Педагогика | Арнайы педагогика

 Педагогика | Арнайы педагогика

Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................4-5
I Тарау. Арнайы педагогика пәні.

1.1 Арнайы педагогиканың шығу тарихы.....................................6-11
1.2 Арнайы педагогиканың негізгі ұғымы..................................11-15


ІІ- Тарау. Тәрбие әдістерінің түрлері оларды топтастырудағы қажеттілік............................................................................................16
2.1. Тәрбие әдістерінің түрлері.....................................................16-24
2.2. Тәрбиесі қиын балалардың ерекшеліктері...........................24-26
Қорытынды..........................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................. 28


1.1 Арнайы педагогиканың шығу тарихы
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Философия ғылымында « заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселесін қарастырайық.
Педагогикалық құбылыстар деп - тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады.
Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын әлеуметтік мәнін қоғамдық өмірдің обьективтік қажеттілігін білдіретін заңдылықтар жатады.
Тәрбиенің заңдылықтарына:
1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық;
2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым – қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;
3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
4. Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;
6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш – қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.
Кезінде К. Д. Ушинский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу тәрбие процесінде оң нәтиже бермейтіндігін керісінше тәрбиенің ғылыми заңдылықтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген . Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетідіру дамыту мүмкін емес.
Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптер оның заңдылықтары ретінде қарастырылады.
Принцип деген ұғым латын тілінде « бастапқы» «негізгі» деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.
Олай болса тәрбие принцитері деп – тәрбие процесінде оның мазмұнын ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жынтығын айтамыз. Болмаса , бұны кейбір педагогикалық әдебиеттерде « негізгі талаптар» немесе « ережелер жүйесі» деп те түсіндіреді.
Тәрбие принциптері тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан:
1. Тәрбиенің мақсаттылығы;
2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;
3. Еңбек арқылы тәрбиелеу;
4. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;
5. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу;
6. Тәрбиенің жүйелілігі бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
7. Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
8. Тәрбие процеінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы.
Тәрбие принциптері ішіндегі ең негізгісі, оның мақсаттылығы. Өйткені, тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталған. Мақсат - тәрбиелік шаралардың кездейсоқтық сипатқа тап болмауын қамтамасыз етеді. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді. Сондықтан да бұл тәрбие принцип тәрбие жүйесінде жетекші принцип ретінде саналады.
Тәрбиенің келесі принцптеріне мәні жас ұрпаққа тәрбие беруде қоғамның әлеуметтік – эканомикалық саяси өмірімен ұштастыра жүргізуді талап етеді. Ол мектептегі теориялық білімдерді оқушыларға меңгертуде оларды өмірмен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен хабардар етіп, оған нақтылы көзқарастарын, сенімен орнықтару, қоғамыдық пайдалы еңбекке атыстыру т. б. тәрбие мақсатының түпкі мүддесін көздейтін әрекеттерге араласу.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге ерте кеезден араластыру өз еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке баулу , ел азаматтарына еңбек ардагерлеріне деген құрметтеушілік ізгілік ниеттерінің орнығуына қысқасы « өмір мектебінің» баспалдағынан біртіндеп қуат алып, оның қыр –сырымен танысуға мүмкіндік туғызады.
Еңбек арқылы тәрбиелеу принципінің мақсаты баланың еңбек ете білуге, оны қадірлеп – қастерлеуге оған деген жағымды көзқараспен қарым – қатынас қасиетерін орнқтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды. Адамды табиғат жаратқанымен, оны нағыз адам етіп қалыптастырған -еңбек процесі. Адам баласының қоғамдағы өмірі тек еңбекпен байланысты, себебі ол оны саналы өмір сүре білуге дағдыландырады. Тек еңбек процесінде адам баласы өз тіршілігін қамтамасыз етіп, қоғамға пайда келтіреді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие процесінің өн бойында өзекті мәселе болып қала береді.

Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі.
Бұл принциптің көздейтін мақсаты:
- оқушыларға қоғамдық мінез – құлық нормалары мен ережелерін саналы түрде меңгертуді;
- оқушыға қатысты өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындауы;
- мектепте оқушыларға арналған ережені қатаң сақтауды;
- мектеп пен отбасы және мектептен тыс мекемелердің тәрбие жұмысының барлық буындарының талап бірлігін үйлестіруді;
- оқушының мінез – құлқындағы жақсы қасиеттеріне сүйенуді;
- жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды;
- сүйіспеншілік көрсетуді т. б.
құрметтеу мен талап қоюшылықты бірыңғай атқару тәрбиенің ізгілік бағыты мен ынтымақтастық педагогикасының негізін қалайды. Өйткені адамгершілік пен ынтымақтастық бала өмірінде үлкен маңызға ие болады.
Тәрбие жұмысының табысты болуы көбінес әрбір жеке тұлғаның жас шамасына сәйкес өзіндік ерекшеліктерін ескерсе отырып жүогізуге байланысты. Әрбір жеке бала ол өзінше бір өмір. Оның түсінігі сенімі, көз – қарасы, ақыл – ойының деңгейі бірдей емес, соған орай мінез – құлық рекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерінің сапасы да әр түрлі. Сондықтан да тәрбие процесінде балалардың дара ерекшеліктерін ескірудің маңызы зор. Тәрбииенің мазмұны мен амал тәсілдері де осы принципке тәуелді.
Тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізудің тағы бір шарты, тәрбие мазмұны мен тәрбиелік әрекеттерді баланың жас шамасына сай біртіндеп жүйелі жүргізуді талап етеді. Тәрбие процесінде тәрбиешілер тарапынан болатын ықпалдығы жүйесіздік тәрбие мақсатына жетуге кепілдік бермейді, крісінше одан әртүрлі кездейсоқтыққа тап болуға термелейді.
Баланың түсінігіне сана –сезіміне орай тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу тәрбие салаларының тұтастығын қамтамасыз етуді қажет етеді. Өйткені тәрбие міндеттерін шешуде атқарылатын шаралардың бір – біріиен сабақтастығы болуы тиіс. Өткендегі тәрбиелік шаралардың мазмұны бүгінгі мен болашақта жоспарланған жұмыстармен үнемі сабақтас болуы, осы принциптің бірден – бір міндеті.
Жеке тұлғаның ұжымда тек ұжым арқылы тәрбиелеу принципі кеңестік дәуірде каммунистік тәрбие беру жүйесінің негізігі талаптарының бірі болып келеді. Бұл социалистік қоғамның талабына айналды. Осы қоғамда өмір сүріп отырған « барлық адамдар біреуі үшін, біреуі барлығы үшін» деген ұранмен еңбек етуге тиіс болды.
Бүгінгі таңда қоғамды қайта құру кезеңінде яғни нарық заманында бұл қағиданың маңызы онша әсерлі болмй тұр. Өйткені нарық заңы ұжым болып еңбек етіп өмір сүру қағидасын қуаттамайды. Оның негізгі талабы әртүрлі формадағы еңбек процесі, соған орай еңбек бөлінісі де әртүрлі болып келеді. Сондықтан да ұжым және адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті әлекметтік мәселелердің біріне айналып отыр.
Кеңес педагогикасы болса оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді тұлғаны жан – жақты дамыту теориясы мен практикасының негізгі жетекші мәселелері ретінде қарастырды.
Дегенмен де мектептегі оқу – тәрбие жұмыстары ұжымдық әрекетке негізделген. Ол ортақ мақсатқа бағытталған. Сондықтан мектеп жағдайында бала тәрбиесіне қатысты ұйымдастыру жұмыстары әрқашанда ұжымдық әрекетке негізделе бермек.
Сол себептен де оқушының жеке басын ұжымды және ұжым арқылы тәрбиелеудің мәнісі - оқушылардың оқу, тәрбие және пайдалы еңбектегі бірлескен іс - әрекетінде олардың жауапкершілігі белсенділігі артып, тұлғаның жан – жақты дамуына мүмкіншіліктер пайда болды, достығы жарасып, ізгілік қарым – қатынас орнайды, өзімшілдік жойылып өз мүдесін ұжым мүддесімен ұштастыру моральдық нормаға айнала бермек.
Тәрбие процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, олардың жасөспірімдерг тәрбиелік ықпалын үүйлестіру қажеттігінен туындайды. Балаға дегенде қоғамның талаптарын жүзеге асыруда олардың әрекетінде ауызбіршілік, жүйелілік болмаған жағдайда тәрбиелік шаралардың нәтижесі төмендейді. Баланың дүниетанымы отбасынан бастау алып, мектеп және ұстаздар тәрбиесімен жалғасып отырады. Сондықтан да балаға талап қойғанда бірліктің болмауы, тәрбиелік ықпалдың тұрақсыздығын туғызып, баланың мінез – құлқы мен адамгершілік бейнесіне жағымсыз көлеңке түсіреді.
Жоғарыда баяндалған тәрбие принциптерін тәрбие процесінде басшылыққа алу , олардың бір - бірімен өзара байланысын қамтамасыз етуді тәрбиешілерге айрықша міндеттелінеді.

1.2 Арнайы педагогиканың негізгі ұғымы

Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгерішілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру. Бүгінде педагогика ғылымы теориясында тәрбие әдістеріне берілген анықтамада ортақ пікір қалыптасқан. Оған дәлел педагогикалық еңбектерде тәрбие әдістеріне берілген әртүрлі сипаттағы , мазмұндағы түсініктемелер.
А. С. Макаренко тәрбие әдістерін психологиялық тұрғыдан оны баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы ретінде қарастырса, В. А. Сластенин , Ю. К. Бабанскийдің педагогикалық еңбектерінде оны тәрбиешілер мен тәрбиеннушілердің іс - әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп сипаттайды.
Т. А. Ильинаның «Педагогика» атты оқулығында тәрбие әдістеріне анықтама тәрбиешінің оқушылардың бойында социалистік көзқарасты және мінез – құлық әдістері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында , олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы ретінде тұжырымдалған.
Ал , Т. Е. Конниковтың анықтамасы бойынша тәрбие әдістері - бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету деп қорытындылайды. Тәрбие әдістеріне берілген жоғарыдағы әртүрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онда:
- жеке басқа ықпал ету құралы;
- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекетінің өзара байланыс тәсіледері;
- тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік – күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;
- тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз.
Н. К. Крупская « Тәрбие» атты мақаласында ( 1929ж.) « Тар мағынада алып қарағанда, « тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез – құлқына әдетте ересек адамдардың алдын – ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы» ал кең мағынасында « ... қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді» - деп түсіндіреді.
Осы жағдайға байланысты К. Д. Ушинский « ... мектеп, тәрбиеші және ұстаздар - адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат , отбасы, қоғам, халық... және оның тілі болады» , - деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!