Психология | Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері

 Психология | Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері

Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................................................
1бөлім. Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық талдау...................................................
1.1 Этномәдени орта және оның рөлі........................................................................
1.2 Этнопсихологияда кездесетін категориялар.....................................................
1.3 Этнопсихологиядағы өзіндік сананың және мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері..................................................................................
2 бөлім. Эксперименттік зерттеу бөлімі...............................................................
2.1 Зерттеудің мақсаты,міндеті,болжамы................................................................
2.2 Зерттелетін әдістемелердің сипаты...........................................................
2.3 Зерттеудің барысы және міндеттерді сандық өңдеу..............................
2.4 Зерттеу болжамын дәлелдеу.....................................................................
2.5 Мәліметтерді сапалы талдау қортындылау.............................................
Қорытынды....................................................................................................
Әдебиеттер тізімі............................................................................................
Қосымшалар.......................................................................................................

Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстанда мәденитке, тілге,ұлтқа ұлттық мінез-құлыққа көп көңіл аударылып жатыр.Сонымен қоса, Қазақстанда поли және моно ұлт топтары тұрады.Моноға біз бір ұлт адамдарын жатқызамыз олардың салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы,мінез-құлқы,қабілеттері,мәдениттері тағы басқаларды жатқызамыз.Поли топтарға көптеген ұлттардың қосындысын айтамыз олардың да,әдет- ғұрпы, салт-дәстүрі мәдениеті тағы басқаларды жатқызамыз
Полиэтникалық жағдайда этникалық толеранттылық мәселесі де мәнді.Басқа этникалық мәдениеттерді қабылдау,силау үшін ең алдымен өзіңнің мәдениетіңді қабылдау,силау,оның позитивті құнды екенін ұғыну,оған деген сенімділік,басқа мәдениетпен жиі байланысқа түсу міне осы жағдайлар мәдени аралық толеранттылықтың негізін құрайды.Мәдениет адам творчествосының өнімі. Мәдениет жеке әлеуметтік-экономикалық формацияда этникалық,ұлттық,таптық,топтық мәдениет ретінде дамиды.Мінез құлықтағы өзгеріс міндетті түрде мәдениеттегі өзгерісті білдіреді.
Этномәдениеттің сондай-ақ бұл бағыттымен Қазақстанда айналысып жүрген ғалымдарымыз Б.Ә.Әмірованың этностық жансақ нанымдардың оқыту процесіне әсер ететіні туралы зерттеулері С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев А.Т.Малаева, Л.К.Көмекбаева, ғылыми еңбектерінің маңызы зор.
Біздің зерттеу жұмысымыз поли және моно этностық топтардың мәдени айырмашылықтарын зерттеу. Біздің елімізде ұлттардың мәдени этникасын зерттеу кең өріс алған емес, бұл тақырыптағы еңбектер ізденістер де жеткіліксіз.Зерттеулер өте аз деп айтуға болады.Этникалық мәдениет ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.
Зерттеу пәні:поли және моноэтностық топ өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерінің көріну жағдайлары.
Зерттеу өзектілігі: Жұмыстың өзектілігі, қазіргі уақытта Қазақстан мәдениетті,әдет-ғұрыпты, мінез-құлықты дамытудан алдыңғы қатарда тұр.Поли және моноэтностық топтардың ерекшеліктерін анықтау,олардың поли топтар мен моно топтардың этностық мәдениетін салыстырып олардың айырмашылықтарын көз жеткізіп,ерекшеліктері табу. Поли және моноэтностық топтардың мәдениетіндегі ерекшеліктердің бар екенін дәлелдеу.
Тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеуден алынған мәдениетке тәрбиелеу және дамыту мақсатындаарнайы тренингтер және дамыту жаттығуларын қарастыруда қолдану.
Болжам: Поли және моно этностық ортаның психологиялық ерекшелігі бар болса, онда осы екі ортадағы этностық өзіндік сананың да ерекшелігі бар.
Зерттеу міндеттері: 1.Этнопсихология мәселесіне арналған әдебиттерді талдау.
2.Әдістемелер мен талдауларды жасау.
3.Әдістемелерді эксперименталды поли және моно топтарға өткізу.
4.Зерттеу нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау.
5.Салыстырмалы талдау негізінде қорытынды жасау.
Кілттік сөздер: Ұлт,ұлттық мінез, этоиднтифиация,этноцетризм,бірдейлік, таптаурыдар,өзідік сана,ұлттық өзідік сана,этномәдениет.

1. БӨЛІМ. ПОЛИ ЖӘНЕ МОНОЭТНОСТЫҚ ОРТАДАҒЫ МӘДЕНИЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Этномәдени орта және оның рөлі

Біздің елімізде болып жатқан соңғы жылдардың оқиғалары қоғам өміріндегі ұлттық факторлардың жоғарғы мәнділікке ие екенін көрсетуде. Полиэтностық полимәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық сипатта дамуынна қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Қазіргі уақытта біздің полиэтностық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да процестер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың этностық өзіндік санасының деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық және атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды. Этностық өзіндік сананың құрылымы, этностық эдентификация, өз «менің» бастан кешіруі, әсерленуі, өзіндік қатынасты белсендіру, этнорухани мәдениетке, ұлттық тілге, халық творчествосына, дініне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген психологиялық орнықтылық сияқты белгілермен анықталады. Этнофакторлардың мәнді өсуі этностық өзіндік сананы күшейтеді. Этностық өзіндік сана индивидуалды қасиеттердің әртүрлі деңгейдегі ерархиялық байланысын детерминациялайды қасиетердің және интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелі ұйымдастырушысы функцияларының орындайды, әрі реттейді. Этностың басты объективті тасушысы болып табылатын «ұлттық мәдениеттің » әлсіреуі барысында өтетін этностық өзіндік сананың күшеюін «этникалық парадокс» деп айтуға болады. Бұл парадокстың болу себебі ұлттық өзіндік сананың компенсациялаушы функциясымен байланысты, соны күшейту және бекіту, этнностық өзіндік сананың объективті негізі – халықтың, этностың, ұлттың өзіндік қайталанбас мәдениеттің әлсіреуінде пайда болатын негативті әсерлерді теңестіреді.
Қазіргі жаңа этнопсихологияда өз бетінше дамып жатқан бақтардың бірі – психофизиологияның, когнитивті процестердің, естің эмоцияның, сөздің этностық ерекшеліктерін салыстырмалы – мәдени зерттеулері жатады. Этнопсихологияның методологиясы өте күрделі. Этносты құрайтын индивидтің қасиеті мен тұтастықты құрайтын ұлттық мәдениет қасиеттері бірдей емес, мәдениеттің және психологияның зерттеулері арасында этнопсихологияға байланысты ылғида белгілі бір ажырау болады. Сондай-ақ этностық ерекшеліктер жайлы бір қорытынды жасау үшін, қандай да бір салыстыру керек деген ой көлеңкелеп тұрады. Сондықтан да этноцентризм мәселесінен қашу үшін оны терең түсіну керек. Халықтардың психологиялық ерекшеліктері жайлы абстарактілі, негізделмеген қорытындылар ұлттық сезімдерді қорлауы мүмкін. Осы сұрақтарды талдауда пән аралық гуманитарлы ғылымдар атап айтқанда этномәдениеті бізге көмектеседі. Мұнда индивидуалды сана сезімдер сол мәдениетте қабылданған адамның жалпы моделінен тәуелді болады және олардың құндылықты – нормативті аспектілері талданады [1,410-417]. Г.У.Кцоева этностық өзіндік сананың әлеуметтік топтардың этномәдени болмысқа белгілі бір қатынасы, әлемді қабылдаудың ерекше тәсілі ретінде қарастырады[2,55-56].Этномәдениет бағыттағы зерттеулер позитивті этностық және мәдени идентификацияның қалыптасуының психологиялық механизмдерін табумен айналысады.
Этномәдениетті түсінуге деген алғашқы ықпал социосфера парадигмасында этностық процестерді зерттеумен байланысты болды.Ол парадигманың бастапқы алғы шарты этнос әлеуметтік құбылыс, сондықтанда қоғам даму заңдарына бағыну керек, өзінің меншікті заңдары жоқ деген сеніммен байланысты болады.Және этнос жүйелілі деген идея біртектілік, идентификация ретінде түсініліп сана сезімдердің бөлінбес бөлігі деп аныталады.Этностық жүйедегі мәдениеттің маңызды функциясына-этносты сигнефикативті жүйе ретінде анықтайтын белгі-символикалық функциясы жатқызылды.Сигнефикативті жүйеге тіл ғана емес этнос құрылымында коммуникативті рөл атқаратын басқа да элеметтер жатады.Ұзақ жылдар бойы этномәдени мәселесін дәстүрлі жағдайда тек фольклор мәнінде карастырды.Оны ұлттық дәстүрлердің рухани және тұрмыстық аспектілеріне апарады. В.Бромлей осы сұрақты талдай отырып, мәдениетті этностық аспектісі жайлы айтып, оны «өндірістен тыс мәдениет» деп аталады, яғни мәдениет адамдардың күнделікті материалды және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру сферасында қаралады[3,351]. Шындығында тұрмыстық мәдениет этностық қатынаста дәстүрлі қырларды көбірек сақтайды. Этномәдениет мәселесін қарастыруда этномәдени реттеу жүйелеріндегі дінді аттап кетуге болмайды. Этностық тарих этногинез факторлар жүйесінде діни комплекстердің маңызды ролін көрсетедіт, әсіресе этномәдени интеграциядағы діни құндылықтар, «провославиелік» және «мұсылман» әлемі сияқты супер этностық тұтастықтар құру сұрағы, сондай-ақ этностық бірлікті қалыптастыру мен сақтаудағы діннің маңызды ролін корсетті. Сөйтіп, «социосфера» ықпалындағы зерттеулер этномәдениеттің көп функцияларын ашады-рухани, тұрмыстық, материалды өндірістік, саяси-тәрбиелік, гуманитарлы білім салаларын осы функциялардың біреуін азайту немесе мойындамау ерте ме кеш пе этностық мәдениеттің тұтастығын бұзуға әкеледі. Этномәдениет пен этногенезге деген екінші ықпалға Л.Н.Гумилевтің биосфералық концепциясын айтуға болады.Л.Н.Гумилевтің пікірінше, этностық мәдениет өз элеметтері мен байланыстарының өзара әрекетін беретін күрделі көпдеңгейлі құрылу.Этномәдениет ол тұтастай феномен, оны этностық немесе этностық емес белгілері бар фрагменттерге бөлу дегеніміз, этномәдениеттегі творчествалық тарнсформацияға деген қабілеттен бас тарту. Ең маңыздысы сол этномәдениетте архаистік мағыналар мен түсініктер бар, соның арқасында этномәдениет тек қана кеңістікті ғана емес әрі рухани әсерленуге қолайлы уақыт өлшемдерін де береді. Этностық тұтастықтың негізгі белгісі ерекше сипаттағы этностық мәдениет, оны қалыптастыратын элементтер-біріншіден, белгілі этносқа ғана тән мінез құлықтың ішкі қайталанбас стереотипі (психикалық құрылыс), екіншіден, обьективті шарттар мен факторларды қалыптастыруға әсер ететіндер: табиғи (территория, ландшафт, геокосмостық аномалия), әлеуметтік (жергілікті өндірістік-экономикалық жағдай және өркениеттің деңгейі, қоршағандар, байланыстар және саяси мұра), этномәдени (күрделілік пен белсенділік деңгейі, яғни этностардың жасы, көршілер, этнос-субстраттар, алдыңғы мәдениет, олардың элементтері, тіл, идеялық мұра), антропоморф (этностардың антропобиологиялық ерекшеліктері).Л.Н.Гумилевтің пікірінше, мәдениет пен этнос әртүрлі жоспардағы құрлым. Этнос органикалық сфераға жатса, мәдениет жасанды құрлым, этностар өзінің этногенетикалық бағдарламасын жасайды.Сондықтанда,техника,жасанды этностық процестердің индикаторы[4,153-155].
Мәднеиеттің этнос тағдырларындағы рөлі қайшылықты болып отыр.Неге? «Неосфералық концепция» бойынша мәдениет тарихында этностық процестердің жоғарлауы мен құлдырауы болды, бірақ олар фаза бойынша бір-бірімен сәйкес келмейді[4,153-155].Бұл сәйкессіздік этногенездің ішкі стимулдарымен байланысты туындайды,этностың өскенін көрсетеді, әрі мәдениеттің гүлденгенін білдіреді.Негізгі жұмыс біткен соң енді биосферамен араздық басталады.Бұл фазада этнос тіршілікпен байланысын жоғалтып, құлдырайды.Сөйтіп,Л.Н.Гумилев этнос пен мәдениет бір-бірімен кері пропорционал қатынаста болады дейді.Сондықтанда өздігінен ұйымдасу прогресстің обьективті қажетті жағы.Біз үшін мәдениеттің этностық,рухани комплекстерінің әртүрлілігі және этномәдениетін еркін дамыту негізгі мәселе.
В.К.Шабельниковтың пікірінше өркениет процесі екі құрылымның өзара әрекетіне байланысты болады-сұйық (Европа; Америка) және қатты (Азия) әлеуметтік жүйелердің қатты және сұйық құрылымдарымен қарсыласуы қазіргі әлемдік саясаттың негізгі мазмұнын құрайды. Біз сол қатты әлеуметтік құрылымның өкілдеріміз. Ол қалай сипатталады? Қатты қоғамдық жүйеде адам этностың отбасының ажырамас бөлігі. Өндірістің отбасылық рулық типі көп деңгейлі мықты иерархияны жасайды, онда адам өзінің жасына, жағдайна қарай іс-әрекет пен мінез құлық мазмұнына ие болады. Еврогенетикалық мәдениет қатты этнос жүйелерге қуатты қысым көрсетуде. Мәселен, транспорт байланысы, баспасөз, телеақпараттар арқылы рефлексиялы мәдениет қатты құрылымның орнықтылығын бұзуға әкелуде. Қазіргі жаңа өркениеттің дамуында қатты әлеуметтік құрылымдардың әлсіреуі қашып құтыла алмайтыын процесс. Этномәдениет ортаның өзгеру мәселесі этностың қайта құрылу мәселесінің бір бөлігі немесе бұрынғы қатты жүйелердің еріп кетуі. Қатты құрылымдардың еруінің қажетті шартының бірі полиэтникалық және полимәденилік, өз кезегінде олар сол не басқа мәдени типтерді анықтайды[5,3-17].
ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап әлемдік масштабта халықтардың өз тұрмыс салтын сақтауға ұмтылу, ерекшше тұрмыстық мәдениеттің мәнін көрсету, этностық идентификация мәселесіне байланысты процестер қатты белең алды.Бүгінгі күні этностық қайта өрлеу жаңа замандағы адамзат дамуының басты факторы болып отыр. Адамдардың өзі түпкі шығу тектеріне көңіл бөлуі әртүрлі формаларда көрінеді- көне ескі салт дәстүрлерді реанимациялау, кәсіби мәдениетті фольклоризациялау, өзінің ұлттық мемлекетін құру.
Мәдениет ұғымы психологиялық ұғым ретінде түсінілуде. Этнос пен мәдениет ұғымының арасындағы байланыс жайлы бірнеше көзқарастар бар. Мәдениетті психиканың этнос аралық айырмашылығы негізінде жатқан басты фактор деп анықтайды.Бір қатар этнопсихологиялық мектептер мәдениет пен психологиялық арасындағы байланысты ең алдымен жек бастық сипаттамалар негізінде зерттейді. Американдық психолг Г.Триандис этнопсихологияның пәні ретінде субьективті мәдениет деген ұғымды бөліп көрсетті.Философиялық және социологиялық концепцияларда репрезентативті мәдениет (Ф.Тренбрук) деген термин кіргізілді.Ал американдық психолг Д.Матсумото мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамдар тобының, бірақ әр индивид үшін әртүрлі болатын мінез-құлықтың, сенімнің, құндылықтардың, ішкі ыңғайланулардың жиынтығы деп түсіндірді. Бұл анықтама топтық және индивидуалды сананың ішкі мазмұнына қатысты. Мәдени-шарттанған мінез құлық салт жораларда тіркелгендіктен нәтижесінде (мінез құлықтың жалпы, автоматтанған тәсілдері) адамдар тобын жалпы мәдени құндылықтарға, мінез құлық нормаларына және қарым қатынасқа қарай бөлу жүзеге асады. Мәдениет мінез құлық пен қарым қатынасқа әсер етпейді, құндылықтар, нормалар, рөлдер, әлеуметтік когнитивті және аффективті процестер, әдет-ғұрыптар арқылы жанама әсе принциптер болып табылады. Егер сіз өзіңіз жататын мәдениетті түсінгіңіз келсе ең алдымен оның базалық құндылықтарын түсінуге тырысыңыз: бұл өзіңіздің, адамның мінез құлықының жасырын мотивтері мен мағыналарын түсіндіретін тура жол.
Мәдениет элементтерінің ерекше болуы бірнеше факторлармен түсіндіріледі біз үшін маңыздысы мәдениеттің әртүрлі болуының әлеуметтік-психологиялық себептері жайлы сұрақтар. Мәдениет- ол бір жиынтық емес, бірлігі бір бейнемен элементтері өзара байланысқан жүйе. Этнологияда мәдениет дегеніміз сол этносты құрайтын бірлестік, әлеуметтік тіршілік салты, тұтастай алған сол қоғамның өзі, сол этнос. Қазіргі жаңа этнопсихологияда этностық социаллизация және мәдени трансмиссия ұғымдары қолданылады.Этностық бірлестіктердің психологиясын зерттегенде олардың мәдениетінде жүзеге асатын көптеген әртүрлі процестерді ескеріп отыру керек. Этопсихологияда үлкен орын алатын жағдай психология мен мәдениеттің арақатынасы, оның этностық аспекттілерінің мәні жайлы мәселе. Бүл екі категория әртүрлі жоспарлы болса да, оларды бөлудің күрделілігі сонда олар бәрібір бір бірімен сәйкес келіп, жақындасады. Міне осы жағдайда этностық бірлестіктің психологиясын оның мәдениеті арқылы, ал мәдениетті психикалық құбылыс арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Психиканың тұлға аралық айырмашылық негізіне мәдениетті жатқызады. Халық психологиясымен оның мәдениетінің өзара байланысын талдай білу керек. Этностық бірдейлікті оның мәдениеті арқылы, ал мәдениетті психикалық құрылым негізінде анықтауға болады. Р. Бенедикт айтқандай, «Халықтар психологиясы – ол оның мәдениеті».
Полиэтностық жағдайда этностық толеранттылық мәселесі де мәнді.Басқа этностық мәдениеттерді қабылдау,силау үшін ең алдымен өзіңнің мәдениетіңді қабылдау,силау,оның позитивті құнды екенін ұғыну,оған деген сенімділік,басқа мәдениетпен жиі байланысқа түсу міне осы жағдайлар мәдени аралық толеранттылықтың негізін құрайды.Мәдениет адам творчествосының өнімі. Мәдениет жеке әлеуметтік-экономикалық формацияда этностық, ұлттық, таптық, топтық мәдениет ретінде дамиды.Мінез құлықтағы өзгеріс міндетті түрде мәдениеттегі өзгерісті білдіреді.Әлемдік экономикалық интеграциямен халықтың кең мәдени өзара молаю процесінің аясында этностық сана сезімдердің ренессансы өтуде.Позитивті жоспарда ол халықтардың ұлттық мұраларында,тарихта,ұлттық мәдениетті сақтау көрнісінде көрінсе, негативті жоспарда ұлтшылдық,агрессияда көрінеді.Мәдени және этностық детерминацияланған әлем әрбір индивидтің социализациясының негізі болып табылады.Этностық мәдениет психологиялық адаптацияға байланысты туындаған қажеттілікті детерминациялайды.Этнопсихологиядағы этника аралық қатынастар мәселесінде әрбір этностың мәдениеті, тарихы, творчествосы қаралады. Басқа бір әлеуметтік ортаға келген жеке адам сол ортаның ерекшеліктеріне бейімделуде белгілі бір қиындықтарды бастан кешіреді. Тіл және мәдени ерекшіліктердің жиынтығы әлеуметтік қоршаудың ядросы бола отырып, этностық ерекшіліктерді құрайды, ол адамның социализация процесін жанамалай отырып, жеке адамның этнопсихологиялық ерекшеліктеріне айналады. Яғни жеке адамның индивидуалды ерекшіліктері биологиялық (саматикалық және физиологиялық) факторларымен шарттанған индивидулды ерекшеліктермен қатар, этностық факторлармен шарттанған индивидуалды ерекшіліктері де болады. Осы екі қатар факторлар жеке адамның қалыптасу процесінде өзара бір-бірін детерминациялап, негізгі мазмұнын «этностық индивидуалдық» ұғымы құрайтын психологолиялық феномен аясында жатқан жаңа функционалды психофизиологиялық жүйені туғызады. Этностық ішкі ыңғайлануды позитивті этника аралық қатынастар контекстінде қарастырған импирикалық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, олардың тіректеріне дәстүрлі этностық мәдениет жатады.
Полимәдениет пен полиэтностық өзара әрекет жағдайында европалық сананың ерекше типтерін анықтайтын миханизимдер туындайды. Әрбір мәдениеттердің өзара әрекеті олардың өзара рефлексиясы мен өзара бейнелеулері үшін жағымды жағдайлар жасайды[5,3-17]. Адамның қоршаған ортамен қатынасында адамзат бірлестігінің мәдени құндылықтары потенциялы байқалады. Ол медиатор арқылы (Л. С. Выготский), - белгілі, сөз, символ, салт жоралар, этномәдени белгілер, олар санада халықтың тіршілік әрекетінің дамуымен ұйымдастыры тәсілі жайлы білім ретінде белгіленіп болмысты жалпылап бейнелейтін мәнге айналады. (А.Н.Леонтьев). Солар арқылы ғана табиғи психикалық формалар идиалды адам қабілетіне айналады. Нәтижесінде индивид өз мәдениетін меңгереді: мінез құлық мәдениеті (қажеттіліктер, аффектілер, қарым қатынас, әрекет), рухани мәдениет (ойлау мәдениеті, сөз мәдениеті): психикалықтың реалды (табиғи) формасы идиалды, мәдени формасы бола бастайды. Этномәдени парадикмада дамудың базалық процесіне мәдени белгі- символикалық жанамалауды көп бейнелі формасы жатады.
Отногенездегі этномәдени даму мәдениетті меңгерудің континумында өрістейді.Адам нақты мәдени білімдер,ептіліктер дағдыларды орындау әрекетінің ретімен,тәсілімен,формасымен қамтылады.Адамның этномәдени дамуының негізіне өз халқының мәдени құрлымдарын меңгеруіне негізделген мәдени тәжрибені игеруді қалыптастырудағы өзара қатынас,өзара әрекет тәсілдері жатады.Адамның этномәдени дамуын талдау пәніне мәдени практика,іс-әрекеттің мәдени формалары,яғни этномәдени әлем контексіндегі адамның тіршілік әрекет жүйесі жатады.
Біздің зерттеуге негіз болған адамның этномәдени даму мәселесін этномәдени парадигмада қарастыруға болады.Этномәдени парадигма субьективтілік пен обьективтіліктің арасындағы,адм табиғаты мен социумның,индивидуализация мен социализация процестерінің арасындағы айырмашылықты жеңу барысында жүзеге асады.Дамудың этномәдени парадигмасының мәселелері этномәдени әлемнің индивидуалдылық әлемге және индивидуалдылықтың этномәдени обьектігн айналу және азамттық әртүрлі мәдениет паттерндерін туғызу механизмдерін табу және суреттеу.
Болашақтағы зеттеудің мақсаты этномәдени парадигма міндеттерінің бірі-адамның этномәдени дамуының психологиялық заңдылықтарын табу,басқаша айтсақ,оның этностық индивидуалдылығының дамуы оның этномәдени ілемге қосылу болып табылады.

1.2.Этнопсихологияда кездесетін категориялар

Этнопсихология элементтерінің халықтар өмірінде және олардың басқа ұлттармен қарым-қатынасында маңызы зор.Оны бүгінгі тарихтан,ұлттар мен халықтардың мәдени даму кезеңдерінен,олардың өзара қатынасынан байқауға болады. Шын мәнінде,халық идеалдары, қызығуы, құндылықтары, тусініктері, сезімдері этностық қауымды біріктіреді.Олардың тарихи үрдістің суьбектілері деп қарауға болады.Мәдени дамуға және этномәдени қауыммен қарым-қатынасқа өз ықпалын тигізетінін де осы реттен еске аламыз.
Сондықтан, этнопсихологияның мақсаты мен қызметі гуманитарлық ғылымдардың қызуғушылығын туғызады.бірақ қаншалықты қызығушылық болғанымен, этнопсихологияның көрінісі мен мазмұнын әлі де, жан-жақты,жүйелі,жеткілікті зерттелмеген осыған қарамастан,этнопсихологияның да, өзіндік тарихы,даму бел-белестері бар.
Этнопсихология өзінің даму жолында көптеген қиындықтарға кездесті.Ол басқа ғылымдардың арасынан да орын таппай, өткен ғасырдың алғашқы он жылдығында да белгілі орынға ие бола алмады.Ғылым болмай,жәй пән ғана ретінде,этнография мен тіл білімдеріне жақын орналасқаны жайлы мәлімет Е.А.Будилованың еңбегінде жазылған.
Ертеде рухани психологиялық аймақтағы этностық айырмашылық мәселесі және оның күнделікті тұрмысқа, халықтар мәдениетіне, жалпы оның іс-әрекетіне әсері көптеген ғалымдарды қызықтырған.Мәселен Гиппократ өзінің “О воздухах, водах, местностях” (“Ауа ,су тұрғылықты жер туралы”) атты еңбегінде (б.э.д. шаиамен 424 жылдары) халықтар арасында этностық айырмашылықтың себебін елдің мекен –жайын, климатыны мен басқа табиғи факторларына байланыстылығын атап көрсеткен.
Этнопсихологияға түбегеилі қызығудың жаңа кезеңі ХХ ғасырдың ортасынан басталады. Этнопсихологиялық қызықты зерттеулердің бастамасын Ш.Монтескье, И.Фихте,И.Кант т.б. еңбектерінен кездестіруге болады.
Ш.Монтескьенің гоеографиялық детерминизм принципіне сүйеніп,ұлттық мінез климаттық жағдайлардың әсерінен өзіндік ерекшелікке ие болатындығын білдік.Белгілі жағдайда қалыптасатын мінез ұлттық қандай болатынына,оның тарихының қалай дамуына ықпал ететініне мән берген.
Мінез теориясын жасауға белгілі үлес қосқан ағылшын философы Д.Юм “О национальных характер” (“ Ұлттық мінез туралы”) атты еңбегінде халық мінезінің қалыптасуына ықпал етуші негізгі факторларды көрсеткен.Ғалымның ойынша ,ол физикалық және моральдық факторлар түсінігіне ауа, климат және басқа өмірдегі табиғи жағдайларды жатқызған.Ал моральдыққа-халықтың мінезіне әсер етуші факторлар ретінде қоғамдағы әлеуметтік-саяси қатынастармен байланысты қасиеттерді алған.
Сондай-ақ философ Д.Юм кез-келген ұлт топтарының өз психологиясы,мінезі, бейімділігі, дағдасы руханияты болатындығы олардың кәсіби топтардан тұратындығы турулы айтқан.Оның халық психологиясы,сол халықтың тілі мен рухани өмірі,сондай-ақ басқа да жалпы формасы қалыптасатыны жайлы пікір.
“Адам қоғамының тарихы табиғаттың даму нәтижесі болып табылады”,-деген И.Гергер.Ол географиялық жағдайдың ролін жете түсініп,оны “мойындамау-танту немесе сандырақ”,-деп өз ойын айқындаған.Сонымен қатар ойшыл бірінші болып халықтардың өмір сүру бейнесін,олардың салт-дәстүрін зерттеген.Ұлттардың бірлігі климатқа тән екенін,халықтардың арнайы жағдайға бейімделуіне және экологиялық үйлесімділігіне тоқталған.Оның ойынша,тек қана халық мінезіне,қоғамдық қатынастарға климат оңтайлы әсері ғана емес,сонымен бірге кері әсер тигізетіндігі туралы ойыда маңызды.
И.Канттың ізгі ойлары этнопсихологиялық зерттеулер т арихында үлкен орын алады.Ғылым өзінің “Прагматикалық тұрғысынан алғандағы көзқарас антропологиясы” атты еңбегінде “халық” , “ұлт” , “халық мінезі” деген ұғымдарды қарастырады.Халық өз мінезіне ие екеніне тоқталған.Ол эмоциялық қобалжуда(аффектацияда),басқа мәдениетті қабылдауда және өзге халықтарға қатынасында байқалатыны айтқан.
Автор ұлттық мінездің негізгі бағыты басқа халықтарға деген қатынасқа, мемлекеті мен қоғамын мақтаныш тұтуға байланысты деп санайды.Ол халықты географиялық орналасу әсерін мойындаса да, халықтардың мінезін ашатын кілті деп санайды.
Ұлы философтың кейбір еуропалық халықтардың ұлттық мінезіне салыстырмалы талдау жасауға ұмтылса этностық психологияда ерекше қызығуды тудырып отыр.Ол осы халықтардың әрбірі оңтайлы және теріс мінезге ие екенін айтып кеткен.Себебі,ол зерттеулерінде француз, ағылшын, неміс ұлттары өкілдерінің мінез-құлқының салыстырмалы талдауын жасап,обьективтілік принципін сақтап отырған.Бұл өз кезеңінде халықтану жүйесінде тағы бір даму сатысы болады.
Ұлттық мінез туралы білімді дамытуға Г.Гегельдің шығармашылық көзқарасы”Философия духа” (“Рухани философия”) атты еңбегінде орын алған .Ғалымның пікірі бойынша,халықтың рухы кейбір анықтылығы бар дүниежүжілік рухтың даму сатысы ретінде көрсетілген .Халық рухы белгілі қызметті атқарады.Ол өзіне өмірдің мәдениетін,дінін,салт-дәстүрін құрып, мемлекеттік құрылысты,оның заңдарын, адамдардың мінез-құлқын анықтап, қалыптастырған.Ұлт тағдырын,тарихын анықтауда халық іс-әрекетінің негізінде ұлттық рух жатыр.Барлық халықтар рухты тасмалдаушылар,басқаша айтатын болсақ,ол дүние жүзінде тарихы дамуы мүмкін емес.Міне осыдан Гегельдің көпшілік халықтың тарихына елеусіз қарайтын сәттері де байқалады.Оларды бір-біріне қарсы қойып алуы мүмкін екендігін ескермегендігі аңғарылады.Ғұлама ғалым көзқарасының шектелгендік көрсеткіші ретінде өркениетті дамудағы 4 кезеңінің ішінен германдық кезеңге ерекше мән берген дәлел.Ол өз еңбегінде халық мінезін ұлттық қауымның қасиеттері,ал темпераментті индивидумның қасиеттері деп,осы мәселенің әдіснамалық жағдайын шешуге тырысқан.
Жалпы жаңа этнопсихология ғылымының негізін салушылар М.Лацарис пен Х.Штейнталь болды. Олар 1859 жылы “Халықтар психологиясы және тіл білімі” атты журнал шығарды .Оның алғашқы номерінде “Халық психоллогиясы туралы ойлар” деген мақаласында психологияға жаңа ғылым ретінде “Халықтар психологиясын” кіргізуге болатындығын және оны дамыту қажеттігін айтқан.Бұл ғылымды бір адамның жан-дүниесі деп қаамай, оны жалпы бүтін орта ретінде зертеу қажет екенін жазды.Сөйтіп 1860 жылы халықтар психологиясы пән ретінде дүниеге келді.М.Лацарус пен Х. Штенталь осы жаңа ғылымның негізгі міндеттерін былай деп анықтаған.
1.Халық рухының психологиялық мәнін тану:
2.Халықтардың өмір сүруі заңдылықтарын ашу;
3.Қандай да бір халықтың пайда болуы,дамуы жоғалып кету ерекшеліктерін себептер анықтайды.
Ғалымдардың ойынша “Халықтардың психологиясы” ұғымы-жалпы тілдің,діннің,өнердің,ғылыми заңдардың және басқа да мәдени,рухани элементтердің психологиялық мәнін түсіндіретін ғылым.
Олардың пікірінше, халықтар психологиясы екі бөліктен тұрады:-бірінші “Халық рухы деген не?” деген сұраққа жауап беретін абстрактілік бөлек;
-екінші, нақты белгілі халықтардың зерттейтін бөлік.
Авторлар айтқан:” бірінші барлық халықтар үшін қажетті заңдарды қояды,екінші іс-әрәкеттегі жалпылама заңдардың көрінісі ретінде бөлек халықтарды бейнелеп сипаттайды.Біріншісі-халықтың-тарихы психология болса,екінші психологиялық этнология”.
“Этнопсихология”ұғымы Батыстағы ғылыми әдебиттерде жиі кездесе бермейді.Ол психологияға В.Вунд еңбектері арқылы енді.Неміс ғалымы сананың эксперименттік психологиясын құрумен қоса, әлеуметтік психологиялық білімнің алғашқы түрлері ретінде халық психологиясының негізін қалаған.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 962



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?