Қаржы | Валюталық дағдарыстар мәні себебі салдары Несиелеу мониторингі

 Қаржы | Валюталық дағдарыстар мәні себебі салдары Несиелеу мониторингі

Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................5
1. Валюта мәні және құрылымы...........................................................................9
2. Валюталық жүйе және оның даму кезеңдері...........................................15
3. Халықаралық валюталық нарықтар және валюталық жүйелер.....25
4. ХВҚ және Қазақстанның халықаралық валюталық қатынастарда алатын орны.............................................................................................................36
5. Әлемдік шарушылық нарығындағы валюта жүйесі............................41

Қорытынды......................................................................................................48
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................52

1. Валюта мәні және құрылымы
XX ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз — дәстүрлі ақша қызметінің дуниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жузеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді, ғылыми-техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және сыртқы деңгейде жүзеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз — мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы).
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
— Ұлттық валюта бірлігі;
— ресми алтын-валюта қорының құрылымы;
— Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;
— валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость,конвертируемость валюты);
— валюталық шектеулердің деңгейі;
— мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жузеге асыру тәртібі және т. б.
Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы (құны) мен паритеті жатады.
Валютаның курсы дегеніміз — жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының „бағасы".
„Паритет — валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы (құны) оның паритетіне дәлме-дәл келмейді.
Салықаралық валюта жуйесі дүниежузілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.
Бүл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы заңдастырылған.
Сыртқы валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
— ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
— халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің құрамы мен құрылымы;
— валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;
— валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
— халықаралық есептеулердің нысандары;
— халықаралық валюта рыноктары мен дүниежүзілік алтын рыногындағы орныққан тәртіп;
— сыртқы экономикалық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші ұйымдар (Халықаралық валюта қоры — МВФ, Халықаралық даму банкі — МБРР және т. б.)
Сыртқы экономикалық валюта жүйесінің негізгі міндетттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.

(1-кесте).

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға - елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта - халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің дамыған торабы;
- басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.
Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.
Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүние-жүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР - Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ -Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты құны валюталық "қоржынға" кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.
Валюталық "қоржын" 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.
Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық "қоржын" бес валютадан тұрады (1.01.1991 ж. жағдай бойынша): АҚШ доллары - 40%, неміс маркасы - 21%, жапон йені - 17%, француз франкі - 11%, фунт стерлинг 11%.
Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:
- "еркін пайдаланылатын валюта", яғни халықаралық
есеп айырысуларда және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен қолданылатын;
- валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің валюталары;
- валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын валюталары.

2. Валюталық жүйе және оның даму кезеңдері
Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы (құны) мен паритеті жатады.
Валютаның курсы дегеніміз — жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасьгаың „бағасы".
Паритет— валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет валюта курсының негізі, бірақ валюта курсы (құны) оның паритетіне дәлме-дәл келмейді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.
Бұл жуйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы заңдастырылған.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
— ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
— халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің қура-
мы мен құрылымы;
— валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;
— валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
— халықаралық есептеулердің нысандары;
— халықаралық валюта рыноктары мен дүниежузілік алтын рыногындағы орныққан тәртіп;
— халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші
ұйымдар (Халықаралық валюта қоры — МВФГ Халықаралық даму банкі — МБРР және т. Б.
Халықаралық Валюта жүйесінің негізгі міндетттеріне тұрақты экономикалық өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Халықаралық Валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды кеңейтуге, немесег керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі.
Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері -вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы "вексель жәрменкелері" мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заң-дық тұрғысынан қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда -бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы эконо-микалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?