Кәсіби оқыту | Кәсіптік лицей жағдайында Ауылшаруашылық машиналар пәніне молотилка тақырыбын оқытуда интерактивті технологияны қолдану

 Кәсіби оқыту | Кәсіптік лицей жағдайында Ауылшаруашылық машиналар пәніне молотилка тақырыбын оқытуда интерактивті технологияны қолдану

Мазмұны


1. Кәсіптік лицейінің оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама
1.1 № 16 кәсіптік лицейі туралы жалпы мәліметтер
1.2 № 16 кәсіптік лицейінің материалдық-техникалық базасы
1.3 Кәсіптік лицейдің оқу-өндірістік жұмысын талдау
2. Методикалық тарау

2.1 Қазіргі заманғы оқытудың педагогикалық технологиялары...................
2.1 Педагогикалық технологияның жалпы сипаттамасы............................
2.2 Жобалап оқыту технологиясын қолдануды талдау................................
2.3. Пәнді оқыту кезіндегі оқытушының рөлі...............................................
2.4. «Ауылшаруашылығы машиналары» пәні бойынша білім, біліктілік және дағды жүйелерінің қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні..............
2.5 «Ауылшаруашылығы машиналары » пәнінен оқу процесін талдау.........
2.6.«Ауылшаруашылығы машиналары» пәнінен оқу бағдарламасын талдау.
2.7. «Ауылшаруашылығы машиналары» пәнін оқыту кезінде оқытушының алатын рөлі................................................................................
2.8. Маманда пән бойынша білім, білік және дағды жүйелерінің қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні...................................
2.9. Берілген кәсіп бойынша тақырыптық оқу процесінде алатын орны мен мазмұны..................................................................................................
2.10 «Ауыл шаруашылық машиналары» пәні бойынша 1 курсқа арналған күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру.....................................
2.11 «Ауыл шаруашылық машиналары» пәні бойынша 1 курсқа арналған күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру......................................
2.12 Құрылымдық-логикалық талқылау.........................................
2.13 Перспективалы-тақырыптық жоспар...........................
2.14 Сабақ жоспарын жасау әдістемесі..................................................
2.15 Лабораториялық-практикалық сабақтардың әдістемесін жасау....
2.16 Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау.................
2.17 Оқушылардың жұмыс орнындағы жұмыс кестесін жасау................
3. Еңбек қорғау тарауы
3.1.Тракторларды пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары...........................
3.2.Ауыл шаруашылық машиналарында жұмыс істеген кездегі
қауіпсіздік шаралары................................................................................................
3.3. Өртке қарсы шаралар.................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................................
Қорытындылар ..................................................................................................

Кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру – ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы. Бұл – жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау арқылы Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау деген сөз.
«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. 2008-2010 жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде кәсіптік һәм техникалық білім беруді сатылы дамыту мен білім беру бағдарламалары жаңартылады. Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 178,9 миллион теңге, оның ішінде 2008 жылы – 5707,8 миллион теңге, 2009 жылы – 23 486,7 миллион теңге, 2010 жылы 28 984,4 миллион теңге бөлу қарастырылып отыр. Ал екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім берудің осы саласын неғұрлы орнықты қызметпен қамтамасыз ету және реформаны дамыту көзделген.
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.
Н.Назарбаев: Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. «Қазақстан халқына 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауынан».
Ендігі міндет - әр азамат, әр ұжым, осы Жолдаудан туындайтын өзінің жауапкершілігін сезіне білуінде. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ұжымы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін заман талабына сай білікті мамандар даярлай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуді, оларды өндірісте кеңінен пайдалануға жәрдем беруді өзінің басты мақсаты деп санайды.
Президенттің Жолдауында көрсетілгендей, еліміздің ауыл шаруашылығында азық-түлік өнімінің жылдық өсу деңгейі жоғары қарқынмен өсті. 2002-2007 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 557 млрд. теңгеден 1050 млрд. теңгеге дейін өсті.
2007 жылы дәнді дақыл өнімдерін жинау рекордтық деңгейге, яғни 20,1 млн.тоннаға жетті. Мұндай өнім еліміздің ішкі тұтыну мөлшерін жаңа өнім алғанға дейін қамтамасыз етеді және өнімді сыртқа шығару мүмкіндігін 10,0 млн. тоннаға жеткізе алады.
Өнімдердің басқа да түрлерін, атап айтқанда, май өнімдерін – 459,4 мың тоннаға, көкөністі – 2196,4 мың тоннаға, картопты – 2414,8 мың тоннаға, мақта өнімдерін 438,7 мың тоннаға көтеруге қол жеткізілді.
Ауылшаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайды. Соңғы 7 жылда 26,5 мың ауылшаруашылық техникаларының негізгі түрлері, оның ішінде, алыс және жақын мемлекеттердің жоғары өнімді, қуатты техникалары сатып алынды, осының нәтижесінде 2002 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылығының қуаттылық көрсеткіші 19,5% артуға мүмкіндік туғызады.
Осыған қарамастан, ауылшаруашылығын жабдықтандыру төмен деңгейде, ауылшаруашылық техникаларын пайдалану мөлшері – 13-14 жыл. Дүниежүзілік банктің есебі бойынша кредиттік қорды тұтыну жылына шамамен 1 млрд. АҚШ долларымен бағаланады.
2006 жылдан бастап ИСО мен ХАССП халықаралық менеджменті мен сапа жүйесін қолданатын кәсіпорындары шығындарының 50% субсидиялауға арналған бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Аталған жүйені 100-ден аса кәсіпорындары енгізді.
Көлік инфрақұрылымын өркентеуге арналған үлкен жұмыстар жүргізілуде. Каспий теңізі арқылы астықты экспортқа шығарудың альтернативті бағыты анықталды. Мұның өзі отандық астықтың Кавказдың арғы бетіндегі мемлекеттер нарығына шығарып, тасымалдау тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер береді.
Мемлекет басшысы ауылдың әлеуметтік саласына, оның өркендеуіне баса назар аударған және аудара береді. 2007 жылы оның өркендеуіне 107,2 млрд. Теңге жұмсалуы соның белгісі. Елді мекендердегі ауызсу тапшылығын шешу мақсатында Ислам Даму Банкі және Азия Даму Банкімен несие алу жұмыстары іске асырылуда.
Еліміздің азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі бекем қолға алынған. Бүгінгі таңда халықтың тұтынатын тағамдары мен азық-түлік өнімдері толықтай отандық өнімдермен қамтамасыз етілуде.
Аграрлық ғылым мен білім берілген болатын. Бұл аралықта оң өзгерістер болып жатты. Аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемі 2001 жылдан бері 4,2 есе ұлғайтылса, ал ғылымға бөлінген бюджеттік шығын 2,5 есеге өсті.
Дегенмен, аграрлық ғылымда жедел шешуді қажет ететін мәселелер де баршылық. Жүргізіліп жатқан зерттеулердің инновациялық деңгейінің төменділігін, ғылыми-зерттеулердің өндіріс мұқтаждығына сәйкестендірілмеуін, инновацияны коммерциялауға бағытталған механизмдердің жоқтығын атап кеткен жөн. Әлемдік қауымдастықтың елімізді нарықтық мемлекет деп мойындауына қарамастан, қазіргі күнге дейін ғылыми өнім нарығы жоқ. Аграрлық ғылымның дамуына тәжірибелік базаның жұтаңдығы, ғалымдардың өздерінің тәжірибелері мен сынақтарын өткізетін арнайы зертханалар мен шағын технопарктер желісінің жоқтығы да кері әсер тигізуде.
Жағдайды өзгерту мақсатында Президенттің Жолдауында көрсетілген бағыттарды ескере отырып, экономиканың аграрлық саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру, аграрлық ғылыми мекемелер жұмысын басқару және қаржыландыру істерін үйлестіру, ғалымдарды жалақысын көтеріп, өзінің ғылыми идеяларын таратуға, зерттеулерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға ынталандыру мәселелері жан-жақты ойластырылуы қажет. Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау жұмыстары да жетілдіруді қажет етеді.
Біздің еліміздің қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бүкіл қазақстандықтардың да, жеке тұлғалардың да материалдық және рухани өміріне шешуші әсер етеді, білім инфрақұрылымын жасауды тапсырды. Ерекше айтатын жәйт: Президенттің әр Жолдауында білім беру саласына басты назар аударылады. Егер алдыңғы Жолдауларда күрделі міндеттер жоғары білім беру жүйесінің алдына қойылса, соңғы Жолдауда негізгі назарды Елбасы мектепке дейінгі тәрбиелеу ісіне көңіл аударды,
дәл осы мектепке дейінгі жаста тұлғаның негізгі адамгершілік қасиеттері қалыптасатынын атап өтті. Үздіксіз білім беру ісінде «Балабақша – мектеп – жоғары оқу орны» жүйесінің алғашқы және соңғы элементтері өте маңызды болып табылатыны белгілі.
Білім беру үздіксіздігі қамтамасыз етілу үшін білім беру жүйесін құрғанда тұлғаның субъективті мұқтаждығы ескеріліп, мәдени құндылықтарды саналы түрде меңгеруге жағдай жасалу керек.
Адам баласы бүкіл өмір бойына пайдаланылатын математикадан жағрапияға дейінгі базалық білімнің негізі ең алдымен мектепте қалатыны баршаға аян. Қазақстан халқы санының өсуі көптеген аймақтық қиындықтарды туындатуда, солардың бірі – мектептердің жетіспеушілігі. Қазақстан азаматтарының әлеуметтік жағдайының жақсаруы білім беру саласының сұранысына, республикада мектеп құрылысының өріс алуына сөзсіз ықпал етеді. Биыл 68 мың орынды 88 мектеп салынады, ал 2009-2010 жылдары 69 мың орынды 102 мектеп салынатын болады.
Жолдауда әсіресе кәсіптік техникалық білім беру ісіне ерекше көңіл бөліну керектігі баса айтылды. Өндірістегі инновациялық жобалар жоғары технорлогиясыз және кәсіптік бағытта білім алмаған мамандарсыз жүзеге аспайды.
Қазіргі күні 830 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 558 700 адам оқып жатыр.Сондай-ақ 175 жоғары кәсіптік оқу орындары ашылмақ. Қазақстанның 30 ауданында бірде-бір кәсіптік мектеп жоқ. Қазақстан 50 елдің қатарына кіреміз десек, кәсіптік-техникалық мектептер мен жоғары оқу орындары ашылу керек.
Кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру – ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы. Бұл – жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау арқылы Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау деген сөз. «техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. 2008-2010 жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде кәсіптік һәм техникалық білім беруді сатылы дамыту мен білім беру бағдарламалары жаңартылады.
Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 178,9 миллион теңге, оның ішінде 2008 жылы – 5707,8 миллион теңге, 2009 жылы – 23 486,7 миллион теңге, 2010 жылы 28 984,4 миллион теңге бөлу қарастырылып отыр. Ал екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім берудің осы саласын неғұрлы орнықты қызметпен қамтамасыз ету және реформаны дамыту көзделген.
Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде 50 техникалық және кәсіптік білім беру нысандарын, соның ішінде 46 кәсіптік лицей, 4 техникалық қызмет көрсету мамандарын даярлау және қайта мамандандыру өңіраралық орталықтарын салу жоспарланған. Ал жаңғыртудың стратегиялық басымдықтары еліміздегі білім беру жүйесін дамытудың 2020 жылға дейінгі ұзақмерзімді жоспары бойынша әрі қарай дамытылатын болады.
I. №16 кәсіптік лицейдің оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама

1.1 №16 кәсіптік лицей туралы жалпы мәліметтер

1967 жылы Сырдария өзенінің бойында Қызылқұм өңірінде Шардара жасанды қоймасымен электр стансасы іске қосылып, Шардара ауданы құрылды. Шардара қаласы облыс орталығынан 240 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауданда 67 мыңнан астам түрлі ұлт өкілдері тұрады.
Қазақстан Республикасы ҚР білім және ғылым министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы Білім департаменті №16 кәсіптік лицейінің қазіргі мекен жайы: Шардара қаласы, Пирогов көшесі н/ж.
Оқу орны 1973 жылы Шардара өңірінде және II-ші кезектегі Қызылқұм массивін игеру жұмыстары басталған жылы ауылшаруашылығы мен гидромелиоративтік құрылыс мамандарының мұқтаждығынан №110 орта кәсіптік техникалық училищесі ашылды. 600 орындық оқу орнына алғашқы жылы 524 төмендегі мамандықтар бойынша қабылданды:
- кең көлемді тракторшы – машинист;
- су мамандары;
- эксковаторшы, грейдерші, бульдозерші;
- жылжымалы краншылар тобы.
1973 – 2010 жыл аралығында 10058 оқушы бітіріп шықты. Оның ішінде 142 оқушы оқуды үздік дипломмен аяқтады.
Оқу корпусының ішінде 200 орындық акт залы, 30 орындық спорт залы, 200 орындық асхана, 620 орындық жатақхана, 300 орындық шеберхана салынған.
Оқу орны статусының өзгеруі:
1. 1973 – 1984 жылдар - №110 ОКТУ
(орта кәсіптік технологиялық училище);
2. 1984 – 1996 жылдар аралығында - № 33 КТУ
(кәсіптік техникалық училище);
3. 1996 – 2002 жылдар аралығында - № 16 КТМ
(кәсіптік техникалық мектеп мектеп);
4. 2002 – 2004 жылдар аралығында - №16 КМ
(кәсіптік мектеп);
5. 2004 жылғы 20 ақпаннан бері - №16 КЛ
( кәсіптік лицей МКҚК).
Аталған оқу орнында дайындалған мамандықтар 1973 және 2008 оқу жылдары аралығында төмендегі мамандықтар салалары бойынша мамандардар дайындайды
1. Кең көлемді тракторист – машинист
2. Су мамандары
3. Эксковаторшы, грейдерші, бульдозерші...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі