Құқықтану | Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы түсінігі және түрлері
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................
1. Тарау Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы түсінігі және түрлері
1.1. Ведомствалық бағыныстылықтың түсінігі....................................................
1.2. Ведомствалық бағыныстылықтың түрлері..................................................
2. Тарау Ерекше жүргізілетін істердің ведомствалық бағыныстылығы
2.1. Соттарға талап қоюшылық, ерекше талап қоюшымен жүргізілетін істердің және ерекше жүргізілетін істердің ведомствалық бағыныстылығы..
2.2. Істердің аралық соттарға ведомствалық бағыныстылығы.........................
Қорытынды............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................
Қазақстанда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға шешімнің конституциялық бекітілуі сапалы заңдардың қабылдануын, құқықты жоғары деңгейде қолдануды, соттардың жүйелі түрде және қатесіз жұмыс істеуін, сот беделінің айрықшалығын тануды талап етеді.
Қазақстанда сот жүйесін реформалау сот төрелігінің шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Осыған орай, азаматтық сот ісін жүргізуде де түбегейлі өзгерістер болды.
Ведомствалық бағыныстылық-бұл құқық туралы даудың немесе басқа заңды істерді белгілі бір органның қарап шешуіне жататындығы, яғни істің нақты бір органға бағыныстылығы.
Ведомствалық бағыныстылық жеке және көпше болып 2-ге бөлінеді.
Жеке ведомствалық бағыныстылық дегеніміз - белгілі категориялы істердің тек бір ғана юрисдикция органдарда қарап шешілу мүмкіндігінің болуы.
Көпше ведомствалық бағыныстық дегеніміз - кейбір категориялы істердің бірнеше юрисдикция органдарында қарап шешілуі.
Дипломдық жұмыстың нәтижесі азаматтық процесс азаматтардың ар-намысын қорғаудың, еңбек және басқа да дауларды шешудің, азаматтық-құқықтық қатынастың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуы тиіс.
Аталған міндеттерді іске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, заңгерлердің жұмысында біліктілікті талап етеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі азаматтық істер бойынша бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығын жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу ғылымына тән құқықтық категориялар, теориялық көзқарастар мен тұжырымдамалар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының маңызын, құқық қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды тәжірибеде қолданумен тығыз байланыстылығын студенттердің түсінуі, студенттерге құқықтық көзқарастарды, барлық негізгі іс жүргізушілік институттар мен ұғымдар: азаматтық іс жүргізу құқығы саласының мәні, азаматтық процестің соттың сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қызметі екендігі, іс жүргізушілік қатынастардың ерекшелігі, процестің сатылары туралы яғни азаматтық іс жүргізу құқығы зерттейтін құқықтық ұғымдар мен категориялар туралы құқықтық түсініктерді қалыптастыру.
Бұл дипломдық жұмыстың міндеті: құқықтың қажетті қайнар көздерімен, құқық саласының өзекті мәселелерімен таныстыру, маңызды заң актілерін және Қазақстан қатысатын азаматтық сот ісін жүргізуді реттейтін, азаматтық іс жүргізу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгерту, азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерін білу, әрбір іс жүргізу нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын дәл ұғыну, соттың және азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершілік талаптар туралы нақты түсінікті орнықтыру.

1.1 Ведомствалық бағыныстылықтың түсінігі
Азаматтық-құқықтық даулар әртүрлі органдарда қарап шешіледі. Мысалы: мемлекеттік сот органдарында, аралық соттарда, келісім комиссияларында, өкілетті және атқарушы органдарда, нотариалды органдарда т.б. Осыған орай азаматтық құқықты қорғау нысаны:
- Соттық тәртіппен
- Соттық емес тәртіппен (қоғамдық, нотариалды, әкімшілік тәртіпте) жүзеге асады.
Жоғарыда аталған органдардың әрқайсысы жүргізілуі заңмен белгіленген азаматтық-құқықтық дауларды қарайды және шешеді.
Талап арыз немесе арыз сотқа келіп түскенде арызда қойылған талаптар сотта қаралып шешілуге жататынын немесе басқа юрисдикция органдарының қарауына жататынын сот алдын-ала анықтауы, яғни азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығын анықтауы тиіс.

Көпше ведомствалық бағыныстылықтың өзі бірнеше түрлерге бөлінеді:
А) Альтернативті
Б) Шартты
В) Императивті
Альтернативті ведомствалық бағыныстық - бұзылған құқық пен заңмен қорғалатын мүддесін қорғау мақсатында субъектінің қай органға шағымдану мүмкіндігін таңдау еркіндігі , мысалы: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы код. 655- бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың қаулыларына келіспеген жағдайда әкімшілік қаулы шығарған органдардан жоғары тұрған органға немесе сот органына шағымдануға болады деп көрсетілген.
Шарттық ведомствалық бағыныстылық-дауласушы тараптардың өзара келісімі бойынша істі қай органның қарап шешуіне беруі. Мысалы: АІЖК 25- бабы бойынша сотқа бағынысты мүліктік дау, оған заң актілерінде тыйым салынбаса тараптардың келісімі бойынша аралық соттың қарауына берілуі мүмкін.
Императивті ведомствалық бағыныстылық- бірнеше юрисдикциялық органдарда қатысты азаматтық істердің белгілі бір жүйелілікті сақтай отырып қарап шешілуі. Мысалы: 1999 ж 16 шілдеде қабылданғанған “ҚР паттенттік заңы” бойынша патент беруге қарсылық білдірілген шешімдерге патент алушы апелляциялық советке шағым беруі тиіс. Апелляциялық советтің шешімімен келіспеген жағдайда шешімді алған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей сотқа шағымдауға болады делінген. (32-ст)
Азаматтық істер мәні бойынша сот органдарында қарап шешілуге жататын болса бұл істер сот органдарына ведомствалық бағынысты болып табылады.
Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау АІЖК-де және басқа заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.
Сот құзіретіне талап істерді қарап шешу үшін азаматтық, отбасылық, еңбек, әкімшілік, қаржы, тұрғын үй, жер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан туындайтын дауларды қарап шешу кіреді.
Соттар ерекше талап өндірісі бойынша АІЖК-ң 25-29-тарауларында көзделген істерді қарап шешеді.
Соттар ерекше өндіріс бойынша АІЖК-ң 31-39- тарауларында көзделген істерді қарайды.
Соттар АІЖК-ң 140- бабында көрсетілген даусыз талаптарды бұйрық өндірісі тәртібіне қарайды.
Сонымен бірге соттар шетел субъектілерінің және ұйымдарының қатысуымен болатын істерді егер халықаралық шарттарда және ҚР заңдарында өзгеше көзделмесе қарайды.
Заң бойынша соттың құзіретіне жатқызылған басқада істер сотқа бағынысты болады.
ҚР-да қолданылып жүрген заңдар, бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың бір формасы ретінде аралық соттарды қарастырады.
Азаматтық кодекстің 9- бабының 1-тармағында және АІЖК-ң 25-бабында азаматтық құқықтарды қорғау сот арқылы және аралық сот арқылы жүзеге асырылады деп көрсетілген.
АІЖК-ң 170-бабының 4-тармағы бойынша судья істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттерді жүргізгенде тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарының бар екендігін түсіндіреді.
Аралық соттардың құрылу тәртібі және олардың қызметі, сондай-ақ шешімдерінің орындалуының тәртібі ҚР 2004 жылғы 28 желтоқсанында қабылданған «Аралық соттар туралы» заңымен реттеледі. Аралық соттарда істі қараудың мәні құқыққатынасында түсуші нақты тараптардың арасындағы дауды қарауды және шешуді үшінші бір тұлғаға сеніп тапсыру болып табылады.
Аралық сот өндірісінде мүліктік сипаттағы азаматтық-құқықтық даулар қаралады, сондықтан аралық сот өндірісі талаптық өндіріс болып табылады. Аралық сот өндірісінде жалпы талаптық өндіріске тән талап қою, қарсы талап қою, талапкер мен жауапкердің процеске қатысуы сияқты әрекеттер жасалады.
Аралық соттар-мемлекеттік соттарға ведомствалық бағынысты кез-келген мүлікті дауларды тараптардың келісімімен (егер заңдармен тыйым салынбаған жағдайда) қарап шеше алады.
Аралық сотта қарап шешуге болмайтын заң актілеріне мыналар жатады:
- Банкроттық туралы заң (3 –б. заңды тұлғаларды банкрот деп тану сотпен бекітіледі деп көрсетілген)
- Еңбек тур заң (11-тарауында еңбек даулары келісім комиссиясымен немесе сот тәртібімен шешіледі деп көрсетілген)
Неке және отбасы тур заң (7- б бойынша неке отбасылық қатынастар сотпен, мемлекет органдарымен қамқоршы және қорғаншы органдармен шешіледі делінген) оған ерлі зайыптылардың мүліктерінің шарттық режимі бойынша ортақ мүлікті бөлу кірмейді.
ҚР аралық соттар тұрақты жұмыс істейтін аралық сот немесе нақты дауды шешуге арналған аралық сот түрінде құрылуы мүмкін. Аралық сот дауларды ҚР Конституциясына, заңдарына және өзгеде нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қарайды.
Бұйрық өндірісі – бұл қарызды немесе борышты сот бұйрыығын шығару арқылы өндірісін алу тәртібі.
АІЖК 139 бабына сәйкес сот бұйрығы дегеніміз-өндірістік алушының ақша сомаларын немесе мүліктерді өндіріп алуы үшін, өндірп алушыны немесе борышкерді олардың түсініктемелерін тыңдау үшін сотқа шақырмай-ақ және сотта істі қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша арыз берушінің яғни өндіріп алушының арзы негізінде шығарылатын судьяның актісі.
Бұйрық өндірісіндегі азаматтық істер қарағанда жылдан әрі жеңіл шешілуге жататды.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істердің негізі, мазмұны және тәртібі АІЖК 13 тарауында 139 баппен 149 баптар аралығында көрсетілген.
Бұйрық өндірісінде іс жүргізу шет мемлекеттерде яғни Германия, Франция елдерінде көп уақыттар бойы кеңінен қолданылып келген. Ал Россия империясының Азаматтық іс жүргізу жарғысына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғ басында сот өндірсіндегі істерді тездету және жеңілдету мақсатында даусыз істерді қарауға байланысты толықтырулар мен өзгертулер енгізілген. 80 жылдардың ортасында алимент өндіру жөніндегі істер толығымен бұйрық өндірісінде қаралуға жататыны анықтлады. Отандық және шет елдік тәжірбелерді есепке ала отырып азаматтық істерді сотта қарау мерзімін қысқарту мақсатында Россия азаматтық іс жүргізу заңдарында борышты немесе қарызды өндіру сот бұйрығын шығару арқылы қарау нормалары яғни ҚР АІЖ заңында “Бұйрық өндірісі„ жаңаан қосылған тарау болып табылады. Бұрын қолданылған ескі заңдарда Азаматтық сот өндірісінің 3 түрлі болатын болса, 1999 жылғы 1 шілденден бастап күшіне енген АІЖК сот өндірісінің 4 түрі “Бұйрық өндірісі„ енгізііледі.
Қ.Р Конституциясының 13-бабының 2-тармағында және АІЖК-ң 8- бабында көрсетілгендей әрбір азамат бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Соттық қорғалуға құқық ҚР-ң сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңының нормаларына сәйкес:
- Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез-келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарына сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.
- Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілікті сақтай отырып құзіретті тәуелсіз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Судья ҚР –да сот билігін жүзеге асырушы лауазымды тұлға .
Өз құзіретін жүзеге асыруы кезінде қойған талаптары барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғасына және жеке, заңды тұлғаларға міндетті т.б.
Сот жүйесі және соттың мәртебесі туралы заңнын 3-бабы 3 –тарамағы сәйкес сотың талаптарын орындамаған тұлғаларға заңда көзделген жауапкершілік көзделеді деп көрсетілген .
Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтауы тиіс.
Әділшілікпен сот актісін шығаруды қамтамасыз ету үшін заң сотқа қарсылық білдіру құқығы негіздерін қарастырған. Ол АІЖК-ң 40,43 –бабында көзделеген
Субъективті құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау нысаны дегеніміз-құқықты қорғау жолында құзіретті органдардың белгілі әрекеттер жасауы, яғни нақты мән-жайларды бекіту құқық нормаларын қолдану, құқық қорғау тәсілін анықтау және шешім шығару.
Азаматтық құқықтарды қорғау ҚР заңды актілерінде қарастырылған белгілі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Оларға:
1) Соттық (мемлекеттік соттар)
2) Қоғамдық (келісім комиссиялары)
3) Нотариалдық
4) Әкімшілік (өкілетті және атқару органдары)
5) Өзін-өзі қорғау тәсілдері жатады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы құқық саласы ретінде –азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарды реттейтін жүйелермен құқықтық нормалар жиынтығы.
АІЖҚ-ң пәні-азаматтық істерді қорғау және шешу барысында, сондай-ақ шығарылған сот актілерін орындау негізінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болған қоғамдық қатынастар.
АІЖҚ-ы - азаматтық істер бойынша сот өндірісі саласындағы қоғамдық қатынастарды императивті- диспозивті тәсілмен реттейді.
Императивті тәсіл АІЖ құқыққатынасының субъектілерінің, яғни іске қатысушы тұлғалардың құқықтық жағдайының заңда белгіленген тәртіппен...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?