Экономика | Банктердің мәні және атқаратын қызметтері
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………5
I Банктердің мәні және атқаратын қызметтері
1.1 Банктік несиенің түрлері, банктің нарықтық экономикадағы
қызметі..........................................................................................6
1.2.Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі ...............................15
1.3 Несиелік саясат, оның элементтері............................................17
II Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы
2.1..ҚР- дағы банк жүйесі
ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және операциялары ....................24
2.2 ҚР коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру.............27
Қорытынды…………………………………………………………….... 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ……………………………………......32
Қосымшалар.......................................................................................... .....33
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстыорындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйренумен қатар, библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал мақалалары және бұл жұмысты орындауда өзімнің тақырыбымды терең зерттеп түсіну, оны жан-жақты қамту, өзімнің даму мүмкіндігімді жетілдіру болып табылады.
Бұл тарау Қазақстан Республикасының банк жүйесіне арналған. Қазіргі кезде Қазақстан республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады. ҚР Ұлттық банкі – мемлекттің орталық банкі ретінде бірінші деңгейді білдіреді. Өзге банктердің барлығы екінші деңгейді сипаттайды, сондқтан да оларды екінші деңгейдегі банктер деп атайды. Мұнда біз Ұлттық банк пен коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері, мақсаттары және ерекшеліктерімен танысамыз. Сондай-ақ Ұлттық банк басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық банктермен қаржылық қатынаста болады. Сонымен бірге Ұлттық банк ҚР аумағында банкноталар мен монеталарды эмиссиялайды және резервтік қорды құрайды. Ал коммерциялық банктер депозиттер жинайды және халыққа несие берумен шұғылданады.
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы. Банктер нарықтық экономикада қаржылық делдалдар болып табылады. Бантер өз қызметтерін орындау процесінде қызметтік салалық және аумақтық басқару органдарымен өзара тығыз байланыста болады, яғни әрекеттеседі.
I БАНКТЕРДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1.Банктік несиенің түрлері, банктің нарықтық экономикадағы қызметі.
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV-XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде - феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдың қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
«Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. VI ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. IV ғ. Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? деген сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Ендеше осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе - бұл несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, «банктік операциялар» ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт немесе материалдық өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың басқа да буындарына «кәсіпорын» деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым салынбаған.
Ежелгі Русьте «кәсіпорын» деп қандай да бір іспен немесе қызметпен айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен айналысатын банк сияқты субъектіге «банк - бұл кәсіпорын» деп айту өзінше дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі «кәсіпорын» бұл біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы - банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас аясында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің, ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атаған.
Сондай-ақ банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорын десе болады. Жалпы банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.
Сонымен қазіргі түсінікте «коммерциялық банк» - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын зерттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.
«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» заңның 1-бабына сәйкес, «банк – осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».
Банктік қызмет – бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кореспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдың шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдың операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепілхаттарды беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
• мақсатты қорларға;
• банктерге;
• қаржы-несие мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркәсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау-сату ұйымдарына;
• кооперативтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
ІІ. Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
ІІІ. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
• негізгі қорларға жұмсалатын;
• айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
• кепілхатпен;
• кепілдемемен;
• кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
• сенім (бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасымен.
VII. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие — бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
3. Овердравт несиесі — клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенін түрі.
5. Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
6. Банкаралық несие — банктердін бір-біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несиесі — тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие — құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
9. Рамбурстық несие — шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие.
12. Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?