Есеп және аудит | Қаржы шаруашылық есебін жүргізу

   Есеп және аудит | Қаржы шаруашылық есебін жүргізу

Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдьқ өндірістің дамуын экономикальқ тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - хальқ шаруашылығының барльқ салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар өсіп, міндеттер артуда. Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасьндағы экономикальқ және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат альш отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өңдірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру прннциптеріне негізделуі тиіс.
Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің үшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикальқ өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.
Еліміздің жағдайын жақсарту, экономиалық дағдарыстан шығу мемекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке койылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" атты стратегиялык. бағдарламасьнда "Еліміздің экономикалық саясатыньң бірден-бір басымды бағыты — шағын және орта бизнесті дамыту" - деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырғыш күш деп білу қажет.
Сонымен қатар қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірібиесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады.
Нарық қатынастары жағдайында шаруашыльқ жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы "Бухгалтерлік есеп туралы", "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есептің 6 бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы және Кіріс министрліктерінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашыльқ жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдык, бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
1995 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлік есеп туралы" Заң күші бар №2732 Жарлығы қабылдаңды. Бұл заң жарық көргеннен бері оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы заңға сәйкес 1996 жылдың 18 қарашасында қаржы шар-уашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспары бекітіліп, 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субъектілері жаңа бухгалгерлік есеп стандарты бойьнша өз жұмыстарын жүргізе бастады. Қазақстан республикасында қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі экономиканы көтеруге, оны ішкі және сыртқы инвесторлар үшін неғұрлым тиімді етіп құруға мүмкіндік береді.
1 ҰЙЫМДАРДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕРДІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ

1.1 Материалдық емес активтер және негізгі құралдар есебі
1.1.1 Материалдық емес активтер есебі

Шаруашылық субьктілерінде материалдық емес активтердің есебі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің 28 стандартына сәйкес және субьектілердегі қаржы- шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі бас шоттар жоспарындағы (осыдан кейін «шоттар жоспары» деп аталады) «Айналымнан тыс активтер» - деп аталатын бөлімнің 10 бас шотының төмендегі бөлімше шоттарында жүргізіледі.
Шаруашылық субьектілерінде обьектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.
Жалпы материалдық емес активтер деп белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға құнға бағаланатын болғандықтан субьектілерге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Материалдық емес активтердің қатарына шаруашылық субьектілердің сатып алған патенттері, лицензиялық сауда маркалары және тауар белгілері, жер қойнауы мен электронды есептеуіш машиналары және өндіріс жағдайындағы хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл яғни форма бағасы, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру шығындары және тағы да басқалары жатады.
Материалдық емес активтер шаруашылық субьектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:
- Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
- Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
- Басқа шаруашылық субъектілерінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларыньң қосындысы бойынша бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы кұнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген "Ноу-Хау" -деген ұғымды келтіруге болады.
Материалдық емес активтердің аналитикалық (талдамалық) есебі олардың әр қайсысына жеке ашылған инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.
Материалдық емес активтер есептен шығарылғанда олардың баланстық (қалдық) құнына 841-"Материалдык емес активтерді сату бойынша шығындар" - шоты дебеттеліп, 10-"Материалдық емес активтер" - деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді. Ал оларға есептелінген жинақталған тозу сомасы 11-"Материалдық емес активтердің тозуы" - деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 10-"Материалдық емес активтер" деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады.
Егер шаруашылық субъектілері өз меншігіндегі, яғни иелігіндегі материалдық емес активтерін сатқан жағдайда одан алынатын табыстарын 4-"Ақша қаражаттары" немесе 3-"Материалдық "Дебиторлық борыштар мен басқадай активтер" бөлімдері шоттарының тиістілер дебетіне, 721-"Материалдық емес активтерді сатудан алынатын табыс" шотының кредитіне жазылды.
Материалдық емес активтердің тозуы.
Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтер өздерінің пайдаланылуы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни субъектіде пайдаланылған уақыт аралығында пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда шаруашылық субъектісі табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы субъектінің зияны болып табылады.
Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын, яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептеліп тұрады. Аморти-зациялық аударым (өтелім) мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардьщ пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі субъектінің қызмет атқаратын уақытынан аспауы Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым (өтелш) он жылға есептелінеді. Бірақ ол субъектінің қызмет атқару уақытынан (мерзімінен) аспауы керек.


1.1.2 Негізгі құралдар есебі


Жалпы негізгі кұралдар - деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбеқ құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъеқтіле-рінде негізгі құралдардың есебі.
Негізгі корлар (кұрал-жабдыктардың) есебі - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
Негізгі кұралдарға - қозғалмайтьш мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құ¬ралдары, есептеуіш машиналар мен техниқалары және олар¬дың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар. Өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс құралдары, қөп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қа¬тарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машина¬лар, күрделі құрылыс құрамыңда есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар жатпайды.Барлық "негізгі құралдар" өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі кұралдар - деп өндірісте қызмет ететін, яғни енім өндіру орындарында пайдаланылатын не¬гізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылық-тын. өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздан-дыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, та¬сымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтіқ сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми қөмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
"Негізгі кұралдарды" халық шаруашылығының салала¬рына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашьшықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?