Қаржы | Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету

 Қаржы  | Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету

Мазмұны

КІРІСПЕ
І-ТАРАУ. Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
1.1. Бюджет түсінігі, экономикалық мазмұны, сипаттама белгілері;
1.2. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері;
1.3. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқа да қаржылық қүралдар арасындағы рөлі;
1.4. Бюджеттік жүйе түсінігі және экономикалық мазмұны. Бюджет түрлері мен деңгейі
II - ТАРАУ. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету
2.1. Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар. Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету
2.2. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
2.3. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу тәртібі
2.4. Қазақстан Республикасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеті құрылымы
III - ТАРАУ. Қазақстандағы бюджеттің жүйенің мәселелері мен болашағы
3.1. 2006 жылғы респуб¬ли¬калық бюджеттің атқары¬луын талдау және бағалау
3.2. республикалық бюджетке түсімдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуді бағалау
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау
ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жүмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатыныстардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатьшасыньщ даму тәжірибелерін біліп, дүрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы - бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта қүруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы - ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс-әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан-жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.
Экономика бағыты бойынша болашақ білікті мамандар дайыңдаудың негізгі мақсаты - оларды қазіргі уақыттың маңызды біліміне оқыту, оның ішінде: бюджетті жоспарлау, қалыптастыру және атқару аумағындағы білімге. Айтылған мақсатқа жету үшін оқулықтың авторы нормативтік-құқықтық актілердің ережелеріне сүйене, мемлекеттік бюджет жүйесіндегі теориялық және практи-калық аспектілерді қорытындылай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің негіздерін логикалық тізбекті түрде жазуын, әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің мазмұны мен функциялары, осы аумақтағы заңнамалық және атқарушы органдардың функцияларын толығынан жазуын жөн көрді.


І-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Бюджет түсінігі, экономикалық мазмұны, сипаттама белгілері.

Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесіңде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтаңдырылған ақша қаражаттар қорын калыптастыру мен пайдалануына бай-ланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орыңдауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгерпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т.б.) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет- ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді. «Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
• ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
• ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырыл-ған қоры;
• ол экономиканы реттеуге арналған қүрал (бюджеттік меха-низм арқылы);
• ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
• ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар мін-детті түрде орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресур-старға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объек-тивтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын ортальщтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі қүралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуте қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген - ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларьш есептемегеңде сарап-тамалық ақпарат ретіңде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосыңдысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекетгік бюджет» термині - мемлекет қүрастыратьш және басқаратын орта-льщтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынас-тағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын қүрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырьш іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретіңде қоғам-ның саясаттық және әлеуметтік дамуьш көрсетеді.
Қүндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен үлғайтуыньщ шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдьщ өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамассыз етіледі.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады:
1. Бөлулік қарым-қатьшастьщ айрықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапыңда жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған;
2. Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс-әрекет салалары арасында құндыльщты қайта бөлуге арналған;
3. Қүндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым-қатынас тауарлық-ақша қарым-қатынаспен тығыз байланысты болса, бүл арада қүндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байла-ныста емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады;
4. Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік-экономикальщ да-муының сүраныстары мен міндеттемелері бойынша анықталады;
Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбек-терімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасын-да бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудьщ негізгі бағыттарын ақша қаражатта-рымен қамтамасыз етуге әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір эко-номикалық категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізде-леді және езіне сай материалды-қүндылық түрі бар, яғни бюджет-тік қарым-қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры - бюджеттік қорда болады. Бүның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемле-кеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) - ол мемле-кет тарапына, оның жалпымемлекеттік функцияларьщ орьшдауға арналған, қүндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономи-калық формадағы қоғамдьгқ өнім мен үлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін қүрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану - қүндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол қүндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді.
Бюджеттік іс-әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырыл-ған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, үйымдастырушьшық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді қүндылық бөлу процесінің бір жақтарын объективтік түрде көрсететін бюджеттің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бүл категориялар өз алды ар-найы қолданылады, яғни кіріс - мемлекетті бюджеттік ресурстар-мен (қажетті ақша қаражаттарымен) қамтамассыз етуге арналған, ал шығыс - жалпымемлекеттік функциялар орындауды қаражат-тандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.
Бюджет іс-әрекетінің үйымдастырушьшық формалары ретін-де кірістің түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады. Негізінде, бүл мемлекеттің ар-найы заңнамалық актілер қабылдау арқылы реттейтін бюджеттік қарым-қатынастың белгілі формалары.
Алайда, мемлекеттік бюджет ішкі өнімді қүндылық бөлу мен қайта бөлу процесіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылар арасында болатын ақша қарым-қатынасқа бай-ланысты экономикалық категория. Бүл қарым-қатынас мемлекет ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және оны экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамассыз етуге пайдалану жоддары арқылы іске асырылады.

1.2. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері

Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам-жос-парлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қа-рым-қатынастың осындай болжам-жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтан-дырылған қорьшың қозғалысы жоспарлық форма мен бюджет-тік байланыстың түрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы қүжатында - бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бүл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.
Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс бап-тары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қо-рын пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады. Қазақстан Республикасы Парламенті жыл сайын қабылдайтын «Республикальщ бюджет жөніндегі» Заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарьшың көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.
Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан, көбінесі соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарт-тасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономика ның бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретіңде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.
Мемлекеттің бюджеттік-салық саясатында қаржылық жоспар
- бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты - ол халықтың ауқаттылығын жоғарлату мен экономи-калық дамуды қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеті. Бұл саясат
- еліміздегі жұмыссыздьщты қысқарту, инфляцияның қарқынын темендету мен басқа да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?