Дүниетану | Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға баулу
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................3
1. Табиғаттанудан сабақ беру әдістемесінің пәнi және міндеттері........................................................................................................5
2. Оқушылардың табиғаттану түсiнiктерi мен ұғымдарын қалыптастыру және дамыту....................................................................................................8
3. Экологиялық тәрбие көзі…………………………………………………15
Қорытынды..................................................................................................22
Қолданылған әдебиет тізімі.......................................................................
КІРІСПЕ
Ерте заманнан-ақ адам өзiн қоршаған дүниенiң заңдылықтарын және өзiн-өзi, өзiнiң табиғатқа, басқа адамдарға қатынасын танып, бiлуге тырысты. Адам өмiрi табиғат аясында өтетiндiктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, iшкi сырын бiлудi ғасырлар бойы арман еткен. Тiпті қоршаған ортаның, табиғаттың сұлу да, әсем көрiнiсi жас нәрестенi де ерiксiз өзiне баулап тандандыра, қызықтыра бiлген. Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткiншектi туған елiнің табиғат әлемiне ендiріп, оның сан - алуан сырларын ұғындыру, таныстыру мәселесi ерте заманның өзiнде-ақ ұлағатты тәлiмгерлер назарында болған. Оған дәлел сонау ертеден-ақ табиғаттың бала жанына тигiзетін әсерiн атақты ойшылдар, философ ғалымдар, әдiскерлер көрiп, байқап, оны iске асыру жолдарын ұсынған.
Оның мөлдiр бастауы ежелгi Греция философиясының биiк шындарының бiрi - ұлы ғұлама Аристотель.
Аристотель адам ақыл-ойдың арқасында қоршаған ортаны, табиғатты жалпы танып бiле алады.·Бiрақ жалпыны түсiну үшiн алдымен жалқыны танып бiлуi керек. Себебi, бiздiң сезiм мүшелерімiзге жалқы заттар әлемi әсер етедi де, бiз оларды танымның әртүрлi сатылары арқылы танып бiле аламыз. Сезiмдiк танымның бiрiншi сатысында адамдар жануарлар сияқты, сезiмдiк түйсiктерiмiзге әсер ететiн заттар туралы алгашқы мағлұматтар аламыз. Екiншi сатысында тәжiрибелік таным да, сезiмдiк түйсiктерiмiздің қайталанған құбылыстарын есте сақтап қалу арқасында оларды танып бiлуiмiзге мүмкiндiк туады. Танымның үшiншi сатысы - “өнер”, практикаға негiзделген танымның екiншi сатысы. Бұл сатыда адамдар жеке заттарды танып қана қоймайды, одан гөрi теренiрек түсiл, кейбiр заттарға тән ортақ қасиеттер мен себептерiн де танып бiледi деп түйсе, Платонның iлiмi бойынша табиғатты танып бiлу негiзгi мақсат·. Табиғаттың қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын тану барысында ғана адамның тәжiрибесi, дүниетанымы кеңейедi дейдi. Платонның таным теориясы негiзiнен үш қағидадан тұрады:
1) адамда “туа бiткен идеялардың» болуы мүмкiн емес, себебi идеялардың өзi тәжiрибе арқылы пайда болады.
2) адамның дүниеге келген кездегi ақыл-ойы ештеме жазылмаған таза тақта немесе «ак кағаз» сияқты, ол тек тәжiрибе арқылы мазмұнға толады.
2) ақыл-ойда тек сезiмдiк түйсiктер арқылы қабылдаған мәлiметтерден басқа ешнәрсе жоқ, себебi дүниеге шығатын терең түйсiк – таным.
Шығыстың екiнші ұстазы атанған ұлы ойшыл, табиғат зерттеушiсi кемеңгер тәлiмгер Әбунәсiр Әл-Фарабидiң еңбектерiнің негiзгi кезi - табиғат, адам, қоғам. Таным теориясында Фараби дүниенi тану құралы ретiнде ғылымға зор маңыз бердi. Ғылым негiзгi үш түрi басшылыққа алуы тиiс: нақты тақырып, дұрыс дерек және дәлелдеме. Ғылымның үш кезi бар: сезiм мүшелерi, интеллект (ақыл-ой), адамның ойлау қабiлетi және ой қорыту. Алдыңғы екеуi арқылы адам дүниенi тiкелей таниды, ал ой қорыту заттар негiзiн, мәнiн қамтиды. Нағыз ғылым ой қорыту негiзiнде құрылады деп түйедi.
Табиғат тек байлық көзi, адам баласы қызығының сарқылмас қазынасы ғана емес, көркемдiк сұлулықтың әлемi - таным негiзi. Табиғаттың ғажай¬ып құбылыстарымен таныстыру арқылы жас жеткiншектердi жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейiнiң, ойын, тiлiн дамытуға, дуниетанымын кеңейтуге болады. Бұған дәлел сонау ерте заманның өзiнде-ақ сондай көрегендiлiкпен табиғатты тәрбие құралы деп қараған ойшыл, г-ғұламалардың философиялық пiкiрлерi болмақ. Осылайша бала тәрбиесiмен, оған бiлiм беру жолдарымен айналысқан ұлы тәлiмгерлердiң, педагогтардың қай-қайсысы болмасын ақыл-ойдың, тiлдiң дамуындағы табиғаттың алатын орның ерекше жоғары бағалаған. Философиялық ой - пiкiрлер әрбiр ғылымның бастауы, атасы екенiн ескерсек, табиғат тек таным құралы ғана емес, тәрбие көзi екендiгiнде ешкiм күмән тудырмайды. Себебi, дүниеге келген бала қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды көру, сезу, байқай отырып, оның танымдық әрекеттерi дамиды. Демек, табиғаттың бала өмiрiнде алатын орны ерекше, баланы табиғаттың асыл аясында өсiру әрбiр педагогтың мiндетi.
1. Табиғаттанудан сабақ беру әдістемесінің пәнi және міндеттері.
«Жалпы білім беретін мектептердегі оқыту мазмұнының тұжырымдамасына» сәйкес Қазақстан мектептері XXI ғасырға жаңа оқу жоспарларымен, жаңа бағдарламалармен енгелі отыр. Оқулықтар мен оқу құралдары да түбегейлі өзгеріп, кейбір жаңа пәндер енгізілді. Оқу жоспарындағы сондай жаңа пәндердің бірі – бастауыш мектептің 1 – сыныптарында өтілетін «Дүниетану» пәні.
Бұрыңғы «Айналамен танысу» мен «Табиғаттанудың» орнына еңгізілген бұл пән оқушылардың айнала қоршаған дүние туралы біртұтас түсінігін қалыптастыру міндетін атқарады.
Сонымен қатар, 1 сыныптың өзiнде-ақ балалар экскурсияларда айналадағы табиғат құбылыстарымен танысады, табиғаттың кейбiр объектiлерiн бақылайды, өздерiнiң бақылағандарын “Бақылау күнделiгiне” жазады.
Табиғатпен танысу оқу және тiл дамыту сабақтарында жалғаса түседi· 0л сабақтарда оқушылар табиғаттануға байланысты шағын әңгiмелер мен мақалаларды оқиды.
Бастауыш сыныптарда оқушылар бақылау жүргiзудi және өз бақылауларын тiркеудi оңан әрi жалғастырады. Бақылаулар кенейедi, әрi тереңдей түседi. Балалар мұғалiмнiң басшылырымен бақы¬лау жүргiзiп қана қоймайды, сонымен бiрге оларды жинақтайды, табиғат құбылыстарының қарапайым байланыстарын және өзара тәуелдiлiгін анықтайды, тiрi табиғат пен өлi табиғаттың арасындағы өзара байланыстарды анықтайды. Мысалы, 2 сыныпта бала¬лар күзде ауа температурасының төмендейтiнiң ағаш жапырақтарының түсi өзгеретi жапырақ түсе бастайтынын көредi. Бұл фактiлердi балалар өзара байланыста қабылдауы керек. 0лар табиғатта өздерi бақылаған құбылыстардың себептi байланыстарын түсiнетiн болуы керек. Табиғатты материалистiк түсiнудiң негiздерi осылай қаланады, сонын, нәтижесiнде балаларда атеистiк сенiмдердiң бастамалары қалыптасады.
Оқушылармен бiрге айналадагғы табиғатты зерттеу арқылы олардың табиғатқа сүйiспеншiлiгiн және оны қорғауға ықыласын тудыра отырып, мұғалiм төменгi сынып оқушыларын 0таның, өз елiн сүюге тәрбиелейдi. Оқушылар өздерi тұрған жердiң табиғат ерекшелiктерiмен, Кеңес Одағының әр түрлi аудандарындағы табиғат айырмашылықтарымен таныса отырып, бұл айырмашылықтардың себептерiн анықтайды. Мұғалiм осылай балалардың кеңiстiк жайлы түсiнiктерiн қалыптастырады да, оларды жоспар, карта және глобуспен жұмыс iстеу арқылы бекiтедi.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынастарымен, табиғатты халықтың шаруашылығына пайдалануымен, село халқы мен қала халқының маусымдық еңбегiмен танысу оқушыларды еңбектi және еңбек адамдарын сыйлау рухында тәрбиелеуге көмектеседi. Бұл өз кезегiнде балаларды әлi келетiн қоғамдық пайдалы еңбеккс және болашақ iс-әрекетiне психологиялық дайындауға негiз болып табылады.
Бастауыш сыныптарда табиғатты зерттеу мұғалiмге, балаларға эстетикалық тәрбие беру үшiн мол мүмкiндiк тудырады. 0л кез-келген экскурсия кезiнде орманның, даланың, шалғынның, күн батуының әсемдiгiне, құстардың әнiне, орманның шуылына т. с. с.· оқушылардың назарын аударып отыруы керек.
Бастауыш сыныптарда осымен бiрге термометрдi, бөлмені пайдалану, қарапайым тәжiрибелер жасау жөнiнен практикалық дағдылар қалыптастырылады.
Табиғаттануды оқып үйренуде табиғатты қорғау мәселелерi және осы маңызды iске балалардың тiкелей қатысуы жөнiндегi шаралар көрнектi орын алады. Басты мiндет - окушыларды табиғатты қорғау қажеттiгiн түсiнуге жеткiзу. Оқушыларға сквердегi, көшедегi, парктегi, мектеп маңы аланыңдағы жасыл егiстерге қамқорлық, жасауды, табиғат достары сақшыларын ұйымдастыруды ұсынуға болады. Бұл балаларды жасыл егiстерге ұқыпты және қамқорлықпен қарауға үйретеді.
Сонымен, бастауыш дүниетану сабақтарында табиғат құбылыстарын түсiнудiң жан-жақты негiздерiн қалап, балаларға айнала қоршаған әлемнiң қарапайым нақты заттары мен құбылыстары туралы нақтылы деректер беруi, жекелеген табиғат құбылыстарының арасындағы қарапайым байланыстарды және табиғат құбылыстарының өзгерушiлiк себептерiн қарапайым түрде түсiндiруi, адам табиғаттың күші мен байлығын қоғам мүддесiне қалап пайдаланатынын, табиғатты қорғау жөнiнде қалай жұмыс жургiзетiнiн айқын мысалдармен көрсетуi тиiс.
Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерекшелiктерiне және дайындықтарына сәйкес дүниетану курсының мазмұнын әр сынып бойынша талдау кiредi. Әдістеменің мiндетi - балаларга қурстың мазмұнын, хабарлау формаларын, әдiстерi мен тәсiлдерiн iрiктеу. Әдіс қандай болмасын материалдың мазмұнын оқушыларға қайткенде тәуiр әдiспен жеткiзу керек деген сұраққа жауап бередi.
Кез келген оқыту әдісі сияқты табиғаттану әдісі де дидактика принциптерiне, балалардың жаңа бiлiм игеруiнiн психологиялық заңдылықтарына, табиғаттану қурсының өткен сыныптардағы мазмұнына сүйенедi.
Дүниетанудан сабақ беру әдісі педагогикалық, ғылымдар циклiне жатады. Болашақ мұғалiм бастауыш сыныптардағы та¬биғаттану курсының мазмұнын, балаларды бұл күнге окытудың негiзгi формаларын, әдiстерiн және тәсiлдерiн айқын бiлуi керек.
Педагогикада оқытылатын жалпы дидактикалық принципптердiң сабақтың мақсатына, оқытылатын материалдың қөлемiне, ол оқушылардың даму ерекшелiктерiне байланысты тiкелей табиғаттану сабақтарында қалай пайдаланатынын ұғып алу қажет.
Болашақ мұғалiмдер бастауыш мектеп алдыңда ғылыми жаратылыстың бiлiм беру саласында тұрған мiндеттердi жүзеге асыра алатын болуi үшiн дүниетану бағдармаларын, оқулыктар мазмұның, олардың идеялары мен құрылу принциптерiн жақсы бiлуi қажет.
2. Оқушылардың табиғаттану түсiнiктерi мен ұғымдарын
қалыптастыру және дамыту
Балаларды, жалпы дамыту жөнiндегi жұмыс олардың сабақ үстiнде бiлiм мен дағдыларды жүйелi түрде игеру процесiнде және тапсырмаларын орындау кезiнде жүзеге асырылады. Балалардың оларды қоршаған әлем туралы бiлiмдерi жеке деректер жиынтығынан тұрмай, қайта белгiлi бiр жүйемен және бiрiздiлiкпен берiлуiнiң, олардың бастауыш сынып оқушылары үшiн түсiнiктi түрде ұғыңдырылуының маңызы өте зор.
Мысалы, 2 сыныпта мұғалiм балаларды жыл мезгiлдерiмен таныстыра отырып, бiрiншi кезекте олардың назарын жылдың бiр маусымының екiншi маусымымен ауысуының заңдылығы мен реттiлiгiне, мұндай ауысудың өсiмдiктер мен жануарлар тiршiлiгi, адам еңбегiндегi мәнiне аударады. Мұғалiм 3 сыныпта балалармен Қазақстанның жеке аудандарының табиғат айырмашылықтарын қарастырғанда, негiзгi көңiлдi бұл айырмашылықтардың күннiң көк-жиектен биiктiгi, күн жарығының ұзақтығы, өсiмдiктердiң өсiп-енуiне қажеттi жылы күндер саны т. б. сияқты қарапайым себептерiн анықтауға аударады. Бұл бiлiмдер табиғаттағы тiкелей бақылауларға, өз жерi туралы деректерге, оқулық материалдарына, мұғалiмнiң әңгiмелерiне, картиналармен танысуға, Қазақстанның басқа аудандарының табиғаты туралы түсiнiк беретiн кинофильмдер, телевизиялық хабарлар көруге негiзделеді.
Балалар сабақта өз бақылауларының мазмұнын хабарлап қана қоймайды, сонымен бiрге осы бақылаулардың негiзiнде кейбiр қорытындылар мен ой қорытулар да жасайды. 0лар бақылайтын объектiнi өздсрiне белгiлi басқа объеқтiлермен салыстырады.
Балалардың бұрын алған бiлiмдерi жаңа бақылауларымен өзара әрекеттеседi де, алынған бiлiм ескi бақылаулар мен жаңа бакылаулар негiзiнде тереңдей түседi.
Кез келген ғылым мен оқу пәнi логикалық бiрiздiлiкпен дамудың ұғымдар жүйесi болып табылады. Балаларға табиғаттануды оқытудағы мiндет - олардың түсiнiктерiн тудырып, ұғымдарын қалыптастыру жөнiндегi қүнделiктi, жүйелi жұмыс жүргiзуде.
Бұл жағдайда бiлiмдi игерудiн бiрiншi кезеңi жеке табиғат құбылыстарын немесе фактiлердi қабылдау болып табылады.
Егер балалар олардың алдына белгiлi бiр мiндеттер қою арқылы жаңаны қабылдауға даяр болса, игеру сапасы артады.
Балалардың қабылдау кезiндегi белсендiлiгi олардың алдына мұндай табиғат құбылысы нелiктен болады? 0ны қалай түсiндi деуге болады - деген нақтылы сұрақтар қою арқылы проблемалы жағдай тудыра алғанда ғана артады.
Проблемалық жағдай көбiнесе мұғалiмнiң табиғаттагы бақылаулар кезiнде, тәжiрибе немесе практикалық жұмыстар жүргiзгенде дұрыс қойылған сұрақтар мен тапсырмалардан туады. Қабылдау белсеңдiлiгiн арттырудың маңызды кезеңi - мұғалiмнің балалардың бұрынырақ алған бiлiмдерiн пайдалануы.
Мұғалiм жаңа материалды өткенде табиғаттың бұл құбылыс немесе заты туралы балалардың не бiлетiнiн мiндеттi түрде анықтауы керек.
Кiшi мектеп жасындағылар көпшiлiк жағдайда құбылысты тек сыртқы, көбiнесе мәнсiз белгiлерiн байқайды. Сондықтан бақылауларды ұйымдастыруда мұғалiмнiң алатын орны өте зор. Балаларды заттың немесе құбылыстың барынша маңызды мән белгiлерiн көре бiлуге үйрету керек. 0л үшiн ең алдымен оқушылардың белгiлi бiр нақтылы табиғат құбылысьн немесе объектiг бақылауларын ұйымдастыру керек. Балалар жүйелi жолы бiр бағыттағы бақылаулар жүргiзгенде объектiнiң немесе табиғи құбылысының жалпы және айқын белгiлерi ғана емес, сонымен бiрге жеке егжей-тегжейлерiн байқай бастайды. Бақылау жан жақтылы және мақсатты сипат алады. Балалар бiрте-бiрте объектiлердi салыстыруға, бақылаулар негiзiнде қорытындылар жасауға үйренедi.· Баланың жаңа затты немесе құбылысты көруге, бақылауға табиғи, туа бiткен талпынысы қабылдаудың бастапқы негiзiн құрайды.
Мұғалiмнен бақылауға тапсырма алғаннан кейiн балалар оны жүзеге асырады. Нәтижесiнде олардың санасында объектiнiң немесе табиғат құбылысының сыртқы түрi туралы алғашқы түсiнiк туады. Түсiнiк балалардың санасында көрнекi бейнелер түрiнде туады және нақтылы сипатта болады, бiрақ бұл бейнелеу қарапайым қабылдауға қарағанда бiршама жалпылама түрде болады.
Мұғалiм түсiнiктi тереңдету және кеңiту үшiң оқушылардың алдына заттың немесе құбылыстың негiзгi қасиеттерiн анықтайтын сұрақтар қояды. Мәселен, 2 сыныпта балалар күзде жапырақ түсуiн бақылайды да, мынадай сұрақтарға жауап бередi: Жапырақ түсу кезiнде қандай өзгерiстер болады? (Жапырактар сарғайып ағаштан түседi.), Жапырақтар қандай ағаштардан түседi? (Жапырақты ағаштардан түседi.), Мұғалiм жапырақ арқылы оларға тамырдан дiңдi бойдағы келетiн ылғал буланатынын түсiндiредi· Егер қыста ағаштардағы жапырақтар түспесе олар құрып кетедi, өйткенi жапырақтардағы су құрғап қалады. Ағаштарға жапырақтардың қажетi не? (Жапырақты ағаштар құрып кетпеу үшiн).
Нелiктен шырша мен қарағай қылқанын тастамайды? (Өйткенi қылқан арқылы су аз буланады.) соңында оқушылар жапырақ күзде түседi деген қорытынды жасайды. Бұл жапырақты ағаштардың қысқы суықтарға дайындығы.
3 сыныпта балалар экскурсия кезінде ең алдымен төбе туралы нактылы түсінік алады, жер бұл формасының негiзгi қаси¬еттерiн анықтайды, оның етегiмен тiк және жатық беткегiлерiмен, ұшар басымен танысады. Онан кейiн үшiншi сынып оқушылары дәрісханада мұғалiмнiң нұсқауымен қартиналардан төбелердiң әлденеше түрлерiн көредi, олардан табиғатта бақылаған бөлiктерiн табады, оқулықтағы мақаланы оқиды, соның нәтижесiнде олардың жалпы төбе туралы және оның белгiлерi туралы түсiнiктерi қалыптасады.
Сонымен, мұғалiм балаларды заттардан немесе құбылыстардан белгiлерi мен қасиеттерiн ажыратуға, сонан қейiн түсiнiктерiн кеңейту үшiн бiрнеше заттың немесе құбылыстың белгiлерi мен қасиеттерiн салыстырып, олардың ең маңызды ерекшелiктерiн анықтауға үйретуi керек, өз кезiнде К. Д. Ушинский «салыстыру кез келген ұғымның және кез келген ойлаудың негiзi болып табылады» деген болатын.
Мысалы, оқушылар қылқан жапырақты және жапырақты ағаштарды салыстырғанда бiрiншi кезекте олардың жалпы белгiлерiн: тамыры, дiнi, бұтақтары, жапырақтары бар екенiн атап етулерi керек. Олар содан кейiн, осы жалпы белгiлерiн салыстыра отырып, негiзгi айырмасы жапырақтарында екендiгi қылқан жапырақты ағаштардың жапырақтары қылқан түрiнде болатындығы жайлы қорытындыға қеледi.
Түсiнiктердi қалыптастырудағы маңызды қадам – балалардың заттың ең маңызды белгiлерiн айырабастауы болып табылады. Мәселен, олар барлық жапырақты ағаштардың жапырақтары, ал қылқан жапырақтылардың қылқанды болатындығын ерекше атап айтулары керек. Немесе, барлык төбелердiң басы, етегi, беткейлерi болады, бiрақ әрбiр төбенiң биктiгi және формасы женiнен айырмашылығы болады.
Балаға заттың мәнсiз белгiлерiнiң немесе қасиеттерінің өзгеруi осы заттың белгiлi бiр ұғымға тиiстiлiгiне әсер етпейтiндiгiн түсiндiру керек. Мысалы, жапырақты ағаш биiк немесе аласа, жуан немесе жiңiшке, ұшар басы үлкен немесе шағын болуы мүмкiп, бiрақ бәрiбiр ол қылқаң жапырақты ғана емес, жапырақты ағаш болып қалады.
Одан әрi мұғалiм балаларға заттарды олардың маңызды белгiлерiне қарап ажыратуды үйретуi керек. Мәселен, мұғалiм заттың бiр немесе бiрнеше маңызды белгiлiн атап отырып, оқушыларға заттың өзiн атауды ұсынады:
Маңызды белгiлер мен қасиеттердi анықтауға байланысты екi жұмыс жүргiзу балалардың жеке табиғат объектiлерi саналы түсiнiктерiнiң қалыптасуына әкелiп соғады.
Түсiнiктердiң болуы адамға заттардың өздерi болмағанда олардың бейнелерiн пайдаланып сөйлеуге мүмкiндiк бередi. Бал кез алдарында болмаса да сыныпта тебелер туралы әңгiмелей беретiн кестесін сызады, немесе табиғаттағы, тiршiлiк бақылауларына сүйене отырып, алдарында не өз бейнесi болмаса да, қандай да бiр жануарлар туралы айтып бередi.
Сонымен балалардың психикалық iс-әрекетiнде заттардың иесi болып табылатын көру, есту, қозғалыс (моторлық), сезiм, дәм және басқа да түсiнiктсрi өте маңызды орын алады.
Жұмыстың келесi кезеңi - балаларда белгiлi бiр ұғымдар қалыптасуы. Оқушылардың айқын және дәл түсiнiктерiнiң бұл ұғымдарды қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
Ұғымның белгiлi бiр мазмұны мен көлемi болады. Ұғым мазмұнына заттың немесе табиғат құбылысының оны басқалар ажырататын маңызды белгiлерi кiредi. Бiз табиғаттануда ұғымның екi түрiмен - географиялық және биологиялық түрлерi кездесемiз.·Географиялық ұғымдарға жеке және жалпы ұғымдар; биологиялық ұғымдарға және туыс ұғымдары жатады.
Жеке географпялық ұғымдар — Есіл, Петропавл, Алатау·
Жалпы географиялық ұғымдар - өзен, қала, тау.
Жалпы ұғымдар терминдермен, ал жеке ұғымдар атаулары немесе жалқы есiмдермен айтылады....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?