Қазақстанда жаңа жол жабындысы сынақтан өтеді


Қазақстанның Ақмола, Атырау және Алматы облыстарының автомобиль жолдарындағы сынақ учаскелерінде "Микросюрфейсинг" түріндегі жаңа жол жабындысын сынақтан өткізу басталды.

Фото: nso.ru
Фото: nso.ru

Жаңа технология жол жабындыларының бұзылу процесін тоқтатуға мүмкіндік береді және жоғары техникалық санаттағы тас жолдарда қолданылатын болады. Бұл туралы baq.kz тілшісіне ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жолдарды күтіп-ұстауда бұзылулардың алдын-алу әдісін қолдану қаржыны үнемдеуге бағытталған. Айталық, жолдарға 7-10 жылдан кейін, яғни сапасы қанағаттанарлықсыз жағдайға жеткен кезде күрделі жөндеу жұмысын жүргізгеннен гөрі, олардың сапасы қанағаттанарлық жағдайда болған кезде жол жабындысына жөндеу жұмысын жүргізген айтарлықтай арзанға түседі", - деп атап өтті Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов.

Микросюрфейсинг жол жабындысының бірқатар ерекшеліктері бар: суды сіңірмейді, жол сораптарын болдырмайды, жолдың пішінін түзейді, автомобиль көлігінің қозғалыс барысындағы шуылын азайтады. Аталған жол жабындысы ауыр салмақтың түсуіне төзімді келеді және 5 жылға дейін жөндеу жұмыстарын қажет етпейді.

Микросюрфейсинг жабындысы еліміздің климаттық жағдайы әр түрлі болып келетін 3 облысында: Атырау облысындағы "Атырау -Астрахань" автожолының 18 шақырымында, Алматы облысындағы "Алматы-Бішкек" автожолының 10 шақырымында, Ақмола облысындағы "Астана қаласының оңтүстік айналма жолының" 10 км-де сыналып жатыр.

Сынақ қорытындысы оң нәтиже берген жағдайда 2014 жылдың көктемінде Микросюрфейсинг жабындысын еліміздің жолдарында кеңінен қолдану басталады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!