Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: ҚАЗАҚ СӨЗДЕРІНІҢ ЛЕҚСИКАЛЫҚ МАҒЫНАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ


Сөз өзімізді қоршаған кең дүниедегі зат пен кұбылыстың атауы болғандықтан, оларға тән телінді дербес өзіндік мағына-сы болады. Бұл мағына зат пен құбылысты тікелей байлаиыстырмағанымен, сол ұғымды білдіретін баршаға танымал ортақбелгі (танба) ретінде жұмсалады.

Су деп ыдысқа құйып, ішкелі тұрган немес« арықтагы ағып жаткан бақша-бау суаратын суды да, сонымен катар дуние жүзіпдегі мұхит, теңіз, көл, езен, бүлақ, құдық біткеннің суын да атай беруімізге болады. Сондықтан да сөз қандай күрделі болса, оның мағынасы да сондай күрделі деп есеп теледі. Тілдегі сөздердің білдіретін мағынасы мен сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарай әлденеше топқа сала-сала болып бөлінеді. Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық белгілеріне қарай атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер болып: ең алдымси үш топқа бөлінсе, бұл топтың әрбіреуі іштей лексикалық-грамматикалық белгілеріне қарай тағы да жіктеледі. Мәселен, атауыш сөздердің өздері өзара есімдер жәнс етістіктер болып бөлінсе, есімдердің өзі атауыш есімдер және үстеуші есім дер боп екі салаға топталады. Ал. атауыш есімдср зат есім, сын, есім, есіміік болып ажыратылса, үстеуші сөздердің өзі іштей’ үстеу сөздер және еліктеу сөздер больш сараланады1.

Қазақ тіліндегі атауыш сөздер әр алуан зат есім, сын есім, етістік, үстеу заттар мен кұбылыстардың, қимыл-қозғалыс пен іс-әрекеттің, сапа мен белгінің аттары болгандықтан, әрқайсы-сында толық лсксикалық магына және белгілі логикалық мағна және белгілі логикалық ұғымы болады. Бұл топтағы сөздер өзінің дербестігін сөйлем ішінде де, сөйлемнсн тыс тұрып та сақтай алады. Тіліміздегі бірқыдыру сөздердіц өзіне тән дербес лекснкалық мағынасы мен белгілі логикалық ұгымы болмайды да, сөз бен сөздің, сөнлем мен сөйлемнің арасындагы қатынасты білдіру \шін нсмесе сөзге қосымша мағына үстеу үшін жұмсалып, грамматикалық амал ретінде қызмет атқарады. Сөздердің бұл тобы өзініц дербестігін сақтай алмайды, тек сөйлем ішінде абстрактылы грамматикалық мағынаға ие болады. Мұндай сөздерге септеуліктер, жалғаулықтар, демеуліктер (шылаулар) жатады. Осындай мағыналық ерекшеліктері ескеріліп, тілдегі негізгі сөздерден бөлініп шылаулар көмекші сөздер деп аталады.
Тіліміздегі сан есім, есімдік, одағайларга жататып сөздер өздершің магынасы мен қызметіне қараганда атауыш сөздер мен көмекші сөздердің аралыгында түрған сөздер. Бүлардың білдіретін мағынасы сөйлемнен тыс тұрғанда нақтылығы оншалықты айқын емес, атауыш сөздердіц біреуінің көлеңкесінде не жетегінде жүрш айқыпдалады. Мысалы: Қазақстан өткен жылы Отан қоймасына бір миллиард пұттан астам астық кұйды. Осындағы миллиард деген сандық ұғымдағы сөздің нақтылы мағынасы заттық ұғымдағы сөздермеи тіркесіп келгендіктен гана ай-қындалып тұр. Сөйлемнен тыс тұрғалда миллиард деген сөз тек жалпы ұғымды ган? білдіре алады. «-Мендағы көп есіттім жастың налын» (Абай). Осындагы мен деген жіктеу есімдігі заттың атауы емес, атаудың орынбасары ретіндс жұмсалып тұр.
1 Қазақ тілінііі грамматикасы, I бөлім, Морфология, 1907, 44—45-беттер.
Одагайлар адамның көңіл күйін, сан алуан эмоциялық сёзімін білдіреді, Бұларға үғым да, дербес лекснкалық мағына да болмайды. Мысалы: Япырау, әттегсн-ай, атын сұрамаппын ғой М: Әуезов). Қап, мұгалім қазір тақтага мені шақырар ма екен Б:Соқпақбаев). Ах, аптса, айтқандай Ш:Хұсайынов). Ах,Ержан гой, даусы қапдай ащы (Т. Ахтанов). Осындағы япырау, егсн-ай, қап, ах, аһ дегсн одағайлар айырықша интонациямен ‘айтылып, адамның сан қилы күйініш-сүнініш сезімін білдіріп,сөйлемде эмоционалды-экспрессивті қызмет атқарып тұр.

Тіліміздегі атауыш сөздермен қатар көмекші сөздер мен одағайлар да мағына жағынан ала-қүлалыгына қарамастан, лсксикалық единица ретінде танылады. Тілдің лексикология бөлімі бұларды нсгізгі мәселе ретілде қарамағанымен, қосымша түрде-объекті етіп зерттсйді. Қөмекші сөздер мен одагайлардың негізгі қызметін көбінссе тіл білімініц грамматика саласы теренірск қарастырады. Сөздік құрамымыздагы сан мөлшері жағынан басым көпшілігі — атауыш сөздер.

Бұлар ана тіліміздің негізгі-\ұйтқысы, жаңа сөздсрдің қаулап өсуіие бірден-бір тірек болып табылады. Қазак, тілінің синонимдік байлыгын жан-жақты зерттсп қараганымызда, бұларды (синонимдерді) сөз табына қатыстыгына қарай таптастырғанда да сан жагынан ең көбі•ауыш сездер екендііін анықтадық. Әсірссе етістіктер, онан соң зат есімдер, үшіиші орынды сын есімдер алатьшдыгы айқындал-. Осы меже тек синонимдерге гана емес, жалпы Қазақ тіліндегі-: сөз байлығының сан мөлшерін айқындауга да жорамал бола ма деп ойлаймыз. Демек, мұнан былайғы лексико-логияға объекті етілетін зерттеулер негізінеп атауыш-сөздср болмақ,Айтылмақ тсориялық қорытындылар мен заңдылықтар да атауыш сөздсрдің бойынан шыққан ерекшеліктер деп түсіну қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу