Мұқағали Мақатаев (Ей, Бауырым!)

 Мұқағали Мақатаев (Ей, Бауырым!)

Ей, Бауырым!
Heгe сонша сарғайдың?
Қапалансам, менің-дағы бар қайғым.
Мен жұртыма мұңымды емес,
Жырымды,
Қуанышым-шаттығымды арнаймын,
Қайғы-мұңы неге керек бір бастың,
Елім барда, есеңгіреп тұрмаспын.
Күндер маған көлеңкесін түсірсе,
Халқыма кеп, сырымды айтып, мұңдастым.
Қайтер дейсің қара бастың толғағы,
Өтер-кетер,
Шаруа ғой қолдағы.
Абдырасаң, арқа тірер айбының,
Асқар тауың күрсінбесе болғаны.
Ей, Бауырым!
Heгe сонша мұңайдың?
Мен мұңайсам, сенен бетер жылаймын.
Көп ойланып, аз күрсінген халқыма,
Қараймын да,
Қайраттанам, шыдаймын.
Ерікті елміз, бүлінбеген қорғаны,
Бәрімізге белгілі ғой ол жағы.
Қайтер дейсің қара бастың толғағы,
Тек жұртымыз күрсінбесе болғаны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍