Экономика | Банк жүйесі
Мазмұны
КІРІСПЕ...................................................................................................5-8
1. Банк жүйесінің ролі мен мәні..................................................................8-17
2. Банктердің нарықтық экономикадағы ролі............................................17-22
3. Банк ісіндегі бәсеке .................................................................................22-28
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................30
Кіріспе
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай–ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV—XV ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар–ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI—XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда. Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер–клиенттер арасында қолма–қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиро–банктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасындағы белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде —феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мыңжылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Өкінішке орай, «банк сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.
«Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен аударғанда» «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда–саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша–сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды. сондай–ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастамалардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. VI ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. ІVғ. Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айыр–басын жүргізіп отырған көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? деген сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа. Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары. ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын. оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клненттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім шарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда–саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк — Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Әрине мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе — бұл несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істін даму деңгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқығының нормалары болған. Осы нормаларға сәйкес б.э.д. Шғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай, сондай–ақ жер бөлімшелерін сатып алу–сату және басқа да операцияларды орындаған.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жүмбақ болып қала бермек.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу–сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, «банктік операциялар» ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.
Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт немесе материалдың өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың басқа да буындарына «кәсіпорын» деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым салынбаған.
Ежелгі Русьте «кәсіпорын» деп қандай да бір іспен немесе қызметпен айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен айналысатын банк сияқты субъектіге «банк — бұл кәсіпорын» деп айту өзінше дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі «кәсіпорын» бұл біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.
Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы — банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас аясында жүзеге асуына байланысты болуы.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясынын өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады.
1 Банк жүйесінің ролі мен мәні
Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Ұлттық банк жүйелері өздерінің даму барысында мынадай қызметтер атқарады.
1. Ақша–несиелік реттеуді тереңдету. Ол үшін: банк бетін қайта қаржыландыру несиелерінің көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті резервтік нормаларды бекіту, валюталық нарықтағы интервенцияларды, сонымен қатар, Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен де, операциялар жүргізу сияқты классикалық ақша– несиелік құралдарын неғұрлым тиімді пайдалану.
Республикамыздағы директивті несиелерді беру жөніндегі жинақталған тәжірибе көрсеткендей, оның қайтарылуы 24%–ды құрағаны белгілі, сондықтан келесіде мұндай несиелерді беру көзделмейді. Бұл тұрғыда орталықтандырылған несиелер тек банктердің қысқа мерзімді өтімділігіндегі қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана несиелік ресурстар аукциондары, банкаралық нарық, ломбардтық несиелеу, "репо" операциялары және вексельдерді қайта есепке алу арқылы берілетін болады.
Жалпы ақша нарығының дамуы барысында аукциондық несиелердің ролі бәсеңдейді де, ол канал біртіндеп банкаралық нарық арқылы ығыстырылады.
Ломбардтық несиелердің көлемі, оның экономикалық мәніне қарағанда маңызды емес болып табылады, себебі оны банктер өте қажет жағдайда ғана алатын болғандықтан, ол айып–пұлдық несие деп те айтылады. Ломбардтық несиелеудің үлес салмағы 5– 8%–ды құрайды.
Ұлттық банк бюджетті таза несиелеудің біртіндеп төмендеуін анықтайтын Қаржы министрлігімен жаңа қарым–қатынастарды қалыптастыруға айрықша көңіл бөлетін болады. Соңғысында бюджеттің тапшылығын қаржыландыратын монетарлық ішкі көздердің рөлі артады. Мемлекеттік қазыналық міндеттемелерге байланысты операциялау көлемінің ұлғаюын, олардың неғұрлым ұзартылған мерзімімен жобаның сатылатынын ескерсек, онда 1998 ж. Қаржы министрлігін несиелеу тоқтатылатынына үміттенуге болады.
Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі нақты бейнеленуінде позитивті (яғни инфляцияның деңгейінен жоғары) және бағдарламаның іске асуының соңына таман, ақшаға деген сұранысты реттейтін негізгі параметр болып табылады. Ұлттық банктің аукциондарының төмендеуіне қарай және банкаралық несиелік нарықтың дамуына қарай ондағы мөлшерлемеге көп көңіл бөлінеді.
Ұлттық банктің ақша массасының көлемін шектеу, банктердің мүмкін болатын деңгейдегі өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында банктерде депозит бойынша міндетті резервтеп тәжірибесін жалғастырылатын болады. Ақша–несиелік саясаттың бұл құралы банктердің өтімділігі мен ақшаның мультипликациясын белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін ғана емес, сонымен бірге шетел валютасындағы депозиттердің өсу қарқыны мен көлемін реттеу үшін де қолданылады. Банктер пассивтерін долларлануының өсуі сақталатын болса, Ұлттық банк ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің резервтік нормативтік дифференциациялау арқылы жағдайды өзгертуге тырысады.
Ұлттық банктің ішкі валюталық нарықтағы интервенциялары ішкі валюталық нарықтағы қысқа мерзімді өзгерістерден туындаған теңгенің алмастыру бағамының ауытқуларын жабу мақсатында ғана жүзеге асыратын болады. Бұл кезде әр кезеңдегі Ұлттық банктің ішкі активтерінің көбеюі негізінен ақша–несие саясатының басқа да құралдарымен, ал ол өз кезегінде ашық нарықтағы операцияларымен орны толтырылады.
Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының бүкіл әлемдік даму жолымен жүруді қарастыруда. Бірінші нарықтың дамуы бойынша Ұлттық банк ашық нарықтағы операциялар көлемін кеңейтіп және оған өзінің ақша–несие саясатының көптеген ауыртпалығын түсіруде.
Қолма–қол ақша айналымының нарықтандыруын есепке ала отырып, эмиссиондық жұмыс қайта құралады. Екінші деңгейдегі банктерді ақшалармен қамтамасыз ету оған деген қажеттіліктердің туындау көлемінде облыстық (аумақтық) нормаларымен жүзеге асырылады. Эмиссиондық рұқсат алынып тасталады.
Қолма–қол ақша айналымын тиімді басқару тұжырымдамасын қолдану Ұлттық банктің сақтау орындарында банкноттар мен монеталардың сәйкес номиналдарындағы көлемдерінің құралуын қарастырады.
Қолма–қол ақшаны инкассациялау қызметі екінші деңгейдеегі банктерге ішінара берілуде.
2. Валюталық реттеуді жүзеге асыру және алтын валюта резервтерін басқару. Шетел тәжірибесін ескере отырып, оның ішінде негізгі ұлттық валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсететін теңгенің валюталық бағамына және экономиканың бәсекелестік қабілеттілігіне, баға деңгейінің өзгеруі мен басқа да факторларға қатысты саясатты Ұлттық банк одан әрі жүргізуге дайын.
Өтімді валюталық нарық құруда жинақталған тәжірибені ескере отырып, Ұлттық банк кәсіпорындардың шетел валютадағы экспорттан түскен түсімдерін міндетті түрде сату жөніндегі икемді саясатын жүргізеді.
Банкаралық валюталық нарықта (форвард, своп, фьючерс, опцион сияқты) мерзімді операцияларды ішкі нарыққа ендіру үшін және ішкі нарықта дилингтік операцияларды реттеу бойынша нормативтік базаны жасау, репо, своп, қымбат бағалы металдар, ломбардтық валюталық несиелер типтес операцияларды ендіру үшін жағдай туғызу қарастырылады.
Орта мерзімді уақыт аралығында алтын валюта резервтерін басқару жөніндегі жасалған түжырымдама негізінде оларды әр тараптандырылған басқаруға көшуі байқалды, яғни стратегиялық инвестициялық портфель мен тиімділіктің тактикалық портфельдерін құруды білдіреді.
Бұл орайда өтімділіктің тактикалық портфелі валюталық баға мен қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу саясатын жүргізу үшін қажет. Бұл портфельдің табыстылық нормасы орналастыруына сәйкес мерзімі бойынша либид мөлшерлемесімен анықталуы мүмкін. Өтімділік портфелінің негізгі құралдары болып ақша нарығының құралдары табылуы тиіс.
Стратегиялық портфельдің құрамы Ұлттық банктің орта мерзімді (3 айдан 3 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (3–10 жылға дейін) міндеттемелерімен анықталады. Бұл портфельдің құралдарына–мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының құралдары: орта және ұзақ мерзімді депозиттер және капитал нарығының басқа да құралдары жатады. Бұл портфельде қандай металдар активінің негізгі үлесі болуы тиіс.
3. Банк қызметін реттеу қағидалары мен банктік қадағалау жүйесін түбегейлі жақсарту. Ұлттық банктің Қазақстандық банктерге қоятын талаптары банктік қадағалауы халықаралық стандарттарына сай келтірілген болады. Онда халықаралық танылған стандарттарды қолдану банктерде капиталдандыруына және банктердің тәуекелдерге бейімделуі не нақты баға береді, ал бұл өз кезегінде банктердің акционерлері мен жетекшілік және екінші деңгейдегі банктермен қарым–қатынастағы Ұлттық банктің жетекшілігінің әлдеқайда негізделген шешімдер қабылдауына мүмкіндік беріледі.
Банктерді құру және оларды лицензиялау бойынша Ұлттық банк талаптарының қатаңдай түсуі тұрақты, бәсекелестік қабілеті бар несие–қаржылық институттардың шығуына мүмкіндік берді.
Өз капиталының тапшылығын сезетін банктер Ұлттық, банкке қайта капиталдандыруы бойынша шаралар мен бағдарламасын табыс етеді, әрі олардың орындалуы туралы есеп беріп тұрады. Капиталдың баламалы деңгейіне қол жеткізе алмаған банктер таратылады немесе банктік емес қаржылық мекемелерге қайта құрылуы керек.
Осы мерзімге нақты тұрғыдан келгенде, Ұлттық банк капитал тапшылығын сезетін сол немесе басқа банкке деген қарым–қатынасын, оның маңыздылығына, банктің нарыққа тартылған депозиттерімен берілген несиелерінің үлесіне қарай анықтайды.
Осы айтылған белгілермен сәйкесінше банктерді келесі топтарға бөлінеді:
– жарияланған жарғылық қоры 600 млн теңгеден жоғары ірі банктер;
– біршама ірі және орташа;
– ұсақ банктер.
Тек ірі банктермен қарым–қатынаста Ұлттық банк олардың қаржылық сауықтыру бойынша ғана соңғы инстанциядағы кредитор болуға жағдай жасайды, себебі ондай банктердің жойылуы еліміздің экономикасына жағымсыз салдарын тигізуі мүмкін.
Мұндай көмек көрсетуге қажетті жағдай–банктің менеджмент сапасын нығайту мен банктің ағымдағы қаржылық жағдайын бақылап отыру үшін Ұлттық банктан тұрақты , бақылаушыларды ендіру болып табылады.
4. Банк жүйесінің бухгалтерлік есебі мен статистикасын формалауды аяқтау. 1995ж. орта мерзім кезеңінде басталған Қазақстан Республикасының банктері мен басқа да несиелік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөніндегі бір тұтас әдістемелік саясатты қамтамасыз ететін банктік жүйедегі бухгалтерлік есептің реформалануы аяқталады.
Бағдарламаның қызмет ету аралығында ұлттық шоттар салықтық–бюджеттік, төлем балансының, қаржылық нарықтық статистикалары үшін маңызы бар жаңа ақпараттарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық банктің жаңа шоттар жоспарын толығымен ендіру аяқталды, әрі олар ақша–несиелік саясатты жүзеге асыруда нормативті ережелердің орындалуын бақылау, жоспарлау және талдауда, сонымен бірге қаржылық құралдарды нақты пайдалану бойынша шешімдер қабылдауда қолданылуда. Айтылған жұмысқа сәйкес нормативті бағаны құрумен және персонал дайындаумен, қайта дайындаумен жүргізіледі.
Бұнымен қатар жаңа бухгалтерлік есеп жүйесіне негізінен банктік қызметте ішкі және сыртқы аудитті жүргізу тәртібі тауарлы нормативтік база жетілдіріледі.
Орта мерзімді бағдарламада, сонымен қатар, статистикалық көрсеткіштерді салыстыруды қамтамасыз ететін және халықаралық тәжірибеде қабылданған, банктік, ақшалай көмек беретін жаңа шоттар ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?