Дене шынықтыру | Еркін күрес

 Дене шынықтыру  |  Еркін күрес

Мазмұны

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР......................................................... 3
АНЫҚТАМАЛАР................................................................................ 4
БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАРЫ......................................... 5
КІРІСПЕ................................................................................................ 6
1 ЕРКІН КҮРЕС ТАРИХЫ…………………………………………... 12
1.1 Еркін күрес техникасы......................................................................... 12
1.2 Еркін күрестің партердағы техникасы................................................. 22
1.3 Еркін күрес ережелері мен жаттығулары әсері................................... 25
2 ЗЕРТТЕУДІ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ………………………………………….....
31
2.1 Зерттеудің әдістері................................................................................. 31
2.2 Зерттеуді ұйымдастыру......................................................................... 33
3 ӘДІСТІК ДАЙЫНДАУ НЕГІЗІ КЕЗЕҢІНІҢ БӨЛШЕКТЕРІНДЕ ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ЕРКІН КҮРЕС ӘДІСТЕРІНЕ ҮЙРЕТУ……………………………...…….

34
3.1 Әдістемелік нұсқау бойынша жас споршыларды дайындау............. 34
3.2 Спорт және еркін күрес тәрбиесі арқылы жасөспірімдердің патриоттық қасиеттерін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысының әдістемесі...................................................

44
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................... 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................... 62

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанда еркін күрестің кең танымалдығы осы ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор. Гиподинамия қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, нерв жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына жол береді.
Еркін күрестің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.
Қазақстан жастарының спорттың осы түріне әуестенуі еркін күрестің даму деңгейінің едәуір жоғарылауына, балуандардың шеберлігінің қалыптасуына, жастардың еркін күреспен жаппай шұғылдануына септігін тигізеді. Еркін күреспен шұғылданатын жастар арасынан, өздерінің спорттық кемелденуін спорттық күрестің халықаралық және олимпиадалық түрлерінде жалғастырып, ең жоғары нәтижелерге жеткен көптеген атақты балуандар шыққан.
Сонымен, зерттеу өзектілігі көне заманнан қазақ халқы жастардың дене күшін және әскери дайындауда, мерекелер мен жарыстардың қауіпсіз түрін ұйымдастыруда пайдаланып келген еркін күрестің Қазақстанның кеңес дәуіріндегі дамуында жастардың дене шынықтыру дербес құралы ретінде қалыптасу тар ихын төңкерістер мен қайта құру қарқынды дамыған заманда ұмыт қалдырмай, балуандарды дайындау құралдары мен әдістерінің барлық қажетті де маңызды атрибуттарын зерттеп, оларды сақтап қалу және спортшыларды дайындай әдістемесіне енгізу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінде пайдалану үшін зерттеу қажеттілігімен анықталады.
Зерттеу нысаны – Қазақстанда еркін күрестің оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде дамуы.
Зерттеу пәні – еркін күрестің заманауи спорт түріне дейін қалыптасу үдерісі.
Зерттеу мақсаты – еркін күрестің Қазақстанда мамандар дайындаудағы оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде халықаралық спорт түріне дейін қалыптасу кезеңдерін атап көрсету.
Зерттеу болжамы. Еркін күрестің осы спорттан мамандар дайындаудағы оқу құралы ретінде қалыптасу кезеңдерін, жаттығу үдерісінің әдіснамасын жетілдіруді, жарыстарды өткізу ережелері мен 20-ғасырда халықаралық спорт түріне дейін дамуын зерттеу, еркін күрестің спорттық күрестің басқа заманауи түрлерінен даму тарихындағы, жеңіске жетудің қолданбалы құралдардың техникасы мен әдістеріндегі, жас спортшыларды дайындау әдіснамасындағы және айналысушыларға тигізетін әсерінің тиімділігіндегі айырмашылықтарын анықтап, еркін күресті ұтымды танытып, еркін күрес бойынша оқу материалдарын жетілдіруге және жас споршыларды еркін күрес әдістеріне үйретуге, дене тәрбиесінде пайдалану қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу міндеттері:
1 Әдістік дайындау негізі кезеңінің бөлшектерінде жас спортшыларды еркін күреске үйрету әдістерін зерттеп білу.
2 Еркін күрестің ерекшеліктерін талдап, жарыста қолданылатын әдіс-тәсілдерін тіркеп реттеу.
3 Еркін күресті дене шынықтыру әдістемесінде, дене тәрбиесінде және Қазақстанның жас спортшыларының салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыруда пайдалану мүмкіншіліктерін зерттеу.
4 Еркін күресті жас спортшылардың денелерін шынықтыру мен тәрбиелеу және құрама командалар дайындау құралы ретінде пайдалану тиімділігін негіздеу.
Зерттеу әдістері: анкеталық сауалнама, педагогикалық бақылау, күрескерлердің жарыстағы әдіс-қимылдарын тіркеу, дене дайындық жаттығулары, педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістері.
Зерттеудің әдіснамалық негіздерін А.А.Карпинский, А.В. Ялтырян [1959] Еркін күрес, Л.П. Матущактың [1991, 2005] дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі және еркін күрестен жүз сабақ, В.Н. Платоновтың [1984] спорт жаттығу теориясы, Л.П. Матвеев пен Ф. Меерсонның [1984] ағзаның дене күш жүктемесіне бейімделу теориясы құрайды, одан басқа спорттық күрес әдістемесі [Г.С. Туманян, 2006; Ю.А. Шулика, 2006 және т.б.], және басқа ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық және әдістемелік жұмыстары құрайды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі:
- еркін күрестің жас спортшыларға оқу-жаттығу үдерісін, күрес әдістері мен тәсілдерін үйрету, еркін күрестен жас спортшылар арасында жарыстар өткізу ережелерін жетілдіруде, республикалық және халықаралық жарыстарды ұйымдастыруда оқу пәні ретінде даму кезеңедрін анықтауда;
- еркін күрес бойынша мамандарды дайындау үдерісін жарыстардың алғашқы ережелерін әзірлеу мен дамытудан бастап, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында спорттың осы түрі бойынша мамандықтар ашуға дейін ұйымдастыру үдерісінде оқу пәні ретіндегі қалыптасуы мен дамуын зерттеу, еркін күрестен әдістемелік құралдарды, қазақтың ұлттық спорт түрлері мен еркін күрестен жас спортшыларды дайындау бағдарламаларын және оқулықтарды әзірлеу кезеңдерін анықтауда;
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:
- Еркін күрестің Қазақтанда тұрақты дамып келе жатқан спорттық күрес түрлері арасындағы орнын зерттеп-білу, спорттық күрестің олимпиадалық және халықаралық түрлерінің дүниежүзінде және Қазақстанда пайда болуы мен дамуы кезеңдерін нақтылауында;
- Еркін күрестің олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен жарыстардың даму тарихындағы, техникасындағы және тәсіліндегі, жарыстар ережелері мен балуандарды дайындауындағы айырмашылықтары мен өзара байланыстарын анықтауында;
- еркін күрестің жас спортшыларды дене тәрбиесіне баулу, салауатты өмір салтына тарту мен қимыл тапшылығын қозғалыс белсенділігімен толықтыруға қажеттілікті тәрбиелеу құралы ретінде білім беру және сауықтыру әсерін дәлелдеуінде.
- еркін күрес бойынша дене жаттығулары, техника мен тактика айырмашлықтарының даму негіздемесі және әдістемелік жағын қалыптастыруда олардың білімдік, сауықтыру және тәрбиелік жақтарын зерттеп жетілдіруде;
 еркін күрес бойынша әдістемелік, әдіс тәсілдік және қимыл-әрекеттің ерекшілектерінің талдау, денсаулықты нығайту мен тұрақтылығын сақтау мақсатында әдістеме сапасын ақтауда.
Зерттеу материалдарын еркін күрестің тарихы, дене шынықтыру және жас споршылар еркін күрестен мамандандыру курсын және спорттық күрес түрлеріндегі оқу-жаттығу үдерістерін жетілдіру үшін, мектептегі дене шынықтырудан оқу және оқудан тыс сабақтарды және жоғары оқу орындарында дене тәрбиесінен факультативтік сабақтарды ұйымдастыруда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.
1 Еркін күресінің 20-ғасырдағы даму кезеңдері ғылыми-зерттеу, тарихи, оқу-әдістемелік, теориялық еңбектерді, жарыстардың бірыңғай ережелерін әзірлеу мен жетілдіруді, балуандардың салмақ дәрежелері мен жас топтарын бөлуді қоса алғанда, еркін күрестің әдіснамалық негіздерінің қалыптасуымен байланысты.
2 Еркін күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен еш қалыспайтын, өскелең ұрпақтың дене шынықтыру мен денсаулығын нығайту, дене қабілеттерін дамыту мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыру құралы ретіндегі жоғары сауықтырғыш әсері, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі тәрбиелік тиімділігі спорттық күрестің олимпиадалық түрлері тарапынан елеулі бәсеке жағдайында тұрлаулы даму мен жастарды спорт залдарына тартудың маңызды факторы болып табылады.
Зерттеу нәтижелерінің негізділігі теориялық, ғылыми және әдістемелік негізде дәлелденді, алған нәтижелері, корытынды мен тұжырымдары зерттеу ғылыми аппаратына сай болуынан, қойылған міндеттер мен мақсаты кешенді зертеу әдістерін пайдаланып шешуден, материал жинаудан, педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеуден, математикалық статистика әдістерімен зерттеу нәтижелердің нақтылығы мен шынайлығын есептеумен қамтылды.
Зерттеу ұйымдастыру кезеңдері. Зерттеудің бірінші, теориялық-іздестіру кезеңінде ғылыми-әдістемелік және тарихи дереккөздерді жалпылап қорыту, оқу-жаттығу жұмыстарының мазмұны, жарыстардың ережелері зерттелді.
Екінші кезеңде палуандардың дене шынықтыруға даярлығын, жарысу қимыл әдіс-айлалылық тәсілдерін зерттеу және сауалнама жүргізілді. Оқушы жастардың дене тәрбиесі мен дене шынықтыруға даярлығында еркін күресті қолдану тиімділігі, даярлау құралдары сабақтастығы, еркін күресті қоса алғанда киіммен спорттық күрес түрлеріндегі дене даярлығы, әдістері мен көрсеткіштерінің теориялық және тәжірибелік негіздемесі жасалды.
Үшінші кезеңде мыналар өткізілген: алынған нәтижелерді математикалық статистика әдістерімен өңдеу және алынған нәтижелердің дұрыстығы мен сенімділігін тексеру, еркін күреске даярлау бағдарламаларын және қорытындылар мен практикалық кепілдемелерді әзірлеу, жастармен оқу-жаттығу жұмыстарында оларды қолдану.
Диплодық жұмысты ресімдеу зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізумен, зерттеу нәтижелері жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, сонымен қатар 5 суреттен және 5 кестеден тұрады.
Дипломдық жұмыстың кіріспесінде ғылыми аппараты берілген: зерттеудің өзектілігі, нысаны мен пәні, деңгейі мен болжамы, әдіснамалық негіздері мен теориялық, тәжірибелік мәнділігі, зерттеу мәселесін шешуге бағытталған мақсаттар мен міндет қойылып, зерттеу әдістері көрсетілген, зерттеу ұйымдастыру кезендері мен қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар берілді.

1. ЕРКІН КҮРЕС ТАРИХЫ

1.1 Еркін күрес техникасы
Еркін күрес спорт өнерімізді сөз еткенде, алдымен ауызға алатындарымыздың бірі- еркін күрес ертеден-ақ бұл күш сынасу өнері әрдайым көрнекті орын алып отырған.
Иә, сан ғасырлар бойына маңызы артпаса тұғырдан түспеген осынау күресіміз кеңес заманымызда партиямыз бен үкіметіміздің әкелік қамқорлығының арқасында жаңа серпінмен өркен жая дамып, халықтық өнерге айналды. Ол ертеден-ақ қазақ халқының бір жағынан көңіл көтеретін ұлттық өнері, ойыны болса, екінші жағынан, жауынгерлерді алғырлыққа, ептілікке үйретіп, жаумен бетпе-бет шайқастарға өктем болуға шыңдады. Техникалық жағынан еркін күрестің қалыптасқан әрқилы әдіс-айлалары өте көп. Солардың бәрі еркін күресті әсіресе қазіргі классикалық күреске ұқсастырып жатады. Бастан асыра лақтыру, сондай-ақ шалқая бере кеуде арқылы артқа лақтырып жіберу сияқты әдістерді ауылда өскен әрбір қазақ баласының білетіні сөзсіз.
Бұрын еркін күрес жарыстары ешқандай салмақ дәрежелеріне қарамай өткізіле беретін. Салмағы өзінен әлдеқайда ауыр адаммен күресу, әрине, кімге де болса қолайсыз ғой. 1938 жылы Алматыда өткізілген тұңғыш республикалық спартакиадасының бағдарламасына еркін күрес те енгізілген болатын. Осы спартакиадада палуандар алғаш рет үш салмақ дәрежесі бойынша (жеңіл салмақ- 65 килограмға дейін, орташа салмақ - 82 килограмға дейін, ал ауыр салмақ 82 килограмнан жоғары) күресті. Салмақ дәрежелері бойынша Семей облысының өкілдері С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түменов жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.
1939 жылы Семей қаласында республика біріншілігі өтті. Палуандар аталған үш салмақ дәрежесі бойынша күреске түсті. Салмақ дәрежелері бойынша жеңіл салмақта - Құрманбаев (Алматы облысы), орташа салмақ-та-Досқалиев (Батыс Қазақстан облысы), ауыр салмақта-Мусин (Павлодар облысы) жеңіске жетті. Мұнда республиканың абсолютті чемпионы атағын Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев жеңіп алды.
1940 жылдығына орай өткізілген біріншілік бес салмақ дәрежесі (аса жеңіл, жеңіл, орташа, жартылай ауыр және ауыр салмақтар) бойынша өткізілді. Осы республикалық жарыста салмақ дәрежелері бойынша Байдәулетов, Құрманбаев, Төлегенов, Мақманов, Жұмабаев чемпион атанды. 1952 жылы Ашхабад қаласында өткізілген Орта Азия мен Қазақстан спартакиадасы программасына еркін күрестер де енді. Бұл жарыста, классикалық күреске неғұрлым жақын болғандықтан, біздің еркін күрестің ережелері негізге алынды.
1955 жылы еркін күрес бойынша тұңғыш ереже жарыққа шықты. Бұл алғашқы ереже-кітапшаның авторы Мұзафар Рақымқұлов болатын.
1959 жылы екінші спартакиадасы кезінде Москвада еркін күрестің түрлері бойынша жаттығушылар мен спортшылардың бүкіл-одақтық семинары болды. Семинарға одақтық және автономиялық республикалардан 20 өкіл қатысты. Мұнда жарыс ережелері талқыланды. Қорытындыда біздің «еркін ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі