Биология | Глаукома ауруының дамуына себеп болатын гендер және гендердің мутациясы
Мазмұны
1. Кіріспе
1. Глаукома.
2. Көз ішілік қысым.
3. Көз ішілік сұйықтық.
4. Глаукоманың даму механизмдері.
2. Негізгі бөлім
5. Глаукоманық ашық және жабық бұрышты формалары.
6. Глаукоманың дамуына себеп болатын гендер мутациясы.
7. Миоцилин гені (MYOC/TIGR) және мутациясы.
8. Оптинеурин гені (OPTN) және мутациясы.
9. Цитохром P450 (СYP1B1) гені және мутациясы.
10. WDR 36 гені және мутациясы.
3. Қорытынды
Көз ішілік сұйықтық ағысы
Көз ішілік сұйықтық алғашында көздің артқы камерасына жинақталады. Содан кейін, ылғалды сұйықтықтың көп бөлігі қарашық арқылы хрусталикті жуып өтіп, алдыңғы камераға өтеді. Көздің дренажды жүйесі арқылы трабекула және шлемм каналдарына барады. Каналдардан сұйықтық коллекторлар арқылы склераның жоғарғы веналарына ағады.
Табекула көптеген тесіктерден тұратын жалғастырушы ұлпалы пластинкалардан құралған торлы сақина. Ылғалды сұйықтық трабекулярлы тор арқылы өтіп, шлемм каналында жинақталады. Шлемм каналынан 20-30 жіңішке өзектер арқылы көз венасына өтеді. Бұл ылғалды сұйықтықтың негізгі жолы, осы жол арқылы 85-95% ағып өтеді.
Көз ішілік сұйықтықтың ағып келуі мен кетуі арасында тепе-теңдік болады. Егер, белгілі бір себеппен тепе-теңдік бұзылса, көзішілік қысымның деңгейі өзгереді.
көз ішілік сұйықтықтың ағу жолы
Глаукоманың даму механизмдері
Глаукома мультифакториальды ауруға жатады. Демек, глаукоманың дамуына көптеген жағдайлар әсер етеді. Әсіресе, тұқым қуалаушылық, индивидуальды ерекшеліктер немесе көз құрылысының ерекшеліктері, жүрек-қантамыр, жүйке, эндокринді жүйелердің аномалиялары әсер етеді.
Глаукома кезіндегі потологиялық процестің негізгі даму этаптары:
1. Сулы ылғалдың көз алмасындағы ағысының нашарлауы және бұзылуы.
2. Көздің ішкі қысымының қалыпты деңгейден жоғарылауы.
3. Көз ұлпаларындағы қан айналымының нашарлауы.
4. Көру жүйкесі шығатын ұлпалардағы гипоксия (оттектің жетіспеуі) және ишемия (қанайналымның бұзылуы).
5. Жүйке талшықтарының көз алмасынан шығу зонасындағы компрессиясы.
6. Көру талшықтарының дистрофиясы(қоректенуінің бұзылуы), деструкциясы(бұзылысы) және кқру талшықтарының атрофиясы.
7. Оптикалық нейропатия.
Глаукоматозды процестің әртүрлілігіне байланысты көру жүйке талшықтарының бір бөлігі атрофияға ұшыраса, қалған бөлігі парабиоз («ұйқы») жағдайында болады. Сол себепті, әрт.рлі емдеу әдістерін қолдана отырып, глаукоманы емдеуге болады. Глаукоманы емдеу ең алдымен, көз ішілік қысымды қалыптандыруға және оны толерантты деңгейге жеткізуге бағытталған. Емдеу эффектісі ең алдымен жүйке ұлпасының сақталғандығына байланысты. Сондықтан да, глаукома салдарынан бұзылысқа ұшыраған кқру функциясы қайта қалпына келмейді.
қалыпты және глаукома жағдайындағы көру жүйкесінің дискі
Көздің ішкі қысымы белгілі бір деңгейде (орталық мөлшері 14 – 16 мм сын. бағ., 26 мм сын. бағ. болса, суқараңғы ауруына шалдығады) көздің ішкі сұйықтығының циркуляциясын реттеп отырады. Көздің қан тамырлары мен оған келетін жүйкелер қызметінің бұзылуынан көз сұйықтығының циркуляциясы нашарлап, көзден жас шығу қиындайды. Соның нәтижесінде сұйықтық жиналып, көз ішілік қысымның жоғарылауына әкеледі. Бұл көздің қалыпты жағдайдағы жұмысын төмендетіп, көздің торлы қабығына келетін жүйкелердің жұмысы бұзылады. Егер дер кезінде емделмесе, адамның көру қабілеті нашарлап, тіпті соқырлыққа да әкелуі мүмкін.
Глаукома іштен туған,біріншілік және екіншілік деп негізгі үш түрге бөлінеді. Іштен туған глаукома көздің дренаж жүйесінің немесе алдыңғы камераның бұрышының жетілмеу немесе дұрыс дамымау салдары болады. Екіншілік глаукоманың дамуына ұшырататын өзгерістер глаукомаға бағынышсыз аурулардан пайда болады. Іштен туған глаукомада қайсаң қабақтың диаметірі үлкеюімен гидрофтальм мен (көз шемені) буфтальммен (бұқа немесе өгіз көз) алдыңғы ұңғылының тереңдеуімен, қарашықтың кеңеюімен және оның жарыққа берер жауабының әлсіреуімен, көру нерв дискісінің патологиялық семулік экскавациясымен, көру жітілігінің төмендеуімен, көру кеңістігімен тарылуымен, көздің жоғары көтерілген ішкі қысымымен сипатталады. Құбылыс көбінесе екі жақты шамамен 10000 мың балаға бір ауру кездеседі. Ауру тұқым қуалау сипатына ие болады, көбіне ер балаларда кездеседі. Бұл патологияның 90% перзентханада анықталып, диагноз қою мүмкін болады. Кеш анқталған және операциямен емделмеген іштен туған глаукома балалардың мектеп жасына дейін толық соқыр болуымен аяқталады. Біріншілік глаукома жазылмайтын соқырлықтың өте жиі себептерінің бірі. Өркендеген елдерде барлық соқырлықтың 10-15% глаукомадан соқыр болғандар құрайды. Ауру әдетте егде жастағы адамдарда пайда болады. Біріншілік глаукоманың жастан өткен адамдардың арасында таралу жиілігі бір пайызға жуық. Жас адамдарда сирек кездеседі.
қалыпты және глаукома кезіндегі көз алмасы
Глаукоманың негізгі екі жабық бұрышты және ашық бұрышты формалары кездеседі. Жабық бұрышты глаукома қарашықтың фунциялық блогінің нәтижесінде алдыңғы камераның бұрышының нұрлы қабықтың түбімен жабысып қалуы арқасында болады. Глаукоманың бұл түрі көз қысымының көтеріліп ауырсыну сезімі пайда болады, бас ауырады, көз тұманданып, жарыққа қарағанда қызылды-жасылды кемпір қосақтанып көрінуі байқалады. Объективті зерттеп қарағанда көз алмасының тамырларының кеңейіп қызарғаны бірден көзге түседі. Қайсаң қабық ісінген, алдыңғы ұңғылы сайаз қарашық кеңейген болады. Аурудың шарықтаған кезінде нұрлы қабықтың кейбір қан тамырларының түйінделуі мүмкін, оның өзі қабыну мен шіру құбылыстарына ұшыратады. Ал бұл өзгерістер нұрлы қабықтың ісінуімен, артқы және бұршақтың бірігулердің пайда болуымен байқалады. Көздің түбі тұманданып көрінеді. Көз қысымының көтерілуі 50-60мм с.б. жетеді.
жабық бұрышты глаукома
/http://glaucoma-net.ru/about/classification.html/
Аурулардың 90%-ында ашық бұрышты глаукома байқалады. Ашық бұрышты глаукоманың себебі дербес анатомиялық ерекшеліктерге, көз алмасының әртүрлі құбылысының, әсіресе дренаждық жүйесіне, жасқа байланысты. Көпшілік жағдайда ашық бұрышты глаукома сырқат адамға белгісіз пайда болып, үдеп дами береді. Сырқаттар ешқандай жағымсыз сезім байқамайды, тек көздерінің көруі едәуір төмендейді. Тек 15% ауруларда субьективті белгілері байқалады. Олар: көз толып тұрған сияқты сезіну, бастың ауруы, көрудің тұмандануы және жарыққа қарағанда қызылды-жасылды «кемпір қосақтанып» көрінуі сияқты шағымдардан тұрады. Осы аталған белгілер көздің қысымының едәуір көтерілгенінің белгісі. Обьективті тексеріс кезінде көзде байқалатын өзгерістер мардымсыз. Көз қысымы жоғарлаған кезде алдыңғы кірпіктік артериялардан эмиссарилерге кіре берісі кобра жыланының басы сипатты кеңейеді де «кобра белгісі» пайда болады. Сырқаттың көзінің ішкі қысымының көтерілуі глаукоманың ең маңызды белгісі болады. Қалыпты көз қысымы 16-24мм с.б. тең. Оны арнайы Маклаков танометрімен өлшейді.
ашық бұрышты глаукома

Адамдарда глаукоманың дамуы толық соқырлыққа ұшыратуы мүмкін. Ең алдымен перифериялық көру қабілеті нашарлайды, кейіннен негізгі көру мүшесі зақымданады. Егер қысым арта беретін болса, көз жүйкелері өліп, соқырлық дамиды.
Глаукома дамуының алғашқы сатысында аурудың симптомдары білінбеуі мүмкін. Көз жүйкелерінің басым бөлігі зақымданып, көру қабілеті нашарлағанда ғана ауру белгілері байқалады.
Соңғы жылдарғы зерттеулерге қарағанда, глаукома патогенезіне бірнеше ген қатысады. Бірінші глаукома локусы GLC1A адамның бірінші хромосомасында (1q24-q25.2) орналасқан, кейіннен ген миоцилин (MYOC/TIGR) деп аталды. Миоцилин геніндегі мутация туабіткен аутосомды-доминантты ювенильді және жас ерекшеліктік ашық бұрышты глаукоманың дамуына себеп болады.
Ашықбұрышты глаукоманың дамуы геномдағы әртүрлі сегіз ауданмен байланысты ( MIM 606689 ; MIM 601682 ; MIM 602429 ; MIM 603383 ; MIM 609887 ; MIM 608695 ; MIM 608696 ):
• GLC1B локус, 2cen-q13 ауданында локализацияланған ( Stoilova D.,1996 );
• GLC1C локус, 3q21-q24 ауданында локализацияланған ( Wirtz M.K.,1997 );
• GLC1D локус, 8q23 ауданында локализацияланған ( Trifan O.C.,1998 );
• GLC1E локус, 10p15-p14 ауданында локализацияланған ( Sarfarazi M.,1998 );
• GLC1F локус, 7q35-q36 ауданында локализацияланған ( Wirtz M.K.,1999 );
• GLC1G локус, 5q21.3-q22.1 ауданында локализацияланған ( Monemi S.,2005 );
• GLC1J локус, 9q22 ауданында локализацияланған ( Wiggs J.L.,2004 );
• GLC1K локус, 20p12 ауданында локализацияланған ( Wiggs J.L.,2004 ).
Nail-Patella ( MIM 161200 ) синдромы кезінде ашық бұрышты глаукома плейотрофикалық белгі ретінде дамиды. Бұл жағдайда глаукоманың дамуы LMX1B геніндегі мутациямен байланысты.
Біріншілік ювенильді ашық бұрышты глаукома 1( MIM 137750 ) және біріншілік аутосомды-рецессивті туабіткен глаукома 3( MIM 231300 ) CYP1B1 (gene cytochrome P450) геніндегі мутациямен байланысты. Бұл ген бастапқыда GLC3A локусы деп аталатын.
Біріншілік ашық бұрышты жас ерекшеліктік глаукоманың (MIM 137760) дамуына бірнеше гендегі мутациялар себеп болады:
• GLC1G гені (немесе WDR36 гені);
• GLC1B (немесе CYP1B1 гені);
• GLC1C;
• GLC1D;
• GLC1F.
17% жағдайда глаукоманың дамуына оптинеурин (OPTN) генінің мутациясы алып келеді. Бұл кен алғашқыда GLC1E локусы деп аталды.
Біріншілік ашықбұрышты жас ерекшеліктік глаукоманың бір түрі – көзішілік қалыпты қысымды глаукома ( MIM 606657). Бұл аталған ауру оптинеурин (OPTN) геніндегі мутациямен немесе оптикалық атрофия 1 (OPA1) геніндегі интрондық полиморфизммен байланысты.
глаукома гендерінің номенклатурасы
Миоцилин гені (MYOC/TIGR)
Миоцилин гені (gene MYOC; gene myocilin) адамда бірінші хромосоманың ұзын иығында (1q24.3-q25.2) орналасқан. ( Michels-Raurenstrauss K.G.,1998 ). Миоцилин гені көздің көптеген ұлпаларында, соның ішінде трабекулярлы торшада экспрессияланады. Сондықтан да бұл геннің альтернативті атауы - TIGR (gene trabecular meshwok-induded glucocorticoid response protein). Зерттеушілердің әртүрлі тобы миоцилин локализациясын клетканың микротүтікшесінен ( Mertts M.,1999 ), трабекулярлы торшаның митохондриясынан ( Ueda J.,2000 ), Гольджи аппаратынан ( O'Brien E.T.,2000 ), эндоплазмалық тордан ( Sohn S.,2002 ) байқаған.
MYOC/TIGR гені тек көзде ғана емес, сонымен қатар жүректе, бұлшық еттерде, асқазанда, қалқанша безінде, трахеяда, сүйек кемігінде, тимуста, ішекте экспрессияланады. Ген экспрессиясы өкпеде, панкреатикалық безде, аналық безде, жұлында, лимфатикалық түйіндерде және адренальды бездерде аз деңгейде байқалады. Бас миында, плацентада, бауырда, бүйректе, лейкоциттерде MYOC/TIGR гені экспрессияланбайды.
миоциллин гені
/http://www.oftalmic.ru/b_glaucoma-genetest.php/
1995-1997 жылдары Escribano J. және Stone E.M. геннің кДНҚ-сын клондау жұмыстарын жүргізді. ( Escribano J.,1995 ; Stone E.M.,1997 ; Kubota R.,1997 ). Ген 604, 126 және 872 жұп негізден құралған 3 экзоннан тұрады ( Fingert J.H.,1998 ). Миоцилин пептидін кодтайтын мРНҚ мөлшері - 2,3 kb.
Нуклейн қышқылдары тізбегінің анализі миоцилиннің аминқышқылдық қатарын анықтауға мүмкіндік берді. Миоцилин молекулярлық массасы 58 kD болатын 504 аминқышқылы қалдығынан құралған. Миоцилин "zipper" домен құрайды, 10 нақты фосфорилирлену және 4 потенциальды гликозилирлену сайты ( Kubota R.,1997 ; Nguen T.D.,1998 ; Caballero M.,2201 ).
Миоцилин MYOC/TIGR генінің мутациясы
MYOC/TIGR генінің мутациясы аутосомды-доминантты ювенильді ашық бұрышты глаукоманың және жас ерекшелікті ашық бұрышты ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?