Политология | Қытай Халық Ресубликасы мен шетелдік қытай диаспорасының қарым қатынасы
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. ДИАСПОРА ТЕОРИЯСЫНЫҢ САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ...................................6
1.1 Халықаралық қатынастардағы диаспора теориясы...........................................6
1.2 Хуацяолардың қалыптасу ерекшеліктері мен тарихы.......................................9
2. ХУАЦЯОЛАРДЫҢ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.............................................................................23
2.1 Шетел мемлекетерінің экономикалық процестеріндегі қытайлық іскери жүйенің рөлі...............................................................................................................23
2.2 Этникалық қытайлардың тұрғылықты мемлекеттердің саяси өміріне қатысуы......................................................................................................................28
3. ШЕТЕЛДІК ҚЫТАЙЛАРДЫҢ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ.............................................................................................35
3.1 Эмиграция басталғанан бастап 1980-інші жылдарға дейін қытайлық эмигранттарға қатысты Пекин саясатының дамуы................................................35
3.2 Хуацяо және Қытайдағы реформалар: 1980-2001 жылдар..............................41
Қорытынды................................................................................................................48
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................50
Зерттеліп жатқан тақырыптың өзектілігі. 20-ншы ғасырдың соңғы ширегі Қытайда болып жатқан процестерге ерекше назардың көбеюімен сипатталады. Бұл 1960-70-інші жылдардағы әлеуметтік, экономикалық тәжірибелер әлсіреткен Қытай Халық Республикасын күшті аймақтық көшбасшыға айналдырған, елді әлемдік алдыңғы қатарғы мемлекетке айналдырған қытайлық реформалардың сәттілігімен байланысты. Реформалардың бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды ролды әлемде он мыңдағын адамды құрайтын шетелдік қытай диаспорасы атқарды. Нақ солар салған инвестициялар Қытай Халық Республикасының экономикалық әл-ауқатының өсуіне себеп болды. Сондықтан саяси және әлеуметтік ғылымдар шеңберінде жүргізіліп жатқан хуачяо мәселесіне арналған зерттеулердің көптігі таң қалдырмайтын жайт. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, шетелдік этникалық қытайлар диаспорасы өзінің көптігімен ғана емес, ерекше экономикалық артықшылық, бірлік, мәдени және психологиялық ортақшылық пен оларға тұрғылықты жеріне қатыссыз бір организм ретінде әрекет етуге мүмкіндік беретін, қиылысатын байланыстар жүйесінің болуымен де таң қалдырады. Осындай жағдайда Қытай Халық Республикасының басшылығына өзінің шетелдік қандастарымен белгілі бір қарым-қатынас орнату қажеттілігі туындады. Экономикалық реформалардың басталуымен Қытайда диаспораға қатысты прагматикалық қатынас орнады. Тарихи отан мен шетелдік қауым арасындағы байланыстардың дамуы Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналды. Диаспора факторы пекин басшылығымен диаспораның тұрғылықты мелекетімен байланысын сараптау кезінде ескеріледі, себебі саны көп және экономикалық жағынан қуатты қытайлық қауымдастықтың сол мемлекеттердегі ішкі саяси үрдістерге әсер ету мүмкіндігі бар. Алайда, егер диаспораның өзінің тарихи отанының пайдасына әрекет етуі өзі шыққан мемлекеттің диспоралық саясатына байланысты болса, онда ондай әрекеттің мүмкіндігі диаспораның тұрғылықты мемлекеттегі тарихи, экономикалық және саяси шарттарға байланысты екендігі сөссіз. Бұл шарттарға шетелдік қытай қауымдастығының тұрғылықты мемлекеттегі саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымдарымен қарым-қатынас тәсілдері тәуелді. Қытай Халық Республикасының хуачяолармен қарым-қатынас тәжірибесін сараптау өзектілігі халықаралық байланыстар жүйесіндегі диаспораның ролы мен орнын жаңаша түсінуге жол ашатын трансұлттық жүйенің пайда болуымен қуатталады. Қазіргі диаспораның экономикалық, саяси және мәдени артықшылықтарына ерекше мән беріледі. Дисапора тарихи отанның сыртқысаяси және экономикалық ресурсы ретінде қарастырыла бастады.
Бұдан басқа, теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да ерекше назарға пекин басшылығының ішкі саяси бағытына және тұрғылықты мемлекетпен екіжақты қатынастарына тәуелді диаспоралық саясаттың даму сараптамасы ие. Ол сол аймақ немесе мемлекетте нәтижелі болып табылатын қытайлық отандастармен жұмысқа қажетті тәсілдерді айқындауға көмектеседі [1, б.3].
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. АҚШ пен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы шетелдік қытай қауымдастығының зерттелу дәрежесі жоғары, алайда көпшілік зерттеулер оның өмір сүруінің жеке аспектілерімен шектеледі. Берілген зерттеуімізде қарастырылып отырған мәселенің толық суретін көрсету үшін қажетті мағлұматтар шеңберін мүмкіндігінше кең пайдалануға тырыстық.
Біріншіден, бұл ҚХР-дың басшылығының шетелдік қандастарына қатысты қолданған саясатын айқындайтын құжаттар. Ең алдымен, ол – елдің ресми құжаттарының мәтіні – Конституция және басқа да заңды актілер, диаспорамен қатынас стратегиясын жасаумен айналысатын билік органдарының қызметі туралы есеп, сонымен қатар, ҚХР үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерінің және баяндамаларының мәтіні.
Екіншіден, бітіру жұмысының сүйенген негізгі болған Артюхова Ю.С.-ның «Зарубежные китайцы во внешнеполитической стратегии КНР» атты зерттеу еңбегі. Бұл зерттеу жұмысында тақырыптың мәнін ашуға көмектесетін жан-жақты мәлімет қамтылған. Хуацяолардың қалыптасы тарихы, тұрғылықты мемлекеттегі саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайы айқын, тыңғылықты деректермен дәлелденеді.
Үшіншіден, бұл Цзинь Тионг Танның қытай тіліндегі «Новые азиатские императоры: зарубежные китайцы, преимущества и стратегии» атты еңбегі. Онда хуацяолардың халықаралық аренадағы рөлі айқындалып, келешектегі жоспарланған бағыттары айқын көрініс тапқан.
Төртіншден, бұл түрлі мемлекеттердегі қытай халқының санын көрсететін статистикалық мәліметтер. Бұл жыл сайынғы «Қытай Халық Республикасы: саясат, экономика, идеология», әр түрлі кезеңдегі қытай диаспорасының әлеуметтік және демографиялық құрылымын бақылауға мүмкіндік беретін Statistical abstract of the United States атты американдық статистикалық анықтаманың мәліметтері.
Үшіншіден, ресейлік және шетелдік ірі сайттардағы жаңалықтар, мысалы, http://sina.com, http://russian.people.com.cn («Жінмин Жібао» газеті орыс тілінде), www.rmnb.com.cn («Қытай» журналы). 1990-жылдардың екінші жартысына жататын жаңалықтар мұрағаты қолданылды, одан ертерек архивтер жоқтың қасы.
Қызметі қытай диаспорасымен байланысты ұйымдардың сайттары. Бұл сайттарда қытай диаспорасы туралы ауқымды мәліметтер бар – тарихы, қазіргі жағдайы, экономикалық және саяси қызметі, мәдени дәстүрі: http://huaren.org, Chinese Overseas Promotion Association: www.coea.org, Worldwide Chinese Association: www.worldwidechineseasso.org.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Берілген бітіру жұмысының мақсаты болып АҚШ-тағы және Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі мемлекеттеріндегі қытай диаспорасының мысалында Қытай Халық Ресубликасы мен шетелдік қытай диаспорасының қарым-қатынас тәжірибесін сараптау болып табылады. Зерттеу барысында біз қытай диаспорасының Қытайдың сыртқы саяси бағытында қандай орын алатыны және Қытайдың дамуына, өздері тұратын мемлекеттер мен Қытайдың арасындағы экономикалық және әлеуметтік байланыстардың дамуына қандай үлес қосқаны жайындағы сұрақтарға жауап беруіміз қажет.
Белгіленген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
1) халықаралық қатынастардағы қазіргі диаспора теориясына сараптама жасау.
2) АҚШ пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қытайлық дисапораның қалыптасу ерекшеліктері мен тарихын қарастыру.
3) Қытай халқының қарқынды эмиграциясы басталғаннан бастап 1980-жылдарға дейінгі Қытайдың диспоралық саясатындағы өзгерістерді зерттеу.
4) Қытай Халық Республикасындағы экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруға хуачяолардың қатысу тәсілдері мен формаларын айқындау.
5) АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің экономикалық дамуындағы қытайлық іскерлік жүйенің ролін зерттеу.
6) қытай диспорасы өкілдерінің тұрғылықты мемлекеттегі саяси процесстерге қатысуы тәсілдерін қарастыру.
Зерттеу объектісі болып қытай диаспорасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік-партиялық құрылымдары арасындағы қарым-қатынас процессі саналады.
Зерттеу пәні ретінде тұрғылықты мемлекет пен титулды мемлекеттерге ықпалды қамтамасыз ететін сол қарым-қатынастың бағыттары, формалары мен тәсілдері қарастырылады.
Зерттеудің ғылыми-методикалық негізі пәнаралық және жүйелік тәсілдермен көрсетіледі. Пәнаралық тәсілді қолдануымыздың көрінісі болып тарих, саяси ғылым, экономика, конституциялық құқық, этникалық психология ғылымдарына көңіл бөлуіміз саналады.
Жүйелік тәсіл кез келген әлеуметтік құбылысты элементтердің, байланыстар мен қарым-қатынастардың бүтіндігі деп қарастырады. Бұл тәсіл бізге қазіргі диаспораны трансұлттық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Ондағы жеке «ұяшықтар» - түрлі мемлекеттер диаспорасы – алуан түрлі байланыстармен – ақпараттық, қаржылық, коммникациялық, мәдени, саяси байланыстармен шырмалған. Бұл байланыстар әлемдік қытайлық диаспораны халықаралық аренада өзінің жеке стратегиясы мен белгілі ерекшеліктері бар бір ағзаға айналдырады.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің қорытындыларын Азия және Африка елдерінің тарихы курсын, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық қатынастар тарихын меңгеруде пайдалануға болды. Берілген жұмыстың нәтижелері қытай диаспорасымен қатынас мәселесімен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметінде де қолданыс таба алады.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, үш тарау (әр тарауда екі тараушадан), қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ДИАСПОРА ТЕОРИЯСЫНЫҢ САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Халықаралық қатынастардағы диаспора теориясы
Қазіргі қоғамда барлық үрдістер мен құбылыстар дерлік әлеуметтік, экономикалық және саяси жағынан түбегейлі өзгерістерге ұшырауда деп айтсақ, артық болмас. Атап айтқанда, ұлттық мемлекет ролінің төмендеуі мен былайша айтқанда, ортақ біріктіруші идеясы бар суперэтностар, әлемдік жоғарғы мәдениет әсерінің күшеюі туралы көп айтылады. Суперэтностар ұғымымен, көбінесе, шетелдік диаспорасы, яғни отанынан тыс жерде тұратын халықтың бөлігі бар мемлекет түсіндіріледі. Соңғы 20 жыл ішіндегі нәтижелер көрсеткендей, қазіргі кезде диаспораның тарихи отанының өміріндегі ғана емес, халықаралық қатынастардағы ролі өте маңызды. Көп жағдайда қаржылық және қуатты ұйымдастырушылық артықшылыққа ие бұндай құрылымдар тек өзінің шыққан мемлекетіне экономикалық және гуманитарлы көмек көрсетумен қоймай, халықаралық аренада оның ұлттық мүддесін қорғауға толықтай қабілетті. Сонымен қатар, бүкіл әлемге таралған саны жағынан көп және ықпалы жағынан күшті этникалық топтар тығыз трансұлттық байланыстарды, экономикалық ықпал етудің жоғары дәрежесін, ортақ мәдени құндылықтар мен тілге деген ұстанымын сақтайды. Бұл ақырында мемлекеттердің байланысының күшеюіне, онымен қоса жаһандану үрдісіне де ықпал етеді.
Осындай жағдайда диаспора феноменін зерттеудің өзектілігі арта түсуде. Ерекше назар аударуға тұрарлық нәрсе қазіргі диаспораның экономикалық, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық-саяси потенциалдары, сонымен қатар, диапора саясатындағы кейбір мемлекеттердің тәжірибесіне салыстырмалы сараптама. Бұл өз кезегінде шетелдік отандастарымен мен мемлекет арасындағы және эмигрант қауымдастығының ішіндегі қарым-қатынастардың дамуындағы басты тенденцияларды анықтауға көмектеседі.
Кез келген мәселені зерттеуде маңызды орынды негізгі анықтамалар иеленеді. Біздің жағдайда міндет «диаспора» терминінің көптігіне қарамастан, бұл ұғымның жалпы қабылданған дефинициясы жоғысен күрделенеді. Сонымен қоса, этнографтар, заңгерлер, саясаткерлер диаспораны әр түрлі көзқараста қарастырады. Энциклопедиялық басылымдарда диаспораны ортақ этникалық тамырлары және рухани құндылықтары бар, өзінің шыққан мемлекетінен тыс тұратын этникалық қауымдастық деп түсіндіреді. Саясаткерлер диаспораға сараптама жүргізудегі басты назар тек қана халықтың басқа мемлекетте тұратын бөлігі ретінде олардың өзін мойындауын ғана емес, сонымен қатар өзінің тарихи отаны мен тұрғылықты мемлекетпен жеке қарым-қатынас стратегиясы болуын; қызметі этникалық ерекшелікті дамытуға және сақтауға бағытталған ұйымдар мен институттарды қалыптастыруды атап көрсетеді. Заңи тұрғыдан қарағанда диаспораны құрайтын адамдардың құқықтық мәртебесі маңызды. Оның қандай-да бір бөлігін үнемі шетелде тұратындар, қалғанын – белгілі бір себептермен азаматтықты жоғалтқан немесе оны ешқашан иеленбеген, бірақ осы мемлекеттің азаматтығын олардың ата-тектері немесе басқа да туыстары иеленген, сондықтан олар өзін басқа мемлекетте тұратын сол халықтың бөлігі ретінде сезінеді.
Жалпы алғанда, барлық зерттеушілер диспора мен титульды мемлекет арасындағы қарым-қатынас – халықаралық өлшемде диаспоралық ұйымдардың даму мәселелері негізгі аспект екендігінде ортақ пікірде. Сөйтіп, В.Коннор ұсынған дефиницияда, «диаспора – халықтың отанынан тыс жерде тұратын бөлігі» болып саналады. М.Эсман диаспораны «миграция нәтижесінде пайда болған, өзі шыққан мемлекетпен байланыс сақтайтын этникалық азшылық» деп түсіндіреді. Атақты фин зерттеушісі С.Лаллуккидің бағасы бойынша, «диаспора құбылысы халықаралық қатынастарға қатысты өлшемге ие». Шетелдік зерттеуші Милтон Дж. Эсман диспора, тұрғылықты мемлекет және тарихи отан арасындағы қарым-қатынастың келесі формаларын атап көрсететді: өзі шыққан мемлекеттің диаспорадан көмек сұрауы; диаспора өзі тұрғылықты мемлекет пен шыққан мемлекеттегі жағдайларға ықпал ету мүмкіндігі бар; диаспора шыққан мемлекет диаспораның мүддесі мен құқықтарын қорғаушы ретінде шыға алады. Диаспораның мәселесіне жан-жақты талқылама «Диаспора» атты ағылшын тілдік журналда жүргізіледі.
Ресейлік ғылыми шығармаларда да диаспораға анықтама беруде өткір даулар кем емес. Көпшілік зерттеушілер диаспораны өзінің ұлттық мемлекетінен тыс тіршілік ететін этностың бөлігі ретінде қабылдаған. Бірақ, көпшілік зерттеушілер бұл ұғымды өздерінің жеке ғылыми қызметтерінің нәтижесіне сәйкес кеңейтуге тырысуда. Ж.Тощенко мен Т.Чаптыкова диаспораға «титулды» мемлекеттен тыс, бірақ ортақ бір мемлекетте тұратын этникалық қауымдастықты жатқызады. «Әуелде бұл этникалық құрылымдар көпшілік жағдайда рухани және әлеуметтік сияқты қарапайым функцияларды орындайтын шаруашылықтар күйінде» тұрмыс құрды [1, б.14-17].
Диаспораның оригиналды теориясын орыс зерттеушісі В.А.Тишков ұсынды. Ол диаспораны жеке таңдау деп қарастырады. «Қатаң демографиялық, немесе этникалық шындық емес, өмірлік тәртіптің стилі» деп қабылдайды. Диаспораны қалыптастыратын негізгі белгілер – ортақ отан туралы көрініс, соның негізінде құрылатын ұжымдық байланыстар, топтық ынтымақтастық және отанға деген ашық қарым-қатынас. Бұндағы отан ретінде шығу тегі болып табылатын ортақ мемлекет – ұлттық мемлекет, ал этникалық қауымдастық екінші орында қарастырылады.
Біз диаспораның теоретикалық аспектілерін қарастырдық. Белгілі дәрежеде олар әлемдік диаспоралық ұйымдардың көпшілігіне тән. Берілген зерттеу жұмысында әлемдегі ең маңызды диаспораның бірі – қытай диаспорасының сыртқы және ішкі қызметтері, бейімделу, қалыптасу мәселелері сөз етіледі. Бұл жерде тағы да терминологияға оралуға қажеттілік туындайды. Мәселе сонда, қазіргі заманғы ресейлік және шетел әдебиеттерінде қытай диаспорасының бірнеше атаулары қолданылады, оның ішіндегі ең кең таралғаны – «хуацяо». Бірақ оны барлық шетелдік қытайларға қолдану қаншалықты заңды? «Қытай және шетелдік қытайлар» атты кітапта Ван Гунву миграцияның 4 моделін қарастырады: шаруалар (хуагун), саудагерлер (хуашан), уақытша мигранттар (хуацяо) және реэмигранттар (хуаи) [2]. Бұл атауларда шұғылданған шаруалар ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?