Педагогика | Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру
Кіріспе...
І тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру.
1.1. Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие ісіндегі педагогикалық міндеттері..
1.2 Бастауыш сынып оқытушысының тәрбие және оқыту әдістерінің ролі....
1.3 Бастауыш сынып оқытушысының педагогикалық әдептің орны..
ІІ тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру мәселелері.
2.1. Педагогикалық әдеп туралы жалпы ұғым.
2.2. Педагогикалық әдеп және оны меңгеру жолдары
Қорытынды..
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Білім мен тәрбе берудің ең басты міндеті – мектептің іс-әрекетіне психологиялық тұрғыда ықпал ету. Мұның дәлелі – қазіргі кезде мектепте жүргізіліп жатқан психологиялық-педагогикалық жұмыстар. Психологияда алға қойылған мақсат әр оқушының жеке адамдық қасиеттерін жан-жақты жүйелі зерттей отырып, оларды дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бұған тек психологтар ғана емес, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің және ата-аналарды ықпалы зор. Жеткінектерді жай-күйін, ынтасын, ықыласын, қызығушылығын есерсек олар жалаң теориямен оқуға ынталы емес. Сол себепті олардың білім алуға белсенділігі мұғалімнің талабына, оқушымен қарым-қатынас орната алу шеберлігіне байланысты. Бұл үшін мұғалім психолог болу қажет.
Шығармашылық адамын тәрбелеу мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бұл процесті жаңа технологиямен ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушы ұстаз жетекшілігімен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Сол себепті қабілетті дер езінде байқап, оның дамуына түрткі бола білу керек.
Оқушыны жалықтырып алмаудан сақтанып, төмендегі тәсілдерді тиімді пайдалану қажет:
- бала ойын ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;
- білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;
- жақсы сөздермен «сені қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор»-деп, үнемі шабыттандыру.
Демек, әр ұстаздың алдындағы сәулелі мұрат шәкіртіне білім беріп қана қоймай , әр баланың «менін» ашу. Сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам.
Жоғарғы дегейдегі білім мен адамгершілікке баланы баулитын ұстаздың бойында адам баласына тән барлық қасиеттер табылуы тиіс, себебі мұғалім бала қарап тзелер айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін мұғалім назарында мынадай бағыттар болу керек:
Оқу мен тәрбе егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн, соның нәтжесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың жауы, ол келешекте оны барлық өміріне апат әеледі» деген.
Педагогика ғылымы - тәрбиелеу, оқыту, білім беру, даму туралы заңдылықтарды айқындап, негіздерін ашып, оның принциптерін белгілеп береді. Педагогикалық заңдылық іс-әрекет, үрдіс туралы білім негіздерімен қаруландырса, ол педагогикалық принцип іс-әрекеттің бағдарын, үрдісті қалай кұру жөніндегі білімдік ұстанымды ұғындырады. Педагогикалық үрдістегі заңдылық педагогикалық іс-әрекетпен құбылыстағы тұрақты байланыс, қайталанып тұратын қозғалысқа тән бірлестікті танып түсінуге жол ашады. Таным түсінікті білудегі сырткы байланыспен ішкі байланысты білу үрдістің жүзеге асуындағы ортақ мән мазмұнды меңгертеді.
Айталық, әлеуметтік жағдайға байланысты сыртқы әсерлердің ықпалы ішкі құбылыстарды өзгертсе, оның нәтижесі белгілі бір заңдылықты айқындайды. Педагогикалық үрдістегі заңдылықтардың бастары мынау:
І. Тәрбие-әлеуметтік жағдаймен байланысты зандылық болғандықтан ол нақты тарихи кезеңдегі тәрбиенің сипатын, қоғамдағы кажеттілікті айқындайды, сондай-ақ әкономиядағы, ұлттық мәдениеттегі ерекшеліктерге тән мәнді білгізеді.
2. Оқыту мен тәрбиеге қатысты зандылық бұл құбылыстардың өзара бірлігі мен тұтастығын, өзара байланыстылығын сипаттайды. Бір-біріне қабыса келген тұтастық тұлғанын болмысын айқындайды.
3. Тәрбиенің іс-әрекетпен байланысындағы зандылық педагогикадағы басты мәселе. Өйткені баланы әр түрлі іс-әрекетке қосып, түрлі жұмыстарды атқаруға машықтандыру барысындағы дағдыға бейімдейді.
4. Тәрбие және тұлғаның белсенділігіне байланысты зандылықтардың
педагогикадағы орны ерекше. Мұғалім кейде оқушыға кейде объекгі
тұрғысында қарағанымен де ол субъекті. Сондықтан әр бір оқушының еркі
мен зейініне, дербестігіне мән беріп, іс-әрекеттегі құлқы мен белсенділігін
ескеру үлкен табыска жеткізетіндігін естен шығармаған абзал.
4. Тәрбиенің қарым қатынастағы зандылықтарының да орны зор. Тәлім
тәрбиедегі мақсат мұғаліммен оқушының қарым қатынасы барысында
орындалып жүзеге асатын құбылыс. Баланың қалыптасуына ықпал ететін
өзара қарым қатынастың әсері екендігін назарда ұстау керек.
6. Басқа да зандылықтардың педагогикалық үрдістен туындағандығы оқыту
мен тәрбие талаптарына байланысты кеңестер мен ережелерде гиісті
нұсқаулар бөлімінде ескертілген.
І тарау. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі және оны қалыптастыру.
1.1. Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие ісіндегі педагогикалық міндеттері
Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тәрбие процесінің барша жүйесіне әсер етеді әрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды танытады. Бірак тәрбие процесі, біз білетіндей, педагогикалық процестің құрамды бөлігі болумен осы процес зандылықгарына тәуелді келуі табиғи құбылыс. Бұл процесте даму және қалыптасу заңдылықтары әрекетке түседі. Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен, оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы.
Тәрбиенің мақсатқа бағьпталған ықпалын киындататын жағдайлар мыналар:түрлі әсердін бала табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-ыкыласы, әдеті мен талғамдарынын болуы. Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының ішкі жағдайдың игілігіне айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүрудің нәтижесінде қалыптасады. Дегенмен адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында, оның осы жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды ролъ ойнайды. Тәрбие процесінде адамнын қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама қайшылықтар тән Олар сыртқы және ішкі қарама қайшылықтар болуы мүмкін. Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды салаларын қалыптастыруға оның қоғамға, адамдарға, өзді-өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Тәрбиенің мәні-адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтевдіріп онын ұжыммен және қоғаммен практиқалық қатынастарының жүиесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді камтиды.
1. Педагогикалық жағдайлардын, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін
талдау, жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп оқушылар білімінің деңгейін
анықтауды, оның қоғамдық мәнінің дамуын белгілеқді, нақты педагогикалық
міндетті шешуді және қалыптастыруды, оны шешудің жоддарын анықтауды,
тәрбиенің кұралдары мен әдістерін тандай білуді қажет етеді.
2. Тәрбие процесінің жобасын кұру және жүзеге асыру. Бұл өзінің
мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және
ықпалдарға бөлудің,оқушылар ұжымдары мен шағын топтардын,жеке
оқушымен дұрыс қатынастарды шешудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік
психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің,оқушыларға жеке
түрғыда қатынас жасау бірлігінің болуын тапап етеді.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл
мазмұны жағынан педагогикалық міндетгерге енгізілген түзетулерді орынды
жүзеге асыруды, сырткы ықпалдардың қалыпты жағдайға өтуін немесе
қабылдауын камтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін
кажетті материалды тандап алуду, ұжым мен адамдар арасындағы қарым
қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын шиеленістерді жоюды, оқушылар арасындағы достык пен жолдастық қатынастарды нығайтуды талап етеді.
4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Өз тәжірибесіне енгізу мақсатында басқа мұғалімдердің іс-әрекеттерін зертгеу, педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз.
Тәрбие - бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарастырайык. Бұл жерде зандылықтарды атауға болады. Тәрбие процесінде дамудың бір келкі болмау заңы көрініс береді,себебі тәрбиеленуші мүмкіндіктері тәрбиеші талаптарына әркашан сай келе бермейді. Осыдан кейбір теориялық білімдерге байланысты мәселе, сұрактарды еркінде жеңіл шеше білетін оқушы практиқалық тапсырыстарды орындауда,қарапайым еңбек операқияларымен кезіккенде,дене шынықтыру жаттыгуларын көрсетуде ебедейсіздік танытып, едәуір қиналып қалады. Сонымен тәрбие зандылықтары тәрбие процесінің жағдаяттары, шартгары мен нәтижелері арасындағы басты байланыстарды бейнелейді.
Оқу заңдары және заңдылықтары.
Оқу теориясының негізгі кұрылымы бірліктері - бұл ғылым тарпынан анықгалған зандар мен заңдылықтар. Заңдар меи заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нәтижелері арасындағы жалпы, обьектив, тұракты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуеділіктердін мәнін ашады. Дидактиқалық процестін негізін кұрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен зандар оқу приқіптері немесе джидактиқалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер аркасында аркасында оқу принципіне қатысы бар кептеген зандылықтардың мән- мағнасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың кызметгері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезендерінде олар өздерінің жалпы мәнін сактайды. Принциптер дидактиқалық процестің біртұгас конқепқиясын кұрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді. Қазіргі кездегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А. Коменский қалаған. Ғұлама -педагок пікірінше , оқудың негізі -табиғи сәйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сәйкестікке сай бірізді іске асырылып барды. А.Дистерверг бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмұнына ; 2) оқытушыларға; 3) оқушыларға қатысты болады. К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уакытка сай болуы, бірізділік, табиғилық, тұрақтылық, игеру біріктігі, анықтығы, оқушылардың дербестік әрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте женіл болмауы, дұрыстык.
Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу приқиптері табиғи сәйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бул жүйедегі дидактиқалық принциптер төмендегідей: 1) саналылық және белсенділік; 2) көрнекілік; 3) жүйелік және бірізділік; 4) берктілік; 5) түсіністік; 6) ғылымилық; 7) көніл -күй; 8) теория мен практиканын байланысы.
Принциптер нұсқау -көрсетпе (норматив) қызметін атқарады. Олар мұғалімгет кейдір жағдайларда кандай әрекетке келуі жөнінде тек кенес немесе сілтеме беріп коймайды, жалпы зандылықтар ретінде бұл принциптер педагогикалық әрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге олардың толық орындалуын талап етеді. Принциптерді білу және оларды оқу-тәрбие процессінде толықтай іске асыру педагогикалық шеберліктің негізін құрайды және ол педагогикалық біліктілікті анықтауда алдымен ескеріледі.
Педагогиканың принциптік талаптары ережелер жүйксі арқылы іске асырылыды. Ереже - бұл педагогикалық іс- әрекеттің нақты жағдайларда белгілі мақсатгарға жеткізу тәсілінің суреттемесі (описание). Көбіне оқу ережесі деп қандай да принципті колданудың жеке тараптарын ашып беретін жетекші тұжырымдарды түсінеміз.
Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу.
Оқу барысында диалектиканың жалпы зандары мен педагогиканың арнайы зандары орындалуы шарт.
Диалектиканың жалпы зандары сапына кіретіндер: қарама-карсылықтар бірлігі мен тайталасы заңы, сандық жинақтың сапалық өзгерістерге келу заңы, жоқты жоқка шығару заңы.
Оқу процесінде қарама-карсылықтар бірлігі мен тай-таласы заңы іске косылыды. Қарама-карсьшыктардың туу себебі -жана әлеуметтік жағдайлар, тұлға мүмкіндіктерінің өзгеруі, білім беру аймағында қапыптасқан соны талаптар оқу процесіне болған дәстүрлі, бекіген ұғымдар және көзқарастармен сәйкессіздікке ұшырауы. Бұл өз кезегінде оқу мазмұны мен технологиясын өзгертіп, заманға сай ауыстыруды талап етеді.
Сандық жинакгык сапалық өзгеріске түсу заны да оқу процесінде көрініс береді. Тұлғаның бүкілдей сапалық сипаты сандық жинақтын белгілі деңгейдегі нәтижесі. Санның сапаға ауысуы жоқгы жоқка шығару заңы тетіктеріне сәйкес келеді. Тұлғалық және психиқалық жаңа кұрылымдар адамның өткен кездердегі жинақтаған тәжирибесі негізінде қаланады. Соңғы өмір кезеңдңрінде пайда болған сапалар бұрынғы қалыптаскандарын «жоқка» шығарады. Жоқка шығару тетігі оқу дағдыларының қалыптасу процесінде көрінеді, яғни кейбір әрекеттер көп қайталаулар нәтижесінде күрделі дағдыларға айналады.
Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқудың ғылыми-практиқалық деңгейіне байланысты. Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқытушылар ұжымы біржағынан оқыту обьектісі, екінші жағынан оқыту субьектісі болады. Осыған орай оқыту процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымактастығы ,олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субьектісі мен обьектісі арасында әр түрлі байланыстар пайда болады.Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқытудың мақсаты, мазмүлы, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады,демек педагогикалық процес сонда ғана татымды нәтиже береді. Оқыту процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп койылатын талаптармен оларды орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты атайды. Егер койылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Оқыту процесінің өзінек тән ерекшеліктері бар. Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым онай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процес. Мысалы әрбір сабақ үстінде бакылау,жаттығу жұмыстары мен сұрақ-жауаптар аркылы оқушылардың білім іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.
Сыныптағы оқыту процесіне,му_ғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сырткы факторлар әсер етпейді. Мысалы, метал тотығының гидраты мен кышкыл арасындагы реакқияны оқушыларға басқаша дәлелдеп түсіндіруге болама екен? Әрине баска анықтама беруге болмайды, өйткені, бұл реакқияның нәтижесінде тек кана тұз бен су пайда болады. Мұндай реакқияны бейтарап реакқия деп атайды.
Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес. Сонымен бірге тәрбие жұмысын өткізуге сырткы факторлар зиянды әсер етеді.
Педагогикада диапектиканың барлық зандары көрсетілген. Сондықтан педагогиканы А.С.Макаренко диалектиқалық ғылым деп санады. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында жылжымалылығында және қарама қайшылығында ашылады. Педагогикалық процестің зандылықтары Ю.К.Бабанскийдің, И.Я.Лернердің еңбектерінде кең көлемде баяндалғын. Осы тұрғыдан педагогикалық процесс зандьшыктарын оқу бағдарламасы негізінде сипаттауды кажет деп таптык.
Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс филасофияда зандылық деп аталады. Оқыту процесінің зандылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Мұндай зандылықтардың бірнешеуін атауға болады.
Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және байланысты заңдылығы.
Мектепте бұл зандылықты іске асыру еліміздін әлеуметтік-әкономиқалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның әкономиқалық мүмкіншілігі ғылыми-техникаға сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептін оқу-материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.
Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс зандылықтары.
Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан жақты дамуына көмектесе отырып білім беру, тәрбие және оқыту функқияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады.
Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі зандылықгарды, білімді меңгеру негізінде ғана іске асады. Егер оқушы оқуды өзімнін міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігіне сенбесе,онда оқуды да жаксы ұйымдастыруға болмайды.
Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кемиді, тереңдейді, ақыл-ой кабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, нәтижесінде пайда болған сұрактардың жауаптарын табады.
Оқыту іс-әрекеті шешуші роль атқарады. Оқыту іс-әрекетінің бірнеше түрі бар.
Жалпы заңдылықтар. Қалаған білім беру процесіне тән болып, оқудың бүкіл жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп еленетіндері:
-оқу мақсаттары. Оқу мақсаты қоғам дамуының деңгейімен каркынына, оның кажеттері мен мүмкіндінтеріне, педагогика ғылымымен практикасының даму деңгейі мен жетістіктеріне байланысты;
-оқу мазмұны. Оқу мазмұны қоғамдық кажеттермен оқу мақсаттарына, ғылыми-техниқалық және әлеуметтік процестің қаркынына,оқушылар жас мүмкіндіктеріне,оқу теориясы мен практикасының даму деңгейіне, оқу мекемелерінің материалды-техниқалық және әкономиқалық заңдылықтарына сәйкес келеді;
-аку сапасы. Оқу сапасы өткен кезендегі оқу процестерінің нәтижелілігіне, оқу материалының сипаты мен көлеміне, мұғалімнің ұйымдастыру — педагогикалық шеберлілігіне,оқушының оқып-үйренуге болған кабілетіне,оқу уакытына байланысты;
-оқу әдістері....
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?