Экономика | Каспий теңізіне сипаттама
Мазмұны
І. Кіріспе.
І тарау. Каспий теңізіне сипаттама.
1.1. Зертелу тарихы, жағалауы.
1.2. Жер бедері, геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалары.
1.3. Климаты.
ІІ. Теңіздің табиғаты.
2.1. Гидрологиялық режимі, теңіз деңгейінің ауытқуы.
2.2. Флорасы мен фаунасы.
2.3. Шаруашылық маңызы.
ІІІ. Каспий теңізінің экологиялық мәселері.
ІV. Қорытынды.
V. Пайдаланылған әдебиеттер....
Каспий теңізінде мұнай мен газдың мол қоры бар. Мұнайлы – газды аудандарға Маңқыстау және Апшерон шоңғалдары, теңіздің Дағыстан және Түрікменстан жағалаулары жатады. Қара – Бұғаз – Көл шығанағында
мирабилиттің (химиялық шикізат ) мол қоры бар.
Климаты. Каспий теңізін ауаның қысқы азия максимумы мен жазғы азор максимумының және оңтүстік азия минимумның тармақтары басып өтеді.Осыған байланысты ауа райы антициклонды болып , қысы суық , жазы құрғақ,жауын – шашыны аз континенттік климат қалыптасқан. Климатына циклонды ауа райының тигізетін әсері шамалы.Солтүстік , орталық бөліктерінде жел октябрь – апрель айларында шығыстан , май – сентябрьде солтүстік – батыстан соғады : оңтүстігінде муссондық желдер байқалады. Апшерон түбегінде ( әсіресе күзде ) , орталық бөлігінің шығысында , солтүстік бөлігінің солтүстік – батысында желдің екпіні өте күшті , кейде олардың жылдамдығы 24 м\-тан асады.
Жыл айларының ( июль – август ) орташа температурасы 24 – 26º, максимумы (44ºС) шығысында байқалады. Каспий теңізінің айдынына жылына орта есеппен 200мм, ал батыс жағалауында 1700мм жауын-шашын түседі. Буланудың орташа жылдық мөлшері 1000мм, ал Апшерон түбегінде 1400мм-ге жетеді.
Гидрологиялық режимі. Каспий теңізінде өзен ағындары мен желге байланысты судың циклонды араласуы байқалады. Су массасы батыс жағамен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалады да, Апшерон түбегіне жеткенде екі тармаққа бөлінеді. Оның біріншісі өз бағытын жалғастыра береді де, екіншісі шығысқа бұрылып, шығыс жағасындағысолтүстікке бағытталған ағысқа қосылады. Судың осындай циклонды циркуляциясын Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінде де байқауға болады. Солтүстік Каспийде желдердің әсеріне байланысты пайда болатын бірнеше тұрақсыз ағыстар да бар. Жел теңіз толқындарын туғызады, олардың шерон шоңғалында 11м –ге дейін жетеді.
Жаз айларында судың беткі қабатының орташа температурасы 24-26ºС, Красноводск шығанағында 32ºС. Шығыс жағалауында июль-август айларының кейбір күндерінде судың беткі қабатын күшті жел ығыстырып кетеді де, астыңғы қабаттан көтерілген суық су температураны 10-12ºС-қа дейін төмендетеді. Қыс айларында судың орташа температурасы солтүстігінде-0,5 ºС, орталық бөлігінде 3-5 ºС, оңтүстігінде 8-10 ºС. Солтүстігінде су беті ноябрьден мартқа дейін қатады, мұздың қалыңдығы 2м-ге дейін жетеді, орталық бөлігінде қыс қатты болған жылдары ғана таяз шығанақтары ғана қатады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай жел әсерінен Апшерон түбегіне дейін сең жүреді. Олар кейде теңіздегі гидротехникалық құрылыстарға зардабын тигізеді.
Судың орташа тұздылығы 12‰ (Қара Бұғаз Голды есептемегенде), шығыс жағалауында 13,2‰ . солтүстігінде Еділ ағынына байланысты су тұздылығының ауытқуы байқалады. Мұхит суларымен салыстырғанда Каспий теңізінде хлоридтер аз да (өзен суларының әсерінен), кальцийдің, магнийдің сульфаттары, карбонаттары көп. Судың конвекциялық қозғалысының нәтежесінде қыс айларында солтүстік Каспий сулары вертикал бағытта түгел араласады. Орталық және оңтүстік бөліктеріндегі терең жерлерінде конвекциялық қозғалыс 200-300м-ден артпайды. Жазда жылынған су 15-30 м тереңдіктен әрі аспайды.
Деңгейдің ауытқуы . Каспий теңізі деңгейінің маусымдық және қысқа мерзімді суының шалқын – шеінуіне байланысты болады. Теңіз деңгейінің солтүстік бөлігінде 2 – 2,58 м- ге көтеріліп , 2 м – ге төмендейді. Сөйтіп желінің әсерінен ( 10 мин – тан 12 сағатқа созылатын ) су деңгейі 0,7 м –ге дейін ауытқиды.маусымдық ауытқу мөлшері 30 см – дей болады.
Су балансының өзгеруіне байланысты Каспий деңгейінің көпжылдық және ғасырлық ауытқулары болады. Геол , геоморфологиялық, археол және тарихи деректерге қарағанда Каспий теңізінің ең жоғарғы деңгейі б.э – дың алғашқы ширегінде және 19 ғасырдың басында байқалды. Ең төменгі деңгейі б.э – дың 7 - 11 ғасырында болды , ол қазіргі деңгейінен 2 – 4 м төмен деген жорамал бар. Каспий теңізінің соңғы кездегі ең күшті төмендеуі 1929 ж. басталып ( 26 м. абс.биіктікпен шектелген ) , 1956 – 57 жылға дейін созылды. Бұған климаттың өзгерісімен бірге гидротех , ирригациялық құрлыстардың көп сақталуына байланысты өзен ағындарының кемулері әсен етті. Су ағысының кемуіне Каспий теңізінің суының Қара Бұгаз – Көл шығанағына құйылуы да әсер етті. Каспий теңізінің су балансы ( 1970 ) : кірісі – жауын – шашыны 60,8 км³ , өзен ағындары 266,4 км ³ , жер астымен қосылатын су 5 км³, шығыны - булануы 357,3 км³, Қара –Бұғаз –Көлге су 4 км³ шарушылыққа жұмсалатыны 1 км³ . Артық шығынының есебінен жыл сайын ( 1966 – 67 жыл арасында ) 7 см – ге төмендеуде, ал 2000 жылдары қазіргісімен 2 м .төмендеуі мүмкін. Каспий теңізінің деңгейін көтеру үшін Вычегда, Печора өзен алабын Еділге қосу, Қара - Бұғаз –Көлге құйылатын суларды реттеу жобалары ( 1972 ) жасалуда.
Флорасы мен фаунасы. Каспий теңізі флора мен фаунаға кедей. Өсімдіктердің 500,балық пен жануарлардың 854 түрлері бар. Өсімдіктер арасында көк- жасыл және диатомды балдырлардың түрлері көп. Соңғы кезде қызыл және қоңыр балдырлар да өсе бастады. Гүлді өсімдіктерден зостерлер мен рупиилер кездеседі. Каспий теңізінде иеоген дәуірінде жаралған фауна түрлері көп. Оларға бекіре тұқымдас балықтар, майшабақ, бұзаубас балық, дрейсен және жүрекше моллюскелер жатады. Мұнда Арктика теңіздерінен (Каспий ит балығы), Жерорта теңізі алабынан қоныс аударған жануарлар мен балықтардың 15 түрі мекендейді. Шаруашылық маңызы. Каспий теңізі ежелден құнды балық түрлеріне бай. Бекіре тұқымдас балықтар( дүние жүзінің өнімінің 82%-і осында ауланады ), майшабақтар,тұщы су балықтары ( табан балық , көксерке , сазан т.б.), ит балық ауланады. Соңғы кезде Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне , Еділ бойына гидротех ,құрлыстардың салынуына,теңізге өндірістен шыққан лас суларының құйылуына,теңізден мұндай өндірілуіне байланысты ауланатын балық мөлшері азаюда.Егер 1936 ж. 500 мың тонна балық ауланса, 1956 ж. 461 мың тоннадан аспады. Әсіресе, бекіре тұқымдас балықтар мен майшабақтардың өнімі кеміп кетті. Қазір оларды өсіру жұмыстары жүргізілуде.
Апшеронда, Сангачальде, Избербашта, Челекенде мұнай өндіріледі. Азербайжан мұнайының 50 % -ін Каспий теңізі береді.
Қара-Бұғаз-Көл натрий сульфаты, мирабилит және эпсомит тұздары алынады. Шевченко, Красноводск портты қалаларында теңіз суларын тұщытатын қондырғылар салынуда.
Каспий теңізінде теңіз жол транспорты дамыған. Мұнай , ағаш, астық, мақта, күріш, сульфат сияқты жүктер тасмалданады. Негізгі портты қалалары – Астранаь, Баку- Махачкала, Красноводск, Шевченко Баку мен Красноводск арасында теңіз жолының паромы қатынайды. Паромды қатынас Махачкала мен Шевченко арасында да жобалануда ( 1972 ).Иран территориясындағы ірі портты қалалар: Пехлевц мен Бендер – шах.
Каспий теңізі ( ескі тарихи атаулары : Каспи,Гиркан, Хвалын,Хазар т.б.)- Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп те атайды. Ауданы 376000 км². Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған , орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340км ( солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей , Әзербайжан , Түркіменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен төменде жатыр. Ең терең жері 1025 т,орташа треңдігі 180м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ , Қарабұғазкөл , т.б. 50-ге тарта аралдар бар. ( Ірілері: Құлалы , Шешен , Артем , т.б. ) . Ірі түбектерғМаңғыстау , Апшерон , Аграхан , Красноводск ,Шелекен , Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрыңғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ геол.мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты, бірде суы кейін қайтып отырды. Плейстоцен кезеңінде (70 млн.жыл бұрын) теңіздің Понтокаспий алабы оңтүстігінде орналасқан. Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде ( 10 млн.жыл бұрын ) құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар. Сармат теңізі бірнеше бөлікке бөлінді. Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. Каспийдің шарасы тереңдігі және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді. Құрлықтық қайраңда орналасқан солтүстік бөлігі тайыз ( 10 – 20 м) . Орта тұсындағы ойпаңда тереңдігі 788 м . Оңтүстік бөлігі терең 27 – 28 ºС-қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, оңтүстігінде судың температурасы 10 ºС-қа жуық болады. Каспий теңізіне 130 – дай өзен құяды.Ағын су қөлемінің 80 %-ін Еділ , 5 %-ке жуығын Жайық өзендері берсе, Терек , Сулак,Самур өзендері 5 %-тен астам , Кура өзені 6 %-тін береді.Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4 %-ке жуығын береді.Жалпы жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп және ең аз жылдық айырмасы жүз жыл ішінде 260км³-ді құрады. Теңіз суы бетіне шаққанда өзен ағынының мұндай өзгеруі Каспий теңізі деңгейі 67 см-геөзгертеді.Басқаша айтқанда Каспий теңізі деңгейінің жыларалық өзгеруі құбылысында өзен ағына ғана жарты метрді құрайды. Теңізге келіп түсетін атмосфера жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол теңіз деңгеін 1 см- ге ғана көтереді. Каспий теңізінде Қарабұғазкөл шығанағының маңызы зор. Әсіресе, оның суның деңгейі мен тұздылығын сақтауға ықпал етеді. Теңізден келген әрбір км³ су шығанаққа 13 – 15 млн. тонна әр түрлі минералды тұздар алып келед.Қарабұғазкөл теңіздің буландырғышы ролін атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық өзендері сағасына жақын маңда 0,1-0,3 %, оңтүстік-шығыста 13 %-ге дейін көтеріледі. Тенізде желдің, өзен суының және жағалау сызығының әсерінен циклондық айналма ағыс пайда болады. Каспий теңізі деңгейі маусымдық, бір жылдан екінші жылға және ғасырлық мерзімде ауытқып тұрады. Геоморфологиялық зерттеулер бойынша Каспий теңізі деңгейінің ауытқуы уақыт өткен сайын кеми берген : плейстоценде (соңғы 700-500 мың жыл ішінде ) теңіз деңгейінің ауытқуы 100 м , голоценде ( соңғы 10 мың жылда) 15 м-ге (-20м-ден 35м-ге), соңғы 2 мың жыл ішінде 12 м-ге , ал инструментальді бақылаудан бастап (1830 жылдан қазіргі уақытқа дейін) 4 м-ге ауытқып отырған. Теңіз дейгейінен көтеріліп, немесе төмен түсіп отыруының себептері туралы көптеген болжамдар бар. Олардың негіздері: ғаламдық геологиялық құбылыстар және теңіздің аймақтық ерекшеліктері. Каспий теңізіне ерте неогенде тектоник қозғалыстар мен тау пайда болу процессі әсер етсе, жоғарғы плиоценде тектоник және климаттық факторлар әсер еткен. Ал қазіргі кезеңде Каспий теңізінің деңгейінің өзгеруіне климаттық және антропогендік факторлар әсер етеді. Соңғы кездегі ең жоғарғы деңгей (+22,5 м ) 19 ғасырдың басында, ең төмен деңгей ( -29,0 м) 1977 жылы байқалған. 1978 жылдан ( 20 ғасырдың соңына қарай )теңіз деңгейі 2-2,7м-ге көтерілді. Теңіз айдыны кей жерлерде 100 км-ге дейін кеміп , көптеген мұндай өндірісі нысандарын, шабындықтарды , жайылымдарды,жолдарды су басты. Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары , майшабақ, табан , торта , сазан , килька көптеп ауланады. Каспий теңізінде қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде.Итбалық аулау ертеден жолға қойылған.Каспий теңізі өңірі көптеген Еуразия халықтарының энт.және мөдени бастауының маңызды ошағы саналады, яғни тарихи-мәдени өлке болып табылады. Каспий өңірінің тоғыз жолдың торабы болуы ондағы энтногенетикалық үрдістерге айтарлықтай әсерін тигізді. Ғылымға сүйінсек, Каспий өңірінде осыдан 1 млн. жылдардай бұрын адамдардың арғы тегі – гоминидтер пайда болған.Каспийдің шығыс жағалауларында үңгірлер мен даланың аумағында , аңшылар мен балықшылардың алғашқы қауымдық құрылыс қоныстарының іздері кездеседі. Үстірттің онтүстік- шығыс аймағында неолит тұрғындарының ескерткіштері табылған. Кола дәуірінде Андрон мәдениеті мен қима мәдениеті қалыптасты. Біздің эрамыздан бұрын 8-мыңжылдықтан б.э. 1-мыңжылдығының бірінші жартысы аралығында Еділ мен Жайық өзендері аралығын отырықшы әрі көшпенді тайпалар қоныс етті. Солтүстік- Шығыс Каспий өңірінде көшпелілердің ежелгі дәуіріндегі тарихи ескерткіштері сақталған.Б.э.б. 1-мыңжылдықта Арал – Каспий өңірінде сақ, сармат, каспи тайпалары және оған туыстас т.б. тайлар қоныстанған. Қарабұғазкөл жағалауындағы б.з.б. 5 – 7 г-ларға жататын кесенелер массагет тайпалары мәдениетінің озық үлгілері болып табылады. Ежелгі грек тарихшысы Страбон : «Каспий теңізі жағалауында тұратын көшпелілерді дайлар деп атайды » деп жазды. Біздің ғасырдың орта тұсында Каспий өңірі Батыс түрік қағанатының иелігінде болды. Орта ғасырда Каспий өңірі халықаралық сауда дипломатиялық қатынастар торабы болды. Каспий өңірінің ортағасырлық тарихында хазарлар, қыпшақтар үлкен рол атқарды.
Каспий экологиясы. Каспий теңізінде мұнай – газ өндіру және мұнай өңдеу кешендердің дамуына байланысты Қазақстанның батыс
өңірінде қалыптасқан табиғи, экономикалық және экологиялық жағдай.
Каспий теңізі - әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі жел қумажел бөгет құбылыстардың нәтижесінде 0,5 – 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 – 1990 ж.жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейінің айтарлықтай өзгеруі 1930 ж және 1980-1990 жылдар аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929-1940 жылдары су деңгейі 2м-ге төмендесе, 1977 жылы бұл көрсеткіш ең төмен абсолютті деңгейге (-29,01м) жетті. 1978-1990 жылдары су деңгейі 2,35м-ге қайта көтеріліп, 1995жылы бұл көрсеткіш – 26,66м болды. Су деңгейінің тұрақсыздығы – климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0-12‰. Каспий теңізінің морфологиялық жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий, Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Теңіздің қазақстандық бөлігі – солтүстік-шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында. Солтүстік Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзіеің алып жатқан географиялық орны, теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық режимі, су теңгермесі (балансы) бойынша ерекшеленеді. Орталық Каспий және Оңтүстік Каспийге қарағанда таяз. Солтүстік Каспий бөлігінің аумағы 80 мың км². Оған келіп құятын өзендердің жылдық су ағымының жиынтығы – жалпы Каспийге құятын өзендердің жылдық су ағымының 88%-ін құрайды. Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға түрі (оның ішінде омыртқасыздар – 1069, омыртқалылар – 415, паразит жануарлар – 325 ) тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар (шаян тәрізділердің 60%-і, моллюскілердің 80%-і, балықтардың 50%-і) құрайды. Каспий теңізінің балық қоры 2,9 млн т болса, оның 40 %-і Солтүстік Каспийдің үлесіне тиеді. Каспий теңізі – ежелден балық ауланатын маңызды су айдыны. Бекіре тәрізділердің дүниежүзілік өнімінің 90%-і осында ауланады. Соңғы кездері уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі келтіретін өзендерге салшыгған бөгеттер, судың радиациялық және химиялық жолмен ластануы және қаскөйліктің (браконьерлік) етек алуы бекіренің қорын азайтуда. Сондай-ақ мұнда қортпа, пілмайдың жылдан-жылға саны кеміп бара жатыр. Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық туралы соны айтуға болады.
Қазіргі заманның балық шаруашылығы – балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр мен пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты (Әзірбайжанның, Қазақстанның, Ресейдің) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 млн. бекіре шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызыққанат балық, алабұға теңіздің атырауына дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген (тұздылығы 10-11‰), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік-шығыс аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. соның ішінде Қазақстанның, Ресейдің «Қызыл кітабына» енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сарықұтан, бұйра бірқазан бар. Ал каспий итбалығы – тек қана Каспий теңізінде тіршілік етеді. 1920 жылы 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылы 360-450 мыңға дейін азайған итбалықтың 27 мыңы, 1990жылы – 13,8 мыңы, 1996 жылы – 8 мыңы ауланған. 2000 жылы сәуір-тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының індеттен жаппай қырылуы – Каспийдің солтүстігіндегі гидрометеорологиялық жәнеэкологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі – Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның 5 түрі – жоғарғы сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта неіізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырдырлар ( 64 ) кездеседі .Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі.
Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбіне бекуі қажет, сондай-ақ,су құстары мен кейбір балық түрлері қорек болады. Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай – газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мысалы 1998 ж. Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың тонна зиянды заттар (оның ішінде 132,8 мың тонна газ тәрізді заттар, 2,3 мың тонна қатты заттар ) шығарылған. Бүл улы заттарды атмосфераға, негізінен,ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы – ілеспе газды іске жарату.Қазір жылына 800 млн.² газ ауада жанады ( 2001 ).Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезеңінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумағы 194 мың гектар жерді алып жатса,төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн.тоннадан асады. ( 2001 ). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органик,пестицидтер, аммонийлі азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғары концентрациясы мамыр – шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?