Құқық | Заң шығару процесі түсінігі негізі және сатылары

 Құқық | Заң шығару процесі түсінігі негізі және сатылары

Мазмұны
Кіріспе

Негізігі бөлім

I-тарау.Заң шығару процесінің түсінігі

ІІ-тарау.Заң шығару процесінің кезеңдері мен сатылары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі


І ТАРАУ. Заң шығару процесінің түсінігі

Жалпы кез-келген мемлекетте заң шығару үрдісі күрделі процес болып келеді,сол сияқты біздің мемлекетте де сондай.Қазіргі таңда біздің қоғамда өмір сүріп жатқан,яғни барша қабылдаған заңдар үлкен өңдеу мен стадиялардан өтеді деп айтуға болады.Енді процесті басынан аяғына шейін қарастырып көрелік.
Бірінші. Заң шығару бастамасынан басталады. Заң шығару бастамашылығы құқығы субъектінің Парламент қарауға міндетті. Заң жобасын және Парламенттің өзге актісінің жобасын ресми енгізуі заң шығару бастамашылығы болып табылады. Бұл құқық Парламенттің депутаттарына және Үкіметке Конституция бойынша берілген (61 бап) .
Екінші. Мәжілістің комитегтері заң жобасын кабылдап карайды, олар алдын ала заң жобасын әзірлейді. Бұдан кейін заң жо¬басын Мәжіліс бюросының қарауына тапсырады. Бюро заң жо¬басы жұмысының қорытындысын тұрақты комитетте карап, оны Мәжілістің шіенарлық отырысының қарауына беру туралы шешім қабылдайды.
Үніінші. Заң жобасы Мәжілістің пленарлы қотырысының қарауына берілсді. Мүнда заң жобасы бірнеше рет, әдетте екі рет, кейде одан да көп пысықталады (заңның бірінші, екінші, үшінші оқуы). Одан кейін Мәжіліс депутаттары караған және жалпы санының көпшілік дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде 60 күннің ішінде қаралуға тиісті. Сенатта алдынан комитеттерінде, содан кейін бюро, пленарлық отырысында заң жобасы каралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданған жоба заңға айналады жоне оны он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Президент заң жобасы Конституциялық Кеңеске Конституцияға сәйкестігін тексеруге бере алады. Президент заңға қол койған-нан кейін заң жарияланады.
Қазақстан Республикасы Нормативтік актілердің түрлері, оларды жүйеге келтірудің әдістері.
Парламенттің актілері. Нормативтік актілердің жүйелерінде заң ерекше орын алады, оның жоғары күші бар. Заңның жоғары күші келесі жағдайлардан тұрады: заңды тек парламент күрделі Конституцияда айтылған әдістермен алады. Заңды тек парламент қабылдайды, жояды немесе өзгертеді. Басқа Нормативтік актілер заңға сәйкес болуға тиісті. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, күрделі мәселелерді шешеді және заңдар шығаруға құқылы. Оның құзырындағы жеке және занды түлғалардың құқыксубъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігіне; меншік режиміне және өзге де мүлік құқығына; мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдардың ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери кызметтің негіздеріне; салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге; республикалық бюджетке; сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне; білім беруге, денсаулық, сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға; кәсіпорындар мен олардың мүлік жекешелендіруге; айналадағы ортаны қорғауға; республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына; мемлекет корғанысы мен кауіпсіздігін қамтамасыз етуге катысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шы-ғаруға хақылы. Парламент Конституциялық зандарды қабылдайды. Сенат пен Мәжіліс өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабыл¬дайды. Олар Конституцияға және заңдарға кайшы келмеуі тиіс.
Президенттің актілері. ҚР Президенті бүкіл аумағында күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Президенттің Жарлықтары Конституция мен Республика зандарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің Жарлығымен: Республика Президентінің актісін шығаруда талап ететін Президенттің конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады; Конституцияда және өкімет орғандарының Казақстан халқының алдындағы жауапкершілік заңдарында белгіленген мемлекеттік биліктің барлықтармағының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелер шешіледі; Парламенттің занды міндетіне кірмейтін, сондай-ақ Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын мәселелерді құқыктык жүйелендіру жүзеге асырылады;
Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси-әлеуметтік дамуы стратегиялык мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.
Президент Конституция бойынша заң қабылдайды (53-бап 4 пункті, 6-бап 2 пункті).
Республика Президенттің өкімдері Конституцияның, заңдардың және Президент жарлықтарының негізінде және соларды орындау үшін шығарылады. Оның өкімдерімен әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу жүзеге асырыла¬ды. Республика Президентінің құзыретіне сәйкес конституциялық мәртебесі жоқ лауазымды тұлғалар кызметке тағайындалады және босатылады.
Үкімет актілері. Нормативтік жүйеде бұл актілер үшінші орында тұрады, олар заңдардың және Республика Президенті актілердін негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметтің нормативтік және жеке қаулылары.
Үкімет актілері алкалы түрде оның отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған Премьер-министр қол қояды.
Премьер-министр шығарған нормативтік актілерге жеке өкімдер жатады. Үкімст заң шығару саласында заң шығару бастамасы құқын жүзеге асырады.
Министрліктср, ведомствалар, мемлекеттік комитеттер бүйрық және инструкцияларды шығарады. Олар мемлекеттік комитеттерінің басшылығын жүзеге асырады, тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді.
Констигуциялық Кеңестің актілері шешім түрінде кабылданады. Конституциялык Кеңестің отырысында қабылданатын барлық шешімдері Конституциялык өкілеттіктерімен жүзеге асырылатын қорытынды шешімдерге бөлінеді. Конституциялык шешімдер қаулылар, соның ішінде ҚР колданылатын құқыктардың кұрамдас бөлігі болып саналатын нормативтік қаулылар, қроытындылар мен жолдаулар нысанда болады. Конституциялык Кеңестің актілері оның мүшелерінің көпшілік дауысымен алқалы түрде кабылданады және оларға Төраға қол қойғанға дейін Конституциялық Кеңестің мәжіліске қатысқан мүшелерінің қолымен бекітіледі. Конституциялык Кеңестің қаулысы оны қабылдаған күннен күшіне енеді және Республиканың бүкіл аумағында міндетті болып саналады
Жоғарғы соттың актілеріне - ҚР сот билігінің Жоғарғы органның занды нысанда еркін білдіруі. Бұл Жоғарғы соттың қаулылары мен өзге де актілері. ҚР Президенттің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан республикасындағы соттар және судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялык заң күші бар жарлығының 31 бабының 1 тармағына сәйкес. Сот практикасының мәселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік қаулыларды ҚР Жоғарғы сот Пленумының кабылдауға хакысы бар.
Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әркімдер тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндеітті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.

ІІ ТАРАУ.Заң шығару процесінің кезеңдері мен сатылары

Нормативтік актінің жобасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді жөне ол мынадай бірнеше қажетті шарттың сақталуын талап етеді:
Заң шығарушының еркін алдын ала қалыптастыру (жобаны дайындау). Бұл процесс, әдетте, жоба қабылдау туралы шешім қабылдаудан басталады. Ол бәрінен бұрын, заң дайын¬дау жүмыстарының бекітілген жоспарларынан бейнесін табады, мүндай жоспарлар қабылдау Қазақстан Республикасының және бірқатар басқа да мемлекетгің заң шығару тәжірибесінде бар. Оған қоса заң жобаларына қатысты мұндай шешімді елдің ең жоғары заң шығарушы органы (айталық, Парламент) өзінің тұрақты комиссиялары мен комитеттеріне, Үкіметке немесе қандай да бір басқа органға немесе солардың бәрінің басын қосып нақты бір актінің жобасын әзірлеу жөнінде берілетін тапсырма түрінде қабылдауы мүмкін. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, заң шығарушы орган түрақты комиссиялары мен комитетгерінің, заң шығару бастамасы құқығын иеленетін басқа да органдар мен ұйымдардың бастамасы бойынша да дайындалуы мүмкін.
Президент жарлықтарының, үкімет қаулыларының жобаларын, әдетте, тиісті министрліктер мен ведомстволар дайындайды не заң шығару жоспарының негізінде, не Президентгің, Үкімет басшылығының бір жолғы тапсырмасы, не өз бастамасы бойынша дайындалады. Мүндай жобалар тиісінше Қазақ¬стан Республикасы Президенті, Үкімет аппаратында да дайын-далуы мүмкін.
Әлбетте, жобаларды дайындау кезінде ведомстволық салалық қағидат қолданылады, бүған сәйкес бастапқы жобаларды қызмет бағдары соған сай келетін органдар мен ұйымдар жасайды. Мүндай іс жобаның білікті жасалуын, мамандардың қатысуын қажет етеді. Көптеген жағдайда бастапқы мәтінді жасауды зандық органды (Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және т.б.) қоса бірнеше ведомстволарға тапсырады.
Заң шығару тәжірибесінде жобаның мазмұнына байланысты басқа да тәсіл қолданылуы мүмкін, айталық, заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің өзі де, әрі соңғы кездерде етек алған Палаталар депутатгары да дайындайтынын біз білеміз. Алайда қазіргі кездегі заң шығару төжірибесінде жобаларды дайындаудың ведомстволық қағидаты, дегенмен, басым түсіп жатады.
Жобаларды дайындаудағы қоғамдық үйымдардың рөлін жоққа шығармауымыз керек. Өйткені, олар бір жағдайда заң жобаларын өз бастамасы бойынша дайындаса, еқінші жағдай¬да мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындауға тартылады. Дегенменде, ірі-ірі заң актілерін дайьндауға, әр кез болса да, жоғары оқу орындарынын білікті мамандарын да қатыстыру көзден таса қалдырылмайды. Мүның бәрі дайындалатын актінің мақсаты мен реттейтін мәселесі нақты әрі жан-жақты талдаудан өтетіндігінің маңызды кепілі болып табылады.
Заң жобасын дайындау кезінде заң мәтінін жазудың алдында орындалуға тиісті жұмыстарды жүргізу қажет. Жобаны дайындауға кіріспей тұрып қоғамдық қатынастардың осы саласын қалыпты реттеуге деген қоғамдық қажеттіліктің қандай екенін анықтап алу маңызды. Бәрінен бұрын қоғамның тіршілік-тынысының ұсынылып отырған акт арналған салала-рының(экономиканың, саясаттың, әлеуметтік) нақты жағдайының қандай екені, жобада шешілуге тиісті мәселенің мәні, сондай-ақ ұсынылып отырған зандық реттеудің жалпы мақсаты анықталады. Бұл орайда қалыпты актілердің жобалары өмірде пайда болып заңдық реттеуді талап ететін жаңа мәселелерді шешу мақсатымен де, заңдарда орын алып отырған олқылықтарды, ескірген нұсқамалар мен қайшылықтарды жою, бір мәселе төңірегіндегі актілердің көбейіп кетуін болдырмау үшін де дайындалатынын есте ұстау керек.
Бұл кезенде қозғалып отырған мәселе бойынша қолданы¬лып жүрген зандар туралы хабарлама алып, оның жәй-күйін, қолданылу тәжірибесін талдау аса маңызды. Жобаны өзірлеушілер бұрын осы ұсынылып отырған жобаның тақы-рыбы бойынша актілер қабылданған ба; егер қабылданған болса олардың тиімділігі мен кемшідіктері қандай, олар өзірленетін жобамен қалайша байланыстырылады; ұсынылып отырған акт қолданылып жүрген құқықтық реттеумен үйлесе ме, ол қолда¬нылып жүрген немесе енді өзірленетін қалыпты актілер жүйесімен қаншалықты жақсы қарым-қатынаста болады жене т.б. сияқты сұрақтарға жауап дайындау.
Жобаларды қолданылып жүрген актілермен үйлестірмей әзірлеу зандардағы онсыз да айтарлықтай орын алып отырған тенсіздікті және оның ішкі қайшылығын күшейтіп жібереді. Міне, әрбір жоба бойынша оны әзірлеудің алдында тиісті салада қолданылып жүрген реттеу туралы анықтама дайындау сондықтан да маңызды. Жобаның тақырыбы жөніндегі шетелдік зандар туралы да анықтама жасаған дүрыс болады.
Жоба тақырыбына қатысты мәселелер жөніндегі зандардың жай-күйін талдау бұрын қабылданған актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізумен шектелуге бола ма, әлде шынында да жаңа акт дайындау қажет пе деген сұраққа жауап беруге де көмектеседі. Актіні қолданудың ықтимал салалары: экономикалық, әлеуметгік, зандық, экологиялық және басқа нәтижелері алдын ала анықталуға тиіс, сондай-ақ мәселені шешу үшін қажетті мүмкін болатын материалдық, қаржылық және өзге ресурстардың жұмсалуы, кірістер, шы-ғындар және т.б. есептелуге тиіс. Жобамен жұмыс істеудің бастапқы сатысында болашақ актінің негізгі ережелері жасалады, олар алға қойылған міндеттің шешілуін, талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізілуін, сондай-ақ осы мәселе бойынша қолданылып жүрген зандардын кемшіліктерін жоюды кдмтамасыз етуге тиіс. Заң жобасы үшін және басқа да маңызды актінің жобасы үшін бірқатар жағдайда оның ғылыми тұжырымдамасын дайындап алу да қажет.
Жобаның бастапқы мәтінін дайындау жөніндегі ұйымдық-техникалық шаралар. Маңызды да күрделі жобаларды жасау үшін, әдетте, негізгі мүдделі органдарды, қоғамдық ұйымдарды, заңгер-ғалымдарды және басқа мамандарды қамтитын комиссиялар құрылады. Қажет болған жағдайда комиссиялар кішірек комиссиялар, жұмыс топтары мен редакциялық топтар құруға хақылы.
Белгілі бір актінің жобасын әзірлеп жатқан дайындық комиссияларының жұмысына мүдделі ведомстволар, ғылыми және Практикалық мекемелер, жекелеген ғалымдар, кәсіпкерлер, білікті заңгерлер тартылады. Жұмысқа мүндай комиссиялардың құрамына енбеген депутаттарды тартқан да дұрыс. Бұл орайдағы басты мақсат — комиссияның жұмысқа қабілетті және білікті құрамын қамтамасыз ету. Сондықтан дайындық қомиссияларына нақ мамандар - мол төжірибесі мен білімі бар адамдар кіргені маңызды. Жобаларды дайындауға жобаны әзірлейтін органдар мен ұйымдардың заң жөніндегі бөлімшелері міндетгі түрде қатысуы керек. Олардың қатысуы жоба¬ның заңдық мәдениетінің жоғары болуын, оны дұрыс ресімдеуді және заң шығару техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Заң жасаушы орган бірнеше органға, ұйымға немесе жеке¬леген адамдарға балама жобалар дайындауды тапсыра алады немесе олармен шарттар (келісімдер) жасай алады (әрине, ақылы тәртіппен); сондай-ақ тандаулы жобаларға конкурс жариялай алады. Бүл бірегей шешімдерге қол жеткізуге, пікірлер мен айқындамалар алуандығын білдіруге, белгілі бір мәселенің оңтайлы шешімін тандап алуға мүмкіндік береді.
Одан әрі заң жобасын дайындау кезінде оның заңдық тұрқын дұрыс анықтай алу қажет. Қалыпты актілерге қажетті деректер, алдын ала белгіленген құрылымдық бөлімдер тән. Қалыпты акт түрін (мысалы, Казақстан Республикасының заңдары, кодекстер, ережелер,т.б.), басылып шыққан жерін, күнін, атауын, тақырыбын, ресми адамдардың қойған қолдарын, ал бірқатар акт үшін басылымның реттік нөмірлерін көрсету си¬яқты ресми белгілерсіз мүмкін емес.
Әзірленегін актілердің түрін анықтау кезінде соның алдындағы зандарды зерттеу маңызды рөл атқарады, өйткені жаңа акт белгілі бір зандық нысаны бар басқа актілердің күшін жояды, өзгертеді, толықтырылады, түзетіледі.
Қалыпты актілер құрылымының айқындығы мен негізділігі. Жаңа актілер, соның ішінде қолданылып жүрген зандарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін актілерді дайындау кезінде олардың құрылымы айқын болуына күш салу керек. Мұндай актілерді дұрыс түсіну үшін ғана емес, оларды одан әрі жетілдіру үшін де мәні бар.
Заң актілері, әдетте, олардың көлемі жағынан кішігірім, баптарға бөлінеді, президенттік, үкіметтік актілер, сондай-ақ жергілікті өкілетті органдар мен атқарушы құрылымдарьшың актілері тармақтарға бөлінеді. Заңның баптарына атаулар беріледі, оларда тиісті баптық реттеу мәні белгіленеді. Көлемі жағынан елеулі ірі актілер бөлімдерге, бөліктерге, тарауларға бөлінеді. Олардың қайсыбіреулеріне кіріспелер, ескертпелер, қосымшалар беріледі.
Қалыпты актінің мәтініне (әдетте, неғұрлым .маңызды актілердіц жобаларында берілетін кіріспені қоспағанда) жалпы пайымдауларды, ғылыми қағидаларды, ұрандарды, декла¬рацияларды, т.б. енгізудін керегі жоқ. Қалыпты акт шын мәнінде зандық құжат болуы үшін ол қарапайым, түсінікті тілмен, мүмкіндігінше қысқа тіркестермен баяндалуға тиіс. Онда бейнелеуші теңеулер, эпитеттер, метафоралар, сондай-ақ ескірген және көп мағыналы сөздер мен тіркестер, көпшілік қолданбайтын атау сөздер болмауға тиіс.
Стильдің дәлелділігі, өрі қысқа, өрі нүсқа болуы, салмақ-тылығы — актілер тіліне төн белгілер. Лепірме сөздер, еркін әдеби теңеу заң мәтініне тән емес. Атау сөздерді бір мәнді қолдану өте маңызды. Бір ұғымды аңғарту кезінде актінің мәтінінде бір атаусыз дәйекті түрде пайдаланылуға тиіс. Актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде де осы ереже сақталуы қажет.
Жобада қағидатты мәні бар атаусөздер анықтамасын, сон¬дай-ақ көпшілікке белгісіз зандық, техникалық жөне басқа арнаулы атаусөздердің түсінігін, әсіресе егер болашақ акт кеңінен қолданылатын болса жөне көптеген лауазымды адам мен азаматқа қатысты болса, берген дұрыс.
Қалыпты актіде міндетті құрамдас бөлік ретінде арнаулы құқықтық құралдар көзделуге тиіс, олар қатынастардын реттелуінің саласына қарай оның сақгалуын қамтамасыз етеді, олар: ынталандыру, бақылау шаралары, қаулыларды шешу тәртібі, актіні жүзеге асыру тетігі және т.б.
Қажет болған жағдайда заң жобасымен бір мезгілде занды күшіне енгізу тәртібі туралы қаулының жобасы да дайындалады.
Жобаны алдын ала келісу. Бастапқы жоба әзірленгеннен кейін оны тиісті құрылымдык бөлімшелермен келісу кажет. Қазақстан Республикасында мынадай тәртіп белгіленген, соған сәйкес құқықтық актілердің өзірленген жобалары мыналармен келісілуге тиіс:
— Қазақстан Республикасының Президентімен — Үкіметінің зандық бастамалар жоспары жөне зандық жүмыстар жоспары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі, Жоғарғы Соты заң шығару бастамасы тәртібімен дайындап, Қазақ¬стан Республикасының Конституциясы мен зандары арқылы Президенттің өкілеттілігіне жатқызылған мәселелерді қозғайтын заң жобаларды;
— Қазақстан Республикасы Президентінің аппаратымен — Үкіметінің Президентгің актілерімен шығару көзделген каулыларының жобалары, Үкіметтің мөжілісінде Президентгің төрағалық етуімен қаралған шешімдердің жобалары, сондай-ақ Президенттің актілерімен құрылған орталық мемлекеттік басқару органдары туралы ережелердің жобалары;
— Қазақстан Республикасының Үкіметімен — Президент Парламентке енгізілген жөне Үкіметтің құзыретіне жатқызыл¬ған мәселелерді қозғайтын заң жобалары;
— Жоғарғы Сотпен — Президент Парламентке енгізген және Қазақстан Республикасының соттары мен судьялардың мөртебесін қозғайтын заң жобалары.
Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық жөне құқықтық реформаның, халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі мәселелері жөніндегі актілерінің жобалары міндеттті түрде - Үкіметтің, ал қажет болған жағдайда Қазақстан Рес¬публикасы Ұлттық Банкінің, сот органдарының және Бас про-қуратурасынын қатысуымен дайындалады.
Дайындалған жобалар құқықтық, қаржылық, экологаялық жөне өзге де мамандандырылған сараптан жан-жақты өтулері тиіс. Мұндай сараптаманы жүргізудің басты өзегі — дайындалған нормативтік шешімдердің сапалылығын көтеру, құқық шығармашылық жүмыстың тиімділігін арттыру болып табы-лады, ол тұрақты және міңдетті болуы тиіс.
Жобаны алдын ала талқылау — заң шығару барысындағы елеулі жайт. Ол, әдетте, мүдделі органдардың, ұйымдардың, жұртшылықтың кең шеңберін тарта отырып жүзеге асырылады. Мұндай талқылаудың түрлері әр қилы болып келеді: бұл бірқатар мекемені, қоғамдық бірлестікті тарта отырып, жергілікті жерде (облыстарда, қалаларда, аудандарда, ауылдарда) қеңінен талқылау; ғалымдар қауымының және мүдделі министрліктердің, ведомстволар мен өзге де ұйымдардың қаты¬суымен тікелей заң шығарушы органдағы кеңесте ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі