Қолданбалы информатика | Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджеттік жабдықтарды таратудағы экономикалық жүйесі

 Қолданбалы информатика | Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджеттік жабдықтарды таратудағы экономикалық  жүйесі

Мазмұны
Кіріспе ……………………………………………………………………..…....3
1. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БӨЛІНЕТІН БЮДЖТТІК ЖАБДЫҚТАРДЫ ТАРАТУДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ........................................................................................4
1.1 Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджеттік жабдықтардың жалпы экономикалық сипаттамасы және басқару жүйесі …………...…….....4
1.2 ҚР Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджеттік бағдарламалар жоспары мен мақсаты …………………………………………………...…......9
1.3 «Республикалық бюджет министірлігінің» қызметі ……...………....…..12
1.4 ЭАЖ -ға қойылатын талаптар ………………………………………....…19
2. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БӨЛІНЕТІН БЮДЖТТІК ЖАБДЫҚТАРДЫ ТАРАТУДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБОЛАУ.... ..........................................................................................................24
2.1 Есептер кешенінің сипаттамасы ...................................................................24
2.2 Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы ...........................................27
2. Есептер кешенің ақпараттық технологиялардың жақсарту
бойынша нұсқаулары…..……………………………………………………28

Қорытынды………….………………….………………………………………30
Қолданған әдебиеттер…….…………….…………………………………….31
Қосымша …….…………….……………………….......................…………….32

1. Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджеттік жабдықтарды таратудағы экономикалық жүйесін тұрғызуды негіздеу

1.1 Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін бюджеттік жабдықтардың жалпы экономикалық сипаттамасы және басқару жүйесі
Ашылған жаңа институттардың қалыптасуы мен дамуы қиын жағдайда жүрді – ғимараттар мен оқу-лаборатория жабдықтары, білікті оқытушылар жетіспеді. Алайда одақтық үкіметтен бастап жергілікті басшыларға дейін бәріде қолдан келген көрсетіп бақты: қажетті жабдықтар алынып, тұрғын үйлер мен жатақханалар салына бастады, институт ұжымы оқушылар, әсіресе қазақ жастарын іздестіріп, оларды қысқа мерзімді курстарда оқытумен айналысты. Ал Ресей мен Украинада шақырылған профессор-оқытушы құрамды жасақтау, сондай-ақ жақсы даярлықтан өткен жергілікті мамандардың есебінен жүргізілді.
Жоғары және арнаулы орта білім саласын одан әрі дамыту, оқу орындарының ғылыми-педагогикалық әлеуеті мен материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалану, агроөнеркәсіптік кешені үшін мамандар ждаярлау сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы сәуіріндегі қаулысы бойынша екі институт пен 3 колледждің базасында Қазақ мемлекеттік университеті құрылды.
Университет ұйымдасқан кезде 11 факультеті мен 85 кафедрасы бар болатын, онда 9567 студент оқып, 1015 профессоорлар мен оқытушылар қызымет істейтін, олардың 65 ғылым докторы, 301 ғылым кандидаты.
Жағадан ұйымдастырылған университетке Үкімет қаулысымен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 3 басыңқы міндет анықталды:
- еңбек рыногының қажеттіліктеріне бағдарланған, университеттік деңгейдегі білімі бар жоғары білікті мамандар даярлауды түпкілікті мақсат ете отырып, оқу орнының бүкіл оқу ұйымдық қызыметін біртіндеп қайта құру және қайта бағдарлау;
- университеттің жұмысын нарық жағдайларына барынша сәйкестендіру мақсатында, оны басқару ұстау және оның бөлімшелерінің қызыметін құрылымдық қайта құру;
- тұрақты тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру, білімнің деңгейі мен мазмұныны жалпы әлемдік қалыптарға көшіру мақсатында халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту.
Осы басыңқы міндеттерді шешу және университетті дамыту бағдарламасын іс жүзіне асыру жолында өткен үш жарым жылдың ішінде ұжым елеулі жұмыстар атқарды.
Университетте ауыл шаруашылық биотехнологиясы, агроэкология, аграрлық құқық, халықаралық экономикалық қатынас, ауыл шаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау, табиғат пайдалану экономикасы секілді бірқатар жаңа мамандықтар ашылды.
Солардың ішінде «Фермерлік іс» және «Агроменеджмент» жаңа мамандықтарына айрықша тоқталған жөн. Ауылда жекешелендіру өткізілгеннен кейін еліміздің ұзақ мерзімді аграрлық саясаты негізінен фермерлік шаруашылыққа жүргізудің басым формасы ретінде соған сәйкес субъектілерге бағдарланған. Бұл мамандықты бітірген түлектер биологиялық циклдағы іргелі пәндер бойынша, егіншілік циклдағы арнайы пәндер бойынша жақсы даярлықтан өтіп, сондай-ақ механикаландыру технологиялары мен техникасы, есеп, экономика және менеджмент мәселелері бойынша жеткілікті әзірлікті меңгерген. Біздің пікірімізше, мұндай маман кез келген ауыл шаруашылық өндірісін дербес жүргізу үшін әзірленіп, қатардағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге техникалық-экономикалық және технологиялық көмек көрсете білуі керек.
1996жылғы қазанда университеттің жанынан Фермерлердің жоғары мектебі ашылды, ол фермерлік, шаруа қожалықтарының, басқа да ауыл шаруашылық құрылымдардың, ауылдық және аудандық әкімдіктердің жетекшілеріне шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, өндірістің осы заманға технологиялары, егіншілік және мал шаруашылық өнімдерін сақтау мен өңдеу, жемшөп әзірлеу мен пайдалану, электрмен жабдықтау, малдәрігерлік ісін ұйымдастыру, фермерлік шаруашылыққа қажетті машиналар жүйелері, менеджмент пен маркетинг, салықтың құқықтық ережелері, кредиттеу, сақтандыру және бизнес жоспарлар жасау бойынша қажетті білім көлемін береді.
1998 жылғы қыркүйекте ауылдағы реформаны кадрлық қамтамасыз етуге және ауылдағы тауар өндірушілерге жәрдемдесу мақсатында «Агробизнес» консалтингтік орталығы ашылды. Сол секілді лизинг және лизингтік бизнес білімін кеңінен тарату мақсатында 1999жылғы наурызда «Лизинг» орталығы іске кірісті. Екі орталық та біздің ғалымдарымыз шетелдік жобалар бойынша ұтып алған гранттар негізінде құрылды.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту университетте оны өркендетудің басым бір міндеті ретінде қарастырылады. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары шет елдердің аграрлық университеттерімен, ғылыми орталықтарымен және жекелеген ғалымдармен тығыз шығармашылық байланыстар орнату, шетелдік инвестициялар, гранттар және демеушілік көмектер тарту мақсатымен бірлескен жобаларды талдап жасау, университеттеріміздің халықаралық ғылыми және білім кеңістігіне шығуын қамтамасыз ету, валютасыз негізде студенттер, аспиранттар мен оқушылар алмасу, шетел тілдерін оқытуды, шетелдік азаматтарға білім беруді ұйымдастыру болып табылды. Қазірдің өзінде осынау жұмыста үлгерушілік байқалады. Қазіргі кезде Германияның, Ұлыбританияның, Израильдің, Нидерландтың, Қытайдың, Монғолияның, АҚШ-тың, Ресейдің, Беларусь Республикасының және Қырғызстанның оқу орындарымен ынтымақтастық жолға қойылған.
Университет бүгін де ірі ғылыми және көрнекті ғалымдар шоғырымен танымал. Олардың жетістіктері мен қызмет нәтижелерін ауыл шаруашылық дақылдары мен сурек діннің 37 сорты, гибриді және формалары, малдардың 12 жаңа тұқым мен тұрпаттары, 30 вакцина т.с.с. арналған кітап пен монографиялар кіреді.
Адам қызметінде, соның ішінде білім беру қызметінде жетілдіру процесі шын мәнінде шексіз. Бойына тамаша дәстүрлі мен 70 жылдық ұлан асырылған шежіре жинақтаған Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінің ұжымы өзінің құрылуы негіз болған екі ірі ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарының ізгі істер лайықты жалғастырумен қатар, олардың жетістіктерін еселей түсуде. Бүгінгі күні білім беру саласын реформалаудың тиісті заңдық базасы жасалды. «Білім туралы» заң, соған сәйкес Үкімет қаулылары, Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы қабылданды. Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік стандарттары әзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Орта білім жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы мен жалпы білім беретін мектептер үшін оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер дайындаудың және баспадан шығарудың мақсатты жоспары кезең- кезеңмен жүзеге асуда. Ғылыми- техникалық және инновациялық қызметтің тиісті нормативтік-құқықтық негізін қалыптастыру аса маңызды екені белгілі. Ол ғылымды өндірістік күшке айналдыру үшін кеңістік құруға мүмкіндік береді. Соған орай, «Ғылым туралы» жаңа заңды Республика Парламенті Мәжілісінің депутаттары мақұлдап, Сенатқа жіберді. «Инновациялық қызмет туралы» заң жобасы дайын. Ендігі міндет нарық талабына сай ғылыми-техникалық саланы жүйелі реформалау, білім беру ісін халықаралық деңгейге көтеріп, сапасын арттыру болып тұр. Бұған қоса оқушылардың шамадан тыс жүктемесін азайту мақсатында 12 жылдық білім алуға көшу, Ел басы міндеттеген мектептерді компьютерлендіруді аяқтап, оқу процесін ақпараттандыруды одан әрі дамыту мәселесі қолға алынды. Және жоғары оқу орындары студенттерінің құқығын қалыптастыру моделін одан әрі жетілдіру, мектеп оқушыларының білім деңгейін жетілдіру ниетінде орта мектепті бітіру мен республиканың жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын бірге жүргізу керек.
Еліміз 1997 жылы Лиссабон конвенциясына қол қойған мәлім. Ол бойынша біріншіден, жоғары білім туралы құжатты екі жақты мақұлдау болса, екіншіден, орта білім беретін мектептерде 12 жылдық мерзімге көшіру. Мұны өркениет жолына түскен елдер, АҚШ, Швеция,Франция, Жапония жүзеге асырған. Тіпті, балалары 13 жыл оқитын елдерде бар. 12 жылдыққа бірден көшпейді. Бұған дайындық біраз уақытқа созылатын шығар.12 сыныптын ішіне дайындық, сыныптары, яғни нөлдік сыныптарда кіреді. Қазір дайындық сыныптар барлық мектептерде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бұл мәселеге алып қашты әңгімелерге бой алдырмай түсіністікпен қараған жөн. Осы 12 жылдықтың бір пайдасы 9 сыныпты бітіргендердің озықтары лицейде оқып, жоғары оқу орындарына әзірленеді. Кейбіреулері колледждерге түсуге мүмкіндік алады. Оны үздік аяқтағандар жоғары оқу орындарының екінші курсына қабылданады. Жұмыс істеуге ұмтылғандар кәсіптік мектепке барады. Олардың да арасынан білімге құлшынғандар шықса, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік жасалады. Ел басынын тапсырмаларын орындау жөнінде іс-шаралар жан- жақты жүргізілуде. Білім берумен бірге өнеркәсіпке ғылыми жобаларды, бірінші кезекте мұнай- химия, мұнай-газ, химия, тау-кен металлургия өндірістерін, машина жасау, металл өндеу салаларымен ұштастырып жүргізу, энергетиканы, инфрақұрылымды, транспортты, байланысты дамыту алға шығып отыр. Мемлекеттік маңызы бар бұл стратегиялық бағыттарды орындауда ғалымдардың қосар үлесі аз емес. Жақында біз дәл осы басым бағыттар бойынша ғылыми-техникалық жобалар конкурсына тапсырыстар қабылдадық. Ғылыми мекемелерден, жоғары оқу орындарынан, жекелеген ғалымдардан барлығы 600-дан астам тапсырыс түсті. Мұның аса маңызды жобалар мен жұмыстарды таңдап алуға мол мүмкіндік берері сөзсіз. Біз іргелі зерттеулер бағдарламаларын орындау саласының мониторингін жүзеге асыруды қалыптастыру үстіндеміз. Іргелі зерттеулер бойынша арнайы комиссия құрылды. Олардың ұсынымдарын қаржыландыру қолға алынды. Оған мысал, 2001жылға арналған бюджеттен іргелі және қолданбалы зерттеулерге 1865,5 миллион теңге артық бөлініп отыр. Соның 24 пайызы бірінші тоқсанға тиесілі.
Оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының күш-жігерін біріктіру - тек қана механикалық біріктіру емес, бұл ғылымнан білім алу қағидасын іске асыруға мүмкіндік береді.
Елбасы аталмыш құрылтайда бүкіл білім беру жүйесін реформалаудың белсенді күрескері ұстаздар қауымы, деп атап айтты. Бұл үлкен сенім, үлкен баға десек, артық айтқандық бола қоймас. Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналар барлық іс шаралар, әсіресе, ауылдарда ұстаздар қауымының жетекшілігімен немесе қатысуымен өтеді. Ендеше, мұғалім беделі төмен деген сөзбен келісе беруге болмайтын секілді.
2001 жылдың бірінші қаңтарынан бастап бюджеттік мекемелер қызыметкерлерінің ең төменгі жалақысы 2680 теңгеден 3484 теңгеге көтерілді. Алайда, жаңа «Еңбек туралы» заңға сәйкес аймақтық коэффициенттердің жоюлуына орай мұғалімдердің ең төменгі айлығы әр аймақта әртүрлі. Мәселен, 15 пайыз коэффициент төленіп келген аймақтарда ең төменгі жалақы 2,8, ал коэффициент төленбейтін аймақта 17-18 пайызға өсті. Мұғалімдердің жалақысын алдағы уақытта өсіру мәселесін Елбасының тапсырмасына орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп қарастырудамыз.
Оқулық туралы барлық бастауыш сыныптар жаңа буын оқулықтары бойынша білім алуда. 5-9 сыныптарға арналған оқулықтар 77 тірек мектептерінде сынақтан өтуде. Бұл оқулықтар да біртіндеп оқытыла бастайды. Ал 10-11 сыныптар үшін оқулықтар жазылу үстінде. Оқулықтардың сапасы жайлы әр алуан пікірлерден хабардармыз. Болашақта ол ескеріледі. Сынақ оқулықтарын көп талқысына ұсынуда соның бір оңды көрінісі.
2000-2005 жж. еліміздегі білім және ғылым объектілерін жекешелендіру тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 555 қаулысымен мақұлдаған. Онда жекешелендірудің негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалған. Тұжырымдаманы орындау кезеңдері белгіленген. Іргелі зерттеулер жүргізетін ғылыми ұйымдар жекешелендіруге жатпайды. 2000-2001 жж. 11 жоғары оқу орны жекешелендіруге тиісті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына байланысты мектептерге жалпы ғылыми-әдістемелік басшылықты, олардың ведомстоволық бағыныштылығына және меншік нысандарына қарамастан, министрлік жүзеге асырады. Аталған заңда әр атқарушы органының құзыреті анық айқындалған. Министрліктің ең басты құзыреті білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және нормативтік-құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, бюджет және қаржы тәртібінің ел заңдарына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасайды.
Білім беру саласында бүгінгі жүргізіліп отырған реформалардың нәтижелі болуы, білім деңгейінің әлемдік стандарттарына сай келуі ең алдымен білгір де білікті ұстаздар қызметіне тікелей байланысты. Орыс, аралас тілде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мұғалімдерінің сапалық құрамы талапқа сай келмейтіні рас. Бұл мәселе министрліктің бақылауына алынып, оны жақсарту жолында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Базистік оқу жоспарларына қазақ тілін оқытуға қатысты өзгерістер енгізілді. Осы таяу күндерде ғана әлемге кеңінен тараған TOEFL үлгісінде қазақ тілінен білім тексеру тесттерінің жүйесін жасау жөнінде шешім қабылданып, бұйрық шығарылды. Ең үлкен проблема – кадр мәселесі. Алғашқы жылдары кадр мүлдем тапшы болғадықтан облыстық, қалалық білім басқармалары оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында маман емес көптеген адамдарды мұғалімдікке қабылдаған. Тіпті, арнайы білімі жоқ адамдар қазақ тілін біледі деген желеумен жұмысқа тартылған. Қазір маман емес мұғалімдерді білікті кадрмен алмастыру жөнінде тиісті орындарға тапсырмалар беріліп, арнаулы мамандығы жоқ қазақ тілі мұғалімдерін қайта даярлау қолға алынды. Елордадағы маман емес қазақ тілі мұғалімдері 68,9-дан 40 пайызға төмендеді. Мұндай мұғалімдер республика бойынша Елорда мектептерінде көп болып отыр. Облыстық, калалық білім басқармаларына қазақ тілі мұғалімдерінің аттестациясын өткізу жөнінде ұсыныс жасалды. әрине, ол аттестация министрлік бекіткен ережеге сай жүргізілуі керек.
Білім сапасына көңіл толмаудан болашақта ел тұтқасын ұстайтын ұрпақ тағдырына алаңдаудан, заң талабына салқы қараудан, заңдылықты сақтамаудан туындаған нәрсе. Ресейлік жоғарғы оқу орындары біздің елімізден 63 филиал ашты. Мұндай нәрсе өзімізде де аз емес. Егер мемлекеттік аккредитация туралы бап заңға енсе, онда сол аккредитациядан өткен оқу орындары қалады да, өтпегендері өзінен өзі жабылады. Жалпы, мемлекет болған жерде, қай сала болмасын бір жүйеге тоқтау керек. Бұл ұрпақ тағдырына тікелей қатысты, білімге аса қажет. «Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы» (А.Байтұрсынұлы) дегендей, біздің алдымызға қойып отырған заман талабы ертеңгі ел болашағы, бүгінгі аға ұрпақтың ісін ілгері жалғайтын білімді де білікті ұрпақты қалыптастыру болып тұр. Осыны түсініп, соған сай жұмыс жасау әр адамның парызы.


1.2 ҚР Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетің бюджеттік бағдарламалар жоспары мен мақсаты
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық рәсімдер мемлекеттік мекемелер өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын және қолданылып жүрген заң актілеріне сәйкес бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттерге атқаруға баңытталған іс әрекеттер.
Бюджетті атқару жөніндегі қаржылық рәсімдер сол сияқты бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес алдағы қаржы жылыны бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарының және тисті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті бюджет қаржыландыру жиынтық жоспарының атқарылуына қолданылады.
Қазқстан Республикасының Қаржы министрлігі мен оны аумақтық бөлімшелерінің бюджеттің атқарылу прцесіндегі іс- әрекеттер, сондай - ақ мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп жүргізү және республикалық және жергілікті бюджеттерді атқарылуы жөнінде есептілікті жасау тәртібі Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен анықталады.
Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі:
• кірістердің, алынған ресми трансферттердің көлемдерін,республикалық бюджеттен берілген несиелердің қайтарылуын, бюджеттің шығындарын,несиелері мен тапшылығын республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыруды;
• функционалдық топтар, ішкі функциялар, республикалық бюджеттік бағдарламалар, бағдарламалар және кіші бағдарламалар әкімшілері бойынша республикалық бюджеттің шекті шығыстарының тізбесін;
• республикалық ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және кіші бағдарламалар, дамытудың бюджеттік бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін;
• республикалық инвестициялық жобалардың тізбесін;
мемлекеттік мекемелерге республикалық бюджет туралы заңды іске асыру жөніндегі тапсырмаларды қамтиды.
Бюджетті атқару үшін қаржыландырудың мынадай түрлері жасалады:
• мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері және төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жоспарлары;
• бюджеттік бағдарламалар әкімшелерінің міндеттемелері және төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары;
• қаржыландырудың жиынтық жоспары.
Мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарлары және мемлекеттік мекеменің төлемдері бойынша бюджетті атқару жөніндегі мемлекеттік мекеменің негізгі құжаттары болып табылады.
Мемлекеттік мекеме міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын:
республикалық немесе жергілікті бюджеттерді бекіту немесе нақтылау кезінде болған өзгерістерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімінде ұсынылған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар есептемесінің, сондай ақ Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңын іске асыру туралы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар актілерінің және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімнің;
бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламалары бойынша іс шараларды іске асыру мерзімдері, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды жүргізу, тауарларды берушілермен шарттар жасасу сияқты бюджеттік бағдарламалар паспорттарының көрсеткіштерін, сандық көрсеткіштерді ескере отырып;
бюджеттік бағдарламалардың нормативтік құқықтық негіздеріне сәйкес;
мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың актілерінде және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы маслихаттың шешімдерінде берілген тапсырмаларды іске асыруына байланысты нормативтік құқықтық актілерге сәйкес;
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес;
шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес әзірлейді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің міндеттемелері және төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың актілерімен бекітілген бюджеттік бағдарламалар және кіші бағдарламалар бойынша сомаға сәйкес келуі тиіс. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері және төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары қаржыландырудың кешен жиынтық жоспарын қалыптастыру үшін.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі