Экономика | Банктік қызметтегі тәуекелділікті төмендету шаралары «ТемірБанк»

 Экономика | Банктік  қызметтегі  тәуекелділікті  төмендету  шаралары «ТемірБанк»

Мазмұны
Кіріспе ¬¬¬¬-………………………………………................……………......................3
1 Банктік қызметтегі тәуекелділіктер мәні.
1.1 Банктік қызметіндегі тәуекелділіктер түрлері............................................5
1.2 Банктік қызметтегі тәуекелділіктердің жіктелуі........................................7
1.3 Хеджирлеу әдістерінің жүргізілетін тәжірибелері...................................15
2 «ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділік.
2.1 «ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділіктердің түрлері...........................19
2.2 «ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділікті жүзеге асыру тәртібі...........26
3 Банктік қызметтегі тәуекелділікті төмендету шаралары................31
Қорытынды ...........................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А

Кіріспе
Бұл курстық жұмыста банктік қызметіндегі тәуекелділік мәселесі қарастырылып отыр. Новиков И.А. айтқандай « Банктік нарық тәуекелділіксіз – нарық емес, сонымен қатар барлық банктік операциялардың спецификасы тәуекелділікке байланысты ». Соған сүйене отырып, банк үшін тәуекелділіктен қашу емес ( өйткені ол мүмкін емес), оны басқару арқылы шығындарды барынша азайту керек.
Банк тәуекелділігі дегеніміз не? Тәуелділік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырық айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болу үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар және залалдар.
Тәуекелділік пен жоғалту түсініктерін өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.
Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады.
Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфелімен байланысты болып келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалынған қаржылық активтерімен байланысты.
Банктер басқа да коммерциялық ұйымдар сияқты белгілі бір мақсатқа сүйенеді – пайданы барынша көбейту. Бірақ бұл мақсатқа жету барысында банк мынандай заңдылыққа қарама – қайшы келеді, « Пайда жоғарланған сайын, тәуекелділік те жоғарылайды ». Ал банк жүйесінде жүретін операциялардың соңғы нәтижесін, ол дегеніміз пайданы максималандыра білу, осы тәуекелділіктердің басқарып білумен тура байланысты. Міне, осы мәселенің барлығы бірінші бөлімінде қарастырылған.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар – нұсқауы бойынша қызмет етті. Сондықтан банктік тәжірибеде « тәуекелдік » деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелсіз мүмкін емес және біздің Қазақстан Республика екінші деңгейлі банктік қызметінде қалай жүзеге асыратындығы туралы курстық жұмыстарының екінші бөлімінде жазылған. Ал жаппай банктік қызметіндегі тәуекелділікті төмендету шаралары үш бөлімінде мәлеметтелген.
1 Банктік қызметіндегі тәуекелділіктердің мәні.
Банктер басқа да коммерциялық ұйымдар сияқты белгілі бір мақсатқа сүйенеді – пайданы барынша көбейту. Бірақ бұл мақсатқа жету барысында банк мынандай заңдылыққа қарама – қайшы келеді, « Пайда жоғарланған сайын, тәуекелділік те жоғарылайды ». Ал банк жүйесінде жүретін операциялардың соңғы нәтижесін, ол дегеніміз пайданы максималандыра білу, осы тәуекелділіктердің басқарып білумен тура байланысты. Міне, осы мәселенің барлығы бірінші бөлімінде қарастырылған.
1.1 Банктік қызметіндегі тәуекелділіктердің түрлері.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелділік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайда банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқаулы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде «тәуекелдік» деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазір кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәукелділікті мүлдем жою емес, алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәукелділік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негізгі болып табылады.
Шығындар. Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекелдігі нашар несиелік портфельмен ( ресурстрады нашар орналастыру), конъюктураның толық есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын сияқты банкте жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы мүмкін.
Шығында да, банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.
Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын болса, л екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшымды қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.
Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфелімен байланысты болып келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалынған қаржылық активтермен байланысты.
Тәжірибеде төрт басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі: несиелік, өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуеклі, валюталық тәуекелдік.
1.2 Банктік қызметіндегі тәуекелділіктердің жіктелуі.
Банк қызметіндегі коммерциялық кәсіпкерлікпен айналысу негізгі принциптерінде – тәуекелділік бар. Коммерциялық банктердің қызметіндегі негізгі принциптер мыналар:
1. Банк өзінің реалды бар ресурстармен қолдану арқылы активті-пассивті операцияларды іске асыру.
2. Банктің экономикалық тәуелсіздігі және өз қызметінің нәтижелеріне толықтай жауаптылығы. Қорыта айтқанда коммерциялық банк қызметіндегі тәуекелділікті тек қана өзі мойындайды.
3. Банк өз тұтынынушыларымен нарықтық қатынастар деңгейінде араласады. Сонымен қатар бәсекелестік негізінде тұтынушыға тауарды өзіндік спецификасымен ұсынады және негізгі принципке сүйенеді – табысты мейлінше көбейту.
4. Банктің өндірістік процесі технологиялық принциптерге сүйене жүргізіледі: ликвидтігі, өзіндік капиталының жеткілігі, бәсекелестік қабілеті бар болуы, қаржылық тұрақтылық, рентабельдық, табыстығы, төлем қабілетілігі.
5. Банк мақсаты – технологиялық операциялардың нәтижесі пайда. Соған орай банк пайданы көбейткен сайын, тәуекелділікте жоғары болады.
6. Орталық банктің коммерциялық банктің қызметтерін реттеу, тек қана жинамалы сұраптау түрінде жүреді, бірақ ол арқылы коммерциялық банктердің қызметіндегі тәуекелділікті азайту мүмкін емес. Сол себептен, банк шығындар мен банкроттан қорғану үшін әртүрлі әдістер, принциптер қолдананды. Бұл қорғану процесі банктегі тәуекелділікті басқару деп аталады.
Банктегі тәуекелділік келесі екі типтерден тұрады: сыртқы және ішкі.
Сыртқы тәуекелділік сырттан әсер ету жағдайда пайда болады және басқарылмайтын, кездейсоқ басқарылатын болып екі түрге жіктеледі.
Апаттар тәуекелділігі - бұл тәуекелділік, банке жер сілкінісі, өрт, су қаптау, дауыл тағы сол сияқты арқылы материалдық шығындар әкеледі. Сонымен қатар, мұндай тәуекелділік тек қана банкке емес, оның клиенттеріне шығын әкеледі.
Саяси тәуекелділік - мұндай тәуекелділік түрі, банкке саяси лауазымдардың өзгерісімен және жүргізілік жатқан саяси бағыттардың өзгеруімен, көтеріліс немесе азамат көтерілісі жағдайыннан туу мүмкін.
Жалпы экономикалық тәуекелділік –мемлекеттегі экономикалық жағдайының күрт төмендеуінен...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі