Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінің педагогикалық негіздері

  Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінің педагогикалық негіздері

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................

Дене мәдениеті мен спорт сабақтарында қолданылатын принциптердің, құралдар мен әдістердің жалпы сипаттамасы
Дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық принциптерінің мәселелері....................................................
Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық мазмұны........
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы құралдар мен әдістер туралы түсінік.............................................................
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жүктеме.............
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге әсер ететін қосымша факторлар..............................

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың орны мен ролі............................................................................................
Дене жаттығуларының тәсілі (техникасы)...........................
Адам қимылының кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттары туралы..................................................
Спорт тактикасы......................................................................
Дене жаттығуларын оқыту әдістемесінің негізгі ұғымдары.................................................................................
Дене жаттығуларын оқыту әрекетіндегі қимылдардың анализ-синтезі..........................................................................
Дене жаттығуларын оқыту барысындағы саналылық және сезімдікті бақылау...................................................................
Бірте-бірте жүктемені көтеру және оны дене жаттығуларын оқыту барысында алмастыру мен қолайлы жағдайларды есепке алу, реттеу, алмастыру........................
Дене жаттығуларын оқыту әрекетінде қимылмен тыныс алуды қалыптастыру...............................................................
Қимыл әрекеттеріне оқыту барысындағы жаттығудың қосымша әдістері.....................................................................
Дене жаттығуларын оқыту кезіндегі сөйлеу, көрсету және басқа ақпарат әдістері мен көмекші құралдары...................
Дене жаттығуын орындаудағы қатені түзету.......................
Тактикалық дайындықты қамтамасыз ету әдістемесі.........

Қорытынды..............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарын, сапалық қасиеттері мен рухани күшін үлестіріп, олардың еңбек және оқу қабілеттерін арттыруға, белсенді өмірін ұзартуға бағытталған дене тәрбиесіне зор көңіл бөлініп отыр. Дене тәрбиесі бала-бақшадан бастап мектеп, орта және жоғары оқу орындарында және өндірістік ұжымдарда өткізіліп, оның тиісті бағасы берілуде.
Осыған орай, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын туралы Жарлығына қол қойып (1996 ж.), 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы "Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралың заңы қабылданып, 2001 жылы "Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбие саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыдан анықтап, қалыптасқан жағдайға жаңаша көз-қараспен қарай отырып, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сай білім және тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтың өркениетті қоғамда бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін адамгершілікті, имандылықты және ізгілік мінез-құлықты, іскер де, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілтті азамат тәрбиелеу. Сондықтан да, дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі атқарар әлеуметтік ықпалы зор деп есептейміз .
Қазіргі кезеңдегі педагогика, ғылым дене тәрбиесі және спорт бағыттарын зерделей отырып, Қ.І.Адамбеков (1995), А.О.Аяшов (1993), З.И.Кузнецов (1966), М.Б.Сапарбаев (1993), БА.Гейнца (1995), А.С.Жұманова (1997), Б.УАлимханов (1994), В.Н.Платонов (1996), Қ.А.Құланов (1990) сияқты ғалымдардың еңбектерінде оқушы жастардың дене тәрбиесі дайындығын педагогикалық негізі ретінде бақылауға пайдалануда. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, оқушылардың жеке басының қабілетіне байланысты таңдауға Н.И.Набатникова (1974), Ж.Б.Қоянбаева (1998), М.С.Бриль «1968) сынды ғалымдар жүргізсе, ал сыныптан тыс уақыттарда оқушылардың дене тәрбиесін жоспарлау және оны ұйымдастыру жөнінде К.А.Атаев (1997), Б.Ж.Биданов (1992), В.В.Ворюшин (1968) болды. Мектеп жасындағы оқушылардын жеке спорт түрінен қозғалыс дағдыларын тәрбиелеуді Б.Қ.Қаражанов (1992), В.П.Филин (1970), В.А.Ашмарин (1976), И.Г.Понамарев (1996), Л.П.Матвеев (1976), Т.А.Ботагариев (2001), А.Н.Хан (1984) және басқа да көптеген ғалымдар қарастырған болатын.
Қазіргі педагогикалық ғылым жөнінде дене тәрбиесінің ілімі мен тәжірибесі балалардын денсаулығын сақтауға дене тәрбиесі биология, әдетті қозғалыс белсенділігі мен денсаулықтың арасындағы себеп-салдарға байланысты жастардын кәсіби-қолданбалы дене дайындығының әлеуметті маңыздылығына арналған іргелі зерттеулермен толықты.
Оқу құралының ерекшеленетін айырмашылығы дене тәрбиесі тәсілі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту және қорғау бойынша стратегиялық міндеттерді шешу үшін жүйелі талдауды қолдану болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық негіздері дене мәдениеті теориясының бөлімі болып табылады. Бұл – дене мәдениеті мен спорт міндеттерін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған процестер ретінде шешу жолдары туралы білім жүйесі.
Студенттердің құрылымы, сәйкестенген жағдайларға сабақ пәндер мен орындалатын міндеттерге байланысты алға қойған міндеттерге жету үшін пайдалануға қажетті құралдар мен әдістер, сабақ жүргізу түрлері, педагогикалық басқару ерекшеліктері де өзгеріп отырады. Сондықтан мамандығы мен дәрежесі бірдей, бір жарысқа дайындалып жатқан екі спортшының сабағында да ерекшелік болады. Бұлармен қатар дене мәдениеті мен спорт сабақтарының барлық түрлеріне тең дәрежеде таралатын жалпы ережелерде бар.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Қазіргі таңда дене мәдениеті мен спорт денсаулықты нығайтудың өміршеңдік пен еңбекке қабілеттілікті арттырудың шығармашылық жолды ұзартудың және жеке тұлғаның үйлесімді дамып қалыптасуы мен басқа да әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді құралы болып табылады. Осыған байланысты дене тәрбиесі мен спорт проблемаларына жарық түсіретін ғылыми білімдерге көп назар аударылып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы барлық міндеттерді шешуде спортшылардың спорттық мамандықтары мен құрамына қарамастан басшылыққа алуға тиісті ғылыми-педагогикалық ережелерді мазмұндау болып табылады.
Зерттеудің объектісі. Адамды дамыту мен қалыптастырудың негізгі факторлары қоршаған орта іс-әрекет тәрбие және мұрагерлік болып саналады. Адамды дамыту мен қалыптастырудағы іс-әрекеттің маңыздылығын ғылымның көрнекті өкілдері – И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.Ф.Лесгафт, т.б. атап көрсетті. Олар адамның жаны мен тәні өзара бірлікте және байланыста көрінетінің дәлелдеді, сондықтан іс-әрекетті сәйкес ұйымдастыру тұлғаны бүгіндей қалыптастыру факторы бола алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.



І-тарау. ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МЕН СПОРТ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРИНЦИПТЕРДІҢ, ҚҰРАЛДАР МЕН
ӘДІСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық
принциптерінің мәселелері

Принциптер – бұл түрлі міндеттерді шешу үшін басшылыққа алатын, адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайтын жалпылама бастапқы идеялық-теориялық ережелер. Ғылыми принциптер нысанды заңдылықтарға бағынады, сондықтан олар айқын дәйектердің қасиетін теориялық мағынада қарастырады.
Заңдылықтар-бұл табиғат пен қоғамның дамуын жүргізетін құбылыс. Заңдылықтарды зерттеу, тағайындау мүмкін, бірақ өзгерту мүмкін емес. Тек оларды белгілі бір процестерді атқарады. Нақты міндеттерді шешуде басшылыққа алуға болады. Заңдылықтар түрлі деңгейде бола алады.
Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары деп дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құрылымын қалыптастыру, қимыл қабілетін дамыту, қимыл дағдыларын меңгеру заңдылықтарын бейнелейтін қысқа сипаттағы ғылыми әдістемелік ережелерді атаймыз.
Қойылған педагогикалық ұстанымдар негізінде әдістемелік ережелер айқындалады, жеке жағдайлардағы міндеттерді орындаудың нақты әдістер мен құралдары таңдалады.
Педагогикалық ұстанымдарды зерттеу оның дамуындағы негізгі үш бағытты анықтады. Бірінші бағыт дене мәдениеті мен спорт сабақтарына қатысты ұстанымдарға қарағанда айырмашылығы бар, яғни өз мақсаты ретінде спортшылардың жарыстарға қатысуын дайындауды көздемейтін, тек спорт жаттықтыруларында ғана қатыстырылатын ұстанымдарды тағайындауға құрылады.
Спорт жаттықтыруының ұстанымдарын ұсынған алғашқы ғалымдардың бірі В.В. Гориневский (1922) болды. Одан басқа спорт жаттықтыруын А.Дюпперон (1930), А.А. Тер-Ованесян (1947), Н.Г. Озолин (1948), А.Ц. Пуни (1949), Л.П. Матвеев (1959, 1964) және басқалар ұсынды.
Гигиеналық, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін шешуге, бағытталған тек дене тәрбиесі мен спорт сабақтарына немесе тек спорт жаттықтыруына қатысты ұстанымдарды бөліп қарастыруға ұмтылу қате болып есептеледі. Спорт жаттықтыруының ұстанымдарын зерттеушілердің ұсынған түрлі кеңестерін мұқият қарастыра отырып, олардың педагогикалық қатынастар қатарына кіретіндерінің барлығы тек қана спорт жаттықтыруларында ғана емес, сол сияқты дене мәдениеті мен спорт сабақтары барысында да басшылыққа алынуы тиіс екені белгілі болды.
В.В. Гориневский жаттықтыру сабақтарында басшылыққа алуға тиісті ережелері ретінде мыналарды атап көрсетті: а) дайындық жаттығулары; б) ағзаны бірте-бірте жұмысқа бейімдеу; в) нысанды әдістерді бақылауды ұйымдастыру; г) жұмыс пен демалыс арасында дұрыс алмастыру; г) адам дамуының жан-жақтылығын қамтамассыз ету (дене және ақыл-ой) 1947ж А.А.Тер-Ованесян спорт жаттықтыруының он ұстанымын ұсынды, оның ішінде қолданған күшті шамалау психологиялық ықпалдар есебі, орталық жүйке жүйесінің дұрыс қозуы, жеке тұлғалық ерекшелік, т.б. бар. 1949ж А.Ц.Пуни қозғалыс дағдыларын саналы түрде игеру ұстанымын ұсынды. 1959ж Л.П.Матвеев спорт жаттықтыруының ұстанымы ретінде жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі, жаттықтыру барысының үздіксіздігі, жаттықтыру жүктемелерін бірте-бірте және толқынды ұлғайту, жаттықтыру барысының айналымдылығы және т.б. ұсынды.
Спот жаттықтыруының ұстанымы ретіндегі ұсынылған қарапайым ережелер тізімі олардың барлығы тек спорт жаттықтыруында ғана емес, сол сияқты дене мәдениеті мен спорт сабақтарының барлық түрлерінде де басшылыққа алынуы тиіс екенін көрсетеді.
Дене мәдениеті мен спорт ұстанымдары туралы түсініктерді дамытудың екінші бағыты ерекше физиологиялық ұстанымдарды тағайындауды көздейді (А.Н.Крестников, 1938; Б.С. Гиппенрейтер, 1940; В.С.Фарфель, 1949). Бұл қадамдарды ғылыми және іс-тәжірибе тұрғысынан толықпаған екенін мойындау қажет. Әрине, спорт жаттықтыруында физиологиялық заңдылықтар бар. Бірақ, одан басқа да психологиялық, биохимиялық және физикалық заңдылықтар да бар. Оқытушы мен дайындалушы бір жағдайда физиологиялық ұстаныммен, екінші жағдайда-психологиялық ұстаныммен, келесі бір жағдайда-психологиялық ұстаныммен жұмыс жасай алмайды. Спорт жаттықтыруына қатысты (және түгелдей дене мәдениеті мен спорт сабақтарында) заңдылықтар негізінде оқытушы мен дайындалушы үшін тек педагогикалық ұстанымдар ғана анықталуы тиіс.
Дене мәдениеті мен спорт ұстанымдары туралы түсініктерді дамытудың үшінші бағыты іс-әрекеттің бұл түріне жалпы педагогикалық (дидактикалық) ұстанымдарды (танымдық, белсенділік, көрнекілік, жеңілдік, жүйелілік, беріктік) таратуға құрылған. Бұл теориялық бағыттарды К.Х. Грантынь (1940), А.Д. Новинков (1941), В.В. Белинович (1948), И.А. Меркулис (1950), И.Б. Вржесневский (1960), Н.И. Пономарев (1967) және басқалар жасады.
Аталған дидактикалық ұстанымдар білім берудің, дамыту мен тәрбиелеудің бірнеше заңдылықтарын сипаттап, дене мәдениеті мен спорт сабақтарының міндеттерін орындауда басшылық ережелері ретінде жүреді. Алайда, дидактикалық ұстанымдар негізіне жататын заңдылықтар бірнеше жағдайларда басқаша түрге ие болады, яғни дене мәдениеті мен спорт сабақтарында басшылыққа алынуы қажет дәл әрі анық берілетін жалпылама теориялық ережелер бола алады.
Демек, дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында, атап айтқанда спорт жаттықтыруларында көбінесе: алдын-ала қалыптасқан спорт жаттықтырулары ұстанымдары мен бірнеше жалпы педагогикалық (дидактикалық) ұстанымдар қолданылады. Бірақ барлық ұстанымдар анықталып қойған, ары қарайғы дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық негіздерінің бұндай көкейтесті мәселелерін зерттеуді мақсатсыздық деп есептеу дұрыс емес. Дене тәрбиесі туралы ғылымды дамыту жаңа заңдылықтардың ашылуына, оның ішінде жаңа ұстанымдарды жаңа жолға қою қажеттігін анықтауға жол ашады.
Дене тәрбиесі мен спорт туралы ғылымның қазіргі деңгейдегі дамуы дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары ретінде, кей жағдайларда бұрынғы қабылданған педагогикалық ұстанымдарды басқаша қалыптастыруын қабылдауға негіздеме береді. Бұндай жаңадан қабылданып қалыптасқан дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдарына мыналар жатады: 1) оқыту мен дамытудың бірлігі; 2) сабақ құрылымы; 3) сабаққа қатысушылардың жағдайы мен ерекшелік есебі; 4) қозғалыстың анализі мен синтезі; 5) жаттығулар барысында саналылық және сезімталдық бақылау; 6) жүктемені бірте-бірте арттыру және оның белсенділігі; 7) сәйкес жағдайлардың есебі мен реттелуі.
Оқыту мен дамытудың бірлігі ұстанымы заттар мен құбылыстардың пішіні мен мазмұнының өзара байланысы мен өзара бағыныштылығына негізделген. Адамның қимыл-әрекетінде бұл заңдылық тірек-қимыл аппаратының жағдайы мен дамуының, ағзаның вегетативтік қызметі мен қимыл сапасының қимыл дағдыларымен өзара байланыста көрінеді. Мысалы, қимыл сапасының деңгейі жоғары болған сайын, спорт жаттығуы тәсілдерін жетілдіруге арналған мүмкіндіктер де көп туындайды ж»не керісінше, спорт жаттығулары тәсілдері жетілдірілген сайын адамның қимыл сапасы да жақсара түседі. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы оқыту мен дамытудың бірлігі ұстанымы оқу пәнінің талаптарына сәйкес қимыл сапаларын дамыту мен дене дайындығын қамтамасыз етуді өзара байланыста оқыту керектігіне міндеттейді.
Сабақ құрылымдығы негізіне жататын заңдылық адам әрекетінің кез-келген түрі мынандай орындалатын үш қызметтен құралатынын қарастырады:
Іс-әрекетке дайындық, іс-әрекеттің өзі және одан шығудың ұйымдастырылған жолы. Бұл заңдылық кез-келген жұмысты орындау барысындағы табыс оның ұйымдастырылуына оған кірудің жолын қамтамассыз етуге, қойылған міндеттерді шешу мен оны аяқтауды ұйымдастыруға байланыстылығында сипатталады. Аталған ұстаным барлық жағдайларда қимыл іс-әрекетінің жоғарыда көрсетілген құрылымдық бірізділігін сақтау қажеттігін анықтайды.
Сабаққа қатысушылардың жағдайы мен ерекшеліктері есебі ұстанымы өмірдің әлеуметтік жағдайлары мен биологиялық заңдылықтарына сәйкестелген адамдар арасындағы айырмашылықтардың болуына құрылған әр адамның жағдайы, сондай-ақ тәулік уақытына, алдыңғы іс-әрекеттің сипатына, жаттықтыру деңгейіне, көңіл-күй әсерлеріне, т.б. байланысты өзгеріп отырады. Бұлардың барлығы қимыл мүмкіндіктерін түбегейлі өзгертуге әкеледі, яғни адамға түрлі ықпалдардың әсер етуінің нәтижесі олардың аталған жеке тұлғаның ерекшелігі мен жағдайына сәйкестігіне байланысты болып табылады. Бұл ұстаным дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері мен жағдайларына қарай қойылған міндеттерді орындаудың құралдары мен әдістерін таңдау мен лайық жағдайларды реттеу қажеттігін анықтайды.
Қимылдың анализі мен синтезі ойлау заңдылығы мен іс-тәжірибе әрекетінде көрініс береді. Бұл заңдылық күрделі идеяларды, құбылыстарды, заттарды барынша қарапайым түсінікпен беру үшін, пайда болу, оларды түсіну, игеру, дамыту жақтары үшін бөлшектеу қажеттігін анықтайды. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы қимыл анализі мен синтезі ұстанымы күрделі дене жаттығуларында, тәсілдік-тактикалық кешендерде пайда болатын қимыл сапасын барынша қарапайым қозғалыс топтарына, олардың сапалық сипатын тиянақты меңгеру мен бүтін қимылмен біріктіре отырып дамытуға және туындатуға бөлшектеу жолымен іске асырылады. Қимылдың анализ-синтезі дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық міндеттерін орындаудағы жүйелілікті қамтамасыз ету шарты болып табылады.
Жаттығу барысындағы саналылық пен сезімталдықты бақылау ұстанымы адам қимылы мен психикасы арасындағы атап айтқанда адам қимыл әрекетінің табысты болуы қимылды орындау барысында бақылау қабілетін дамытуға байланысты заңдылықтарға негізделген. Мақсатты бағытталған қимылдардың басы олардың жоспарын құру қажеттігін тудырады.
Қимылды орындау барысында олардың құрылымын тек басты және соңғы топтамаларында ғана саналы бақылау мүмкін болады. Негізгі бақылау қызметін қимыл аппаратының өзі басқарады. Осыған байланысты орындалған жаттығулардың міндетті тапсырмаларға сәйкестігін, туындаған жағдайды және оған саналылық пен сезімталдық бақылауын дұрыс ендіру қабілетін дамыту арқылы қимыл-әрекетін меңгеріп, қозғалыс қабілетін дамыту мүмкін бола алады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында бұл ұстаным орындалатын қимылдарды, оған лайық жағдайларды саналы бақылау қабілетін дамытып, дайындалушылардың зейінін тек қимыл құрылымына ғана емес, сондай-ақ туындайтын қимыл әсерлеріне де шоғырландыру қажеттігіне міндеттейді.
Ағза жүктемесін бірте-бірте арттыру мен оны меңгеру ұстанымының негізгі факторы адам дамуы мен қалыптасуы болып табылатын іс-әрекетке сәйкес заңдылықпен сипатталады. Сонымен бірге сипаты мен қарқыны бірдей қоздырғыштар ағзаны бейімдейді және одан әрі оның жүргізбейді. Биологиялық алғы шарттардан басқа адамның дене дамуы іс-әрекеттің сипатына, ұзақтығы мен қарқындылығына байланысты болады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы бұл ұстаным дене жаттығуларының сандық қайталау шараларын, оған қолданылатын күшті және оны меңгеруді бірте-бірте арттыру қажеттігін анықтайды.
Сәйкес жағдайлардың есебі, реттелуі және меңгерілуі ұстанымы қимыл іс-әрекеті нәтижесін оның орындалған ортасына тәуелділік заңдылығымен сипатталады. Адам қимыл дағдыларын сәйкес шартты ықпалды байланыстар түзу нәтижесінде меңгереді. Алайда, қимыл іс-әрекеті барысындағы шартты, ықпалды байланысқа қимылды орындауға сәйкестендірілген жағдай да әсер етеді. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы бұл ұстаным бірінші кезеңге сәйкес жағдайларды жеңілдетіп, сосын бірте-бірте күрделендіріп, меңгерту қажеттігін анықтайды.
Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары ретінде қабылданған ережелердің барлығы бірлікте және өзара тығыз байланыста болды. Мүмкін оқытушы мен оқушының орындайтын кез-келген қызметіне қатысты. Сәйкес дидактикалық ойлау бойынша бұл ұстанымдарды төрт топқа бөлуге болады: оқыту, дамытуды басқару, тәрбиелеу және сабақты құру (1-сурет).




















1-сурет. Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары


1.2. Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық мазмұны

Гигиеналық білім беру және тәрбие беру міндеттерін шешуге арналған тарихи қалыптасқан немесе арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет дене жаттығулары деп аталады. Оларды негізгі төрт бөлімге бөліп қарастырады: спорт жаттығулары, гимнастикалық жаттығулар, ойындар және түрлестік іс-шаралар. Дене тәрбиесі оның міндеттерін орындаудың басты құралы дене жаттығуларымен ерекшеленеді. Осыған байланысты, педагогикалық құбылыс ретіндегі дене тәрбиесі-бұл гигиеналық, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін дене жаттығуларын қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.
Дене тәрбиесінің гигиеналық міндеттеріне дене дамуын жақсарту мен денсаулықты нығайту, білім беруге-білімді меңгеру мен қимыл қабілеттерін жетілдіру, тәрбие беруге-тұлғаны бүтіндей қалыптастыру жатады. Осыған орай дене тәрбиесінің міндеттері мыналалар: 1) денсаулықты нығайту; 2) дене дамуын жақсарту; 3) қимыл қабілетін жетілдіру; 4) білімді меңгеру; 5) тұлғаны толық қалыптастыру.
Дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық және еңбек тәрбиесімен біріге отырып, адамның жан-жақты дамуына жағдай жасайды.
Дене тәрбиесі міндеттері педагогикалық процесстерді ұйымдастырудың негізгі екі түрі – дене мәдениеті сабақтары мен спорт сабақтарының бірігуімен шешіледі.
Дене мәдениеті сабақтары («дене мәдениеті»)-бұл дене тәрбиесі міндеттерін спорттық және гимнастикалық жаттығуларды, ойындар мен туристік іс-шараларды үйлестіру жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.
Спорт сабақтары («спорт») – бұл дене тәрбиесі міндеттерін бір ғана спорт жаттығуларын қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.
«Дене мәдениеті» мен «спорт» түсініктері мәндері жағынан бірдей педагогикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Алайда бұл түсініктер арасында айырмашылықтар да бар, олар: оның бағыттары мен қолданылатын құралдарының ерекшеліктері. Дене мәдениеті сабақтарының негізгі мақсаты жалпы дене дайындығы болса, ал спорт сабақтарының мақсаты – іс-әрекет қабілетін дамытуда жоғары деңгейге жету үшін бір немесе бірнеше спорт жаттығуларын орындауды жетілдіру болып табылады. Бағыттарындағы айырмашылық осы. Сондай-ақ дене мәдениеті сабақтарында бір ғана немесе топтама сабақтарға сәйкестендірілген көптеген спорттық және гимнастикалық жаттығулар, ойындар мен туристік іс-шаралар пайдаланылса, ал спорт сабақтарында – нақты спорт жаттығулары қолданылады. Бұл пайдаланылатын құралдар айырмашылығы болып табылады.
Спорт жарыстарына қатысуға дайындық басты мақсаты болып саналатын спорт сабақтары спорттық жаттықтыру деп аталады. Жаттықтыру сөзі ағылшынның (тренировка) «train» сөзінен шыққан, яғни, үйрену, жаттығу, тәрбиелеу деген мағынаны береді. Жаттықтыру мақсаты – дайындалушының белгілі бір іс-әрекет түріне деген қабілетін жетілдіру болып табылады. Спорттық жаттықтыру – бұл жарысқа қатысуға дайындалу мақсатында психиканың кейбір жақтарын дамыту мен іс-әрекет қабілетін дамытуды ең биік деңгейге жеткізуге, таңдаған спорт түрінің әдіс-тәсілдерін меңгеруге бағытталған спорт сабақтарының бір түрі.
Спорт жаттықтыруларында дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы міндеттер толық орындалады. Алайда онда бұл міндеттердің әрқайсысы оның биік спорт нәтижелеріне жету мен жарыстарда жеңу сияқты мақсаттарына жетуді қамтамассыз ететін сипатқа ие болады.
Спорт жаттықтыруы спортшының жарысқа қатысуға дайындығын қамтамассыз ететін бір ғана фактор болып табылады. Спортшының жарысқа қатысуына дайындығын қамтамассыз ететін шаралар кешенін спорт дайындығы деп атайды. Ол дене, тәсілдік, тактикалық, теориялық және психологиялық тәрізді сәйкес дайындық түрлерін жүзеге асыруды немесе дайындық: түрлерін қамтамассыз етуді қарастырады. Дене дайындығы - ағзаның вегетативті қызметін, тұлғаның іс-әрекет сапасы мен пішінін, сондай-ақ адамның игерген іс-әрекет дағдысының байлығын дамыту деңгейімен сипатталады. Тәсілдік дайындық - таңдаған спорт түрі барысында іс-әрекетті орындауды жетілдіру деңгейімен сипатталады. Тактикалық дайындық спорт жекпе-жегінің жағдайлары мен талаптарына сай мінез-құлықты, қимыл мен іс-әрекетті өзгерту қабілеттілігімен сипатталады. Теориялық дайындық таңдаған спорт жарыстарына қатысу сабақтарының табыстылығы үшін қажетті алынған білімдер көлемімен сипатталады. Психологиялық дайындық-адамның спорт жаттықтыру мен жарыстардағы табысын айқындайтын интелектуалдық, ерік пен көңіл-күй жақтарының дамуымен және жағдайымен сипатталады.
Спорт дайындығының аталған барлық түрлері өзара бірлік пен байланыста көрінеді, бірақ олардың әрқайсының айырмашылығы спорттық мамандандырылу пәніне байланысты болады. Мысалы, гимнастикада, конькимен мәнерлеп сырғанауда, суға секіру мен басқа да спорт түрлерінде басты міндет тәсілдік міндет, яғни қимыл өнерін меңгеру болып табылады, ал ауыр атлетика мен түрлі қашықтықтарға жүгіруде дене дайындығы (сәйкес қимыл сапасын дамыту), спорт ойындары мен бірсайыс тәрізді спорт түрлерінде тәсілдік-тактикалық дайындық басты міндет болып саналады т.б. аталған дайындық түрлерінің маңызы мен қарым-қатынасы жаттықтыру кезеңіне, дайындық деңгейіне, спортшының мамандығына сәйкес өзгеріп отырады.
Дене тәрбиесі және спорт сабақтары әсерінен пайда болатын және қимыл-қозғалыс көрсеткіштерін жақсартуда көрінетін ағзадағы өзгерістер жаттықтырылу жағдайы ретінде анықталады. Спорт сабақтарындағы жаттықтырылудың жоғарғы деңгейі спорт пішіні деп аталады.
Спорттық пішін белгілі бір спорт түрінің талаптарына сәйкес денелік, тәсілдік-тактикалық және психологиялық дайындықты қамтамассыз ету нәтижесі болып табылады. Бұл спортшының барынша жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті жаттықтыру жағдайы болып табылады.
Жаттығуға қойылған талаптар ағзаның икемделіп, бейімделуінен туындайды, яғни ағзаның жаттығуы нәтижесі жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Адамның жаттығуы шексіз жүйелі жаттығулар нәтижесінде адам кейде өз қозғалыс мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайта алады.
Сабақтардағы дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық принциптерінің бұзылуы кері әсерлерге әкелуі мүмкін, кейде жүйелі жаттығулар нәтижесінде ағзада болатын ілгерішіл өзгерістердің күрт бұзылуымен көрінетін артық жаттықтырылу жағдайы туындайды.
Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық принциптерін сақтаған жағдайда бірдей түрдегі спорт сабақтарындағы жаттықтыруды дамытудағы ілгерлеушілік орындалатын қимыл күрделілігіне байланыстын болады. Шағын бұлшықет тобынның қатысуымен жасалған қимылдар күрделі шоғырланған қимылдарға қарағанда тез нәтижеге жетеді. Дене мәдениеті мен спортпен жүйелі айналысу сабақтарында жаттығуды ұлғайту шегі жас шамасына байланысты. Өз сипаты жағынан төзімділік пен ептілікті қажет ететін спорт түрлеріне қарағанда, жылдамдықты талап ететін спорт түрлерінде жас шамасы көп жағдайда жаттықтырудың дамуын шектейді. жаттықтырудың дамуын шектейді. Қысқа қашықтыққа жүгіруде 30 жастан асқан адамдар жоғары спорт нәтижелеріне жетуі сирек, ал алыс қашықтыққа жүгіретіндер, семсерлесушілер арасында 40 жастан асқан жоғары дәрежелі спортшылар ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?