Абай Құнанбаев (Айттым сәлем, қаламқас + видео)

 Абай Құнанбаев (Айттым сәлем, қаламқас + видео)

Айттым сәлем, қалам қас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас.
Сенен артық жан тумас,
Туса туар — артылмас.
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас.
Асыл адам айнымас,
Бір бетінен қайрылмас.
Көрмесем де, көрсем де,
Көңлім сенен айрылмас.
Көзім жатқа қарамас,
Жат та маған жарамас.
Тар төсекте төсіңді
Иiскер ме едім жалаңаш?
Иығымда сіздің шаш,
Айқаласып тай-талас,
Ләззет алсақ болмай ма,
Көз жұмулы, көңіл мас?

Сізде сымбат, бізде ыхлас,
Осы сөзім бәрі рас.
Сіздей жардың жалғанда
Қызығына жан тоймас.
Етің, етке тигенде,
Демің, тиіп сүйгенде,
Тән шымырлап, бой ерiп,
Ішім оттай күйгенде.
Жүрек балқып игенде,
Ішкі сырды түйгенде,
Іздеп табар сұңқармын,
Жарастықты шүйгенде.
Қылығыңда жоқ оғат,
Қарап тойман жүз қабат,
Ыстық тартып барасың
Бір сағаттан бір сағат.
Сіз — қырғауыл жез қанат,
Аш бетіңді, бер қарат,
Жақындай бер жуықтап,
Тамағыңнан аймалат!

Дастан Оразбеков - Айттым салем, Қаламқас [жүктеу]


Джаз бенд - Айттым салем, Қаламқас [жүктеу]


Мұрат Мұхаммед - Айттым салем, Қаламқас [жүктеу]



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!