлемi - 3,4%-ға, инвестициялар - 20%-ға, өнеркәсiп өнiмiн шығару - 4%-ға артқан. Алайда, соңғы цифр шындыққа жанаспайды. Сондықтан, жеке сектордың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн IЖӨ-де есепке алудың ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?