"Қорқынышты сезім": Ажырасып кеткен Ақбота Сейітмағамбет жан сырын ақтарды

"Қорқынышты сезім": Ажырасып кеткен Ақбота Сейітмағамбет жан сырын ақтарды

"КешYOU" тобында өнер көрсетіп, кейін Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығып танылған Ақбота Сейітмағамбет желіде әсерлі жазба жариялады. Белгілі актермен жақында ғана ресми түрде ажырасқан әнші бұрынғы қарым-қатынасында жіберген қателіктері мен үлкен өкініші туралы жан сырын ақтарды деп жазады nur.kz.

Ақбота Сейітмағамбет өкініш оның басынан өткен ең қорқынышты сезім екенін жасырмады. Өнер иесі ол кенеттен емес, жылдар бойы жиналып пайда болатынын түсіндірді.

Жалғызбасты ана Instagram парақшасында барынша ашылып, оқырмандарына ішкі жан толғанысын жеткізді. Әнші бүгінде қасынан табылмай қалған жақындарының барлығына тек бақыт тілейтінін айтты. Алайда, олардың бақытты болуына өнер иесі енді ат салыспауға шешім қабылдады.

"Өкініш деген аса қорқынышты сезім. Ол бір мезетте келе салмайды. Сағаттап, апталап, кейде тіпті айлап жиналып келеді. Ол сенің жаныға кіріп, әрбір айтылған ауыр сөзбен, жақын адамыңның істеген ісімен, диалогтың жоқтығымен, сенің тарапыңа жасалынған іс-әрекеттер тапшылығымен толықтырылып отырады. Бұл жайт саған деген көзқарасты айқын көрсетеді. Нақтырақ айтсақ, оның жоқтығын байқатады.


"Қорқынышты сезім": Ажырасып кеткен Ақбота Сейітмағамбет жан сырын ақтарды


Жақын адамдарыңды ұзақ уақыт бойы ақтап жүруге болады. Олардың мәселелерімен өмір сүре беруге де болады. Нәтижесінде оларға бәрін кешіре бересің. Ал өкініш болса, одан бетер сайын жаныңды жаулай бастайды. Соңында тек бір ғана нәрсе қалады. Соңғы рет кешіріп, шын жүректен бақыт тілеуден басқа амал жоқ. Бірақ, бұдан былай олардың баұытты болуына енді атсалыспау керек" , - деп жазды ол.


Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің ажырасып кеткені туралы 11 шілде күні белгілі болды. Бұл туралы жұлдызды жұптың өзі хабарлаған.


Кейіннен отағасы әнші келіншегімен не себепті ажырасқаны туралы шындықты айтқан болатын. Ол әйелі өзін шынайы сүймеді деп топшылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?