Дене шынықтыру | Студенттердің салауатты өмір салты негіздері және дене жаттығулары
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................
І-тарау. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы келелі мәселелер
1.1. Дене белсенділігінің биологиялық ерекшеліктері............................................
1.2. Қазіргі заманғы адамның дене дайындығы белсенділігінің ерекшеліктері...............................................................................................................
1.3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары.............................................
1.4. Спортшылар үшін...............................................................................................
1.5. Шынығу, күн, ауа, су..........................................................................................
ІІ-тарау. Салауатты өмір сүрудің жалпы адамзаттық жүйесі
2.1. Салауатты өмiр сүрудiң мақсаты мен негiзгi принциптерi............................
2.2. Аман-сау жүрудiң алғышарттары.....................................................................
2.3. Жаны саудың дені сау........................................................................................
2.4. Жеке тұлғаның валеологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары..........
2.5. Зиянды әдеттердің денсаулыққа әсері..............................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................................................
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына қоғамымыздың болашағы мен еліміздің мақсаты жайындағы, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын Қазақстан-2030 стратегиясында салауатты өмір салтын қалыптастыру жайында айтылған. Яғни қоғамымызды құруымызға, оны дамытуға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы үшіті күш салуымыз керек делінген. Салауатты өмір салтына ынталандыру, әрқайсысымыздың дене белсенділігінің ерекшелігімен, дұрыс тамақтануымызбен, тазалық шараларын дұрыс орындауымызбен т.б. ерекшеленеді.
Адамның дене белсенділігінің маңыздылығы оның денесінің жетілуіне, денсаулығының жақсаруына, дамуына бағытталған, үйлесімді қызметінің жүйесін құрайды. Оның ең негізгі компаненті болып мақсатқа сай бағытталған қозғалыстарының негізі ретінде дене жаттығуларымен шұғылдануы болып табылады.
Қозғалыс ағзаның функционалдық және морфологиялық қамтамасыз етілуінің, сонымен қатар физиологиялық механизмін басқаратын негіз екенін ұмытпаған жөн.
Дене жаттығуларын орындау мақсаты - кез-келген дене сапаларын, қабілеттіліктерді дамытуға негізделген. Сонымен қоса ол адамның қозғалыс қабілетінің, денсаулығының жақсаруына, қозғалыс дағдыларын дұрыс орындауына, еңбек сүйгіштікке үйретуге және т.б. ең басты жеке және жалпы өнегелі сапаларын жетілдіруге бағытталған.
Кез-келген тіршілік иесі сияқты адам да қозғалысқа деген туа бітті қажеттілік бар. Қозғалыс белсенділігінің арқасында адамның жалпы көңіл-күйі, еңбекке деген қабілеті артады, онда өмірдің кез-келген қиындықтары мен ауру сырқауды оңай жеңу мүмкіндігі пайда болады. Адамның дене белсенділігі қаншалықты қарқынды болған сайын, оның денсаулығы соншалықты жақсара түседі. Адамның дене белсенділігі кардио-респераторлы жүйені нығайтып, жүрек қантамырлары мен тыныс алу мүшелерінің бейімделу мүмкіндігін жоғарлатады, ағзаның дене жүктемесіне қарсы тұруын қамтамасыз етеді, қан айналымы жақсарып, қоректік заттардың аэробты, анаэробты тотығуы жылдамдайды, зат алмасу процесі жақсарады. Сонымен бірге вегетативті жүйке жүйесінің тонусы көтеріледі, эндокринді жүйенің қызметтері жақсарады, гормондардың бөлінуі қалыпқа түседі.
Адамның дене белсенділігінің төмендеуі балалық шақ пен қырық жастан кейін өте қауіпті. Себебі, ол балалардың ағзасының қалыптасуын баяулатады, тірек-қимыл аппаратының жүрек-қан, тыныс алу, ішкі секреция және басқа да мүшелердің дамуына кері әсерін тигізеді. Ағзаның инфекцияға қарсылығын төмендетеді. Оқушылардың аз қозғалуы есту мен көру қабілетін, дене сымбатын бұзуы мүмкін. Ал 40 жастан кейінгі адамдардың аз қозғалуы уақытынан бұрып қартаюға, тез ашулануға, тұрмыс өзгерген жағдайда бағдарлау қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Осы айтылған жағдайларға себеп мектепте дене тәрбиесі сабағы мен ойын сабақтары уақыттарының қысқартылуы, үлкен адамдарға жұмыс барысындағы өндірістерде механикаландыру мен еңбек қызметінің автоматтандырылуы, сонымен бірге күнделікті транспортты пайдалану және т.б.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі біздің қоғамымызда тақырыпқа байланысты көптеген зерттеулер жүргізіліп, әңгіме қозғалуда. Адамның дене белсенділігі жайында газет, журналдарда көптеген ой-пікірлер жазылып жүр. Адамдардың дене белсенділігін жетілдіруде арнайы жаттығулар кешендері қарастырылып, негізделген. Сонымен қоса жалпы адамдардың дене белсенділігін, қозғалыс қызметтерін, физиологиялық және морфологиялық ерекшеліктеріне саналы талдау мәселелеріне атақты орыс физиолог ғалымдары Н.А.Бернштейн қозғалыс белсенділігі жайында, В.Б.Шварц және В.М.Зациоркийдің егіздердің күш, жылдамдық, төзімділік сапалары жайында, К.Бернар адамның дене белсенділігі жайындағы және т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрген.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Дене белсенділігінің адам өмірі үшін, оның денсаулығы үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндіру, адамдардың дене белсенділігіне деген көзқарастарын қалыптастырып дамыту. Зерттеу барысында олардың морфологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жасына байланысты дене белсенділігін анықтау.
Жоғарыда нақтыланған мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысында алға қайған төмендегідей негізгі міндеттер өз шешімін тапты:
- адам ағзасының негізінде жатқан ағзалық қызметінің нәтижесімен ерекшеленетін және адамның қызметтік қозғалысының қалыптасуына әсер етуші биологиялық жине әлеуметтік ерекшеліктерін анықтау.
- жас ерекшелігіне байланысты адамның бұлшық еттері мен қаңқа сүйектерінің дамуының жалпы белгілерін анықтау.
әртүрлі жастағы адамдардың дене белсенділігін жүйелі саралап жоғарғы нәтижеге қол жеткізу.
Зерттеу объектісі. Қазіргі таңда адамның дене белсенділігі жайында, осыдан барып туындайтын адамның денсаулығына байланысты көзқарастар дамып келуде. Дене белсенділігі балалардың, жасөспірімдердің және үлкен адамдардың, яғни нәрестелік жастан, көрілік жасқа дейінгі денсаулығының, еңбекке деген жалпы алғанда өмірге деген құштарлығының айғақ көрінісі болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
І-тарау. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР
1.1. Дене белсенділігінің биологиялық ерекшеліктері
Адамның дене белсенділіктегі жалпы биологиялық түрі, ағзасының негізінде жатқан ағзалық қызметінің нәтижесімен ерекшеленеді.
Атақты физиолог Н.А.Бернштейннің тұжырымдауынша, қозғалыс "өмір сүреді және дамиды" және "өмір" қозғалысы оның ынталану процесімон және біздің өмірлік қызметіміздің қорларын іске асыру арқасында қалыптасуы мүмкін. Кез-келген қозғалыс әрекеті үлкен ми қабығының немесе рефлекстік құбылысының орындалуына тәуелді. Жеке қозғалыс процесі өздігінен таза биологиялық рефлекторлық әсерге "ұшырайды". Адамның дене белсенділігі соңғы есепте оның ағзасының өзгеру жағдайына, жаңа дене сапаларын игеру деңгейіне және қабілеттілігіне бағытталған. Ал ол жаттығудан басқа ешқандай жолмен іске асырылмайды. Машықтану тиімділігінің негізінде ол барлық тіршіліктің іргетасын ажыратады - бейімделу қабілеті т.б. Бұл қасиет адам ағзасының өмірлік қабілетінің, сыртқы ортадағы әртүрлі факторлардың әсер етіп, өзгеруіне дағдыландыруды қамтамасыз етіп отыратын негіз. Шынығуды іске асыру процесінің арқасында адамның физиологиялық механизмінде өзгерістер туындайды. Оның бейімдеушілік процесінің механизмі, спецификалық ерекшеліктері ағымы жаттығу тиімділігінің түрақты шегін және адамның әртүрлі өмір сүру кезеңдеріндегі жеке ерекшелігінің дене белсенділігінің артуына жағдай жасайды. Дене жүктемелерінің заңдылықтарын аша білуде, ол адамның дене белсенділігіне ықпал ететін қажетті жағдай екенін анықтауға болады. Сонымен қатар көптеген зерттеулерге қарағанда адамның дене тұлғасының дамуына, бүлшық ет талшықтарының морфологиялық және қозғалыс аппаратының қан жүйесімеи жабдықталуына жағдай жасайтынын анықтауға болады. Сондай-ақ, адамның дене белсенділігіне тікелей қатысты генетикалық жағдайдың қызметтік мүмкіндігіне ықпалын тигізеді. Мысалы: атақты ғалымдардың бірі В.Б.Шварц, В.М.Зациорскийдің зерттеулері бойынша егіздердің күш жылдамдық, төзімділік және т.б. сол сияқты дене сапаларының бір-біріне ұқсастығы нақты көрсетілген. Американдық атақты ғалым Мурасенің зерттеуінше жүгіру дайындығының биомеханикалық аспектісі (басқа жайда) физиологиялық және антропологиялық факторлары сияқты, сол дәрежеде анықталған. Осыған орай егіздердің бір-біріне ұқсастығы дене массасының орналасу параметрі, сонымен қатар 40-50 м қашықтықға жүгіру кезінде ұқсастықтары анықталған. Спортшының спорттық қызметіндегі генетикалық мәселелерін зерттеуде мамандар тұқымқуалаушылық биомеханикалық, морфологиялық және функционал дық жағдайының көрсеткіштеріне аса көңіл бөлуде. Осыған орай көпшілігі осы мәселені адамның дене потенциалының дамуы оның жеке ерекшелігіне байланысты деп табуда. Сонымен қатар адамның әсіресе морфологиялық және функционал дық дамуын қоспағанда, адамның дене сапасынан моторлық жетілуінің теңсіздігі туралы дәйектің бар екені анықталып отыр. Жас ерекшеліктеріне байланысты қозғалыс дағдыларын игере алуы туралы орыс ғалымы В.Н.Попкованың зерттеулерін айтуға болады. Бұл ретте адамның қозғалыс потенциалының және (критических) "қиын қыстау" кезеңдеріндегі дене сапасының жетілуі туралы анықталған.
Басқа да зерттеулерге зер салсақ, әртүрлі спорт түрімен айналысудың үйлесімділігі жас спортшының биомеханикалық қозғалыс жүйесінің және морфологиялық жетілуінің белгілі бір сипаттық ырғағының бұзылуына алып келеді деп табылуда. Тағы бір айта кететін жәйт адамның тежелу немесе қозу және морфологиялық жүйесімен қамтамасыз етілуінің, спортпен айналыспайтын адамдармен спортпен шұғылданатын адамдардың аралығы ырғақтық жетілуі биологиялық анықгалған. Спорттың әр түрімен айналысатын спортшылардың биомеханикалық және морфологиялық даму жүйесінің белгіленген тұрақты ырғағының (ритмнің) көлемі, адамның дене дамуының потенциалдық жеке генетикалық экзогендік түзілуі мүмкіншіліктерін құрайды. Сондықтан да осы ретте генетикалық анықтамасының адамның қозғалыс қызметіне қатынасын ескерген жөн. Адамның дене потенциалдық дамуының ырғақтық қамтамасыз етілуіне генетикалық қатынасының биологиялық маңызы, қозғалыс қызметін қамтамасыз ететін, жас ерекшелігіне байланысты ырғақтық морфофункцоналдық жүйесін қайта құрушы бір деңгейдегі қажетті бөлігі болып табылады.
Мұндай бірізділік онтогенетикалық қайта құрудың, ең алдымен адам ағзасының сыртқы қоршаған ортаның қажетті қызметтеріне биологиялық дайындығымен тікелей байланысты. Сонымен қатар морфологиялық және функциональдықтың онтогенезде қайта құруылуы көп жоспарлығына қарамастан, ең жоғарғы гормониялық дамуын көрсетеді. Сыртқы (әлеументтік) және ішкі (биологиялық) стимулдары бұл ретте бір-бірін рациональдық және экономикалық даму мақсатымен қамтамасыз етіп отырады.
Дене белсенділігінің әлеуметік ерекшеліктері. Адамның қызметтік қозғалысының қалыптасуына және іске асуына әлеуметтік фактордың маңызы өте зор. Баланың бұл қалыптасуында алғашқы тәрбиеінінің (воспитатель) ықпалы өте маңызды қызмет атқарады. Ол баланың моторлы қызметіне, дене дамуына әсерін тигізіп отырады, сонымен қатар ең бірінші ата-анасының тәрбиесі, содан соң өз құрбы-құрдастарымен ара-қатынаста болатын дене дамуының белсенділігінің күрделі факторын игерудің уақыты келеді. Адамның дене дамуының белсенділігіне әлеуметтік факторы сияқты қоғамдық басқару тәрбиесін қалыптастырудың рөлі де ерекше. Әрине, дене тәрбиесі жүйесіндегі спорттық дайындықтың және дене белсенділіктің басқа түрлерін қалыптастыруға әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Әлеументтану адамның дене дамуы белсенділігінің мәселелерін толығымен қарастырмайды және өзінің әдісімен бұл белсенділікке қоғамның ықыласымен жағдай жасайды. Капиталистік елдерде адамның денсаулығын жақсарту мақсатында медициналық қамтамасыз етілуіне талап қойып, спорттық киімдерді, тауарларды, құрал-саймандарды, аяқ киімдерді және әртүрлі тринажерлық және диагностикалық құралдарды, компьютерлік техникаларды т.б. қажеттіліктерді сатылуды жүзеге асырып отыр. АҚШ-та балалардың және жастардың дене белсенділігін: іске асырудың жалпы ұлттық кең көлемді бағдарламасы көбінесе дене белсенділігі деңгейін арттыруға бағытталған әскери қызметтің үйлесімділігімен жүзеге асырылып отырады. Қоғамдық әлеуметтік жағдайдың қатарында дене белсенділігінің әлеуметтік стимулының өсуі, адамның жеке гормониялық жетілуіне бағытын қалыптастырады және дәлелін іске асырады. Адамның дене белсенділігінің көрсеткіші әртүрлі қоғамдық қызметтің қатарымен сәйкес келсе де (Мысалы: адамның денсаулығын жақсарту, спорттық көрсеткіш, әскердегілердің дене дайындық жағы деңгейі және т.б.), олардың әлеуметтік жағдайларының мәні принцпке сай әртүрлі болып келеді. Ең алдымен әлеуметтік сәйкессіздік қоғамдық жүйенің белгіленген мақсатын қамтамасыз ететін тобына қарай қалыптастыру болып табылады. Жаңа прогрестік техниканы ендірудің автоматтандыру және еңбекпен қамтамасыз ету, қолмен еңбек етуді азайтудың қоғамдық өндірістің бірлескен прогрестік факторында - адамның дене белсенділігінің бейімдеушілік қабілетіне жаңа талаптар қойылады. Сондықтан адамның денгейін дамыту қоғамдық әлеуметтік қалыптасуы, оның денсаулығын жақсартуға, дене дамуының көлемін арттыруға бағытталған және осы түрғыдан адамның еңбек өнімділігінің өсуі болып есептелінеді. Мақсат қазақстан азаматының жеке тәрбиесінің мақсатын, оның мәдениеттілік денгейін арттыру болып табылады. Сондықтан да, біздің елімізде мәдени құрылыс тәжірибесі мәдени спорттық комплекс сияқты дене белсенділігінің жаңа түрін бостан босқа ұйымдастырып отырған жоқ.
1.2. Қазіргі заманғы адамның дене дайындығы белсенділігінің
ерекшеліктері
Адамның дене белсенділігі: қалыптасуының қайнар көзі, оның табиғи негізін ертедегі алғашқы қауымдық құрылыстың даму кезеңінен бастап зерттеу керек. Тірі мүшелердің жерде пайда болысымен ақ, гомеостазисті сақтау жолы арқылы сыртқы ортаға бейімделе бастағанын атақты ғалым К.Бернар оны "өмірдің тәуелсіз еркін жағдайы" деп атап өтті.
Бірінші жол-функциональдық белсенділік денгейінің ұрықтанудан анабиозға дейінгі уақытша төмендеу кезеңі. Бұл жағдай тірі ағзаның сыртқы ортаға өзінің физиологиялық және морфологиялық және өмірлік қабілеттілігін шығындамай, бейімделуін басынан кешіреді. Осыған орай, сол сияқты тірі ағзалар үшін эволюциялық қайта құрылу мүмкіншілік шектелген, ал оның филогенетикалық қатары тез тоқтауы немесе бөлінуі мүмкін.
Екінші жолы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларын іздеу арқылы соған бейімделу қабілеті. Дегенменде бұл ізденіс, егерде тірі ағза немесе жүйе кеңістікке орнығу қабілетін таба алған жағдайда ғана айқын көріне алады. Оның үш түрін атап көрсетуге болады:
1) енжарлық қабілеттілігі организмнің қозғалыс белсенділігінің ауа және су арқылы өзгеруі.
2) ауыспалық орнығудың белсенді түрі (көші-қон)....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?