Құқық | Мектепте құқықтық тәрбие беру
Мазмұны
КІРІСПЕ
БІРІНШІ БӨЛІМ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ БОЛУДЫҢ КЕПІЛІ
1.1. Құқықтық тәрбие және оның тәрбие саласындағы алатын орны
ЕКІНШІ БӨЛІМ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
2.1. Құқықтық тәрбиенің болашақ жастарды қалыптастырудағы рөлі
2.2. Құқықтық тәрбие тәжірибесі және оны дамытудың кейбір жолдары…………………………………………………
2.3. Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбиенің жүзеге асырылуы және оның болашақ жастарды қалыптастырудағы рөлі
ҮШІНШІ БӨЛІМ МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ҮРДІСТЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМШАЛАР
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Еліміздің төл Конституциясында Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет деп жарияланғаны баршамызға белгілі. Құқықтық мемлекет құрудағы талпыныс жас жеткіншектерден басталады, себебі болашақ қоғам солардың қолында. «Жаңа ғасырға» қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек. Әрбір адамның өзі үшін жауапкершілігі жаратушының алдындағы жауапкершілікпен бірдей екені сөзсіз.
Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы экономикалық – материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық – нормативтік шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Солардың ішіндегі маңыздысы жастарға құқықтық білім беру, құқықтық тәрбиелеу.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өмірдің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренуіне, қолайсыз көріністерге бой алдырмауға жетелейді.
Құқықтық білім берудің міндеті – барлық іске жауапкершілікпен қарайтын, өз құқығын жете меңгерген, заңдарды ұғынып қана емес, сонымен бірге силай білетін, құқықтық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті маман даярлап шығару.
Еліміздің құқықтық мемлекет құру жолында бастаған игі істерінің бірі құқық негіздері пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді даярлап шығару. Бұл кеңестік құқықтық жүйенің күйреуінен кейін қолға алған шаралардың бірі.
Білімді адам санатына қосылу үшін қазіргі жасөспірімдерге негізгі пәндерді игеру және талдау қабілетінің сауаттылығы аздық етеді. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. / С.Назарбаева. Өмір әдебі/.
Иә, жас жеткіншектерді осындай жолға даярлауда мемлекеттің алатын орны, рөлі өте зор. Әлеуметтік- экономикалық дамуды мәдениет тұрғысынан қамтамасыз ету мәселелері қоғамда көптеген міндеттерді шешуді алға қойып отыр. Сол мәселелердің ішіндегі өзектісі болып - құқықтық тәрбие табылады.
Құқықтық мемлекет – ұзақ тарихи дамудың жемісі. Ол үрдіс күрделі, қиын, әрі сан – салалы және мол қаржыны, жалпы мемлекеттік деңгейдегі ұйымдық – құрылымдық шараларды, бүкіл педагогтар, зиялылар қауымының қажыр – қайратын, рухани ізденістерін қажет етеді. Демек ел, ұрпақ тағдыры үшін маңызы мен жауапкершілігі айрықша білім беру ісіне барлық деңгейдегі мммемлекеттік органдардың бетбұрысы, қамқорлығы керек. Бұл жөнінде Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» жолдауында негізгі бағыттарды көрсетіп берді. Сол бағыттардың бірі – жоғарғы құқықтық сана мен құқықтық мәдениет. Осы екі элементтің іргетасы азаматтарда алдыменен отбасында қаланса, содан кейін мектеп қабырғасында жалғасады.
1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылданды. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттігі атап көрсетілді. Бұдан шығатын тұжырым не? Ол тәуелсіздік тұғырына көтерілген Қазақстанның алдында білім беру саласында жаңа қажеттіліктердің пайда болуы. Ғылым мен техниканың тез даму қарқыны, өндіріске шетелдік және отандық озық, жаңа технологиялар мен әдістердің енуі, қоғамның жаңа экономикалық қатынастарға көшуі республикамызда білім беру саласында жүргізіп жатқан реформалық өзгерістерді жетілдіруді, білім сапасын арттыруды талап етеді.
Қазіргі «Білім туралы» заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы экономикалық- материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық -–нормативтік шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Бүкіл қоғам, жалпы жұртшылық болып күш салатын істер шаш етектен. Солардың ішіндегі ең күрделісі, ең маңыздысы – құқықтық сауатты азаматтарды дайындап шығару. Құқықтық сауатты адамдар қылмысқа ұрынбауға әрекет жасайды. Өмір сүрудің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренеді. Азаматтық құқығын жете меңгергендер ғана қолайсыз көріністерге бой алдырмайды.
Тиімді білім беру жүйесін қабылдау үшін қазіргі білім беру жүйесін қоғамның даму мақсатына сай қалыптастыруға бағыттау керек. Құқықтық білім берудің міндеті – дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол және білікті маман даярлау. Осындай мақсаттарға жетуде Қазақстан мемлекеті және құқығы негіздері курсын мектеп қабырғасында оқытудың қажеттігі артуда.
Құқықтық тәрбие дегеніміздің өзі - әрбір азаматтың заңдарды мүлтіксіз сақтап, өз міндеттерін саналы түрде жүзеге асырып, іс - әрекеттеріне өз бетімен жауап бере алуы. Сондықтан да бүгінгі жасөспірімдер заман талабына сай өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс айқындап, еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлап, құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті дамытуға бір кісідей ат салысулары қажет. Бұл салада мемлекетімізде жасалып жатқан шаралар аз емес. Солардың бірі жастарды құқықтық тәрбиелеу. Аталмыш бітіру жұмысының алдына қойған мақсаты да осы мәселенің төңірегінде өрбіп отыр.
Диплом жұмысының мақсаты:
құқықтық тәрбиенің қоғамдық тәрбиедегі алатын орны мен рөлін ашып көрсету;
құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениеттің арақатынасын анықту;
Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбиенің жүзеге асырылу деңгейін, құқықтық тәрбие барысында кездесетін кедергілерді анықтау және ол кедергілерді жоюдың амалдарын қарастыру.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттардан төмендегідей міндеттер туындайды:
құқықтық тәрбие мәселесін теориялық талдау;
жастардың құқықтық мәдениет деңгейін анықтауда сұрақ – жауап (анкета) жүргізу;
құқықтық тәрбиенің іске асырылу жағдайын анықтауда салыстырмалы түрде сандық мәліметтер жинақтау;
құқықтық тәрбиенің деңгейін арттыруға қатысты, құқықтық тәрбие барысында кездесетін кедергілерді жоюға байланысты ұсыныстар беру.
Қазіргі кезде құқықтық тәрбие мәселесі әр түрлі жақтарынан зерттелуде. Бұл салада еңбектеніп жатқан отандық зерттеуші - ғалымдар Нарықбаев М, Тілеубергенов М, Ветлучин Д.В. құқықтық тәрбиенің қоғамдық тәрбие саласында көрнекті орын алатынына нық сенуде. Соған қарамастан құқықтық тәрбие мәселесі әлі де зерттеуді қажет екендігін көрсетіп отыр. Аталмыш ғылыми жұмыс құқықтық тәрбие берудің кейбір мәселелерін жете зерттеуге бағытталған.
БІРІНШІ БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
БОЛУДЫҢ КЕПІЛІ

Құқықтық тәрбиені дұрыс түсіну үшін мақсаты бағытталған мемлекеттік қызметтің жүйеленген органдары және олардың қоғамдық бірлестіктер қызметінің, сондай – ақ еңбек ұжымдарының қызметтері, яғни құқықтық санамен құқықтық мәдениетті құру және оны жоғарлатуға барлығы дерлік ат салысуы қажет.
Құқықтық оқыту және құқықтық тәрбие өзара табиғи байланысқан. Тәрбиелеуші оқыту мақсатты бағытталған үзіліссіз процесс кезінде тұлғалардың заңдарға бағыну санасын қалыптастырады және кәсіпқой – заңгер, бұған қоса заңдылық дүниетанымын, ұстанымдарын, адамгершілік ой – санасын және оларды бағалауға, арнайы кәсіпқой қажетті мінездеме қалыптастырары сөзсіз. Соңында құқықтық білімді күнделікті кеңейту және тереңдетуге байланысты, соған сәйкес мазмұнына байланысты мотивацияны құру керек.
Құқықтық оқыту мен тәрбиелу тұлғаның рухани қалыптасу процесінің бір бөлігі, онсыз Қазақстан Республикаынң құқықтық мемлекет құру идеясын жүзеге асыру мүмкін емес. Құқықтық білім беру және тәрбиелеуде басты әсер етуші объекті – құқықтық сананың тұрақты деңгейде дамуына жағдай болуы қажет. Бұл жерде құқықтық сана деп отырғанымыз тұтас қоғамдық, жеке индивидтің және ұжымның құқықтық санасы.(50;87)
Қоғамдық құқықтық санаға идеологиялық әсер ету сәйкесінше топтық және жеке тұлға санасына өз әсерін тигізбей қоймайды және керісінше жеке тұлғаларды және топтарды құықытық тәрбиелеу нәтижесінде қоғамдық сананың дамуына, құрылуына себепші болды, сондай – ақ әр түрлі құқықтық сананың түрлері өзара диалектикалық байланысқан және бір – біріне тәуелділіктеріне байланысты қалыптасып отырады.
Тарихқа үңілсек барлық мемлекеттерде құқық пен құқықтық тәртіп туралы дүниетанымдарды тарату қызметін жүзеге асыруда ерекше көздері болып келісім қолданылған: шіркеулер, мектептер, әдебиеттер, өнер (барлық деңгейдегі мектептер), басылымдар, радио, теледидар арнайы заңгерлік білім беру мекемелері. Басқаша айтқанда құқықтық тәрбие әр мемлекеттің идеологиялық функциясының құрамдас компоненті болып табылады.
Мемлекеттің дамуымен көптеген саналарды өңдеу идеологияларының нысандары мен амалдары шыңдалып одан әрі шебер пайдалануын іздеп табады да, құқықтық тәрбие мемлекеттің өзіндік қызмет түрі ретінде қалыптасып, оның жергілікті басқару және жалпы қоғамға өз әсерін тигізеді.
Мемлекеттің даму деңгейі жоғары болғанмен құықтық және сананың мәні, оның бағалығы және функциясы біршама тұрақты болып қала береді, ал жеке тұлғаларға және көпшілік санасына әсер етудің мазмұны мен тактикасы, объектілері, нысаны және амалдары ауысып отырады. Тек шынайы демократия жағдайларында құқықтық білім беру кәсіпқой – заңгердің мақсатты бағытталған және арнайы ұйымдасқан қызметі болуы мүмкін.(50;90)
Құқықтық тәрбие – салыстырмалы өзіндік мақсатқа, арнайы әдістер жетістігімен және ұйымдастыру нысаны арқылы жетуді көздейді. Ол өзі көп мақсатты, қызметті, болжамды стратегиялық, ұзақ мерзімді мақсаттар және тактикалық мақсаттарды, таяудағы жалпы және жеке мақсаттарды көздейді. Мақсаттар субъектісінің және объектісіннің спецификасын есепке ала отырып тәрбиелік әсер етуді нақтылайды, ол белгілі бір форма және қызметке байланысты адамдар, сонымен қатар құқықтық тәрбиені жүзеге асырушы органдар арқылы жүргізіледі.
Қазақстанда құқықтық нигилизм профилактикасын бағдарламалық мақсат ретінде алуға болады. Оған арнайы амалдардың минимумы ретінде мыналарды атауға болады: қолданылатын заңның қызметті сапалығын қамтамасыз ету, заңның және құқықтық тәртіптің тұрақтылығы, соттардың мәртебесін жоғарлату және соттарды уақыт талабына сай соттың реформаларды, халыққа уақытқа сай етіп құқықтың тәрбие беруге негізделуі қажет, сондай – ақ заңгерлерге кәсіпқой білім беру және тәрбиелеу және т.б. Бір мезетте барлық құқық қорғау мен мектептер жүйесіндегі субъектілердің құқықтық мәдениет деңгейін жүйелік пәндер бойынша жүргізу қажет.
Құқықтық тәрбиенің тікелей мақсаты – азаматтардың белсенділігі, кәсіпқой заңгердің және басқа да мемлекет қызметкерлерінің өкілеттіліктерін жүзеге асыру процесінде заңдылық маңызға ие жағдайға байланысты, белсенділіктер құқықтық әрекеттер арқылы өз деңгейлерін көрсету болып табылады.
Құқықтық белсенділік - тұлғаның әлеуметтік – құқық шеңбердегі қызметте белгілі дәрежеде пәрменділікке жету, құқықтық міндеттерді қарапайым талаптарға бейімдеудегі міндетті әрекетке ие болу жағдайы. Аталмыш қызметтер қосымша уақыт, күш – қуат, және материалдық шығындармен байланысты. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға тек құқықтық тәрбие жұмысында келесідей негізгі прициптерді сақтағанда жетуге болады: ғылымилық, жоспарлық, жүйелік, кезекті және дифференциялды жүйелік, кешенділікті қамтамасыз ету. Сондай – ақ тәжірибеде құқықтық сананың дамуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оны тарату, яғни жүзеге асыру қажет.(32;338) Субъектінің құқықтық сана деңгейінің мазмұны, құқықтық білім алуына, тәуелді және оның құқықты мойындау. Сендіру жүйесі, сонымен қатар оны сақтау қажеттілігін тәжірибеде таратудың дағдысын қалыптастыру қажет.
Салыстырмалы түрде құқықтық тәрбие және құқыққа деген құрметінің пайда болып заңды болары сөзсіз. Алған білімдері жеке өздерінің сеніміне айналуы қажет, ол келесідей: құқыққа бағынулары, оларды қатаң сақтаулары, одан барып – ішкі қажеттіліктеріне заңдарды сақату және оны әдетке айналдыру, нәтижесінде құқықтық және кәсіпқой заңдылық белсенділіктерін көрсетулері қажет, яғни күнделікті өмірде жүзеге асырулары керек.
Құқықтық тәрбиені қалыптастырудың келесідей амалдары бар: құқықтық насихат, құқықтық білім беру, заңдылық тәжірибе, яғни өзін - өзі тәрбиелеу немесе құықтық өмірге бейімделу. Жоғарыда көрсетілген амалдардың астарында оның негізгі қайнар көзі құқықтық ақпарат жатыр. Ол арқылы тұлғаның оңды әрекет етуіне ықпал етудің маңызы зор.
Бұл жерде ерекше орынға «құқықтық минимум» проблемасы ие болады, яғни әлеуметтік шеңберде әрбір азаматтың мәртебесіне қандай да болсын қоғамда тәуелсіз, құқықтық білімді міндетті деңгейде иеленуі қажет, яғни өзіне қажетті деңгейде иеленуі ықтимал. Бұл процесті тиімді басқару үшін нақты құқықтық ақпарат қайнар көзінің жүйесі болуы керек және оларды азаматтардың іс – жүзінде қолдануы, сонымен еңбек ұжымдары, топтардың және тұрғындардың өмір тәжірибесінде қолдануы жатады.(8;57)
Құқықтық ақпарат көзінің жүйесінде анықтаушы рөлге бұқаралық ақпарат құралдары иеленеді, сондай – ақ жалпы құқықтық оқыту бұл жерде мемлекет және құқық негіздерін тек заңгерлік мамандықта ғана емес, оны бала – бақшадан бастап барлық оқу орындарында оқыту керек.
Құқықтық тәрбие беруде және оқытуда сот практикасы және сот қызметінің жүйесіндегі ерекше мәнге шынайы әділдікті қалыптастыру қажеттілігіне ие. Ш. Монтескье адамзат үшін әділдіктен артық еш нәрсе жоқ деп айтқан. Сондықтан да сотқа деген құрмет және барлық қарама – қайшылықтарды сотта шешу қажеттілігі, құқықтық тәрбиенің компоненті ретінде өз құқығын жүзеге асыруда құқықтық тәрбиенің маңыздылығы туындайды.
Сайып келгенде мына амалға көңіл аударуымыз қажет, яғни өзін - өзі тәрбиелеу барлық құқықтың субъектілердің құқықтық санасының құрылуына тиімді әсерін тигізеді. Өзін - өзі тәрбиелеудің астарында құқыққа деген құрмет қалыптастыру жатыр, яғни қажеттіліктерін ұйғарымдарға байланысты өзін - өзі оқыта отырып және қатаң сақтап, өз тәжірибесінде және басының дербестігі арқылы талдау жасауы керек. Кәсіпқой заңгерлердің арнайы өзін - өзі тәрбиелеуге байланысты жеке тұлғалардың саналарына қатысты. өздерін кәсіпқойлық деңгейге бағыттауға жол көрсету керек.(9;35)
Қорыта айтқанда, табиғи – құқықтық концепцияға сай және жалпы адамзат құндылықтарын еске ала отырып, барлық күшті құқыққа сәйкес қатынастардың дұрыс құрылуына бағыттау қажеттіліг туындайды. Нақты пәндік сипаттама беретін болсақ тұлғаның интелектуалдық – эмоционалды – жігері құрамының құрылуының мазмұнын құқықтық психология анықтайды, бұл жерде психология ғылымы тікелей қатынасын көрсетеді.
Осы жерде мынаны байқаған жөн құқықтық білім беру және тәрбиелеумен айналысуда санаға әсер ету қажеттілігін қандай болса тәрбиелеушінің эмоционалдық жігері аясында да сондай дәрежеде болуы керек. Бұл жерде белгілі амалдарды қолдану арқылы жүзеге асады. Ең алдымен сендіру және ынталандыру, сондай – ақ мәжбүрлеу арқылы қорқыту және тікелей мәжбүрлеу, заңда көзделген шараларды қолдану.
Таңдау бірінші кезекті тікелей әсер ету аясы (рационалды немесе эмоционалды) тәрбиеленушінің психологиялық ерекшелігіне тәуелді, сол арқылы оның құқықтық санасына әсер ету жағдайы туындайды. Одан құқықтық ақпарат бөлінеді, оның мазмұны анықталады, әсер ету әдісінің жүргізілуі, бар әдістерді кезектілікпен пайдалану.
Құқықтық сананы, яғни азаматтардың санасын тәрбиелуде тәжірибелік жаттығулар ерекше тиімді (жеке және топтық), ойындар немесе нақты проблемалық жағдайларды шешуді оқыту, іргелі теориялық білімге негізделуі қажет. Оларды тек қана заңдылыққа ғана емес, сондай – ақ заңи ойлауға және күнделікті қарапайым жағдайларды тәжірибеде жүзеге асыруға үйрету.
Құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті тәрбиелеу – құқықтық тәрбиенің ажырамас үрдісі.(9;37)
Қоғамның құқықтық өміріне әрбір индивидтің қатысуы, оның құқықтық санасына өз әсерін тигізе отырып, сондай – ақ құқықтық білімін және дағдысын игеруіне немесе меңгеруіне себепкер болады. Заңға бағынушылық және әлеуметтік белсенділіктің қалыптасуы, оның құрылуына қоғаммен мемлекет мүдделі болуы қажет. Құқықты үлкен әлеуметтік құндылық деп пайымдайтын болсақ, онда мемлекет бірден – бір жеке тұлғаның бостандығын және сөз бостандығын таратушы ретінде, заңдылықты бекіту құқықтық тәртіпті, қоғамдық тәртіптің қалыптасуына себепкер болады. Заңға бағынушылық және әлеуметтік белсенділіктің қалыптасуы, оның құрылуына қоғам мен мемлекет бірден – бір жеке тұлғаның бостандығын және сөз бостандығын таратушы ретінде, заңдылықты бекіту құқықтық тәртіпті, қоғамдық тәртіптің қалыптасуына себепкер болады.
Қазіргі таңда құқықтық нигилизмді (құқықты жоққа шығаруды) жеңуіміз қажет, оған көпшіліктің таң қалуын тоқтатып, заңға деген сый, құрметтеуге тәрбиелеу және жауапкершілік сезімдерін ояту қажеттілігі, яғни бұл жерде коррупция, заңды басынушылықтар, заңды немқұрайлы қараудың құқықтық жүйеге кереғар екендігін түсіндіру және қоғамдық моральді бейтараптық жаулап алуына жол бермеу керек.(10;6) Қазақстан азаматтарының құқықтық санасын кеңейтуде немесе қоғамдық сананы құрудың негізі адамгаршілік және әлеуметтік әлемді тұрақтандыру арқылы, яғни барша азаматтардың қолдауымен барлық қоғамдық топтардың, халықтың белсенді қызмет етуге және адам құқығының шеңберін кеңейтуге жол ашу. Құқыққа немқұрайлы қарау қандай да бір шектен шығушылық, әлеуметтік басқа да нормаларды, психологиялық жеке тұлғаларда заңға деген жауыздықпен қарауы, демократиялық формадағы «Не істегім келсе, соны істеймін» деген қарама – қайшылық құқықтық мемлекетті және азаматтық қоғамды құру жағында үйінділерді білдіреді, яғни бұл жерде осындай кереғарлықтарды жою керек. Бұндай әлеуметтік кереғарлықты жеңу қажет, басынушылықты және нигилизмнің алдын – алу жұмыстарының (әлеуметтік апатияны) бірден – бір маңызды құрамдас бөлігі болып азаматтарға құқықтық тәрбие беру шараларының белсенділігі болып табылады.
Құқықтық сананы тәрбиелеу өнегелі табиғи байланыспен бастау, демократиялық сананың барлық азаматтарға берілуі, қоғамдық мәдениеттің көтерілу үрдісін қалыптастырады, сондай – ақ адамдарға әдәлеттілікті бостандықты дұрыс иеленуге шақырады. Сонымен қатар демократияның дамуында заңдылықтың және тұлғаның бостандығы, адам құқығы, оның азаматтық жауапкершілік сұрақтары өзекті болып табылады. Адам ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?