Мұқағали Мақатаев (Дастарқан үстінде)

 Мұқағали Мақатаев (Дастарқан үстінде)

(Өзбек жігітіне)

Ойға жыр, көңілге күй, жанға тыныс,
Айналаң алма-өрік, алда қымыз.
Асан атам аңсаған Жерұйығы,
Жігітім, жақсы ә, біздің Алматымыз?
Әсіресе маған бір ұнайтыны -
Алатаудан долы өзен құлайтыны,
Құлын-тайдай тебіскен құрбылардың,
Әзілменен бір-бірін сынайтыны.
Қоңыр салқын ауасы Алматының,
(Мен өзім Алматының солдатымын).
Сайраңдауға келіп тұр,өзбек досым,
Сауық құрып саяла, ал да тыным.
Қымыз іш, қазыдан ал, тартынбағын,
Тауға жүр, өзенге түс, салқындағын,
Өзіңнің өзбек бабаң секілденген
Ұмытпа қазақ деген халқың барын.
Есіңе салатыным тағы да бір,
Серуенде, Алматының бағына кір.
Киіктің лағындай қыздарымның
Жанына жаныңменен жағына біл.
Ойға жыр, көңілге күй, жанға тыныс,
Айналаң алма-өрік, алда қымыз.
Ташкент шәрін өзіне бауыр тұтқан
Жігітім, жақсы, ә, біздің Алматымыз?!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!