Қазақстан әлемдік деңгейдегі көліктерді шығара бастайды
Бұдан былай танымал көліктерді іздеп ел аспайтын боламыз. Себебі ол автокөліктер өз елімізде жасалады.
Шетелдік компаниялар Қазақстанда өз зауытын салуға ниетті. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде өткен жиында мәлім болды.
"Қазақстанда автокөлік жасауды дамыту: жетістіктері, түйінді мәселелері және перспективалары" тақырыбындағы өткен көшпелі дөңгелек үстелде мамандар мәселені жан-жақты талқылады. "Нұр Отан" партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесі бұл саланы жіті бақылап, қадағалап келеді. Нәтиже жаман емес. 2012 жылы Өскемен, Қостанай, Алматыдағы зауыттарда 20 мыңға жуық машина жасалған. Биылғы 9 айда 25 мың көлік шығарылса, жыл аяғына дейін 9 мың көлік жасау жоспарланып отыр. Ал 2020 жылға дейінгі меже - 200 мыңнан астам автокөлік.
"Toyota" компаниясы Қазақстанда "Toyota Fortuner" деген автокөлік шығара бастайды. Бұл ТМД мемлекеттері ішінде Ресейдің Санк-Петербург қаласында осындай зауыт салынған. Енді біздің елімізде Қостанайда "Toyota Fortuner" деген джип шығаратын зауыт салынып жатыр. 2014 жылдан бастап машиналар шығарыла бастайды. Франция "Renault Nissan" компаниясы ұсыныс жасады", - дейді Мәжілісінің депутаты Мейрам Пшембаев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?