Құқық | Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері

 Құқық  | Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері

Мазмұны

Кіріспе……………………………......………………………………………………3

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориалық аспектелері
1.1 экономиканы мемлекеттік реттеу теориаларының эволюциясы …………….7
1.2 Қазақстан республикасының экономикалық саясатының негіздері...................................................................................................…………...14
1.3 Экономиканы фискальдық реттеудің Қазақстандық ерекшеліктері ……………………………….....................................................................................23

2. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу басымдықтары
2.1 Дағдарыстан кейін ұлттық экономиканы қалпына келтіру шараларын сараптау......................................................................................................………....31
2.2 Ұлттық экономиканы реттеуді жетілдіру бағыттары ……............................43
2.3 индустриалды-инновациялық үрдістерді мемлекеттік реттеу ерекшеліктері ……………………………….....48

Қорытынды………………………………….………………………….................57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………..…………………………….......59
Қосымшалар……..……………………………………………………………...…61

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы рыноктық «көрінбейтін қол»теориясының авторы А.Смиттің өзі де айтқан болатын.Ол өзінің атақты«Адамзат табиғатының табиғаты мен себептері туралы» еңбегінде келесідей жазды: «мемлекеттің мейлінше маңызды үш міндеті бар:әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету,әділ сот жүргізу және пайдалылығы үлкен,қоғам үшін едәуір болғанымен жеке тұлғаның немесе шағын топ шығындарының орынын ешқашан толтыра алмайтын,сондықтан жеке тұлғалар немесе шағын топтар үшін оларды құрап,ұстаудың пайдасы жоқ белгілі бір қоғамдық мекемелерді құрып және ұстау міндеттері».[23.14б.] Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні әкімшілік ресурстарды шамадан тыс қолдану және таңдап алынған кәсіпорындар мен рынокқа қатысушыларды қолдауда емес, жеке бастамашылық пен меншіктің барлық формаларын қорғауда болса керек. Биліктің міндеті - рынок субъектілері қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік институттардың жұмысын жолға қою болып табылады.[6.11б.] Бүгінде қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргізу қызметтері мемлекеттік, өңірлік және жергілікті биліктер арқылы жүзеге асуда. Сондықтан біртұтас экономикалық және құқықтық кеңістік қамтамасыз етілмеген жағдайда ұлттық бағдарламалар өміршеңдігінің болашағы беймәлім күйінде қала береді.[1.3б.] Билік құрылымдарының реттеуші рөлінің күшеюі уақыт белгісі болып табылады. қазіргі қолда бар маңызды стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін елдегі әлеуметтік-экономикалық процестердің басқарылу деңгейін жоғарылата түсу оларды ойдағыдай атқарудың кепілі. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдары негізінде жүзеге асады. Рыноктық қатынастар жағдайында бұл, ең алдымен сұраныс және ұсыныс заңы, құн заңы Т.б. Мемлекеттік реттеудің мақсаты рыноктық жүйе қызметінің құқықтық базасын қамтамасыз ету, өнімді өндірушілер,жеткізушілер және тұтынушылар арасында заңды және тиімді өзара қатынастарды орнықтыру болып табылады. Мемлекеттік реттеу өркениетті бизнес әрекетін қалыптастырудың негізгі құралы және халықтың әлеуметтік теңсіздігін салыстырмалы түзейтін жағдайларды орнықтыратын күш болып табылады. Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері мен мазмұнын рыноктық экономиканың мәні анықтайды. қазіргі рыноктың негізгі міндеті өндірістік және өндірістік емес тауарларға, қызмет көрсетулерге сұранысты қанағаттандырып тауар тапшылығын жоюға бағытталған әрекеттерді қалыптастыру.[8.48б.] Рынокты декретпен енгізуге де тоқтатуға да болмайды. Оның қалыптасуы белгілі бір өтпелі кезеңді талап ететін тарихи үдеріс. Бүгінде экономиканы мемлекеттік реттеу барлық елдерде, соның ішінде дамыған елдерде де жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттің белсенді реттеуші рөлінсіз тиімді рыноктық экономика жасау мүмкін емес. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін рыноктық стихияның шексіз еркіндігіне беріп қою өте терең дағдарыстарға итермелейді. Әсіресе, мұндай жағдайларда рыноктық инфрақұрылым объектілері өлшеусіз жапа шегеді. Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау үшін бірқатар шараларды жүзеге асыру қажет. Олардың негізгілері мыналар: • қаржы жүйесін сауықтыру, индикативтік әдістерге көшу, қаржылық тетіктерді пайдалану; • бірден жойылуы мүмкін болмайтын шығынды және тиімділігі төмен кәсіпорындар үшін бейімделу және содан кейінгі даму жағдайларын жасау; Оларды жеңілдіктер мен дотациялар көмегімен қолдап рынок жағдайына лайықтау қажет. Келесі кезеңі - мемлекет меншігінен алу және мемлекетке пайдалы шарттар негізінде жекешелендіру; • елдің бүкіл шаруашылық кешенін қажетті құрылымдық өзгерістерге ұшырату арқылы жаңа техника мен технологияларды енгізіп, ресурс сақтау шараларын жүзеге асыру. Құрылымдық өзгерістерді әдетті әдістермен, яғни капиталдарды шашырату арқылы қажетті қорлануды жасау - бұл өте ұзақ және ауыр жол. Мақсатты бағдарланған жоспарлау және сараптаумен астасқан тиімді реттеу, сондай-ақ құрылымдық өзгерістерді мемлекеттік тікелей және жанама әдістермен ынталандыру бұл процесті едәуір жеңілдетеді. • белсенді әлеуметтік саясат жүргізу арқылы рынокқа өтудің халық үшін теріс салдарын жеңілдету, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту үшін кешенді шаралар жүйесін жүзеге асыру. • айқын антимонополиялық саясат жүргізу, монополиялар қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту, ірі монополиялар меншігін акцияландыру кезінде ондағы мемлекеттің үлесін арттыру.[9.19б.] Реттеудің басты тетіктеріне құндық пропорциялар жатады. Олардың көмегімен экономика сфераларында даму және ұдайы өндіру пропорцияларын қалыптастыруға болады. Бағалар, салықтар, солар бойынша жеңілдіктер, қаржылық ресурстарды бөліп беру, кредиттік қойылымдар, ренталық төлемдер, еңбекті төлеу, зейнетақы, жәрдемақы мөлшері - мұның барлығы өндірістердің, өңірлердің экономикалық мүдделеріне әсер ететін экономикалық тетіктердің жиынтығы болып табылады. Мемлекеттік реттеудің маңызды элементіне бағаларға бақылау орнату мәселесі жатады. Әрине, рыноктық экономика жағдайында барлық өнімдердің бағасына бақылау орнату мүмкін емес. Дегенмен, шикізат бағасына бақылау қажет, себебі ол бағалардың барлық тізбегінің қалыптасуына әсер етеді. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы зор негізгі тауарлар бағасына да бақылау орнату қажетті іс-әрекеттердің қатарына кіреді. Мемлекеттік реттеу жай ғана ұйымдастыру - басқару немесе экономикалық мәселе емес, ол әлеуметтік мәселе де болып табылады. қазіргі кезеңнің, яғни экономикалық өсуді тұрақтандыру жағдайындағы реттеу рыноктың құндық құралдарын пайдалану принциптеріне негізделуі керек. Өтпелі кезеңде тауар-ақша қатынастарын пайдаланудың мәні мынада: 1. құндық категориялардың сандық параметрлерін жоспарлы түрде реттеуді қамтамасыз ету және оны тауар өндірісі заңдарының шарттарына сәйкестендіру қажет, яғни қоғамдық еңбек шығыны тепе-теңдігі базасындағы эквиваленттік заңына және оған қоғамдық қажеттілік шамасына сәйкестендіру абзал. 2. Өнімге қоғамдық қажеттілік шамасының әсері арқылы құндық параметрлердіңң мәнін өзгерте отырып, өндірушілер мен тұтынушылардың шаруашылық мүдделеріне мақсатты әсер ету қажет. Бұл арада құндық категорияларды құрылым және өндіріс пен тұтынуды реттеу құралдары ретінде пайдалану керек. 3. тауар өндірушілерге құрылым және өндіріс көлемі, өнімді бөлу және өткізу туралы орталықтандыра орнықтырылған құндық параметрлер шектеріндегі шаруашылық шешім еркіндігін бере отырып, жалпы мемлекеттік жоспарлы көрсеткіштерді орындауға кәсіби ынталандыру. 4. қоғамға қажетті өнім өндіруді тауар өндіруші үшін де пайдалы ету бағытында олардың түпкі мақсаттарының жақындасуына және бір жерден шығуына қол жеткізу. Рыноктық шаруашылық жағдайындағы өндіргіш күштер дамуының жоғары деңгейі және осы деңгейдің объективті экономикалық заңдарға сәйкестігі экономикаға мемлекеттің араласуы арқылы ғана қол жеткізуге болатын мәселе.[5.78б.] Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері келесідей: • Экономиканы мемлекеттік реттеу өтпелі кезеңнің бастапқы сатысында экономиканы ырықтандыру (либерализациялау) бағытындағы шараларды жүзеге асыру; екінші кезеңі - экономиканы тұрақтандыру бойынша шаралар жүйесін жүзеге асыру және қорытынды кезеңі -тиімділікті арттырып, тұрақты өсуді қамтамасыз ету. • Экономиканы мемлекеттік реттеу мүдделердің тепе-теңдігіне жеткізуі тиіс, яғни бір жағынан ол экономикалық реформалардың тиімді барысы~ қамтамасыз етуі тиіс, екінші жағынан табыстар мен ресурстарды әділ бөлуге қол жеткізуі қажет. • Рыноктық еркіндікті сақтай отырып табиғи, адам, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану арқылы бюджет түсімдерін көбейтуге, құрылымдық өзгерістерге, жалпы ұлттық экономиканың дамуына жол ашуы керек. • Реттеу арқылы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын, салалық, өңірлік, сондай-ақ мақсатты бағдарламаларды жасау, инвестициялық жобаларды, қысқа және ұзақ мерзімді болжамдарды түзу жұмыстары атқарылуы тиіс. • Мемлекеттік реттеу негізінде өңірлердің қаржылық дербестігін, олардың даму деңгейлерінің біркелкілігін және табиғи-экономикалық жағдайы төмен аймақтарды жан-жақты қолдау жүзеге асырылуы қажет. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Диплом жұмысының мақсаты-экономиканы мемлекеттік реттеу теориалары аясында қазақстан республикасының экономикалық саясаты және экономиканы реттеудегі шетелдік тәжірибе негізіндегі ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерімен басымдылықтарын сараптау арқылы одан ары даму бағыттыраын анықтау болып табылады. Диплом жұмысының міндеттері: 1) экономиканы мемлекеттік реттеу теориаларының эволюциасын ғылыми сараптау; 2) қазақстан республикасының экономикалық саясатын тіктеп көрсету; 3) ұлттық экономиканы реттеуді жетілдіру бағыттарын анықтау; 4) индустриалды- иновациалық үрдістерді мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін ғылымын бағңалау. Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысын даярлау барысында отандық және шетелдік экономист- ғалымдардың еңбектері,жекелеген мен ғылыми басылымдар,қазақстан республикасы статистикалық агенттігінің мәліметтері т.б.пайдаланылды. Диполом жұмысы екі бөлімнен, алты параграфтан төрт қосымшадан,пайдаланылған әдебиеттер тізбесінен тұады. Диплом жұмысының кіріспесінде таңдалған таұырыптың өзектілігі,экономикалық қажеттілігі,практикалық пайдалылығы,зерттеу деңгейі,құрлымы мен мазмұны негізделеді. Бірінші бөлімде экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері тұрғысынан реттеу теорияларының эволюциясы,Қазақстан республикасы экономикалық саясатының негіздері,экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бөлігі – фискаллдық реттеудің қазақстандық ерекшеліктері сарапталады. Екінші бөлім ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің басымдылықтрыына арналған.бұл бөлімде дағдарыстан кейінігі ұлттық экономиканы қалпына келтіру туралы ғылыми жіктелліп олардың тиімділігіне бағалау жүргізеді.сонымен бірге ұлтттық экономиканы жетілдіру бағыттары нақтыланып көрсетілу негізінде елімізде жүзеге асырылу үстіндегі идустриалды –инновациалдық үрдістерді мемлекеттік реттеу жан – жақты талданып ,нәтижелері ұсынылады. Қорытынды зеттеудің логикалық тұжырымдарын жинақтап көрсетеді. Диплом жұмысы кіріспеден,екі бөлімнен алты тараудан төрт қосымшалардан жане пайдаланылған әлемдік және отандық экономикалық әдебиеттерден құралған.

1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориалық аспектелері. 1.1.Экономиканы мемлекеттік реттеу теориаларының эволюциясы
Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам мүддесіне нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезінде тұрақты дамуды қалыптаструды қамтамасыз етуде экономикада әсер ететін әдістердлің жинтығын көрсетеді.Бұл жағдайдағы экономика деп өндірістік – экономикалық қатынастар субъектілерінің арасындағы байланыстар формасы ретінде өзінің нарығы мен өзінің меншіктік,басқару,ұйымдастыру және бөлу үлгілерімен елдің қоғамдық құрылымы түсіндіріледі.Экономиканың түрақты дамуы адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға ,демографиалық мәселелерді шешуге,халық табысының арасындағы айрмашылықты төмендетуге, кедейлікті жоюға ,ұлттық табыстың өсуне бағытталған шаралар кешенін өткізуді көрсетеді.[1.13б.] Экономиканы реттеу үрдісінде мемлекеттің басшылық ететеін бағыттамаларына өмір сүру сапасы мен экономикалық даму деңгейін мінездейтін келесідей көрсеткіштер енгізіледі: адамның өмір сүру ұзақтығы,халық басына шаққандағы табыс (жалпы ішкі өнім),жұмыспен қамту деңгейі,адам құқығын өткізу дәрежесі,білім алу деңгейі,қоршаған орта жағдайы. Экономиканы реттеуде мемлекеттік араласу дәрежесі оның тарихи даму кезеңіне байланысты және қоғам жағдайымен шартталған.Дағдарыстар,соғыстар мен экономиалық қайта құрылу уақыттарында мемлекеттің рөлі күшейеді. Бірақ сол уақытта тұрақтандырлу кезеңдерінде мемлекеттің рөлі төмендемеген,бір қатар ғалымдардың сынаунша ,экономиканы мемлекеттік реттеу бойнша шаралар жалғастырлған және тұрақты мінезге ие болған.біздің көзқарасымыз бойнша ,елдің дамуы тұрақты болған кезеңдерде мемлекеттің араласудың екі бағыты ғана өзгерілген жаңа мемлекеттік экономиканың сапалы жақтары мен оның тиімділгін реттеуге көп көңл бөлген. Дамудың мұндай кезеңдерде экономиканың ісіне мемлекеттің араласуы жабық торлық мінезге ие болды.мемлекеттік араласудың мұндай мінезі бейнелік түсініктің пайда болуына негіз берді.мемлекет «көрінбейтін қол»арқылы экономиканы керекті арнаға бағыттап отырады. Экономиканың тиімділгіне зерттушілердің пікірі бойынша тек құқықтық тәрптіпті сақтау ,үшінші жақтың мүдделерін қорғау,бірқатар нарықтарды тікелей реттеу мен нарықтық қатынастардың еркін ниеттілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылым түріндегі басты атрибуттар түріндегі мемлекеттің құқықтық институттарының (заңдар,соттық жүйе атқару)санымен үлестірлген жұсысы кезінде нарықтық механизмдер(«көрінбейтін қол»деп аталатын)экономиканың жоғары жұмыс қаблеттілігін қамтамасыз ете алады».[10.69б.] Соңғы уақыттарда экономиканың қызымет етуі,ұйымдастырлуы мен даму қағидалары туралы әр алуан көзқарастары қалыптасты.классикалық нарықтық позициадан бастап толығыменен қарама-қайшы маркетікке дейнгі. Классикалық позицияның негізін қалыптастырушылардың бірі А.Смит экономикаға мемлекеттің араласуын жібермеумен нарықтық өзін-өзі реттеу жеткілікті аксиомасының рангісін жасады.ол«көрінбейтін қол»тұжырымдамасын негіздеді,ондағы негізгі элемент «экономикалық адам» болып таблады.[22.108б.] А.Смиттің ойы бойынша,қоғамның игілік жағдайы мен басқа субъектлер, таварлар мен қызыметтерді еркін айырбастау натижесінде жекелеген индивидтердің негізінен кездейсоқ және жағымсыз іс- әрекеттерді қамтамасыз етеді. Әрі қарай қайта өндірудің дағдарыстарын жоққа шығаратын және ұсыныс сәйкес келетін сұранысты тудыратындығын бекітетін Сэй теңдігі пайда болды. Капитализм дамуының ерте сатыларында мемлекеттің экономикаға араласуы негізінен екі қызметпен шектеледі деген пайымдаулар басымдық танытты. Олар: жеке меншік құқықтарын заңнамалық тұрғыдан қорғау және экономикалық таңдау еркіндігін қауіпсіздендіру. Мемлекеттің экономикалық рөлі аталған бастапқы құқықтарды жүзеге асыру болып табылады. Осыған байланысты ХУІІІ-ХІХ ғ.ғ. экономикалық әдебиеттерде «laisser-fire» (іс¬әрекет еркіндігі констебль тезистері, яғни мемлекет – бұл жеке меншіктің түнгі күзетшісі» деген ұстаным кеңінен тараған болатын.[8.27б.] Классикалық мектептің тағы бір өкілі Жан Батист Сэй өзін-өзі реттеу механизмін көрсету үшін келесі идеяны алға тартты. Тауар және қызмет көрсетулер өндірісі үдерісінің өзі өндірілген тауарлар құнына тең табыс жасайды. Бұл өндірістің өзі жасалған игіліктер мен қызмет көрсетулерді сатып алуға қажетті табысты автоматты түрде қамтамасыз етеді деген сөз. « Ұсыныс өзіне сәйкес сұранысты туындатады» дейтін Сэй заңы мәртебесін алған тұжырымның мәні осындай. қоғамдық тепе-теңдіктер пайыздық қойылым, баға, жалақы, бәсеке тәрізді рыноктық механизмдермен реттеледі. Жоғары немесе төмен жылжу арқылы бұл механизмдер рыноктық субъектілердің тиісті әрекетін қадағалап отырады және экономиканы теңдестірлген даму мен толық жұмыспен қамту жолымен жетелейді. Еңбек рыногындағы бәсеке мәжбүрлі жұмыссыздыққа қарсылық білдіреді. Классикалық мектептің ендігі бір өкілі Д.С. Милль өзінің еңбектерінде «laisser-fire» жалпы практикалық принцип болуы тиіс және одан кез-келген ауытқу, ақылдан озған бірдеңе болмаса, зиянның нағыз өзі болып табылады» деп жазған еді. Классиктердің идеясы, атап айтқанда Сэйдің өндіріс өзіне жеткілікті сұранысты өзі туындатады деген идеясы ғасыр бойы экономикалық теориядағы ақиқаттың дәл өзі деп саналып келді.Белгілі Американдық ғалым-экономист Дж.Гэлбрейттің айтуынша ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін адамдардың Сэй теориясын қабылдауы немесе қабылдамауы экономисті ақымақтан ажыратудың негізгі белгісі болып келген. Мемлекетті «түнгі күзетші» ретінде тану ХУІІІ-ХХ ғ. бас кезеңдедері де капитал туындауы мен еркін кәсіпкерліктің дамуы заманына тура келген еді. Ол кезеңнің әлеуметтік-экономикалық негізін өндіріс ресурстарына шағын меншік пен экономикалық байланыстардың еркін бәсекелі рынок арқылы жүзеге асырылуы сипаттаған болатын. Мұндай жағдайларда рынок шын мәнінде реттеуші қызметтерді ойдағыдай атқарып келді, сондықтан мемлекеттің рөлі рыноктың гүлденуіне ешкімнің де ешнәрсенің де кесірін тигізбеуді қадағалаумен шектелгені тарихи шындық болатын.[7.11б.] Англиядағы 1825 жылғы экономикалық дағдарыстан бастап әрбір 10-12 жылда көптеген елдерде қайталанып отырған экономикалық дағдарыстар өзін-өзі реттейтін рыноктық механизмдердің кейбір жағдайларда «істен шығып қалуын» көрсетті. Еңбек өнімділігінің жедел артуы, сондай-ақ экономикалық өсу қарқынының серпінділігі салдарынан құн заңы сұраныс пен ұсынысты еркін реттеуші рөлін атқара алмайтын жағдайға душар болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ұлттық өндірістер орасан зор масштабтарға жетті. ХІХ ғасырдың соңы ғылыми-техникалық прогресс қарқынының жеделде және жаңа салалардың туындауы әсері қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдей түсуіне әкелді. Жеке меншік капиталдар қызметін қалыпты ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін үйлестіру және антикризистік реттеу қажеттілігі туындады. 1929-33 ж.ж. әлемдік дағдарыс және «Үлы күйзеліс» мемлекеттің рыноктық экономикадағы рөлі туралы классикалық теорияны қайта қарауды талап етті. Практикaның талаптарына жауап ретінде ағылшын экономисі және қоғам қайраткері Дж.М.Кейнс мемлекеттің рыноктық экономикаға араласуының объективті қажеттілігі туралы жан-жақты негізделген теорияны талдап жасады. Дж. Кейнс негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс бар екендігін дәлелдеп, оларды мемлекеттік шешімдер арқылы жүзеге асыру жөнінде практикалық шараларды қолға алды. Осылайша Дж. Кейнс макроэкономикалық немесе ұлттық шаруашылықтың мемлекеттік қызмет өрісінің теориялық негіздерін қалады. Дж. Кейн с теориясының негізгі нәтижесі капитализм өзін-өзі реттейтін жүйе емес, онда тепе-теңдіктің ішкі механизмдері жоқ деген тұжырым, сондықтан да Дж. Кейн с капиталистік экономиканы мемлекеттік реттеу теориясының негізін қалаушы болып есептеледі. Оның теориясы және экономиканы мемлекеттік-монополистік реттеу бағдарламасы өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамту пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936ж) еңбегінде баяндалған. Өзінің зерттеулерінде Дж. Кейнс жинақталған көрсеткіштерді пайдаланады.: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жиынтық инвестициялар т.с.с. Оның пайымдауларындағы бастапқы нүкте жиынтық сұраныс болып табылады. Дж. Кейнстің пікірінше мемлекеттің рынокқа әсері сұранысты ұлғайту мақсатындағы бюджеттік-қаржылық, кредиттік-ақшалай реттегіштерді қолдана отырып экономикалық конъюнктураны, циклдық тербеліс-ауытқуларды, экономиканың жоғары өсу қарқынын және жұмыспен қамту деңгейін қолдауды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.[8.25б.] Тұтынушылық талғауды сипаттау үшін Дж. Кейнс «тұтынуға шекті бейімділік түсінігін енгізді. Инвестицияның өсімі және шығарылым (табыс) арасындағы тәуелділікті түсіндіру үшін ол мультипликатор (табыстың өсімімен осы өсімді мүмкін еткен инвестициялық сұраныстың арақатысы) түсінігін пайдаланды. Кейнстік теория құралдарын пайдалану соғыстан кейінгі кезеңде дамыған елдерде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етті. Дегенмен, өткен ғасырдың 70-жылдары ұдайы өндіріс жағдайы күрт нашарлап кетті. Стагфляция (күйзеліс жұмыссыздық және инфляцияның өсуімен бір уақытта орын алады) жағдайындағы ағылшын экономисі Филлипс ашқан тәуелділік бойынша жұмыссыздық және инфляция бір уақытта өсе алмайды (Филлипс қисығы). Дағдарыстан шығудың Кейнстік жолдары «инфляциялық серіппені (спиральді) одан әрі ширықтыра түседі». Аталған дағдарыстың әсерінен мемлекеттік реттеуде түбегейлі қайта құру орын алды да реттеудің жаңа моделін қалыптасты. Қазіргі кейнсиандық бір емес, бірнеше макроэкономикалық теориялардан құралып, макроэкономикалық саясаттың құралдарын таңдау мүмкіндіктері бар екендігін айқындайды. неоклассикалық теорияның классикалық теориядан аиырмашылығы - ол біртұтас концепция емес. Дегенмен, кейбір жалпы принциптері классикалық теория принциптерімен үндес болып келеді. Бұл теория бірнеше мектептердің өкілдерін біріктіреді. Неоклассикалық бағыт ағылшын, австриялық, американдық ғалым-экономистердің еңбектерінде көрініс тапты. Аталған бағыттағы толық және құнды мағлұматтарды ағылшын экономисі А. Маршаллдың (Кембридж мектебі) еңбектерінен табуға болады. Неоклассиктер еркін бәсеке және рыноктық механизм жағдайларындағы шаруашылық жүргізу заңдылықтарын қалыптастырды және бұл жүйенің экономикалық тепе-теңдік принциптерін анықтады. Мұндағы басты идея рынокта жүріп жатқан үдерістерді анықтайтын сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті болып табылады. Айталық, А.Маршалл өндірістік шығындар теориясы мен шекті пайдалылық туралы австриялық мектептің ұстанымдарын негізге ала отырып тепе-теңдікті баға концепциясын талдап жасады. Неоклассикалық теория бойынша бәсеке жағдайындағы бағалардың автоматты қозғалысы ұсыныс пен сұраныс және өндіріс пен тұтыну араларындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Сондықтан, мемлекеттің қандай болмасын бағаны реттеуі тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі. Осылайша неоклассикалық теория мемлекеттің экономикалық болмысқа араласпауы принципін жариялайды. Елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігі сұрақтарын,мемлекеттің позициясы жағынан тек жекелеген,маңызды шаруашылық субъектілеріне көмек көрсетуге байланысты сұрақтарды шешуге негізінен мемлекеттің араласуын шектеу көзқарастарын жаңа клкссикалық саяси экономика жақтаушылары,монетаристер қолдады.Олар нарықтың автономдылығы ойын қолдады.Бұл бағытқа қарама қарсы мемлекеттік реттеушілік рөлін белсендендіретін маркстік теория дамыды. Бірақта пайда болатын өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын іздеу барысында нарықтық және мемлекеттік экономиканы реттеудің әр түрлі аспектлерін синтездейтін көптеген теориалармен ағымдар пайда болады,осылай мысалы сәйкестендірілген фискалды саясатты жүргізу мен жиынтық сүранысты мемлекеттің ынталандыруын қарастырытын Дж кейнстың нарықтарды макроэкономикалық реттеу теориасы [8.115б.] Уақыт көрсеткендей капитализымның нарықтық экономикасы да ,сондай –ақ социализымның жоспарлық экономикасы да өзінің артықшылығы туралы категориалық бекітілімнің жарамсыздығын көрсетті. Кейнсшілдер- «үлкен үмітті» және мемлекеттік құрылымдармен нарықтық экономиканы белсенді реттеуді жақтаушылар.бұл салық салу мен салықтық жеңілдіктерді бөлу жүйесіне мемлекеттік шығындардың өсуі мен белгілі бір жағдайларда бюджеттік тапшылықтарды қолдауды көрсетеді.инвестициалық процестер мен баға белгілеуге мемлекеттің тікелей араласуын жоққа шығармайды.кейнстік саясат әлеуметтік жауапкершілік пен еңбекке жарамды халықты толық жұмыспен қамту саясатымен байланысты. Монетаристер-«шағын үкіметті» қолдайды. Яғни шағын бюджетті,үкімет қызыметіндегі тұрақты несие ақша және бюджеттк параметрлерді,максималды еркін нарық пен әрекет етуші тиімді бәсекені қолдайды.мемлекеттің басымдылықты мақсаты-қатаң несие-ақша саясатымен жететін ақша айналымының тұрақтылығы,сонымен қатар монополиаға қарсы шаралар көмегімен еркін баға белгілеуді қамтамасыз ету.Бірақта осы екі бағытты жақтаушылыр арасындағы идеялық күреске қарамастан,олардың арасында ешқашанда шешілместей қайшылықтар болған жоқ,екі бағытта нарықтық экономикаға деген бірдей сенімді ұстанады.екеуі де мемлекеттің маңызды экономикалық қызыметтерін моиындайды.олардың көзқарастары экономикалық үрдістерге мемлекеттің араласуын жалпы масштаптарын бағалауда,сонымен қатар нені реттеу керек,қандай әдістермен және қандай мақсаттармен түсініктеріне бөлінеді.[2.9б.] Дж.М.кейнстің теориасы қоғамдық ұдайды өндірістегі мемлекеттің орнының рөлі туралы сұрақтарға жаңа тәсілді қалыптастырды және экономикалық теориада әрекет ететін мемлекеттік қаржылыр туралы бұрынғы көзқарастармен үзілісті көрсетті.1929-1933 жылдағы экономикалық дағдарыс әсерінен пайда болған Дж.М.кейнстің теориасы өнеркәсіптік елдердің шаруашылық жүйесінің анықсыздылығының жоғары дәрежесінен,байлықтың дұрыс бөлінбеуі,қор жинау мен инвестициалау шарттарының сәйкессіздігі.бағаның қатаңдылығынан (әсресе еңбек нарығы мен ссудалық капитал нарығындағы) экономикалық тепе-теңдікке автоматты жетудің мүмкін еместігін мойындады. «біз өмір сүріп жүрген экономикалық қоғамның мәнді ауруы толық жұмыспен қамтудың мүмкін еместігіl, соныменен қатар табыстар мен байлықтың дұрыс бөлінбеуі болып табылады», - деп атап көрсетті Дж.М.Кейнс.[10.31б.] Ал макроэкономикалық реттеудің кейнстік тұжырымдамасына тікелей келетін болсақ, онда оның дамyы үш негізгі сәтті енгізді: Үкіметтің қаржы саясатының басты бағыттаушысы ретінде бюджеттің тепе¬теңдігі идеясынан бас тарту; өндіріс динамикасына тапшылықтың әсер ету териясын құру; қаржы министрлігінің іс-әрекетін қолдайтын құрал ретінде несие-акша саясатының рөлін жаңадан тусіну. 70- жылдардың екінші жартысында ксйнсшілдер, батыс экономикалық ой-пікірдің басты ағымы болып қала отырып, дағдарыс кезеңіне енді. Оның барлық құрылымында күрделі ауысулар болды, ол эқономикаға мемлекеттің араласпау керек либерализм идеологиясының кайта жаңғыруына мүмкіндік берді. Осы уақытта, бұл процестер 70-ші және 80-ші жылдарда жүріп жатқан индустриалды дамыған елдердің шаруашылық механизміндегі терең өзгертулерді бейнеледі.ғылыми-техңикалық төңкеріліс пен экономиканың интерүлттандырылуыньң жаңа кезеңнің әсер етуімен, бір жағынан, трансұлттық корпорациялардың рөлі кушейді, ал басқа жагынан - икемді, тәуекелдікке дайын шағын және орта кәсіпкерлік қызметінің сферасы кеңейді. Нәтижесінде, нормативті реттеудің торапталған жуйесі мен бюджеттік жүйе арқылы ұлттық табысты оспелі қайта бөлуімен, материалдық өндіріс көптеген салаларында (Еуропада) кең таралған 50-70 жылдар бойы қальптасқан шаруашылық типі, экономикаға мемлекеттік араласудың консервативтік кағидаларына негізделген басқа типіне орнын берді. Экономикалық реттеудің мұндай формасы бәсеке, нарык, жеке-дара қызмет басымдықты алатындығын көрсетеді. Бұл жағдайда мемлекеттің салықтары мен шыгындары қысқарады, оларды және мемлекеттік бюджетті манипуляциялау жойылады, ал мемлекетке өз елдерінің бәсеке қабілеттілігін жоғарлату мен өсудің стратегиялық шарпарын қамтамасыз етуде дирижер рөлі ғана қалады. Осының барлығы монетаристік идеяға қайтып оралғандығын куәландырады. Манетаристік теорияның неғұрлым көрңекті өқілі американдық галым М.Фридмен болып табылады. Монетаризмнің көсемі өзінің кейнстік теория мен саясатқа сынаушылық басқыншылығын 50-ші жылдарда бастаған болатын. Кейнстік теорияға қарсы ол және оның қол¬даушылары экономикалық циклдің монетарлық теориясы мен ұлттық табыс деңгейін анықтаудың монетарлық теориясын ұсынды. Кейнстік үлгі¬нің негізгі факторлары - инвестициялар мен тұ¬тынуға - монетаристер қарама-карсы олардың ойы бойынша, ұлттық табыс динамикасындағы және оның циклді аутқуының қалыптасуындағы шешуші рөлді ойнайтын ақшалай факторды қойды. Осы кезде, маңызды мәнге ақшалай сұра¬ныс пен оны ұсыну арасындағы айырмашылық ие. Нақты сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылықтан, ақшалай ұысыныстың тұрак¬сыздығынан монетаристер экономиканың тұрак¬сыздығы мен циклді ауытқуының себебін көреді. Монетаризмнің жарқын өкілдерінің бірі М.Фридмен болып табылды. Ол айтқандай, «экономикалық өсу қарқыны өзекті мәселе болып табылмайды, ұлт ушін маңызды мәселе екенін айтпағанда. Бұл жеке тұлға үшін өзекгі мәселе. Идеалды қоғамдағы үкімепің рөлі өздері үшін осы сұрақты адамдарға шешуге неғұрлым тиімді мүмкіндік беретін қүрылымды құруға әкеліп отыр. Егер де сіз жеткілікгі бай бола тұрып, өзіңнін ағымдағы табысыңды жинамай, тұтынуға жұмсауға талғамдылық берсеңіз және жоғары табысты кейінірек қамтамасыз еткіңіз келсе, ол сіздің еркіңіз. Егер де осы жеке шешімдердің жалпы сомасы нәтижесінде, бұл соңғы жүз жыл бойына журіп жатқан жиынтық табысты жоғарлатуға әкелсе, өте жақсы. Біракта, егер де жалпы табыс нәтижесінде тұрақты табыс әкелсе. Онда бұл да жақсы. қай уақытта үкімет экономикалық ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?