Қазақ әдебиеті | Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер.

 Қазақ әдебиеті | Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер.

Мазмұны

КІРІСПЕ
І. Үйлену салтына байланысты туған өлеңдердің зерттелуі
ІІ. Үйлену салтына байланысты туған өлеңдердің жанрлық сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Халық құндылығы атадан балаға мирас болып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп дамып, сана төрінде сақталып қалуы бүгінде қазақ халық әдебиетінің арқасы.
Көшпелі қазақ елінің ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі де осы қазақ халық әдебиеті. Бұл орайда, баға жетпес байлық, құнды да құнарлы дерек көзі - халық әдебиеті.
Халық әдебиеті – барша ұлттың мәдениетінің қайнар бұлағы, халық тарихының дәстүрлі дүниетанымының жинақталған алтын қоры. Халықтың рухани айнасы, сонымен қатар, ол өткеннің елесі ғана емес, бүгінгінің сәулесі, халық тұрмысында өмір сүріп мәңгі жанданған мұра десек қателеспейміз.
Ұлы дариядай шалқыған, құнарлы қазақ халық әдебиетінің жанрлық құрамы да аса күрделі, көрікті әлем. Халық әдебиеті арқылы ұлттығымыз жоғалмай кейінгіге мирас болып келе жатқан салт дәстүрдің де жемісі зор. Соның ішінде халықтың көреген көзі мен киелі сөзі біте қайнасқан ұлттық салт-дәстүр ғұрып, жырлары өзінше арнайы сала құрайды.
Халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан көне дәстүр мен әдет-ғұрыптары рухани, мәдени қымбат та құнды қазыналарымыздың бірі. Онда халықтың сан ғасырлық өмірі, тәжірибесі мен зердесі, адамзаттың даму жолындағы күресі, жеңісі, ізденісі мен таным түсінігі жинақталған.
«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт-дәстүрлерден этностың мінез-құлқы, өнегесі, даналығы, шешендік ақыл-ойының ұшқырлығын көреміз. Бір сөзбен айтқанда салт-дәстүр – халықтың рухани мәдениетінің дінгегі, тілінің тірегі. Салт-дәстүрдің барынша байлығы, бағалылығы ұлттық құндылықта.

Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық салт пен дәстүрлердің тууы ұлт болып қалыптасуына байланысты. Ұлт дегеніміз – адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік, қауымдық бірлестігінің жоғарғы түрі. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін құрамына енген адамдардың тұрмыстық жағдайлары, территориясы мен экономикалық өмірінің тілі мен мәдениеті, әлеуметтік хал-ахуалдағы сол ұлтқа тән ерекшелігі ортақтығы болып табылады.
Көне дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі қалыптасып дамыды. Халықты өзгешелендіріп тұратын, өзіндік өзгешеліктерге толы өшпес мұра, әрине өзіне тән салт-дәстүрі, ғұрпы болып келеді. Салт-дәстүр көне тарихи процесс. Көптеген дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан кейбір ұлттарға ортақ мәнді дәстүрлерде кездесіп жататынын көреміз.
Салт-дәстүр – халықтар тіршілігінің кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген құштарлығына байланысты туып, қалыптасқан. Жаңа ұрпақ жадында жаңғырып сақталуы да осының айғағы. Мысалы: қазақтар жаугершілік заманда бір-бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп те серттескен. Бертін келе жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлдем жойылды. Бірақ сол салттың елесі ретінде, бүгінгі күндері де ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс тойларын өткізудегі тәрбиелік мәні жаңарған түрі секілді. Оның ұрпақ тәрбиесі үшін тәрбиелік мәнінің зорлығында.
Ұлттың болмыс-бітімі адам мінезінен, іс-әрекетінен көрінетін құбылыс. Мысалы, қазақтарға тән бауырмалдық, қонақжайлылық, ақжарқындық мінез-құлық болса, өзбектерге тән майда, сыпайы тілі тәтті, қарапайымдылық пен кең пейілділік, орыс халқына тән құндылықты кездестіріп жүрміз.
Бұл қасиеттер басқа халықтарда жоқ, кездеспейді деген ұғым емес, алайда ол қасиеттерді әр халықта әр қырынан көреміз. Ұлттық дәстүрлердің ұлттық психологиядан көрініс тапқан адам баласына, ұлтқа тән ортақ қасиет екендігін байқауға болады. Сондай-ақ ұлттық сезімді ояту үшін басты себепші болған, ұлттың дәстүрдің де орны өзінше бір төбе.
Салт-дәстүрімізде халқымыз ерекше күткен қонағын ұлттық тағаммен сыйлап қарсы алған. Дәстүрге тән ет асымымен талай елдің жүрегін жаулап, достық пен ынтымағымызды беріктірген де осы аялы әдет-ғұрпымыздың өшпес, өлмес іздері.
Заман өзгерген сайын салт-дәстүрлер, әдет-ғұрып, тұрмыс заңы өзгеріп, жаңарып отырады. «Заманына қарай заңы, тауына қарай аңы» – деп философиялық ой топшылаған.
«Казақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыс-салт дәстүрлер, әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер болып үшке бөлінеді.
Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бастап жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлер шілдехана, сүйінші, бесікке салу т.б.) бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасын - жан ұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған жөн-жоралғылар кіреді [1,10].
О баста адамзат баласының өзін қоршаған орта мен қарым-қатынас негізінде, адам баласының қалыптасып дамуындағы ұзақ процесінде салт-дәстүрдің еңбегі орасан зор екендігін көзімізбен көріп, көңілімізге түйе білгеннің арқасында бүгінде жібін үзбей келе жатыр.
«Әдетте халықтық салт-дәстүрлерді: діни әдет-ғұрыптар, маусымдық халықтық мерекелер және жанұялық той-томалақтар деп үшке бөлеміз.
Діни әдет-ғұрыптарға өте ертеден қалыптасқан түрлі ырым, наным-сенімдермен бірге шаман, ислам діндерінен енген рәсімдер де жатады.
Ал маусымдық мерекелерге жалпыхалықтық тойлар – жыл басы тойы – Наурыз, жаз тойы – Қымызмұрындық, күз мейрамы – Мизам (шопандар тойы), қыс тойы – Соғым енеді.
Ал семьялық той-томалақтарға келсек, үйлену тойы (құда түсу, жаушы жіберу, қыз таңдау, үкі тағар, отқа май құю, өлтірі т.б.), құрсақ шашу, ат қою, тұсау кесер, мүшел тойы т.б. жерлеу салттары (қара тігу, аза тұту, жаназа шығару, жоқтау, ас беру т.б.) осы топқа кіретін мысалдар дәстүрлердің көрінісі [2, 5].
Халық өз дүниетанымын, салты мен дәстүрін ғұмырлық тарихын, ең алдымен өнерге сіңірген, сол арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиелеу келешек қоғамның қамын ойлау болып табылады.
Ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі салт-дәстүрлердің, мәдени мұраның жастарды жан-жақты азамат етіп өсіруде тәлім-тәрбиелік рөлі орасан зор. «Ол ұлттық қалыптасумен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи көне процесс. Салт – ұлттың ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып келуімен бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенге дейін тербететін бесігі болса, ал дәстүр – сол салттың өмірде әлденеше рет қайталанып тіршіліктен ұзақ уақыт тұрақты орын алған түрі. Ол шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру, өлікті жөнелту сияқты ұлттық көрініс береді» – дейді Кенжехан Ісләмжанұлы [3, 8].
Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, ерін-жерін сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келгенінен бастап, есейіп ер жетіп қартайып ана дүниеге аттанып кеткенге дейін өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қатынасы, барлығы салт-дәстүрлік мектептен тәрбие алатынын көріп жүрміз.
Бала бағу, бала асырау, қыз ұзату сияқты салт өлеңдер көп. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең жырмен насихаттады.
Орыс халқының ауыз әдебиетінде оны «бытовые песни» (бірде «обрядовые песни») десе, біз оларды «тұрмыс-салт жырлары» деп жүрміз.
«Елдің тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпы, түрлі наным-сенімдеріне байланысты туған сюжетсіз ұсақ өлеңдерді тұрмыс-салт жырлары дейміз. Бұл жырларды олардың мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге болады.
Олар:
а) бақташылық жырлар (төрт түлік мал туралы);
ә) діни ғұрыптық жырлар (жарапазан, бәдік);
б) үйлену жырлары (той бастар, жар-жар, сыңсу, беташар);
в) ұлыс жырлары;
г) бөбек жырлары;
д) жаназалау жырлары (естірту, қоштасу, жоқтау т.б.) –

деп белгілі ғалым профессор Әуелбек Қоңыратбаев осылай топтастырған екен [4, 44]. Сонымен қазақ фольклорының ең бір көне әрі көркем саласы тұрмыс-салт өлеңдері десек қателеспеспіз.
Тұрмыс-салт өлеңдері шағын жанр. Ең қысқасы 6-7 жолдан, ең ұзақ дегендері 200-300 жолдан аспайды. Көлемі шағын, ішкі мазмұны лирикалық сезімге құралған, әр уақыт өлең ұйқасы, ырғағы сақталып отырады. өмірдің бір ғана сәтін сипаттап, белгілі бір сезім тебіренісінде көреміз. Соған лайықты оның жасалу құрылысы да жеңіл, әрі қарапайым болып келетіндігінде.
Табиғат суреті, кейіпкер портреті, диалог, монолог түрінде кездесетінін көреміз. «Тұрмыс-салт өлеңдерінің белгілі бір жүйемен дамып, шиеленісіп барып шешілетін оқиға болмайды. Оның орнына лирикалық тақырыптың дамуы, геройдың ой-сезімі сипатталуы секілді шағын ситуацияларға құрылады», – дейді филология ғылымдарының докторы Бекмұрат Уахатов [5, 37].
Тұрмыс-салт өлеңдері, негізінен, екі-үш кейіпкерлерден тұрады, аттары аталмай мінезі, сырт бейнесі жоғалмай, жалпылай суреттелетінін де көреміз. Өлеңнің түп қазығы кейіпкердің сезімі әрі қысқа, әрі көрікті болып сипатталады. Тұрмыс-салт өлеңдерінің жасалу жолы да әр түрлі болып келеді.Ол бірде монолог, диалог түрінде кездеседі. Әр кейіпкердің іс-әрекетін, ішкі әлемін ой-түсінігін осы тұрмыс-салт өлеңінен көруімізге болатыны да анық. Сондай-ақ бұл жырлар тек ел тұрмысының айнасы болуымен ғана емес, тамаша көркемдігімен, айшықты сөз саптауымен, кестелі өлеңімен де құнды.
Адам баласының қалыптасып дамуындағы ұзақ процесінде салт-дәстүр мен тұрмыс-салт жырларының еңбегі орасан зор екендігін көзімізбен көріп, көңілімізге түйе білгеннің арқасында, біріншіден ұрпақ тәрбиелеу болса, екіншіден сол ұрпақтың үлкен бір мемлекет, бір сөзбен айтқанда отбасылық мемлекет құруында әсері зор. Отбасы – адам ғұмырының тірегі емес, қоғамның негізі. Сондықтан ол адамзатпен бірге жетіліп, әр халықтың ерекшелігіне орай кезеңдік сипат алып, сан салалы жолмен дамиды. Ғұрыптық жырлардың ерекшелігі мазмұнын жоғалтқанымен де алғашқы сипатының белгілерін ұзақ сақтайды.
Қазақ отбасылық ғұрып фольклорын қарап бір-бірімен салыстыра отырып зерттесе талай қызықтың куәсі болатынымыз анық. Мәселе сәбидің қырқынан шығару, қырық күн тойын жасау, өлген адамның қырқын беру. Бойжеткен қыздың оң жақта отырып қалуы мен өлген адамның оң жақтан шығарылатыны сияқты толып жатқан ұқсас ырымдардың өлім мен үйлену салтындағы, жоқтау мен сыңсудың өзінде талай ұқсас сарындар бар. Осынау барлығы айналып келгенде отбасы ғұрып фольклоры халық дәстүрінің қоймасы десек қателеспеспіз. Халқымыздың ұшан теңіз рухани байлығының арқасында бүгінге дейін ата-баба дәстүрін сақтап, жадымызда жаттап өсуіміздің арқасы дәстүрдің жалғастығында. Қорыта айтқанда адам баласы шыр етіп жерге түскеннен дүниеден өткенге дейінгі уақыт аралығында үнемі салт-дәстүр аясында болатындығы, әсіресе тұрмыстық отбасы ғұрып дәстүрінің халық жадында ғасырлар бойы сақталып, ғалымдар назарын үздіксіз аударып келуінің айғағы осыдан шығар.
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері:
- Халық ауыз әдебиетіндегі үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлардың көне заманнан бері келе жатқандығын, қазіргі кезде де халықтың қажетіне жарап, көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудырғандығын көрсету;
- Тұрмыс-салт өлеңдерінің қазіргі ұрпаққа беретін тәлім-тәрбиелік мәнін айқындау.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрлерін қастерлеу;
- Үйлену салтына қатысты өлең-жырлардың көркемдік ерекшелігіне мән беру.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері.
Жұмысымыздың теориялық-әдіснамалық негіздері ретінде А. Байтұрсынов, М.Әуезов, Б.Уахатов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, т.б. ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Жұмыста қолданылған негізгі әдістер. Зерттеу жұмысында баяндау, жинақтау, талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысын мектеп бағдарламасына сәйкес қазақ әдебиеті пәнінде, факультативті сабақтарда қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ҮЙЛЕНУ САЛТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТУҒАН ӨЛЕҢДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Қазақ отбасылық ғұрып дәстүрінің жиналу тарихының тым тереңнен жатқанын көреміз. Отбасылық фольклордың алғашқы хатқа түсу үлгісі V-VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алатынын да деректерден көріп жүрміз. Тасқа жазылған жазуларда жоқтау үлгілерінің кездесетінін де ғалымдар пікірлерінен де байқаймыз.
Отбасы әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер жөніндегі еңбектер өз алдына бір төбе. Әіресе, оның ішінде ұлттың уызынан нәр алған, ұлттық тәрбие бесігінде тербеліп өскен, қаны, тілі таза, тәні шымыр, ойы өрелі, тағдырын ең алдымен өз ұлымызбен өз қызымыздың отау көтеруінен тікелей байланысты екені сөзсіз. Жас отбасылардың өз алдына үй болып отай тігуі үшін ең алдымен салт-дәстүрге жүгінетіні де белгілі жайт. Отау құрған отбасылардың өзіндік заңы бойынша жөн-жоралғылардан өтуі тиіс екенін де білеміз......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 836



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?