Дене тәрбиесі | Дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жолдары

 Дене тәрбиесі | Дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жолдары

Мазмұны
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Дене жаттығулары
1.1. Саптық және жүру жаттығулары
1.2. Секіру және жүгіру жаттығулары
1.3. Жалпы жетілдіру жаттығулары
2. Табиғаттың сыртқы күштері
2.1. Ауамен шынығу
2.2. Күн сәулесімен шынығу
2.3. Сумен шынығу
3. Гигиеналық факторлар
3.1. Жеке бас гигиенасы
3.2. Мектепке дейінгі балалар мекемесінің гигиенасы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.


1. Дене жаттығулары.
1.1. Саптық және жүру жаттығулары

Спорт түрлерімен шұғылдану кезінде дене тәрбиесі жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күші, гигиеналық тазалық факторларына тығыз байланысты.
Дене тәрбиесі жаттығулар негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды. Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша амалдары. Бұлар дене тәрбиесі жаттығуларымен бірге әсер етеді.
Дене жаттығуларының теориялық қағидаларға сәйкес мұғалімнің педагогикалық мақсатқа сәйкес дене жаттығуларын іріктеу мүмкіндігі бар. Дене жаттығуларының негізгі жүйесін өңдеу; дене жаттығуларының педагогикалық жүйесін толығымен пайдалану, дене жаттығуларына кешенді қосымша құралдарды тиімді пайдалану.
«Дене жаттығуы» ұғымы адамның қимыл-әрекеті және қозғалысымен тікелей байланысты.
Қозғалыс - организмнің моторлы қызметі секілді, денеде және оның бөлігіндегі өзгеріс. Дене тәрбиесі үшін ерікті қозғалыстың маңызы зор.
Әрбір ерікті қозғалыстың үш белгісі бар.
1) Ол әрқашанда сана - сезім қызметі болып табылады;
2) Қозғалыс - адам өмірінің ерікті серігі.
Қозғалысты үйрену оқушы еркінің төселу деңгейін жоғарылатады.
Ерікті қимыл сананың әрекеті болып табылады. Жеке қозғалыстар қимылдың элементтері болып табылады. Қозғалыстардың өзара байланыстары арқылы қимыл – әрекет іске асады. Мысалы, аяқтың, қолдың, дененің, бастың белгілі бір қимылын секіру түрінде оқушы еркі атқара алады. Бір ғана қозғалыспен әр түрлі қимыл әрекет жасауға болады, ал керісінше, бір ғана қимыл-әрекетпен әр түрлі қозғалысты іске асыруға болады. Яғни бұл былай түсіндіріледі: бір ғана қимылдан әр түрлі қозғалыс тууы мүмкін және қайталанған қозғалыстар әр түрлі жылдамдықта іске асады.
«Дене» сөзі істелінген жұмыстың бейнесі, адам денесінің сыртқы бейнесінде және оның бөлігінде көрінеді. Дене жаттығулары, дәлірек айтқанда, ерікті акт, сана қызметі болып табылады.
Ал жаттығу-адамның физикалық және психикалық қасиетін арттыруға бағытталған іс-әрекет. Сонымен, дене жаттығуы, біріншіден, нақты қимыл-әрекет, ал екіншіден, бірнеше рет қайталау процесі.
Дене жаттығуларының бейнелі белгілері 3-ке бөлінеді.
1.Дене жаттығуымен педагогикалық мақсат жүзеге асады, еңбек-қимылымен өндірістік мақсат жүзеге асады.
2.Дене жаттығулары дене тәрбие заңдылықтарына сәйкес орындалады. Еңбек қимылы-әрекеті-өндіріс заңдылықтарына сәйкес орындалады. Еңбек қимылы мен дене жаттығуларының сыртқы ұқсастықтарына қарап, бір-бірімен ауыстыруға болмайды.
Барлық қозғалыс, қимыл әрекет дене жаттығуы заңдылықтарына бағынады, сондай-ақ оқушы организміне тиімді әсер етеді, ал екінші жағынан, жоғары көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді.
3.Тек дене жаттығу жүйесі ғана адамның барлық органының дамуына мүмкіндік береді.
Еңбек қимылы адамның жан-жақты жетілуіне әсер ету мүмкіндігі жоқ. Сондықтанда мектепте еңбекті үйрену сабағын дене тәрбиесі сабағымен алмастыруға болмайды.
Дене тәрбиесінің нәтижелілігі барлық құрал-жабдықтарды тиімді қолданғанда ғана жеткілікті нәтиже береді, алайда, дене тәрбиесінде артық салмақтан арылу үшін дене жаттығуына кейін тірелеміз. Оның мынандай себептері бар:
1.Барлық педагогикалық мәселелердің ішінде тек дене тәрбиесі ғана қимыл әрекет пәні болып есептеледі.
2. Дене жаттығуы организмнің морфофункциональды жағдайына ғана ықпал жасап қоймайды, жаттығушының жеке басына да ықпалы зор.
3. Дене жаттығуы - адам ойының және бет әлпетінің қозғалыс жүйесі.
4. Дене жаттығуы-бұл дене тәрбиесі аясында қоғамдық тарихи тәжирбені, оның ғылым және тәжирбелік жетістіктерге жету тәсілі.
5.Адам қозғалысында табиғи мұқтаждықты қанағаттандыратын да дене жаттығуы.
Қайталанған дене жаттығулары тиімді болуы да мүмкін, ал керісінше, әр түрлі дене жаттығуларынан бірдей нәтиже байланыстылығын шығуы мүмкін. Бұл дене жаттығуларының өзара үздіксіз дәлелі болып табылады.
Демек шарттарды білу дене жаттығуларының тиімділігін анықтау, педагогикалық процестерді, бағыт-бағдарды көтеруге мүмкіндік береді.
Шарттардың көп түрлілігі, классификацияланып мына төмендегіше болуы да мүмкін.
1.Мұғалім оқушының жеке мінез ерекшеліктері аса маңызды. Оқыту процесі екі жақты процес-мұғалім оқытады, оқушы оқиды, сондықтан кімнің қалай оқытанында, дененің дамуы оқыту мен үйренудің сапасына байланысты.
2.Дене тәрбиесі заңдылығына қарай адам санасының шамасы ғылыми шарттармен бейнеленеді. Неғұрлым, дене жаттығуларының педагогикалық, психологиялық, физиологиялық еркшеліктері көбірек анықталса, соғұрлым педагогикалық мәселелерді шешу тиімді болмақ.
3.Әдістемелік шарттар дене жаттығуларын орындауда кеңейтілген талаптар тобын біріктіреді.
4.Дене тәрбиесінің жүйесі сауықтыру бағытындағы негізгі принциптері гигиеналық шарттар болып табылады. Олардың мақсаты - адам өміріне керекті дене жаттығулар вариантарын жасау. Ал екінші жағынан сол жаттығулардың тиімділігін, гигиеналық нормаларын қадағалау. Дене тәрбиесінің толық мәнді шешімін табуы үшін гигиеналық нормаларын қадағалау. Дене тәрбиесінің толық мәнді шешімін табуы үшін гигиеналық тәртіпке аса көңіл бөлуі керек.
Гигиеналық шарттар екі салаға бөлінеді: 1)дене тәрбиесі процесінен бөлек адам өміріндегі қоғамдық еңбек гигиенасы, демалу, тамақтану нормалары дене жаттығуларының толық дерлік орындалуын қамтамасыз етеді.
2)Дене тәрбие процесінде гигиеналық нормалардың сақталуы, арнайы тамақтану, ауаның тазалығы, тынығу орындары болуы шарт.
5.Метеорологиялық шарттар-дене жаттығуынан көп әсерлі жетістіктерге жету шарттары, іс-қимыл заңдылықтары тобын құрайды.
Бұның бәрі дене жаттығуы техникасында баяндалады. Дене тәрбие процесінде табиғи күшті пайдалану екі бағытта жүргізіледі.
1)Табиғи күштің дене жаттығуы үшін әрекеті аса пайдалы. Олар адам организміндегі қозғалысқа ықпал жасап тиімділігін арттырады және толықтырады.
2)Табиғи күш күн көзінде, суда сауықтыру, шынықтыру құралы іспеттес. Табиғи күшті пайдаланудың басты талаптарының бірі дене жаттығуымен қабат жүйелі және кешенді түрде қолдану.
6.Ықпал жасау шарттарының бірі-дене жаттығуларының соңғы нәтижесін анықтау. Сондай-ақ дене тәрбиесінің негізгі құралдарын ғана емес, қосымша - гигеналық, метеорологиялық өлшемдерді де қарастырады. Әрбір құралдың өзіндік мүмкіндіктері мен адам организмін шынықтырудағы ролді анықтайды.
7.Материалдық шарт спорттық жетістіктерге жетуде үлкен рөль атқарады. (спорттық іргетас, құрал-сайман, киім және т.б.).
Дене жаттығулар техникасы педагогикалық ұстаныммен қозғалыстың орындалу тәсілдерімен барынша тиімді түсіндіріледі. Дене жаттығулар техникасы қазіргі спортшылардың қимылды орындау тәсілдері іс жүзінде тексеріліп, ғылыми қорытынды жасалынған. Қазіргі техника барлық жаттығушыларға бірдей болғандықтан стандартты техника деп аталады. Қозғалыстың маңыздылығы бірдей емес, сондықтан техника негізін және оның детальдарын бөлу қабылданған. Осы орайда екі жағдай есепке алынады: біріншісіне, әрбір орындалған қозғалыстың сапалылығы, оның орындалуы кіреді. Екіншісі, техника негізі және оның детальдары туралы түсінік. Бірінші жағдай жасалған жаттығуға жүйе құрылымына, қимылды талдау үшін қолданылса, ал екіншісі - оқу процесі үшін, оқушы назарын аудару үшін пайдаланылады.
Сапқа және қатарға тұру гимнастиканың алғышарты, бастамасы болып табылады. Дене тәрбиесі сабағында сапқа, лекке (колонна), қатарға (шеренга) тұрудың негізгі жаттығулары мен команда беру және оны орындауды үйрену күрделене отырып жалғасады.

Бұл Президенттік сынаманың талаптарын орындауға мүмкіндік беретін дайындық болып есептеледі.
"Гимнастика" сөзі грек тілінде "жалаңаш жүріп жаттығулар орындау" деген ұғымды білдіретіні белгілі. Ертедегі Грецияда ата-ана өз балалары дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану үшін, оларды арнаулы гимнастикалық мектептерде оқытқан. Олар дене шынықтырумен шұғылданған кезде жаттығуларды жалаңаш жүріп орындаған. Себебі, киіммен жаттығу орындау адамның күрделі қимыл-қозғалыстар жасауына кедергі келтіретін еді. Қазіргі кезде дене шынықтыру жаттығуларын орындау кезінде киілетін неше түрлі арнаулы киімдер бар. Мысалы, жеңіл атлетикаға табанында шегесі барспорт шәркесі (тапочка) киілсе, гимнастикаға былғарыдан тігілген жұқа шәрке, спорт ойындарына резеңке табанды шәрке киіледі. Батпан көтерушілердің арнаулы өз бәтеңкелері, палуандар мен боксшылардың да арнаулы мәсі тәрізді бәтеңкелері, футболшылардың бутсылары болады.
Гимнастика спорттың бір түрі ретінде спорттық гимнастика мен көркем гимнастиканы, акробатика мен ырғақты (ритмикалық) гимнастиканы және еркін жаттығуларды, сондай-ақ, жалпы дамыту жаттығуларын құрайды.
Сапқа және қатарға тұрудың негізгі жаттығулары мыналар: сапқа тұру, қатарға тұру, лекке тұру, түзелу, түзу тұру, еркін тұру, оңға бұрылу, солға бұрылу, артқа бұрылу.
Түзелу
"Сапқа тұрыңдар!" деген команда естілісімен оқушылар бойына қарай саптағы өз орындарына тез барып тұра қалуы керек. Команда беруші бағыттаушы ретінде саптың орнын көрсетеді (суретке қара.)
Команда негізінен екі бөлімнен тұрады: біріншісі-дайындық бөлімі, екіншісі-орыңдау бөлімі. Мысалы, "Оңға бұрыл!", "Солға бұрыл!", "Артқа бұрыл!" деген командалардың "оңға", "солға", "артқа" деген сөздері-дайындық бөлімі де, "бұрыл" сөзі-орындау бөлімі. Команданың дайындық бөлімі созылыңқырап айтылып, орындау бөлімі тез әрі нық айтылады.
"Артқа бұрыл!" деген команда беріліп, "бір" дегенде сол аяқтың өкшесі мен оң аяқтың басын бірден артқа бұрып, "екі" дегенде, оң аяқты сол аяқтың жанына әкеліп қою керек.
"Адымдап жүр!" деген команда берілгенде, жүруді сол аяқтан бастайды.
Бір лекті сапта келе жатып, тоқтамастан бірнеше лекті сап түзіп жүріп кете беруге болады. Бір лектен екі, үш, төрт лекті сап түзу былайша орындалады:

- бір лекті сапта келе жатып екі лекті сап құру үшін мұғалімнің берген командасынан кейін саптың басындағы бірінші және екінші нөмірлі оқушы бір қадам солға аттап, тоқтамай ілгері жүре береді. Ал олардан кейінгі екі оқушы тоқтамастан сол жаққа шыққан екі оқушымен қатарласады. Саптағы қалған оқушылар осы ретпен екі лекті сап құрады;
- үш лекті сап құру үшін, мұғалімнің берген командасынан кейін алдыңғы үш оқушы солға бір қадам аттап шығады. Қалған оқушылар жаттығуды екі лекті сап құрған ретпен орындайды;
- төрт лекті сап құру алдыңғы реттермен орындалады.
Саптағы козғалыс тек сол аяқтан басталады. Оқушылар бірнеше лекті сап түзеп тұрғанда соңғы оқушы жалғыз қалса, ол бірінші лектің соңына тұруы керек.
Сапта жүріп орындалатын жаттығулар иық (кеуде), жамбас және аяқ буындарының қимылын дамытады, сонымен бірге тыныс алу мен қан айналуын жақсартады, мүсіннің дұрыс қалыптасуына көмегін тигізеді.
Сапқа тұрғызу тәсілдері сыныптың немесе оқушылар тобының бірлесіп, бәрі бір мезгілде қимылдар орындауын қамтамасыз етеді.
Сапты басқару команда және бұйрық беру арқылы жүзеге асырылады.
Команда деп белгіленген тәртіп бойынша сөз немесе арнаулы белгі арқылы берілген бұйрықты айтады. Белгілі бір команданың сөзін және оның айту ретін бұзуға болмайды.
Бұйрық-еркін айтылған сөз түрінде немесе белгі арқылы берілетін жарлық. Команда да, бұйрықтар да дауыспен, дыбысты белгімен (ысқырық, сирена және басқалар) беріліп, сол арқылы сынып оқушылары дене жаттығуларын бір мезгілде орындауына мүмкіндік береді.
Сапқа тұрғызу тәсілдері екіге бөлінеді: 1)бір орында тұрып орындалатын қимылдарға арналған командалар: «Сапқа тұр!» («Становись!»), «Сап түзе!» («Равняйсь!»), «Тік тұр!» («Смирно!»), «Еркін тұр!» («Вольно!»), «Оңға бұрыл!», «Солға бұрыл!», «Артқа бұрыл!» және т.б.; 2)жүру үстінде орындалатын қимылдарға арналған командалар (жүру, жүгіру, жүріп бара жатқанда бұрылу және т.б.).

Сапқа тұру оқушылардың ұйымшыл және тәртіпті болуына, денені дұрыс ұстауына, оларда қарқын мен ырғақ сезімдерінің дамуына, қимыл дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сабақтың кіріспе бөлімінде олар сынып оқушыларының зейіндерін іске жұмылдыруға, оқушылар организмін бір қалыпты қыздыруға, денеде зат алмасуын арттыруға жағдай жасайды.
Сабақтың негізгі бөлімінде сапқа тұрғызу тәсілдері белгілі бір саптық жаттығулардың тәсілдері мен үйлесімділігін меңгеру мақсатымен оқу материалы ретінде де қолданылады. Мысалы, «Жат!», «Артқа бұрыл!», «Тұр!» командаларының орындау техникасын үйрену және т. б. Ал сабақтың қорытынды бөлімінде сапқа тұрғызу тәсілдері организмді белгілі бір тыныштанған күйге келтіруге және алдағы оқу жұмысына оқушылар зейінін шоғырландыруға көмектеседі.
Командалар жігерлі дауыспен айқын, түсінікті етіп беріледі.
Саптық жаттығулар топты, сыныпты жаттығулар орындауға белсенді түрде жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мына төмендегідей саптық жаттығулар орындалуға тиіс.
1. Алаңның шекараларын (сыртқы жиегін) айналып жүру.
2. Команда және белгі бойынша бағытты өзгертіп (шеңбер бойымен, қиғаш, ирелеңдеп) жүру:
а)шеңбер жасау үшін «Шеңбер бойымен жүр!» («По кругу марш!») деген команданы сапты бастаушы алаң ортасына жақындап келгенде береді. Бұдан кейін сапты бастаушы шеңбер бойымен жүреді;
ә)қиғаш жүру бір бұрыштан оған қарама-қарсы қиғаш жатқан бұрышқ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!