Мұқағали Мақатаев (Апырмай, туған жер-ай)

 Мұқағали Мақатаев (Апырмай, туған жер-ай)

Апырмай,
Туған жер-ай!
Теңдесер кім,
Бұл жерге сен болмасан, келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым-ай,
Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.
Жат көзімен қарайды адамдарың,
Жақын тартар құрбы да таба алмадым.
Жас отаудың есігін ашып қалып,
Айлам құрып, қайыра жаба алмадым...
Кел демеді, немесе кет демеді,
Несін маған, білмеймін, өкпеледі?!
Сені сүйген жүректі, туған өлкем,
Сен өсірген біреулер жек көреді.
Туған елім,
Көрмесем сағынамын,
Кетсем ізім өзіңнен табылады.
Жасыра алмай, ініңнің отауынан,
Ыстық маған атаның шаңырағы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 11
  1. Оқырман Айзере
    Оқырман Айзере 31.01.2024 10:19
    1 + 2 -
    Тамаша өлең
    1. Алмасұлы Әбілмансұр
      1 + 0 -
      Маған қатты ұнады
      Тіпті жаттап алдым.
      ❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️




      👁️ 👁️
      👃
      👅
  2. Inabat???
    Inabat??? 18.01.2023 18:14
    4 + 7 -
    Өте керемет
  3. Оқырман Ақнұр
    Оқырман Ақнұр 08.02.2022 17:12
    11 + 1 -
    Маған мектептен Мұқағали Маұатаевтын өленін жаттап келіндер деп айтты
  4. Зерделім
    Зерделім 22.02.2021 18:45
    15 + 3 -
    Керемет
  5. Оқырман Майра
    Оқырман Майра 10.02.2021 12:16
    11 + 0 -
    Өте керемет ?маған ұнады ??
  6. Оқырман диана
    Оқырман диана 04.02.2021 18:43
    7 + 1 -
    мне нужна узнать по больше о мукагали надеюс вы поможете
    1. ZHARAR 04.02.2021 18:47
      12 + 1 -
      Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
  7. кука_31_кз
    кука_31_кз 27.01.2021 17:31
    7 + 3 -
    керемет
    1. Мырза
      Мырза 25.01.2024 11:55
      0 + 0 -
      Өте керемет
  8. Алтынбайдын кызы
    3 + 5 -
    Керемет