Мұқағали Мақатаев (Біздер жеңдік!)

 Мұқағали Мақатаев (Біздер жеңдік!)

Біздер жеңдік! жоқ болып, жаралы боп.
Біз куандық алдымен қаралы боп
Қарсы тұрдық аждаһа алдында біз
Туған жердің аязы, бораны боп,
Біздер жеңдік,намысты жібермедік.
Аждаһаны кезінде шідерледік.
Қорламасын дедік біз екінші рет,
Тыныш жатқан бір елді бір ел келіп.
Біздер жеңдік қарумен, түренмен де,
Көгімізден қан тамды түнергенде,
Өзімізді запаста ұстадық Біз,
Әкемізді майданға жібергенде!!!
Біздер жеңдік:анамыз ақтай солды,
Мамық төсек қайғыдан тақтай болды.
Майдансыз біз шайнаған бір түйір нан,
Кеудемізде қадалған оқтай болды!!!
Болды!,.
Болды!..
Бәрін де білесіңдер,
Бұл Жеңісті әркім де үлесім дер.
...Аждаһалар тіріліп келе жатыр!
Сақтаныңдар, Адамдар!
Күресіндер!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?