Есеп және аудит | Еңбек ақы есебі мен талдауы

 Есеп және аудит | Еңбек ақы есебі мен талдауы

Мазмұны


КІРІСПЕ…………………………………………………………………………

1. ЕҢБЕК АҚЫ – БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ…………………………………………………………………
1.1 Еңбек ақының мәні мен ерекшеліктері………………………………….
1.2. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы..........
1.3.Кәсіпорынның есеп саясаты……………………………………..

2. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБІ…………………………….
2.1. Еңбек ақы есептеудің түрлері мен жүйелері............................................
2.2 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытының есебі.........................
2.3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі...............................................................................
2.4 Қызметкерлерге есептелген еңбек ақыдан ұсталымдар мен аударымдар есебі…………………………………………………….

3. ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТАЛДАУЫ...........................................................................................
3.1. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің
мақсаттары мен ақпараттық көздері...................................................................
3.2 Еңбек ақының дұрыс есептелуі және олардан ұсталатын ұсталымдар мен аударымдардың аудиті............................................
3.3 Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау....................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................

Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіруде. Сондай-ақ 2005 жылдың 24-маусымында Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы күшіне енді. Осы негізде әлеуметтік күрделі мәселелерді шешу бүгінге күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе соңғы жылдары экономика ілімінде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты. Сонымен қатар еңбек ақы және еңбек ақы қатынастарын реттеудің бұрын қолданылып келген әкімшілік әдістері заман талабына сай келмей қалды. Сондықтан да бұл саланы түбегейлі реформалау яғни еңбек қатынастарын реттеудің нарықтық әдістеріне көшу күн тәртібіне қойылды.
Бүгінгі қазақстандық жұмысшылардың жиынтық табысының көп бөлігін осы еңбек ақы құрайды, ал жалақыдан тыс табыс түрлері соңғы жылдары біртіндеп көбейіп келе жатқанымен олардың жалпы табыс көлеміндегі алатын үлесі аз. Республикамыздағы еңбек қатынастары 2000 жылға дейін 1972 жылы қабылданған Кеңестік «Еңбек туралы» Заң кодексімен келді. Тек 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» жаңа заңы күшіне енді. Бұл заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық куәлігін іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.
Диплом жұмысының тақырыбы «Еңбек ақы есебі мен талдауы» және зерттеу объектісі ретінде «Фирма СТАЛЬ С.» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алынды.
Еңбек ақы төлеу мәселесі тек экономикалық қана емес сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Сондықтан да бұл дипломдық жұмыс тақырыбының актуальдылығы артуда.
Диплом жұмысының мақсаты – зерттеу объектісі ретінде алынған еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады. Қандай да бір ұйымдар болмасын бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып еңбек ақы болып саналады, яғни барлық ұйымдарда міндетті түрде еңбек ақы есептелінеді.
Менің дипломдық жұмысқа « Еңбек ақы есебі мен талдауы » тақырыбын таңдап алу себебім, өйткені бүгінгі таңда еңбек ақы мәселесі әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар жеке адамдардың да күрделі мәселелердің бірі.
Жалпы еңбек ақы мөлшері жұмыскерлердің тек физиологиялық қажеттіліктерін ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен бірге оның кәсіптік білім алуына жан-ұясын асырауына адамның басқа да көптеген әлеуметтік мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет. Ал еңбек ақының ең төменгі деңгейі жұмысшы қызметкерлердің жай ұдайы өндіруін қамтамасыз етуі, яғни жұмыс күшін қалпына келтіруге жететіндей болуы керек.
Сондықтан да дипломдық жұмыстың басты мақсаты «Фирма СТАЛЬ С.» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (келесіде-ЖШС) материалдары негізінде ондағы жұмыскерлермен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысу есебінің дұрыс жүргізілуін және ұйымдастырылуын сондай-ақ аудиторлық тексеру жүргізуді теориялық тұрғыдан зерттеу болып табылады.
Еңбек қатынастары келесі ұйымдық-құқықтық негіздерге сүйеніп: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының ”Қазақстан Республикасы еңбек туралы” Заңына сәйкес жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ ұйымдар «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы» ҚР 1995 жылғы 19 маусымдағы №2335 Заңына және “Акционерлік қоғамдар мен еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен ұйымдастыру шаралары туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысы (өзгерістер мен толықтырулармен) негізіне сәйкес және ұйым өз жарғысын басшылыққа алады.
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” заңының талаптарына сәйкес Кәсіпорынның басшылары өз қажеттеріне сай келетін есепке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді үйымдастыруды қамтамасыз етеді. Еңбекақы төлеуді әркімнің қоғамдық өндіріске сіңірген еңбектерінің санына және сапасына сәйкес дұрыс ұйымдастыру үшін қолданылатын еңбек сипаттарын дұрыс анықтай білген жөн. Өндіріс процессінде атқаруға тиісті жұмыстардың өзі күрделілігі жағынан әр қилы. Сондықтан оларды атқаруға тиісті еңбектерді жай жұмыс және күрделі жұмыс деп бөлінеді. Сондықтан еңбекақы төлеудің жүйелері әрбір кәсіпорынның және оның салаларының ерекшеліктерін толық ескеру негізінде қолданған жөн.
Берілген жұмыстың объектісі болып ұйымдарда қызмет жасайтын қызметкерлердің, жұмысшылардың еңбекақысы, ал субъектісі ретінде жұмыс күшін жалдайтын шаруашылық кәсіпорындар болып табылады. Сондықтан да қазіргі таңда бұл тақырыптың актуальдылығы артып отыр.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу мен оның аудитін теориялық жағынан және тәжірибелік мәліметтер негізінде оның толық сұрақтарын қарастырады.

1. ЕҢБЕК АҚЫ – БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ

1.1 Еңбек ақының мәні мен ерекшеліктері

Қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдерінің тәжірибесі нақтылы экономиканың тепе-теңдігін қамтамасыз етуде және оны ұтымды пайдалануда экономикалық әдістің тиімді екендігін дәлелдеп отыр. Халық шаруашылығының барлық салаларын алып қарастырсақ та еңбекақы негізгі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Кез келген еңбектің тиімділігі белгілі бір операцияны орындау мерзіміне, жұмыс сапасына тағы басқа факторларға байланысты ауытқып отырады. Қоғам мүшелері арасында материалдық игіліктерді бөлу, оның еңбекке қарай бөлудің объективтік экономикалық заңы негізінде жүргізіледі.
Қызметкерлердің еңбекақысы алынған нақты өніммен тығыз байланысты болуын қамтамасыз ететін еңбек ақы төлеу жүйесі бұл заңға неғұрлым сай келеді. Еңбек адам мен табиғат арасында мақсаткерлікпен жасалатын тоқтаусыз процесс. Сонымен қатар әрбір тіршілік иесінің табиғат берген күш жігері, табиғатты өзгерту арқылы қоғамның және жеке тұлғалардың қажетін өтеуге жұмсалатын процесс. Әрбір тарихи кезеңнің еңбек процесінің қоғамдық дамуы мен өз әдіс-тәсілдері қалыптасуына материалдық негіз қаланған.
Жалпы еңбек ақының мәні мен ерекшеліктерін ашып көрсететін болсақ бұған байланысты экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар: біріншіден, еңбек ақы еңбектің бағасы яғни еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді, оның дәрежесі мен динамикасы нарықтық факторлар – сұраныс пен ұсыныспен анықталады; екіншіден, еңбек ақы жұмыс күші яғни тауардың құнының ақшалай көрінісі бірақ еңбектің бағасы емес өйткені еңбек тауар бола алмайды, еңбек ақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), нарықтық факторлар сұраныс, ұсыныспенде анықталады. Еңбек ақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының классиктері А.Смит пен Д.Рикардоның теорияларында негізделген. Осы терияға байланысты еңбек ақының ерекшеліктерін былай көрсетеміз: еңбек табиғи бағасы бар немесе “табиғи жалақы” деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. Яғни еңбек ақы тарихи және рухани элементтерді қамтиды, осыған байланысты А. Смит еңбек ақы мөлшерінің ұлттық ерекшелігі болатынын түсіндіреді. Қазіргі батыстық экономика ғылымында еңбек ақыны еңбектің бағасы деген көзқарас кең орын алуда. Өйткені экономикалық теорияда еңбек ақының анықтамасы мен мәніне әртүрлі тұжырымдамалар беріледі. Еңбек ақы дегеніміз – бұл нарықтық бағаның маңызды категориясы, өйткені ол еңбектің бағасы.
Жалпы еңбек және оған еңбекақы төлеу қай кезде болмасын күрделі мәселе. Өйткені еңбекақы мөлшері әрбір еңбекшінің тағдыры. Мысалға, Интерфакс, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің деректеріне қарасақ ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы мөлшері төмендегідей: (2005-2006ж.ж.). 1-ші сүретте ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы көрсетілген.
Сүрет 1. ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы. (АҚШ долларымен)
ТМД елдерінің салыстырмалы диаграммасы
Қазақстандағы орташа айлық жалақы графиктегі 9 елдің ең жоғарғысы. Әрине, бұл цифрлар еліміздің күн көріс жағдайы біршама жоғары екендігін көрсетеді. Мұнда ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы көрсеткіштері АҚШ долларына шағып алынған.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттен қаржыландыратын мекемелер қызметкерлерінің жалақысын 2006 жылы шілдеде 30% өсіруді қабылдады. Тұтыну бағасының өсу темпі еңбекақы темпінің өсуіне байланысты өсіп отыр. Нәтижесінде нақты еңбекақының базалық индексі, сатып алу қабілеттілігі нақты оның деңгейімен сипатталатын деңгейден төмен. Мысалға егер 2006 жылы Республикада өнеркәсіптегі жұмысшылардың нақты орташа жалақысы 120% өссе, онда осы мерзімдегі нақты еңбекақы индексі 102,2%-ке ғана көтерілді. Өнеркәсіптің машина жасау, электроэнергетика, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл, орман немесе тамақтандыру өнеркәсіп салаларында ол бірліктен төмен болып отыр. Осы кезеңде тауарларға және қызмет көрсетілуде тұтыну бағасының индексі 117,4%-ке дейін өскен. Мысалы тұтынушылар үшін ақылы қызмет көрсету өрісінде баға және тарифтер 38,8%-ке ғана өсіп отыр, сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі жасқа күтіп қарау мекемелерінің төлемі 42%, байланыс қызметтері 46%, көліктік тұтынушыларды, денсаулық сақтауда және мәдениетте 18%. Нәтижесінде үй коммуналдық реформа жүргізуде электр энергиясын қолдану төлемі 60,5%, суық су 48,9%, ыстық су 42,1%, көгілдір отын 28,4%-ті қамтиды және т.б. Ендігі үш бөлігі пәтердің міндетті тұрғын үй коммуналдық төлемінің шығыны 26,5%-ке жетіп отыр. Бұның бәрі нақты жағдайда болуда, егер орташа бір адамның айлық ақшалай табысы, еңбек табысының құрамында 70% яғни 2848 теңгеге теңесті немесе 37,7$, төменгі орташа айлық күн көріс мөлшері, тұтыну деңгейінің төменгі мөлшерінен есептеп алынған – 3505 теңгені құрайды (46,4$). Еңбекақының ең төменгі нақты мөлшері 2005 жылға 7000 теңге, зейнетақы – 6200 тенгені құрап, өндірістегі жұмысшылардың орташа айлық нақты мөлшерінен 6,2 рет және Республиканың бір адамға шаққандағы күнкөрістің төменгі мөлшерінен 39,9% төмен. (Баспасөз материалдарынан алынды). Кез-келген мемлекеттің ішінде әрқилы мамандықтағы қызметкерлердің жалақысы әртүрлі болып, экономика жағдайына байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Өйткені еңбек ақының динамикасы күрделі, ол тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің баға динамикасымен байланысты бірде жоғары, бірде төмен өзгерісте болады. Еңбек ақы табыстың көзі әрі тұрмыс дәрежесінің көрсеткіші болғандықтан, оның мөлшері мен динамикасы адамдардың ең бір мүдделі мәселесі болып табылады.
Еңбек ақы өндіріс жағдайымен нарықтық конъюнктураға тәуелді. Еңбек ақы дәрежесіндегі ерекшеліктер алдымен өндіріс мөлшерінде анықталады. Экономикасы дамыған елдердегі жоғары еңбек ақы өндіріс пен еңбек өнімділігі саласындағы жетістіктерге байланысты. Еңбек ақының мөлшері мен динамикасына ықпал ететін маңызды факторларға табиғи ресурстар, қолдағы капитал, жұмыс күштерінің саны мен сапасы, техника мен технология дәрежесі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру жатады.

1.2. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы

Кәсіпорынның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі көрсеткіштер қолданылады. Олар Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, деңгейін жан-жақты анықтап беруге көмектеседі.
Нарықтық қатынастарға көшу арқылы кез-келген қызметтің жауапкершілігі күшейіп келеді. Осыған байланысты әр кәсіпкер немесе ұйымдар өзінің қолында бар мүмкіншіліктерін ұтымды пайдалану арқылы табысты молайту жолдарын іздеуде. Бұл ізгі ниетке жету үшін тек мақсат қою аз. Ендігі жерде олар қандай мәселе болсада экономикалық тұрғыдан болжап отыруды есептеуді және бағалауды керек етеді. Яғни әркімге экономикалық білім, оның ішінде есеп қажет.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшірді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.
Жалпы Кәсіпорынның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?