Экономика | Жергілікті шаруашылықты басқарудың механизмдері

 Экономика | Жергілікті шаруашылықты басқарудың механизмдері

Мазмұны

КІРІСПЕ 3-4

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ
1.1. Қазақстан Республикасының жергілікті органдарына жалпы сипаттама және әкімшілік-аумақтық құрылысы 5- 12 1.2. Аймақты басқарудың мәні және құрылымы 13-17 1.3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі 17-19

2. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1. Қаланың өнеркәсіп саласының дамуы. 20-27
2.2 Тараз қаласы бюджетінің орындалуын талдау 27-30
2.3 Қаланың жалпы өнеркәсіп саласының дамуын талдау 30-37
2.4 Қаладағы кәсіпкерліктің дамуын талдау 37-41
2.5 Тараз қаласындағы құрылыс, көлік және байланыс салаларының
дамуын талдау 42-47

3. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ САЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР
3.1 Тараз қаласының экономикасындағы салалық құрылымдарды
жақсарту бойынша шаралар 48-50
3.2 Әлеуметтік саланың қазіргі кездегі жағдайын бағалау 50-55

ҚОРЫТЫНДЫ 56-57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 58-59

КІРІСПЕ 3-4

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ
1.1. Қазақстан Республикасының жергілікті органдарына жалпы сипаттама және әкімшілік-аумақтық құрылысы 5- 12 1.2. Аймақты басқарудың мәні және құрылымы 13-17 1.3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі 17-19

2. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1. Қаланың өнеркәсіп саласының дамуы. 20-27
2.2 Тараз қаласы бюджетінің орындалуын талдау 27-30
2.3 Қаланың жалпы өнеркәсіп саласының дамуын талдау 30-37
2.4 Қаладағы кәсіпкерліктің дамуын талдау 37-41
2.5 Тараз қаласындағы құрылыс, көлік және байланыс салаларының
дамуын талдау 42-47

3. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ САЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР
3.1 Тараз қаласының экономикасындағы салалық құрылымдарды
жақсарту бойынша шаралар 48-50
3.2 Әлеуметтік саланың қазіргі кездегі жағдайын бағалау 50-55

ҚОРЫТЫНДЫ 56-57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 58-59

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген.
Осыған орай, елімізде түбегейлі экономикалық және саяси қайта құрылыстар жүргізілуде, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болып, дамуға байланысты, шаруашылықты жүргізу мен халықтың әл-ауқатын жақсарту нарықтық қатынастарға негізделетін, мемлекет экономика мен әлеуметтік-мәдени салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен құқықтық реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды білу құштарлықтары арта түсуде.
Қазіргі кезде экономикалық және қоғамдық–саяси жүйелерінің өзгерісі жергілікті басқару органдарының құрылуы мен дамуына тікелей байланысты. Қазақстанның соңғы жылдардағы тәжірибесі жергілікті шаруашылықты басқару бүгінгі күні экономикасы нарықтық, әлеуметтік бағытталған, құқықтық және демократиялық мемлекетті құруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Сонымен қатар мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етуде және күрделі ішкі проблемаларды шешуде аймақтық және жергілікті деңгейлерде басқарудың маңызы зор екенін елде қалыптасқан жағдай дәлелдейді.
Қазақстан экономикасының өркендеуі ірі және шағын қалалардың, ауылдар мен елді мекендердің дамуы негізінде жатыр. Жергілікті билік органдары, кәсіпкерлер, белсенді азаматтар жергілікті шаруашылықтың дамуын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін жете білмейінше, жергілікті басқару, демократиялық қоғам, нарықтық экономика шынайы болмайды.
Жергілікті басқару жүйесі мемлекеттік аймақтық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Аймақ экономикасын дамытудың мақсаты әлеуметтік бағытталған, сонымен қатар тиімді мемлекеттік реттеуін құру болып табылады.Міне, осындай реттеу, тұтастай алғанда, аймақтарды дамыта отырып, халық шаруашылығының тиімді қызмет етуінің жағдайын құру керек. Ең алдымен бұл еңбек ресурстарын барынша үйлесімді және тиімді қолдану, сонымен байланысты шығындарды азайту, аймақтың мамандандырылуы жағына байланысты.
Қазіргі кезде экономикалық қатынастар субъектілерінің жаңа құрылымын құру жүріп жатыр. Онда аймақтар маңызды орын алады. Аймақтың дамуы түрлі құрылымдық өзгерістерге әкеледі. Сондықтан, экономикалық дамуға қол жеткізу үшін жергілікті басқару органдары аймақтың тиімді даму бағдарламаларын жасап, оны жүзеге асыруда белсенді қызмет етуі қажет. Ал жергілікті қоғамдастық жергілікті әлеуметтік–экономикалық дамудың мәселелерін түсіндіруде негіз болып табылады.
Жергілікті экономика өндіріспен тығыз байланыста қаралған дәстүрлі тәсіл дамудың критерийлері мен басымдығы туралы басқа түсініктер қалыптастырады. Олар бағалаушы өндірістік көрсеткіштермен байланысты. Ал жергілікті тұрғындардың өмірін жақсартудың мақсаты - өндірістің дамуына байланысты қажеттілікті қамтамасыз ету.
Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқару мақсаттары мен міндеттері бүгінгі күні келесідей болуы қажет: әлеуметтік салада – халықтың әлеуметтік–экономикалық жағдайының қажетті деңгейде қамтылуы, еркін өмір сүру және еңбек құқығын жүзеге асыру. Ал экономикалық салада – жергілікті құрылымдардың аймақтық еңбек бөлінісінің объективтік артықшылықтары мен аумақтардың кооперациясын рационалды пайдалану.
Осы орайда дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Тараз қаласының жергілікті өзін-өзі басқару қызметі мен қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы танылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – жергілікті шаруашылықты басқарудың механизмдерін ашу, олардың жетілдіру жолдарын қарастыру. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді қарастыру қажет:
- халық шаруашылығының негізгі бөлігі ретінде жергілікті шаруашылықтың экономикалық дамуының мазмұнын ашу;
- жергілікті басқару органдарының ұйымдық–құқықтық негізін ашып көрсету және жергілікті басқару қызметінің қазіргі қалыптасқан даму жағдайына тоқталу;
- Тараз қаласының қазіргі әлеуметтік–экономикалық даму жағдайына жалпы сипаттама беру және бағалау;
- Қаланың болашақтағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтау және ауданда шаруашылықты басқару механизмдерін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осыларды ескере отырып бұл дипломдық жұмыста аймақтағы жергілікті басқаруға жалпы түсінік бере отырып, жергілікті басқарудың маңызын, мазмұнын және атқарытын қызметтері туралы жалпы түсінік беруді жөн санап отырмын. Сонымен қатар жұмыста Тараз қаласын жұмыстың зерттеу объектісі ретінде қарастырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеу жүргіздім. Және осы жұмысты аяқтай келе қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға және аймақтағы жергілікті басқаруды дамытуға өз ұсыныстарымды қостым.
Қазіргі кезде аймақтардағы жергілікті басқару жүйесі дамытылуда, яғни жергілікті әкімдерді сайлау ұсынылуда, аймақтардағы алынатын салықтар жергілікті жерде қалдыру жөніндегі ұсыныстар жүргізілуде және т.с.с. Осыларға байланысты дипломдық жұмыстың негізгі үш бөлімінен аймақтағы жергілікті басқарудың түсінігі туралы тереңірек мағлұмат ала аласыз.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНДА
ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ

1.1 Қазақстан Республикасының жергілікті органдарына жалпы
сипаттама және әкімшілік-аумақтық құрылысы
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз – бұл заң актілерінде белгіленген құзірет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызмет.
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің әрқилылығы көрініс табады, оның қызметінің экономикалық және қаржылық негіздерін, әрине, жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік, сондай-ақ заңға сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік құрайды. Алайда, маслихаттар мен әкімшіліктерге міндеттер, талаптар мен шектеулер қойылады, олардың негізгілеріне жататындар:
1) Жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа қаржы және инвестициялық саясатқа қайшы келетін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;
2) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Республиканың мүддесін сақтау;
3) Қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстану;
4) Азаматтардың құқықтары мен заңды мүделерінің сақталуын қамтамасыз ету.
Аумақты дамытуға байланысты маслихаттар мен әкімшіліктер қабылдайтын жоспарлар еліміздің стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуі тиіс, әрі оларға бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
Әкімшілік-аумақтық құрылыс ұғымы мемлекет аумағының әкімшілік-аумақтық бірлестіктер деп аталатын белгілі бір бөліктерге бөлінуін сипаттайды. Олар жергілікті істерді дербес түрде басқарады және мемлекеттік құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Аумақтық бөліну: мемлекет органдар жүйесін құру (мемлекеттік үкімет, басқару, сот, прокоратура), халық шаруашылығын, мәдени құрылысты басқару, материалдық игіліктер мен ұлттық кірістің дамуы мен оларды елдің бүкіл елдің аумағы бойынша біркелкі бөлу, аумақтық және салалық болжамды ұйымдастыру, қызмет көрсетудің барлық саласында халық мұқтаждығын қанағаттандыру және орындалуы, әдетте, мемлекеттің аумақтық бөлінуіне байланысты болып келетін әлеуметтік басқарудың басқа да міндеттерін, жүзеге асыру сияқты әралуан мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет болып табылады. /4/
Қазақстан Республикасы конституциясының 2-і бабына сәйкес республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, астананың орналасқан жері мен мәртебесі заңмен белгіленеді. “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы” туралы Заң 1993 жылғы желтоқсанның 8-інде қабылданды. Одан кейін, атап айтқанда, 1995 жылғы желтоқсанның 19-да Қазақстан Республикасының Жарлығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Әкімшілік-аумақтық бөліністі реттейтін құқықтық нормалар:
1) мемлекет аумағына бөлінетін әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесін;
2) әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау жөніндегі мемлекеттің құзіретін;
3) әкімшілік-аумақтық бөлінісін өзгерту тәртібін және осы салалардағы мемлекеттік органдардың құзіретін;
4) елді мекендердің белгілі бір түрге жататындығы негізінің құқықтық актілерінің жүйесін;
5) елді мекендерді атау мен қайта атаудың тәртібін белгілейді.
Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісінің жүйесінде мынадай буындар бар: аймақ (облыс, аудан, ауыл (село) округі) және елді мекен, республикалық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, поселкелер, ауыл(село).
Аймақ дегеніміз – республика мүддесін көздеп құрылатын және басқарылатын бірнеше елді мекендерді өзіне қамтитын республика аумағының бір бөлігі.
Елді мекен – азаматтардың шаруашылық және өзге де қоғамдық қызметі нәтижесінде қалыптасқан республиканың халық шағын сипатта қоныстанған бір бөлігі, оның заң белгіленген тәртіппен есепке алынған әрі тіркелген, сондай-ақ жергілікті өкілетті және атқарушы органдар басқаратын тұрғындарының саны кемінде 50 адам болады.
Республикалық маңызы бар қала дегеніміз – ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе халық саны 1 миллионнан астам адамнан тұратын елді мекен.
Облыстық маңызы бар қала дегеніміз – ірі экономикалық және мәдени орталық болып табылатын, дамыған өндірістік және әлеуметтік қосалқы құрылымы мен саны 50 мыңнан астам адамы бар елді мекен.
Аудандық маңызы бар қала дегеніміз - өнеркәсіп кәсіпорны, коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттік тұрғын үй қоры, оқу мен мәдени-ағарту мекемелерінің емдеу және сауда объектілерінің дамыған жүйесі бар, халық саны кем дегенде 10 мыңнан тұратын, жұмысшылары, қызметкерлері және олардың отбасылары жалпы халық санының үштен екісінен де көбін құрайтын елді мекен.
Поселкелер дегеніміз – саны кем дегенде 3 мың адамнан тұратын, жұмысшылары, қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері жалпы санының кем дегенде үштен екісін құрайтын өнеркәсіп кәсіпорындарының, құрылыстардың, темір жол станцияларының және басқа да экономикалық маңызды объектілердің жанындағы елді мекендер.
Емдік маңызы бар орындарында орналасқан, халқы кем дегенде 2 мың болатын, халқының кем дегенде жартысына жуық адамдар жыл сайын емделуге әрі демалуға келетін елді мекендер поселкелерге теңестіріледі; осы айтылғандарды ересек халқының кем дегенде 25 пайызы тұрақты түрде ауыл шаруашылығымен айналысатын, қалалықтардың жазғы демалыс орны болып табылатын саяжай поселкелерін де жатқызылуы мүмкін.
Ауыл (село) дегеніміз – саны кем дегенде 50 адамнан тұратын, ауылшаруашылығымен айналысатын қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері кем дегенде халқының жартысын құрайтын елді мекен.
Сонымен, Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады. Ол мынадай негізгі белгілермен сипатталады: 1) бірыңғай Конституция; 2) мемлекеттік жоғарғы органдарының біртұтас жүйесі (Президент, Парламент, Үкімет); 3) бірыңғай азаматтық; 4) біртұтас құқық жүйесі; 5) біртұтас сот жүйесі; 6) біртұтас мемлекеттің аумағы әкімшілік аумақтық бөліктерге бөлінеді, олардың мәселен, Польшадағы, Франциядағы, Жапониядағы, Түркиядағы және т.б. сияқты қандай да бір дербестігі болмайды. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекет органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.
Бірыңғай басқару бүкіл мемлекеттік аппаратты бірыңғайландыру, әкімшілік-аумақтық бірліктердегі жергілікті органдарға тікелей немесе жанама бақылау жасауды көздейді. Қазақстан Республикасы Конституциясы 2-бабының 2-тармағында айтылғандай, Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

Жергілікті өкілетті орган

Жергілікті өкілді орган (маслихат) халықтық өкілдің бірыңғай жүйелерінің ажырамас бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз бойына сіңірген. Айталық, жоғарыда сөз етілген “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңның 1-бабының 8-тармақшасында: жергілікті өкілдік орган (маслихат) – бұл облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және ҚР заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган” - делінген. Мұның өзі халықтың өкілді органы екендігін және мемлекеттің өкілді органдар жүйесіне кірмегендіктен, одан оқшауланып тұрғандығын аңғару қиын емес. Солай бола тұрса да бұл органның жалпы мемлекеттік мүделерді ескеретініне күмән келтірмеуіміз қажет (ҚР Конституциясы, 86-бап, 1-тармақ). Сондықтан болар жергілікті өкілді органдардың (маслихаттардың) өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланатындығы.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы органдар

1. Жергілікті атқарушы орган (акимат) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Бұл Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқаруша органдардың қарауына ҚР Коноституциясының 87 бабының 2-тармағына сәйкес, мыналар жатады:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқаруын қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншікті басқару;
3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Ресопублика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру. Бұл жөнінде, мысал ретінде, облыс акиматының құзіретін алсақ та жеткілікті. Осы акимат заңнамаға сәйкес өз аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды; аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; ҚР өндірістік күштерін орналастыру схемаларына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарын әзірлейді, оларды облыстық маслихаттың қарауына өткізеді. Сонымен қатар ол – облыстық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді, әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды облыстық маслихатқа бекітуді ұсынады; су құбырлары, тазарту жұмыстары, электр беру, байланыс желілері мен басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объктілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады; жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, сондай-ақ азаматтардың тегін білім алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікпен күрес бағдарламаларын әзірлеп, маслихаттың бекітуіне ұсынады және оны іске асырады; халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көрсетуді үйлестіреді. Дәл осындай өкілеттіліктерді аудандық аумақтық ерекшеліктеріне қарай аудандық акиматтары да атқарады. Мысалы, оның тікелей құзіретіне жататын мәселелер болып табылатындар: жоғарыдағы айтылғандардан басқа, әскери тіркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі іс шараларды ұйымдастыруын қамтамасыз етеді; қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады; аудандық маңызы бар жолдарды пайдалануды және ұстауды ұйымдастырады; өз қарауындағы тұрғын үй қорын бөледі; халықты жұмыспен қамтуға көмектеседі және кедейлікпен күрес бағдарламасын іске асыруға қатысады.
Аудандық акимат өзіне жүктелген міндеттерді іске асыруда аудандық маслихат алдында жауапты болады.
2. Әкім – ҚР Президенті мен Үкіметінің тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органын басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, бүкіл орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерінің келісімді жұмыс істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдардың қызметіне басшылықты қамтамасыз ететін және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік басқару өкілеттілігі берілген, тиісті аумақтағы істің жай-күйіне, әрі оның әлеуметтік-экономикалық дамуына жауапты өкілі. Оны премьер-министрдің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және босатады. Ал облыстық немесе республикалық маңызы бар қала әкімінен төмендегілерін президент айқындаған тәртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады. Демек бұл туралы Президенттің жарлығы не үкімі қабылдануы тиіс.
Әкімнің аппараты – бұл жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме. Оның қызметін ақпараттық талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді әкім аппараты жүзеге асырады. Оны әкім құрады және қайта құрады, таратады. Әкімнің өкілеттілігінің тоқтатылуы жаңа әкімнің тағайындалуына байланысты. Әкім аппараты жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Облыс әкімі жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады./4/
Акиматтың және әкімнің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілер міндетті жариялауға жатады және де бұлардың жалпыға міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілер заңда белгіленген тәртіпте ҚР Әділет Министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеуіне жатады.
ҚР Президенті, Үкіметі, жоғары тұрған акимат немесе әкім, акиматтың немесе әкімнің өзі, сондай-ақ соттың шешімі акимат немесе әкім актілері қолданылуын жоюы, не толық немесе ішінара тоқтата тұруы мүмкін. Бұлардың актілерінің қолданылуын тиісті прокурордың тоқтата тұруы да мүмкін.
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі

Дүниежүзінің көптеген елдерінде тек орталықтан басқару мүмкін еместігі байқалды.Оларда жергілікті өзін-өзі басқару орталық өкіметтік билікке қарама-қарсы күш ретінде қолданылды, сондықтан ол қоғамның демократиялық саяси жүйесінің бірі ретінде қарастырылады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары дербестік ретінде Қазақстан Республикасында 90 жылдардың басынан бастап, алдымен одақтық (1990), артынан еліміздің (1993) жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы заңдары қабылданғаннан кейін қалыптаса бастады.
1993 жылғы 10 желтоқсандағы “ҚР жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы” заңынан бастап жергілікті өкімет органдарының жүйесін реформалау процесі басталды. Оны қайта құру, өз кезегінде қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларындағы өзгерістердің маңызды факторы.
ҚР тұңғыш Конституциясында билікті бөлу концепциясы бірінші рет баянды етіліп, одан жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен одан әрі дамуының құқықтық негіздерінің жаңа концепциясы қисынды түрде туындады.
2000 жылғы 12-қыркүйектегі “ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы” заң жобасы дүниеге келді. Бұл заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, оның органдарының құзіретін, ұйымдастыру және қызмет тәртібін белгілеу баянды етілген. Әрине, ол 1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясының өзекті мәселелерінен туындап, оның қажеттігін экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық сипаттағы алуан түрлі себептер талап етіп отыр.
ҚР Конституциясының 3-бабына сәйкес халық билікті: 1) тікелей (яғни республикалық, референдум, еркін сайлау); 2) мемлекеттік өкімет органдары; 3) жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы да жүзеге асырады. Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару – бұл халықтық биліктің тағы бір нысаны ретінде көрінеді. Демек, жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз, ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде аумақтық құрылымдар халқының қызметін дербес тұрғыда жүзеге асыратын халық билігін іске асырудың нысаны.
Бұл анықтамадан оның негізгі мынадай белгілерін айыруға болады:
1. Ең алдымен айтатынымыз жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекше субъектісі – халық, азаматтар болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қауымдастықтар және өздерінің басқа да органдары арқылы жүзеге асырады. Олар ауылдың, ауылдық округі, аудандық маңызы бар қаланың аумағы шегінде, ал облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада көшелер, орамдар, шағын аудандар шегінде ұйымдастырылуы мүмкін. Олардың міндетті түрде мүлкі, жергілікті бюджеті, сайланбалы органдары болуы тиіс.
2. Жергілікті өзін-өзі басқару қоғам мен мемлекетті басқарудың демократиялық механизмінде ерекше орын алады.
Бұл мәселенің өзегі – жергілікті өзін-өзі басқару, олардың органдары мемлекетік басқару механизмінің құрамдас бөлігі болып есептелмейтінінде. Бірақ біздің елімізде бұлар мемлекетік өкімет органдарымен өте тығыз байланыста тұрады, өйткені олардың бірыңғай ортақ қайнар көздері халық билігі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметін атқаруда мемлекеттің рөлі орасан зор. Айталық, жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, ұйымдық, қаржылық және т.б. жағдайлар жасайды. Және де жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге асыруда халыққа жәрдем береді. Бұлардың органдардың дербестігіне өзінің Заңда көзделген өкілетті шегінде мемлекет кепілдік беруі тиісті. Қайткен күнде де, мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне араласпауы қажет.
3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың өзіндік жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде айрықша объектісі болады. Бұл мәселелердің тізбектері заң жобасында көрсетілген. Онда мынадай мәселелер қамтылған:
- жергілікті қауымдастық аумағының шекарасы мен құрамы;
- жергілікті қауымдастық қарауына жататын мәселелер;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тізбесі мен атауы, сондай-ақ олардың айрықша құзіреті;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылу тәртібі мен құзіреті;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілеттіліктерінің мерзімі;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктерін қайтарып алудың, мерзімінен бұрын тоқтатудың, жергілікті қауымдастық халқының оларға сенбестік білдіруінің өзге де жауаптылық түрлеріне тартудың қабылданған шешімдерінің негіздемесі мен тәртібі;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудың экономикалық, қаржылық негіздері туралы мәліметтерді, жергілікті қауымдастықтықтың меншігін иемденудің, пайдаланудың, билік етудің жалпы тәртібі;
- жергілікті қауымдастықтың кірістері мен шығыстарының сметасын әзірлеу мен орындау тәртібі;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру туралы басқа да мәселелер.
Жарғыны азаматтардың бастамашы тобы әзірлейді және жергілікті қауымдастықтың халқы тікелей дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдайды. Және ол әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс, ал оның үлгі жарғысын үкімет бекітеді. Мұндай шешімдерді орындау жергілікті қауымдастықтың аумағында орналасқан барлық мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қарамастан, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен азаматтар үшін міндетті болып табылады.
4. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәнін сипатайтын өзекті белгісінің бірі – оның дербестігі.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі (конституцияның 89-бабы, 4-тармақ). Жергілікті өзін-өзі басқаруды халықтың өз билігін жүзеге асыратын нысанының дербестігі ретінде мемлекет таниды. Ол мынадан – мемлекет, қоғам басқару жүйесінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырушылық бөлектігінен көрінеді.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың және оның кепілдіктерінің маңызды көрінісі – бұл мемлекет танитын өзінің функциясын жүзеге асырудағы қаржы-экономикалық ресурстарға құқықтығы. Жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың еркін шешуі демократиялық институттардың қызмет істейтіндігін аңғартады. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?