Дене шынықтыру | Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

  Дене шынықтыру | Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

Мазмұны

1 МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҚУШЫ АҒЗАСЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ

1.1 Мектептердегі дене тәрбиесінің теориялық маңызы
1.2 Мектеп жасындағы балалардың дене дамуының морфофункционалдық ерекшеліктері
1.3 Дені сау балалардың сыртқы тыныс алуының күйі және әртүрлі физикалық жүктемелер кезіндегі ерекшеліктері
1.4 Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің негізгі ұғымдары және физиологиялық-гигиеналық негіздері
1.5 Спортталған дене тәрбиесі
1.6 Әр жылдар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы бұқаралық спорттың дамуы туралы сараптамалық баяндамадан мәліметтер

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

1.7 Зерттеу әдістері
1.8 Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы
1.9 Зерттеуді ұйымдастыру
2 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ

1.1 Дене шынықтыру сабақтарының өселең ұрпақ үшін маңызы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жұмыстың көкейкестілігі. Қазіргі дене тәрбиесі жүйесінің әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік - мәдени жағдайында жалпы орта білім беру мектептерінде дене тәрбиесі пәнінің негізгі мақсаты адамның жалпы мәдениетінің компоненті ретінде дене мәдениетін де қалыптастыру көзделіп отыр. Кез – келген мұғалімнің алдында сабақта оқушылардың белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін оқушылар дене жаттықтыру сабағына қызығушылық танытуы, денелік және психикалық сапаларды дамытуы және сабақтан ерекше әсер алуы қажет. Қызығушылықтан ерекше дүниені күту пайда болады. Оның деңгейіне оқушының сабақтағы зейіні, мінез – құлқы, белсенділігі, сынй ойлауы, шығармашылықпен жұмыстануы байланысты. Оқушылардың денсаулығы - білім беру саласы мен мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттарының бір[1].
Дене тәрбиесі бойынша маманның кәсіби компоненттігі олардың өз қызметінде мектеп жасындағы балалардың дене құрылымының заманауи тұжырымдамасын іске асыруға дайындығында болып табылады – тәрбие білім процессінде денсаулығын нығайту, дене және психикалық даму, әр баланың эмоциональдық саулығына бағытталады.
Мектеп жасындағы баланың заманауи дене тәрбиесінің мотивациясы, ағзасының өзін-өзі жетілдіруіне, дене жаттығулары арқылы денсаулығын нығайту қажеттілігіне қалыптастыруы тиіс. Дене жаттығуларының әсерінен барлық мүшеміз бен ағзамыздың қызметтік сипаты өзгереді, олардың құрлысы жетіледі.
Мектеп оқушыларының жас ерекшелігінде-ақ, балалар осындай әсерлер механизімі туралы бастапқы білім алуы керек.Осыған байланысты дене тәрбиесі бойынша мамандарды дайындауда үшінні бағыт жаңа әрі маңыздысы болып табылады. Көрсетілген ағза жұмысы бойынша балаларды қалыптастыру әдісін меңгеру
Жұмыстың болжамы: Дене тәрбиесі мен әдістемелері замануи педагогиканың негізгі мәселелері болып күн тәртібінде тұрған тұрғаны белгілі. Себебі, бала тәрбиесі тек қана ақыл-ой еңбегін ғана дамытумен емес қимыл белсенділігінің ағзаның жүйелері мен қызметтеріне де тікелей әсер ететіндіктен,дене еңбегінің де маңызы жоғары.Сондықтан да жұмыстың мәні, маңыздылығы, қарастырған материалдарымыз балалар ағзасының дамуына дене шынықтыру сабақатарының да маңызды екенін түсіндіру.
Зерттеу нысаны: Дене жаттығуарының әрт түрімен және спорттың арнайы түрлерімен айналысатын спортшылар мен дене шынықтыру сабақтарыныңы адам ағзасы үшін маңыздылығын анықтау барысында мектеп оқушылары алынды.
Жұмыстың мақсаты: дене шынықтыру пәнге деген қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Пәннің рөлін айқындау арқылы қызығушылықты арттыру; біліктілікті арттыру; еңбектің жеке сапалық көрсеткіштерін өзгерту; оқытушы – сабақ беруші бағытынан педагог – басқарушы, педагог - әдіскер, педагог – зерттеуші бағытына сапалы ауысу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Әдістемелік жұмысты іске асыру, біліктілікті арттыру үшін мүмкіндіктерді қолдану; жаңаша мінез – құлықты, жаңа педагогикалық ойлауды дамыту; ғылыми – зерттеушілік және әдістемелік мәдениет деңгейді дамыту, арттыру; кәсіби әрекеттің нұсқасын жасау.
2. Кәсіби құзыреттілікті бағалау. қиындықтарды жеңу және жоғары нәтижеге жету әрекеттерін жоспарлау. жұмыс нәтижесін талдау, жалпылау, жүйелеу.
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында бірқатар әдістер қолданылды:
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы;
- сараптамалы бағаламалар әдістері;
- математикалық статистика әдістері
- сауалнама түрлері.
Зерттеудің ұйымдастырылуы: Зерттеу тәртібі және ұйымдастырылуы ғылыми жұмыстағы басты талаптардың бірі болып табылады. Біздің жұмысыымызда бұл талап қатаң сақталуы тиіс. Өйткені, зерттеу жұмыстарының нәтижелері алдыға қойған мақсат-міндеттерімізді орындауға мүмкіндік береді. Зерттеу әдістерінің ұйымдастырылуы және жүргізілуі қатаң қадағаланып аудиторияларда жүргізілді.
Зерттеу әдістемелері: Қандай да бір тақрыпта неме ғылыми бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізгенде әдістемелік ролінің де маңыздылығы басым болып табылады. Ағзаның дене шынықтыру жаттығуларына бейімделуін анықтауда қолданылатын негізгі әдістердің бірі антропометрияның жүргізілу әдістемелерін үйрету. Сауалнама жүргізу әдістемесінің өзі үлкен қажырлылық пен білімділікті өажет етеді. Сауалнама жүргізу үшін тақырыпқа сай арнайы сауалдар түрі мен алынған мәліметтерді ғылыми тұрғыдан тұжырымдай білудің өзі болашақ педагогтар үшін аудиторияның басқаруға арналған педагогика-психологиялық әдіснаманың бір сипаты болып табылады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы.
Дипломдық жұмыстың жазылуы барысында қандай ғылыми бағытта болғанына орай өзекті мәселелердің өзегі тақырып болып алынатынын білеміз. Осы тақырыптың қарастыратын мақсаты мен алдыға қойған міндеттері бірнеше кезеңдерге бөліне отырып жұмыстың маңыздылығын анықтауға бағыттар береді. Аталған тақырыптағы бітіру жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы, дене шынықтыру сабақтарының өскелең ұрпақ үшін маңызы мен қатар жалпы біім беретін мектептердегі дене шынықтыру сабақатырының негізгі пәндер құрамына кірмей екінші орынға ысырыла беретінін айқындай отырып,қимыл белсенділігінің бала ағзасының даму кезеңдері үшін де маңыздылығын ашып көрсету.
Жұмыстың көлемі: Дипломдық жұмыс 43 беттен,тақырыпқа сай арнайы 8 суреттермен, 4 кестеден және қарастырылған 52 әдебиеттер санымен толықытырлған.

3 МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҚУШЫ АҒЗАСЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ

3.1 Мектептердегі дене тәрбиесінің теориялық маңызы

Мектептегі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері - тәрбиеші, жаттықтырушы және тәлімгерлік қызметтерді қатар атқаратындығы белгілі. Мұғалімнің кез-келген мәселені шешу қабілеті, мектептегі дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта ұйымдастыра алу шеберлігі, оқушылардың денсаулығын нығайту міндеттерінің орындалуы ҚР-ның заңында көрсетілген. Осы тұрғыдан алып қарағанда дене шынықтыру сабағы барлық уақытта мектептегі дене тәрбиесі және тәрбие жүйесіндегі басты пән болып қала береді [2]. Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын табысты өткізу үшін келесі қағидалар тұрақты сақталуы тиіс. Дене тәрбиесінің жалпы міндеттерімен қатар оның тәрбиелік, тәлімдік, нұсқаушылық бағыты оқушылардың сабақ барысында және үй жағдайында өзіндік шынығуына ықпал етуі де өте маңызды (1 сурет).
Дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру, ол пән мұғалімін тек дене жүктемесінің орындалу деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оқушы сабақта қандай білім, тәрбие және дағды алды, оны күнделікті өмірде нақтылы жағдайда пайдалана алды ма? және өзге іс-әрекеттерінде осы алған білім, дағдыларын қаншалықты жүзеге асыра алды - деген мәселелер де толғандыруы тиіс (2 сурет).
Мектепте оқушыларға дене тәрбиесінен білімді бірыңғай теория (ақпарат) түрінде беру дұрыс емес. Оқушылардың дене қабілеттері мен қозғалыс дағдыларын дамыту үшін бір бағытта ғана емес, сонымен бірге сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты тиімді қолдану және жаттығулар мен жүктемелерді қиыннан оңайға, оңайдан қиынға ауыстыра жүргізу қағидалары ҚР жарлығында атап айтылған [3]. Оқушының жаттығуларды орындаушылық қабілеті, ол дене әзірлігі жағынан қаншалықты дайын болуына байланысты. Мұғалім осы бағытта оқушылардың бойындағы ізденушілік, белсенділік, жинақылық, шапшаңдық сияқты қасиеттерін дамытуға ұмтылуы тиіс. Жыл бойы ашық ауада өткізілген дене жаттығулары ағзаның шынығуы үшін тиімді, шыныққан ағза суық тиіп аурудан қорғайды және кез-келген ауруға қарсы тұратын болады.
Мектеп жанындағы ашық спорт алаңдарында орындалған дене жаттығулары мен ойындар оқушылардың дене бітімінің жан-жақты дамуына, дұрыс мүсін қалыптасуына жақсы әсерін тигізеді. Таза ауада жаттығулар өткізу оқушылардың қозғалыс дағдыларының шеңберін кеңейтеді. Балалар табиғи кедергілерден өтуге, жаңа жағдайға бейімделуге үйренеді, өзіндік белсенділігін таныта бастайды. Таза ауадағы дене жаттығулары балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке тартуға ықпал етеді. Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырады [4].
Дене тәрбиесі сабағының балалар үшін ең қызықтысы – бұл жарыс түрінде өткізу. Оған қатысқан оқушы жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылады, жеңіске жетеді, бұл қажетті психологиялық және дене қабілеттерінің (күш, ептілік, икемділік, жылдамдық, шыдамдылық) дамуына көмегін тигізеді. Спорт пен дене тәрбиесіне байланысты мұндай сабақтарды жақын орналасқан көрші мектеп оқушыларын да қатыстыра өткізген пайдалы. Ол балалар өміріне өзгеріс енгізеді, іс-шараға қатысушылардың қызығушылықтарын арттырады, эмоциялық күйін жақсартады, байытады, оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастырады. Жеке тұлға ретінде дамуына оң ықпал етеді. Балалардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін тануына жағдай туғызады [5].
Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын табысты өткізу үшін келесі қағидалар тұрақты сақталуы тиіс.Оқушыларды кез-келген сабаққа ұйымдастыру кезінде оқу материалы осы сыныптың оқу бағдарламасына сай болуы тиіс; нақты жағдайларға қарай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдістерін барынша жан-жақты қолдану қажет;әр сынып оқушыларының жаттығуларын жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп міндетті түрде іріктеу керек. Бастауыш сынып оқушыларына үлгі ретінде жоғарғы сынып оқушыларының жаттығу орындау және ойындардағы іс-тәжірбисін шебер пайдалану қажет; барлық оқушылардың жаттығуларға, қимыл-қозғалыстарға белсене қатысуына зор көңіл бөлген дұрыс; сабақ жүктемесін жаттығу, ойын дәрежесіне сай реттеп отыру керек. Бағалау, бақылау, қателіктерді дер кезінде түзеп отыру қажет. Осы аталған қағидалар мен сабақ өткізудің әдістерін мұғалім дене тәрбиесі сабағында тиімді қолданған жағдайда оқушылардың қозғалыс дағдылары қалыптасып, денсаулықтары нығайып, дене қабілеттері дамып, жетіледі, пәнге деген қызығушылығы артады [6].

3.2 Мектеп жасындағы балалардың дене дамуының морфофункционалдық ерекшеліктері

Ағзаның жеке дамуының заңдылықтарын зерттеуде қойылатын негізгі мәселелердің өзектілігінің бірі балалар денсаулығын сақтау болып табылатыны сөзсіз. Дегенмен қазіргі кезде денсаулық сөзі көп жақты пікір тудыратын, ағзаның әртүрлі тіршілік әрекетін қамтамсыз ететін көрсеткіштерден тұратын, сонымен қатар денсаулық деңгейіне әсер ететін әртүрлі факторлар өзгерісімен қатар жүретін түсінік [7]. Қандай елде болмасын бала денсаулығына аса мән беретіні белгілі. Себебі бала денсаулығы болашақ ұрпақ денсаулығы, ұлт жалғасы екені сөзсіз. Сондықтанда осы таңда мектеп жасындағы балаларадың денсаулық күйі өзекті мәселелелердің бірі болып отыр. Аталған тақырыптатарға қатысты әдеби деректерде келтірілген мәліметтерге қарасақ, мектеп жасындағы балалардың 10 % дені сау деп есептелінеді екен. Ал балалардың үштен бірі созылмалы дертке шалдыққандығы анықталып отыр [8]....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі