Дене шынықтыру | Жеке тұлғаны қалыптастырудың тәрбиелеудің дамытудың жалпы заңдылықтары

   Дене шынықтыру | Жеке тұлғаны қалыптастырудың  тәрбиелеудің  дамытудың жалпы заңдылықтары

Мазмұны


Кіріспе..........................................................................................................................3

І – тарау. Дене тәрбиесі жүйесінде жеке тұлғаның бағытты дамуы.......................6
1.1 Денені тәрбиелеу жүйесіндегі адамгершілік, өнегелік, ақыл-ой,
эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің негізгі әдістемелері...................................6
1.2 Дене шынықтыру мәдениеті ұжымының тәрбиелік мәні................................12
1.3 Дене тәрбиесі маманына қойылатын педагогиакалық талап..........................25

ІІ – тарау. Сабақты дене жаттығулармен құру негіздері.......................................29
2.1 Сабақты құру үлгісінің жалпы ерекшеліктері және әр түрлілігі....................29
2.2 Сабақтың жалпы құрылымы...............................................................................33
2.3 Сабақ құрылымының педагогикалық міндеттерге тәуелділігі.......................33
2.4 Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі................................43
2.5. Шұғылданудың сабақтан тыс түрі....................................................................55

Қорытынды................................................................................................................62
Пайдаланылған әдебеттер........................................................................................6

Зертеудің өзектілігі. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды. Мұғалімнің дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін жете білуі, оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты. әртүрлі деңгей мен түрлерінде, дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, кейбір ілімдік және іс-тәжірибелік жаңалыққа сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешуде қосымша өтетін ғылыми пәндердің атқара рөлін дұрыс бағалауға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда атылып отырған пәннің маңызы зор.
Нақты ғылыми және оқу пәні ретінде бөлімнің қайбір саласы болмасын, егер жеке, өзіне ғана тән пән мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқығы бар. Зерттеу пәні мәніне ие болса ғана, жеке дара пән ретінде аталуға құқы бар. Зерттеу пәні бір немесе басқа да ғылыми пәндерге тән ізденістің объектісін немесе субъектісін атайды. Зерттеу нәтижесінде жинақталғаг мәліметтер белгілі бір жүйеге қалыптасып арнайы оқу пәнін құрайды.
Дене тәрбиесі туралы ғылымда ізденіс дүниесі (объектісі) мынадай педагогикалық қозғаушы күштер болуы мүмкін:
- Дене шынықтырудағы жаттығулар жүйесі, әдісі және т.б. Ал ізденістің субъектісі деп дене жаттығуларын орындау кезінде адамның әсер етуді (реакциясын) немесе іс-қимылын зерттеуді айтады. Сөйтіп, кез келген педагогикалық ізденіске зерттеу объектісі субъектіден бөлек өмір сүруі мүмкін емес және субъектісіз объекті де өмір сүрмейді.
Әлеуметтік құбылыс есебінде дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтарын тұрақтандыру дене тәрбиесінің ілімін зерттеу пәні болып табылады. Жалпы заңдылықтар деп халықтың кез келген бөлігіне дене тәрбиесінің тең дәрежеде қатыстылығын айтады (балалар мен ересектердің, дене шынықтыру жаттығуларымен енді ғана айналасушылар мен жоғары дәрежелі спортшылардың).
Дене тәрбиесінің әдістемелік зерттеу пәні деп дене тәрбиесінің жекелеген заңдылықтарын тұрақтандыру және педагогикалық жұмыс барысында нақты бағыты бар жалпы заңдылықтары диалектикалық материализм ашқан табиғат пен қоғамның жалпы заңдылықтарының арнаулы таным әдістері және адам денесінде болатын өзгерістер жеке методологияның бірі – дене тәрбиесінің методологиясын құрайды. Оның жалпы методологиямен байланысы мынадай жағдайларға тәуелді: жалпы әдістемелік жөніндегі ережені пайдалануға, дене тәрбиесі сияқты әлеуметтік құбылыстың заңдылықтарын ғылыми зерттеулердің бар екендігіне, түсінік аппаратының кең көлемде пайдалануына.
Осыдан барып дене тәрбиесін зерттейтін өзге пәндердің ішінен ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінің методологиясы есебінде тұтастай қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесінің көп қырлы ішкі және сыртқы байланыстарын бәрінен бұрын ашып көрсетеді. Сондықтан да дене тәрбиесініңілімі мен әдістемесі оқу пәні есебінде әрбір маманның еркін бағдарлама жасауға және дене тәрбиесінің кез келген міндеттерін шешуде өзін-өзі көрсете білуге мүмкіншілік беретін дене тәрбиесі аясындағы методологиялық дайындықты қамтамасыз етуге арналған.
Дене тәрбиесі жүйесінің кез келген педагогикалық бағытының тиісті әдістемесі бар: жалпы дене шынықтыру әдістемесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесінің әдістемесі және спорттық бағыттағы дене тәрбиесінің әдістемесі. Осы әрбір әдістеменің ішінде жеке әдістер болады. Олардың әр түрлілігі жаттығушылар крнтингентінің жасына, жынысына, кәсібіне және спорттық мамандықтарына сәйкес келуге тиісті. Әдіс деген сөз ғылыми оқу пәндерінде шартты жекеше түрде қорытынды сөз ұғымы (термин) ретінде қолданылады. Ол жеке спорттық-педагогикалық пәндердің әдістемесін (гимнастиканың оқыту әдістемесі, күресті оқыту әдістемесі т.б.) және жеке ғылыми пәндерді құрайды. Дене тәрбиесінің ілімі, дене тәрбиесінің негізгі атқаратын қызметін бейнелейтін, қазіргі кезеңдегі ғылыми қағидалардың динамикалық жүйесін қарастырады. Сондықтан да ол дене тәрбиесі туралы білімнің ең жақын түрі есебінде қарастырады. Сондықтан да ол дене тәрбиесі туралы білімнің ең жақын түрі есебінде қарастырылады. Дене тәрбиесінің ілімі дене тәрбиесі саласын тұтастай жетілдіру келешектік алға ілгерілеу мүмкіндіктерін (перспективасын) жасайды, дене тәрбиесінің жекелеген заңдылықтарын жинақтайды және оларды дене тәрбиесінің барлық әдістерінің игілігіне айналдырады.
Дене тәрбиесінің әдістері жекелеген заңдылықтарды белгілей отырып, ілімдік білімнің жинағын жасау үшін негіз жасайды, ал педагогикалық ұсыныстар түріндегі жүйені заңдылықтарға айналдыра отырып, жалпы ілімді, қағидаларды мұғалім мен оқушылардың нақты іс-қимылын жазба түріне айналдырады. Дене тәрбиесінің әдістемесі арқылы қоғамдық игілік жеке игілікке (денсаулық жағдайын жақсарту, дағдыларды меңгеру) айналуы жүзеге асырылады. Сондықтан да әрбір әдіс нақты ұсыныс жасау үшін заңдылықтарды пайдаланып қана қоймай, жаттығулардың белгілі ббір тобымен жүргізілетін педагогикалық жұмыс барысына тән заңдылықтарды да қоса пайдаланады.
Мұның барлығы «Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі» деп бір атпен аталатын екі оқу пәнінің өмір сүруіне жағдай жасайды. Пәндерді зерттеу сипатына байланысты олар педагогика ғылымының жүйесіне кіреді. Алайда кез келген педагогикалық пән есебінде дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі өзінің педагогикалық қағидаларын әлеуметтік, психологиялық және биологиялық заңдылықтармен негіздейді.
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы мына екі себеппен біртіндеп өзгеріске ұшырайды: жаңа ғылыми деректердің пайда болуы және жоғары оқу орнын бітірушілердің негізгі кәсіптік қызметіне байланысты мамандану. Бұл орайда нақтылы екі бағытты атағанымыз жөн:
1) пәннің әлеуметтік мәселелерінің кеңеюі және дене тәрбиесі ілімінің дене шынықтыру іліміне айналуы;
2) пәннің педагогикалық мәселелерді түсіндіру жайы аспектісінің кеңеюі және дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінің дене шынықтыру педагогикасына айналуы. Екі бағыт та бір – біріне қарама-қарсы емес, қажетті жағдайларды бірін-бірі біріккен түрде толықтырып отыруы мүмкін. Қазіргі кезеңде оқу материалын кеңейту оқу сағаттарының көлеміне байланысты шектелуі мүмкін. Болашақта дене шынықтыру педагогикасының негізінде дене шынықтыру тарихы, дене тәрбиесінің психофизиологиясы, биомеханика және басқа да арнаулы ілімдік пәндер материалын біріктіретін тұтас бірыңғай оқу пәнінің құрылымын күтуге болады. Ал олай болған жағдайда бір немесе өзге педагогикалық қағидаларыды жан-жақты сипаттау мүмкіншілігі пайда болады.

І-тарау. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ БАҒЫТТЫ ДАМУЫ

1.1 Денені тәрбиелеу жүйесіндегі адамгершілік, өнегелік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің негізгі әдістемелері.

Дене тәрбиесі адамгершілік, өнегелік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелеріментүбірлі байланыста. Бұл тарауда дене тәрбиесінің басқа тәрбие түрлерімен өзара байланысының нақтылы жақтары көрсетіледі және адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерінің дене тәрбиесі жүйесіндегі маңызы баяндалады.
Дене тәрбиесі мен адамгершілік, өнегелілік тәрбиелерінің арасында жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту заңдылықтарымен қамтамасыз етілген екі жақты байланыс бар. Бұл байланыстың табиғи-ғылымилық негізінен ағзаның бірлігі туралы ілім, жеке тұлғаның дене және рухани дамуы құрайды.
Шұғылданушыларға дене және адамгершілік тәрбиесінің өзара бірлікте әсер етуі бағытына қарай мүлде қарама-қарсы нәтиже келтіруі мүмкін.
Біздің егеменді еліміздегі дене және адамгершілік тәрбиелерінің өзара байланысы дені сау, жаны таза, еңбек етуге, отанды қорғауға рухы дайын, өскелең өмір жолының қиындықтарына төзімді жаңа заманының белсенді жастарының бейнесін қалыптастырады.
Ал капиталистік елдердегі жас ұрпақ бейнесі реакцияшыл идеология рухында, басқыншылық моральды рухта қалыптасады. Бұдан келіп шығатын түйін дене және адамгершілік тәрбиелерінің өзара байланыстарының пайдалылығы кездейсоқ жағдайда емес, яғни ойластырылған және мақсатты бағытта ұйымдастырылған педагогикалық тұрғыдан ықпал жасау болып табылады.
Дене тәрбиесі жүйесінде спортшылардың адамдық бейнесінің келесі ерекшелік белгілері көрінеді:
1. Халқымыздың мақсатты ісіне берілгендік, қоғамдық және мемлекеттік мүддені өз мүддесінен жоғары қою. Еңбекке және отанды қорғауға дайын болу мақсатында өзінің дене сапалары қабілеттерін жетілдіру және денсаулығын нығайтуға үнемі қамқорлық жасау. Қоғамдық пайдалы істен өзін аулақ ұстайтын спортшыларға бойында кешірімсіз көзқарасты қалыптастыру.
2. Қоғамдық мүлікті көздің қарашығындай сақтауға дайын болу. Денені шынықтыру мәдениеті базасының құрылысын салуға және оны құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге белсенді түрде қатысу. Қоғам мүлкін таран-тараж жасаушылармен аянбай күресу. Дене шынықтыру мәдениеті ұжымының жүргізетін жұмыстарына белсенді ат салысу. Еңбекке, оқуға, қоғамдық міндетке, спорттық шеберлігін жетілдіруге, тұрмыстағы іс-әрекеттерде ұжым алдында жоғары жауапкершілікте болу.
3. Дене шынықтыру мәдениеті ұжымы мүддесіне қарама-қарсы пікірлерге кешірімсіздікпен қарау.
4. Еңбекте, қоғамдық өмірде, спортта және тұрмыста жалпы адамдық адамгершілік талаптарын ерікті түрде ойластырып орындау. Елімізде тұратын ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!