Психология | Баланың психикалық процесін зерттеу материалдарын өндеу

 Психология | Баланың психикалық процесін зерттеу материалдарын өндеу

Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................2
І. Тарау. Балалар психологиясының негізгі зерттеу
әдістеріне жалпы сипаттама.
1.1. Бала психологиясын зерттеудегі негізгі әдістердің бір түрі
байқау әдісі........................................................................................................3
1.2.Баланың психикалық процестерін зерттеуге арналған тәжірибелік
(эксперимент) әдістер. Олардың түрлері.........................................................6
1.2.1. Лабораториялық эксперимент әдісі.
1.2.2. Табиғи эксперименттер.
1.3. Бала психологиясын зерттеудегі қосалқы әдістердің
түрлеріне жалпы сипаттама.
1.3.1. Әңгімелесу әдісі.....................................................................................9
1.3.2.Анкеталық әдістер..................................................................................10
1.3.3. Тесттер..................................................................................................12
1.3.4. Модельдеу әдістері...............................................................................13
ІІ. Тарау.Баланың психикалық процесін зерттеу материалдарын өндеу.
2.1. Баланың психикалық процесін зерттеу материалдарын
сапа жағынан өңдеу.........................................................................................14
2.1.1 Мектеп алды тобындағылардың мектепте оқытуға
даярлығын анықтау.
2.2 Баланың психикалық процесін зерттеу материалдарын сан жағынан өңдеу................................................................................................................18
2.2.1. Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі арқылы бала психологиясын зерттеу.
2.3. Баланың психикалық процесін талдау әдістері.....................................20
Қорытынды....................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................25

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама беру, бір қарағанда біздің әрқайсымызға оңай, тіпті таныс сияқты болып көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ, өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет екендігі, психикалық өмірді де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керектігі, әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісінің болуы, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік тууы, егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалатыны, басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар екендігі, бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқаны, психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттелінуі, зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдесуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зертеудің міндеті: Ғылыми психология адамның ой-өрісі, сана-сезім дәрежесі іс-әрекеттен, оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқаны, сана іс-әрекеттің бағыт-бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз етуі, сана мен іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланыстылығы, сананың белсенділік сипаты да, оның мінез-құлықты реттейтін басқарушылық функциясы да осы принципке негізделуі, осы айтылғанға орай психологиясын нақтылы іс-әрекет үстінде зерттеу ғылыми психологияның ең негізгі принципі. Кейбір психологтар: "Адамның психикалық құбылыстарын зерттеуде оның өзі берген мәліметтер шешуші орын алады, сондықтан да өзін-өзі байқау (интроспекция) әдісінің деректеріне ерекше көңіл бөлу қажет" дейді.
Теориялық маңыздылығы:
Бала психологиясын зерттеудің теориялық маңыздылығы зор. Зерттеу әдістері арқылы теория жүзінде балалапрдың ойын іс-әрекетін қимыл қозғалысын дамытамыз.
Практикалық маңыздылығы:
Балалардың психологиясын практика жүзінде зертеу қажет. Әңгімелесу, анкета, байқау, экспеимент, тест, әдістер арқылы балалардық практикалық қабілетін байқаймыз.
Зерттеудің әдістері: Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама беруде көптеген психологияның әдістерін байқау әдісі, эксперимент әдісі, әңгіме әдісі, тест әдісі, анкеталық әдістер және модельдеу әдістерін қолдану.
І. Тарау. Балалар психологиясының негізгі зерттеу
әдістеріне жалпы сипаттама.
1.1. Бала психологиясын зерттеудегі негізгі әдістердің бір түрі
байқау әдісі.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.
Ғылыми зерттеу жүмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін-фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т. б. пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2) Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын болсақ, мақсатымыз — оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;
3)Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу — осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әрекетін одан ары жақсарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді. Байқау әдісі арқылы оқу-тәрбие процесінің әр кезеңдерінде ұстаз студенттердің сабақ үлгіруі мен тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне, кейін оларды жақсарта түсу женінде тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл әдіс адамдардың психология-лық ерекшеліктерін зерттеуде өте көп қолданылатын әдістердің бірі.
Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объективтік (байқауға алынған адамның сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кемірек болады.
Байқау әдісіне қарағанда жан қуаттарын эксперименттік жолмен зерттеудің біраз артықшылығы бар. И. П. Павлов: "Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады"2— деп тегін айтпаған.
1.2.Баланың психикалық процестерін зерттеуге арналған тәжірибелік
(эксперимент) әдістер. Олардың түрлері.
Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп түрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып екіге белінеді. Енді бұларға жеке-жеке тоқталып өтейік.
1.2.1. Лабораториялық эксперимент әдісі.
XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832—1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Кейін келе олар секундтың 1/1000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге (1858—1921) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А. Бине (1857—1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардьщ І-ші дүние жүзілік конгресінде II (Париж, 1889) талқыланды. XX ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психология-лық лабораториялардың бірін XX ғасырдың басында орыс психологы Г. И. Челпанов (1862—1936) ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты Психология ғылыми-зерттеу институты мен Ресей ғылым академиясына қарасты психология институтының (Мәскеу) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар.
Ғылыми психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуды басты мәселенің бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И. П. Павлов ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады. Көптеген физиологиялық және психологиялық лабораториялар-да И. П. Павловтың шәкірттері бұл әдістің әр түрлі нұсқаларымен ойдағыдай жұмыс жүргізуде. Мысалы, осы әдіс арқылы профессор Н. И. Красногорский балалардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің даму жолдарының, проф. А. Г. Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелері-нің қызметін зерттеген.
Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет болатынын айттық. Енді кейбірқарапайым аспаптардың атымен таныс-тырайық. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін — хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін — эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау ушін — тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін — аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін — эргографты пайдаланады. Бұлардан басқа құрылысы әлдеқайда күрделі құрал-жабдықтар да толып жатыр.
Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайларға байланысты болады:
1. Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;
2. Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар т.б. жазу-сызу құралдарымен қамтамасыз ету); ,
3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдісте-меге сай жүргізу;
4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау;
5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытынды-лар шығара отырып, тәжірибе жүргізуде ашылған кейбір ғылым деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл тәжірибенің негізгі мақсатының орындалғаны болып табылады.
1.2.2. Табиғи эксперименттер.
Тәжірибенің екінші бір түрі — табиғи эксперимент деп аталынады. Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде коп пайдаланған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874—1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы (оқыту, констатациялау эксперименттері т. б.) мұғалімдер оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгіруі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады. Бір тәжірибеде III—IV сынып оқушыларының ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасын анықтау үшін зерттеуші балаларға оқыған текстеріне ат қоюды, осы текстегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды талап еткен. Тәжірибе жүргізуші осы тәсілдер арқылы текстің мазмұнын оқушылардың қысқаша және жалпылай баяндай алуын, сурет бойынша елестер туғыза алу мүмкіншілігін, сондай-ақ нақтылы образдарды қайта жанғырту текстің мазмұнын толық түсінуге қандай әсер ететіндігін байқаған. Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?