Экономика | Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi

 Экономика | Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi

Мазмұны
Кiрiспе. 1.
1. Банктiк несие түсiнiгi және оның теориясы. 2.
1.1. Банктiк несие мәнi және экономикалық ролi. 2.
1.2. Банктiк несиенiң функциялары мен түрлерi. 5.
1.3. Банктiк несиенiң принциптерi. 10.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер. 26.

Кiрiспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “
банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын ролi кезектi тақырыбтардың бiрi болып табылады. Өйткенi, қазiргi нарықтық экономика жағдайында тұрғындар өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үҐшiн несие алуға ұмтылады, ал коммерциялық банктер өз қызметiн пайда табу мақсатында несиелеу процесi арқылы жҐүзеге асырып отыр.
Республикамызда нарықтық қатынастар қалыптасқалы берi, күтпеген экономикалық әлеуметтiк өзгерiстер болды. Банктер жекелендiрiлiп, әр түҐрлi меншiк нысанындары кәсiпорындар дами бастады. Сәйкесiнше, уақытша босаған ресурстарға деген қажеттiлiк одан сайын өсiп, банктердiң несиелiк әрекетi жаңа мазмұнға ие болды. Кәсiпорындардың қарқынды дамуы экономикамызда өз ықпалын тигiзерi сөзсiз. Банктер уақытша босаған ресурстарды жеке және заңды тұлғаларға мерзiмдiлiк, төлемдiлiк, қайтарымдылық негiзде уақытша пайдалануға беру арқылы кәсiпорындардың, яғни экономикамыздың қозғаушы көҐшiне айналды.
Несие нарығы ақшаның экономикадағы мол өндiрiсiнен пайда болды. Несие тұтынушыларға көп уақытқа пайдаланатын тауарлар алу, үҐй құрылысын жүҐргiзу, т.б. үҐшiн керек. Өндiрушiлер өздерiнiң инвестицияларын қаржыландыру үҐшiн ақшаны қарызға алады. Мемлекетте өз шығындарын жабу Ґүшiн несиенi пайдалануға мәжбүҐр болады. Несиенiң өнiм өткiзу мен өндiрiс процесiнiң үҐздiксiздiгiн қамтамасыз етуде ролi зор. Өндiрiстiң көбеюiне, ақша айналымы сферасында да, инфляция кезiнде де несие ролi зор болып табылады.
Банктiк несие экономиканың дамуына үҐлкен „сер тигiзедi. Банктiк несиенiЎ қазiргi жҐүйесi нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлатуға, мемлекеттiк экономиканың нығаюына, айналымдағы ақша массасының негiзсiз көбеюiн шектеуге, инфляциялық процестердi болдырмауға және Ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Курстық жұмыстың мақсаты- ҚР-ның қазiргi таңдағы банктердiң несиелеу процесiнiң экономикада алатын орнына баға беру, несиелеумен байланысты туындайтын проблемаларды анықтап, олардыЎ шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыс кiрiспеден, 1-несие түҐсiнiгi және оның теориясы, 2-ҚР-ның экономикалық жағдайына банктiк несиенiң даму тенденциялары, қорытындыдан тұрады.




I.Банктiк несие түҐсiнiгi және оның теориясы.
1.1. Банктiк несие мәнi және экономикалық ролi.

Ұдайы өндiрiс фазаларыныЎ бiрлiгi мен өзара „серi тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етiледi.
Ұдайы өндiрiс процесi фазаларының өзара әсерi тауарлық шаруашылығы несиенiң орнын айқындауда және оның мәнiн ашуда елеулi мәнге ие. Өндiрiсте несиелiк қатынас жҐүргiзiлмейдi. Өндiрiстiк процеске несиелiк қатынастардың тек бiрiншi жағы –алынған несиенi өндiрiстiк мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екiншi жақ – кредитор өндiрiстiк процестiң сыртында қалады. Демек, несие бiрегей ұдайы өндiрiс процесiнiе субъектiлерi арасындағы экономикалық байланысты бiлдiредi. Сондықтан несиенiң мәнiн ұдайы өндiрiс процесiнiң бiр сатысымен ғана байланыстыруға болмайды. Несие тек өндiрiсте ғана пайда бола алмайды, өйткенi мұндай өнiм әлi жасалған жоқ, ал оның бөлiктерi ұдайы өндiрiс процесiнiң сәйкес қатынасушыларының иелiгiне тҐүскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндiрiс сатысы емес өнiмнiң қозғалысының келесi сатылары бередi. Осы мағынада несиелiк қатынастар бұл өндiрiстегi қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмiлесiнiң формасы ретiнде құн қозғалысының үҐздiксiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесiнде мәмiленiң 2 тҐүрi ажыратылады: јарыз мәмiлесi және алу - сату мәмiлесi. Несие қарыз мәмiлесi ретiнде тауар айналысының процесiне себепшi бола алады. Қарыз мәмiлесi тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмiлесiне қарсы қатып салыстыру арқылы сипатталуы мүҐмкiн. Олардың арасындағы негiзгi айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезiнде эквиваленттiң қайтарылуы кейiнге қалдырылады. Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал, эквивалент қайтарылуының кейiнге қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу¬-сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмiлесiн сатып алу-сату мәмiлесiнiң бiр тҐүрi деп ойлауға болмайды.
Айырбастың 2 контрагентiнiң бiрегей келiсiмi ретiнде алынған сатып алу-сату мәмiлесi олардың арасындағы кездейсоқ, өткiншi байланысты жҐүзеге асырады.
Несиенi экономикалық категория ретiнде қарыз мәселiсi негiзiнде көрiнетiн және дамитын өндiрiстiк қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәселесi несиесi экономикалық категория ретiнде өз бетiнше сипатталмайды, оны мәлiм негiзiнде пайда болатын өндiрiстiк байланыстар немесе жүҐзеге асыру формасы мәмiлесi болып табылатын өндiрiстiк қатынастар сипаттайды.
Несие шаруашылық жүҐйелердiң ауысуына жағдай жасап отырып өзi де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертедi.
Қарыз мәмiлесi ретiнде несиенi екi көзқараста қарастыруға болады: бiрiншiден, оныЎ техникалық заңдылық белгiлерi көзқарасынан, екiншiден, әлеуметтiк мазмұны, яғни осы келiсiм негiзiнде өсетiн және дамитын немесе онда өз көрiнiсiн табатын өндiрiстiк байланыстар типiн сипаттайтын белгiлер тұрғысынан бұл екеуi бiр-бiрiнен бүлiнгiсiз, олар өзара байланысты және себепшi. Бiрақ экономикалық талдау Ґшiн маЎыздысы қарыз мәселесiнiң экономикалық мазмұны, яЈни өндiрiстiк қатынастардың белгiлi бiр формалармен байланысты шаруашылық әдiстерi, жұмыс тәсiлдерi емес, өндiрiстiк қатынастардың өзi болып табылады.
Бұл жағдайда былайша түҐсiндiруге болады. Мысалы, машина өндiрiсiн таза техникалық тиiмдiлiгi тұрғысынан јарастыруЈа болады, сонымен қатар сол машина өндiрiсi негiзiнде пайда болатын және дамитын өндiрiстiк байланыстардың формалары мен типтерi тұрғысынан, бұл бiр жаЈынан, оларЈа себепшi, ал екiншi жағынан, олар оны анықтайды. Бiрiншi жаЈдайда, бiз машина өндiрiсiн техникалық-экономикалық категория, ал екiншiсi жағдайда-экономикалық категория ретiнде қарастырамыз.
Несие-өндiрiстiк қатынастарды бiлдiретiн экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен јатар тарихи категория екенiн атап өту керек. Ол өндiрiстiк кҐштердiЎ тек белгiлi бiр дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар. Несиенiң және несиелiк қатынастардыЎ пайда болуына табиЈи негiз, тауар шаруашылыЈы болып табылады.
Қолдан-қолға тауарлардың қозғалысы ретiнде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негiз болып табылады. Ақша қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн себептер, несие қажеттiлiгiнiң де себептерi болып табылады.
Несие ұдайы өндiрiс процесiнiң үҐздiксiздiгiн қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен келiп шығады. Несие берiлген сайын ол шар, субъектiлердiң өндiрiстiк капиталы ақшалай, өндiрiстiк және тауарлық формаларда болады.
Несиенiң мәнiн ашу-бұл несиенi экономикалық қатынастардыЎ бiртұтас жҐйенiң элементi ретiнде көрсететiн, оның мәндi анықтығын бiлдiретiн сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенiң мәнi және қажеттiлiгi туралы жоғырыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырайық.
Несиелiк мәмiледе қатынас субъектiлерi қарыз берушi және алушы болады. Кредитор мен қарыз алушыныЎ қалыптасуы тауар өндiрiсi мен тауар айналысы негiзiнде жҐредi.
Кредитор-несиелiк мәмiленiң қарызды ұсынушы жаЈы. қарыз беру Ґшiн кредитордың қарамағында белгiлi бiр қаражаттар болуы керек. Оның көздерi өз қорлары, ресустары, өз кезегiнде қайтарымдық негiзiнде ұдайы өндiрiс процесiнiЎ басқа субъектiлерiнен алынған ресустар бола алады. қазiргi уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншiгiндегi ресустар есебiнен ғана емес, оныЎ шаттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебiнен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебiнен де бере алады.
Банктердiң құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүҐредi. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өкiлi болды. Банктер Ұжымдық кредиторлар ретiнде бола отырып, несиелеу үҐшiн шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресустарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбiр жағдайларда босаған ресустар болып табылатын құндылықтар да қарызға берiледi. Кредитор ретiнде басқа шаруашылық иесiне белгiлi бiр мерзiмге ресурс берушi тұлға болады. Қарыз алушы несиенi белгiленген мерзiмде қайтармаған жағдайда несиелiк келiсiмнiң ерiктiлiгi бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады.
Қарыз алушы-несиелiк қатынастың, несиенi алушы және алған қарызды қайтаруға мiндеттi жаЈы болып келедi. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiне жақын, бiрақ шамасы бiрдей тҐүсiнiк емес. Борыш-мiндеттi жалпы сипаттайтын анағұрлым кеЎ тҐсiнiк. Несиелiк мәмiлеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.
Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелiк мәмiледе төмендегiдей ерекшелiктерге ие. Бiрiншiден, ол қарызЈа берiлетiн қаражаттардыЎ меншiк иесi болып табылмайды, олардың уақытша ретiнде болады; өзiне тиiстi емес бөтен бiреудiң ресустармен жұмыс iстейдi. Екiншiден, қарыз алушы қарызға алынған ғаражаттарды айналыс сферасында да, өндiрiс сферасында да пайдаланылады. үшiншiден, қарыз алушы өзiнiң шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Ѕарыз алушы кредитормен жеткiлiктi тҐрде есеп айырусымен қоса қайтарымды толық өтеу Ґшiн ұдайы өндiрiс процесiн өркендете түҐсу керек. Төртiншiден, қарыз алушы уақытша пайдалануЈа алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызында төлейдi. Бесiншiден, јарыз алушы өзiнiЎ кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелдi болады.
Кредитор мен қарыз алушы несиелiк қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мҐүдделерiнiң бiрлiгiн көрсетедi. Несиелiк қатынастар шеңберiнде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүҐмкiн: кредитор қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
1.2.Банктiк несиенiң функциялары мен түҐрлерi.
Кәсiпорындарды, фирмаларды, мекемелер мен тұрғындарды несиемен қамтамасыз етудi ұйымдастыру, несие жҐйесiнiң қызмет етуi шаруашылық құрылымдардың дамуында ерекше маңызды орын алады. Несие механизмi қызмет етуiнiЎ Ґүздiксiздiгi мен тиiмдiлiгiнен тек жеке шаруашылық бiрлiктерiнен қаражаттарды дер кезiнде алуды ғана емес, сонымен қатар толығымен мемлекеттiң экономикалық даму типтерi де тәуелдi болады.
Ең алдымен, өнiм өткiзумен өндiрiс процесiнiң үҐздiксiздiгiн қамтамасыз етуде несиенiң ролi зор.
Кәсiпорындар, ұйымдар және басқа да шаруа жүҐргiзушi субъектiлердiң несиеге деген қажеттiлiгi өнiм өткiзуден тҐүскен қаражаттардың түҐсу уақытының материалдық құндылықтарды сатып алу, еңбекақы төлеу мен қызмет көрсетулерге төлем жасауға кеткен шығындарды өтеу уақыты арасы сәйкес келмегендiгiнен туады. Бұл шығындарсыз өндiрiс тоқтап қалуы мүҐмкiн.
Мұндай қаражаттың бар болуы мен оларды тұтыну арасындағы уақытша қарама-қайшылық несие көмегiмен шешiледi, яғни несие арқылы өнiм өткiзу мен өндiрiс процесiнiң Ґүздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.
Қаражаттарда уақытша қажеттiлiк маусымдық өндiрiс пен, өнiмнiң жеке түҐрлерiн тұтынумен байланысты пайда болуы мүҐмкiн. Өндiрiстiк шығындарында маусымдық Ґүзiлiс өндiрiстiң маусымдық кеңеюi кезiнде өтелетiн несиемен жабылады. Өнiрiстiң кеңеюiнде несие үҐлкен роль ойнайды. Несие негiзгi јорларды сатып алу Ґүшiн (қаражат көзi ретiнде), жетiлген жаңа жабдықтарды сатып алу Ґүшiн, өндiрiске жаңа техналогияны енгiзу үҐшiн, тағы да басқалары Ґүшiн қаражат көзi ретiнде көрiнiс табады.
Белгiлi бiр бағытта несиенi қолдану бюджеттiк қаржыландырумен салыстырғанда бiраз артықшылығы бар. Капиталды салымдар Ґүшiн қаражаттарда қажеттiлiктi анықтау Ґүшiн шаруашылық жҐүргiзушi субъектiлер барынша көп қаражаттарды алуға және оларды бақылаусыз тиiмсiз жұмсауға ұмтылады, себебi оларды қайтаруды ешкiм талап етпейдi. Ал, несиенi пайдаланғанда ұмтылыс болмайды, өйткенi қарызға алынған қаражаттар пайызбен қайтарылатындықтан.
Ақша айналымы сферасында несие маңызды роль атқарады. Қолма-қол ақшаны несиелiк операциялармен ауыстыру функциясын орындай отырып, несие айналымдағы ақша айналымын ұйымдастыруда оң әсерiн тигiзедi.
Нарық қатынасы қалыптасуының қазiргi жағдайында несиелiк қатынастар сферасы, кеңеюiнде және несие салымдары көлемi ұлғайып жатыр, осылай экономикалық дамуында несиенiң ролi жоғарлайды.
Қазiргi кезде бюджеттiк қаржыландыру көлемi қысқарып азаяды. Мемлекеттiң (бюджеттiң), кәсiпорынның, фирмалар мен басқа да шаруашылық субъектiлерiнiң, сонымен қатар жеке тұлғалардың өндiрiстi ұйымдастыру мен кеңейтуге және т.б. инвестициялау, банк несиелерi арқылы жүҐзеге асырылып жатыр.
Нарықтық экономиканың дамуымен несиелiк қатынастарды кеңейту үҐшiн басқа да мҐүмкiндiктер пайда болады. Көбiнесе коммерциялық және ипотеклық несиелер, вексельдер. Сонымен қатар акциялар мен басқа да құнды қарыздарды кепiлге беру арқылы несие берiлетiн болады.
Инфляция кезiнде де несие ролi зор болады. Себебi несиелеу арқылы айналымдағы ақша массасын реттеуге мүҐмкiндiк туады және ақша бiрлiгiн сатып алу мүҐмкiндiгiн тұрақтауға көмектеседi.
Сонымен қатар несиелiк қатынастардың кеЎеюiне несиелеудiң жаңа әдiстерiн, мысалы проекттi қаржыландыру сияқты, қолдану оң әсерiн тигiзедi.
Осының бәрi экономиканы басқарудың нарықтық әдiстерi кезiнде несиенiң қажеттiлiгi кҐүшейедi, оның ролi жоғарлайды және өндiрiстiң кеңеюiне әкеледi.
Несиенiң мәнi нақты функцияларда көрiнедi. Қазiргi экономикалық әдебиеттерде несиенiң 2 функциясын ажыратады. Олар құнды қайта болу мен нақты ақшаны несиелiк операциялармен алмастыру.
Қайта бөлу функциясы. Кредитор мен борышқор арасындағы несиелiк қатынастар құн айырбасы процесiнде уақытша босаған қаражатты борышқорға берумен, сосын осы құн бастапқы иесiне қайтарылу жолымен қайта бөлу стадиясында пайда болады.
Шаруашылық субъектiлерi мен азаматтардың уақытша босаған ресурстарын басқаларға уақытша қолдануға беру, құнды қайта бөлу процесiн бiлдiредi. Бұл процесс несие арқылы жүҐзеге асырылады. Оған осы қайта бөлу функциясы жатады.
Қайта бөлу салалық және территориялық белгiлерi бойынша жүҐруi мүҐмкiн. Несие арқылы құнды қайта бөлу микро және макроэкономикалық деңгейде жалпы iшкi өнiм мен ұлттық табыс қайта бөлiнедi.
Несиенiң екiншi функциясы нақты ақшаларды несиелiк операциялармен алмастыру болып табылады. Бұған «қолма-қол ақша» сөзi келедi. Себебi айналымда құны жоқ ақша белгiлерi жүредi. Сондықтан «нақты ақша» болып табылмайтын, тек оларды алмастыратын ақша бiрлiктерi болып табылады.
Қазiргi несие шаруашылығында осындай алмастыруға қажеттi шарттар қолданылады. Қолма-қолсыз есеп айырысу мен байланысты бiр шоттан екiншi шотқа ақшаны аудару (несие негiзiнде жҐүзеге асырылатын) айналымдағы қолма-қол ақша көлемiн сақтауға мҐүмкiндiк бередi.
Бiздiң көз қарасымыз бойынша тек көрсетiлген осыдан басқа несие келесi қосымша 2 функция атқарады: капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын жылдамдату және бақылау.
Капиталды орталықтандыру мен шоғырлануын жылдамдату функциясы. Несиелiк механизм қосымша құнның капиталға айналу процесiне ықпал тигiзедi және жеке жинақтау шекарасын кеңейтедi. Өндiрiс масштабының үҐлкеюi Ґүшiн жеке шаруашылық субъектiлерiнiң қаражаттары жеткiлiксiз, сондықтан қосымша құнның бөлiктерi ағылып несиелiк мекемелерде жинақталады және мәндi көлемге жеткеннен кейiн ұдайы өндiрiстi кеңейту процесiне белсендi әсер етедi. Несие капиталының орталықтануында маңызды роль атқарады. Ол жеке кәсiпорындардың меншiктiң ұжымдық формасына айналуына ықпал тигiзедi.
Бақылау функциясы. Оның мазмұны өзiне алған мiндеттi Ґақытында орындалуды болдырмауға бағытталған борышқордың қаржылық жағдайын баұылауға сәйкестендiрiледi. Сондықтан несиелiк процесс уақытында несиелеудiң барлық принциптерiнiЎ сақталуы бақыланады. Сол арқылы кредиторға қарызды беру туралы және несиелеудiң тәртiбiн қатаңдату туралы немесе қарызды уақытынан бұрын қайтаруды талап ету туралы шешiмдi қабылдай алады.
Мемлекет жоғарыда айтылған несиенiң функцияларын қолдана отырып банк жүҐйесi арқылы бар ресурстарды үҐнемдi қолдануға жетуге, халық шаруашылығы салаларын дамытуға, солай барлық қоғомдық өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлата алады.
Несие экономикалық категория ретiнде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бiр объектiлерге тән тұрақты, қажеттi байланыстардың жиынтығын бiлдiредi.
Экономикалық әдебиеттерде несинiң негiзi 2 формасы қарастырылады: коммерциялық және банктiк. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттiк, халықаралық, Ґкiметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады.
Коммерциялық несие-бұл жеткiзушiнiң сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетiлген қызметi Ґүшiн төлемдi кейiнгi қалдыруы. Несиенiң осы формасының объектiсi ретiнде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенiң ерекшелiгi мынада: јарыз капиталы өнеркәсiптiк капиталмен бiрiккен, ал оның мақсаты-тауарларды өткiзудi жылдамдату. Коммерциялық несиенiң құрылымы версель-жазбаша қарыздық мiндеттеме болып табылады. Ол оның иесiне белгiлi бiр уақыт өткеннен кейiн, борышқордан вексельде көрсетiлген ақшалай соманы талап етуге құқық бередi.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кеЎ таралған. Олардан кейiнгi орында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар кiредi.
Банктiк несие- бұл банктердiң, арнайы несие-қаржылық мекемелердiң қарыз алушыларға ақшалай қарыз тҐүрiнде беретiн несиесi.
Банктiк несие коммерциялық несиенiң шектеулерiн жояды. Бос ақшалай капиталдар кез-келген өндiрiс саласына берiледi және несие арқылы кез-келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасыныЎ иесi өзiнiң бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсiпорнына қарызға бередi.
Тұтыну несиесi-бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтердi төлеу үҐшiн коммерциялық және банктiк формада берiлетiн несие. Тұтыну несиенiң негiзгi мiндетi-тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Тұтыну несиесi негiзiнен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезiнде: автомобильдердi, электр....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?