АӘД | Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің взводтың ротаның батальонның бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі

 АӘД | Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің взводтың ротаның батальонның бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі

Қазақстан Республикасының «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қоргау» туралы заңында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін қорғау, оның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, карулы шабуылды тойтару мен агрессорларды жеңіліске ұшырату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғау және оның халықаралық міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындауы, әскери қызметшілердің әскери антқа адал болуы, әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауын міндеттейтін әскери борыштың мәнін қүрайды».
Заң тұрғысынан алганда, жалпы әскери жарғылар - дара басшылық негізінде әскери қызметшілер қарым-қатынасының әр түрлі жағын, әскери тәртіптілік пен зандылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқықтық актілердің жиынтыгы. Олар әскери өмір мен оның әрекеттерінің сан түрлі қырын реттейді: әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін, нормалары мен әдістерін, әскердің күнделікті өмірін үйымдастыру тәртібін; ішкі, гарнизондық, қарауылдық, патрульдік, парк, лагерьлік және басқа да арнайы қызметтердің күн тәртібін; әскерді орналастыру, материалдык-түрмыстық және медициналық қамтамасыз етуді; әскери қызметшілердің қүқығын, міндеттері мен тәртіптік жауапкершілігін; жауынгерлердің қызметтегі және одан тыс уакыттағы өзара қарым-қатынасы мен мінез-қүлқын; қатаң жарғылық тәртіпті, жогары үйымдастырушылықты, әскери тәртіптілік пен үрысқа дайындықты сақтаудың қүқықтық жағы мен әдістерін реттейді.
Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындагы әскери қызметішлердің міндетін, сондай-ақ үрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды
Саптық дайындық оқыту әдістемесі тақырыбы бойынша, қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстарды; бөлімшелер мен әскери бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машиналардағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындау, саптық байқау өткізу тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайын, оны шығару мен әкету тәртібін; әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттерін және оларды саптық үйретуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс даласындағы қозғалысы мен қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі іс-әрекетінің тәсілдерін айқындайды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады. Онда әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара қарым – қатынастары анықталады.
Жарғылар әскерлердің өмірі мен күнделікті қызметін, тұрмысының барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді, әскердегі белгіленген тәртіптің, ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне анық нұсқаулар береді.
Казіргі кезде жарғыларды Ұлы Отан соғысының тәжірибесі, Кеңестік Қарулы Күштерін қалыптастырудағы көпжылдық тәжірибелер есепке алынған. Олар әскери – техникалық прогресс нәтижесінде қол жеткізілген әскери істің қазіргі даму деңгейін және соңғы жылдарда әскери істе болған өзгерістерді қамтиды.
Жарғылар ережелері Қазақстан Республикасы азаматтары моральдық кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байлансты. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары Қазақстан Республикасы Презідентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы № 4156 Жарлығымен бекітілді.
Жалпы әскери жарғылардың ережелерін Қарулы Күштеріндегі барлық бөлімдер мен бөлімшелер, кеме, шекара мен ішкі әскерлердің орындауы міндетті.
Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
Барлық жоғары айтылған дипломдық жұмыстың «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» деген тақырыбын таңдатты.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» деген тақырыбты жан-жақты талдау жасау және оның оқыту ерекшеліктерін анықтау.
Дипломдық жумыстың зерттеу обьектісі «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» деген тақырыб бойынша сабақты жүргізу
Зерттеудің пәні «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» деген сабақты өткізудің әдістемелік ерекшеліктері
Зерттеудің мәселелері:
I. «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» деген сабақтың үйымдастыру және жоспарлау ерекшеліктерін айкындау және талдау;
2. «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» атты сабақтың үйлесімді мазмұнын және жоспарлауын анықтау;
3. «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» атты сабақтың әдістемелік ерекшеліктерін айкындау;
4. «Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның, бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» атты сабақты үйлесімді өткізуге байланысты әдістемелік нүсқау беру.
Зерттеудің әдістері:
I. Зерттеу мәселері бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді талдау;
2. мектеп мүгалімдердің тәжірибелік жұмыстарын зерттеу ;
3. сабақтың үстінде педагогикалық бақылау жүргізу;
4. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғының оқыту әдістемесі» деген тәжірибелік сабақтың нәтижелерін талдау.
Зерттеудің кайнарларымен Қазақстан қарулы күштерінің дамуын аңықтаушы ресми қүжаттар болды (Қазақстан Республикасы – 2030 даму стратегиясының концепциясы), жалпы білім беретін орта мектептердегі алғашқы әскери дайындықтың типтік бағдарламалары, алдынғы педагогикалық тәжірибе.
Зерттеудің ұйымдастыру мен кезеңдері: Зерттеу 2010 / 2011 оқу жылында, екі кезеңде № 45 орта мектебінің базасында өткізілді.
I кезең - зерттеу тақырыбын айқындау, педагогика теориясында тап осы зерттеу түралы күй – жағдайын анықтау, зерттеудің ғылыми апаратын айқындау, зерттеудің жоспары мен мазмұнын күру.
II кезең - осы мәселе түралы әдебиеттерді талдау, зерттеу және өндеу, мектептің ұздік мүгалімдерімен кеңес өткізу, мектептің және жаттығу сабақтарын талдау, мектептегі мүгалімдердің сабақтарын бақылау, алынған мәліметтерді өндеу және жүйеге келтіру.
1 тарау. Бөлімшенің, взводтың, ротаның, батальонның және бригаданың (полктің) жорық саптары
1.1. Бөлімше саптары

Өрістетілген сап

Бөлімшенің өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.
Бөлімше командирі саптық қалыпты қабылдап және команда беріп саптың маңдайшеп жағына қарап тұрады; бөлімше штатқа сәйкес командирден солға қарай, 1, 2-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады (шартты белгілер – 4-қосымша).
1-сурет.
Бөлімшенің өрістетілген сабы –
бір қатарлы 2-сурет.
Бөлімшенің өрістетілген сабы –
екі қатарлы

Сапқа тұрғызу басталғанда бөлімше командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.
Бөлімшені орнында түзету қажет болған кезде «ТҮЗЕЛ» немесе «Солға – ТҮЗЕЛ» командасы беріледі.
«ТҮЗЕЛ» командасы бойынша оң жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын оңға бұрады (оң құлақ сол құлақтан жоғары, иек біршама көтеріңкі) және әрқайсысы өзін бірінші деп санағанда төртінші адамның кеудесін көретіндей түзеледі. «Солға – ТҮЗЕЛ» командасы бойынша сол жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын солға бұрады (сол құлақ оң құлақтан жоғары, иек біршама көтеріңкі).
Түзелу кезінде әскери қызметшілер біршама алға, артқа немесе жан-жағына қозғала алады.
«Аяққа» күйіндегі карабиндермен (оқшашарлармен) түзелу кезінде одан басқа, орындалатын команда бойынша сүңгі (ұңғы жағы) өзіне қарай тартылады және оң бүйірге қысып ұсталады.
Түзелу аяқталғаннан кейін «ТІК ТҰР» командасы беріледі, ол бойынша барлық әскери қызметші басын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер (оқшашарлар) бұрынғы күйге келтіріледі.
Бөлімше артқа бұрылып түзелген кезде командада түзелу жағы көрсетіледі.
Мысалы: «Оңға (солға) – ТҮЗЕЛ».
«ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша және «РЕТТЕЛ» командасы бойынша орнында тұрған әскери қызметшілер осы Жарғының 29-тармағында көрсетілгендей әрекет жасауы тиіс.
«Бөлімше – ТАРА» командасы бойынша әскери қызметшілер саптан шығады. Бөлімшені жинау үшін «Бөлімше – МАҒАН КЕЛ» командасы беріледі, ол бойынша әскери қызметшілер командир жанына жүгіре жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрғызылады.
Бөлімшенің бұрылыс жасауы осы Жарғының 31, 39 және 57-тармақтарында көрсетілген командалар мен ережелер бойынша түзелуді сақтай отырып, барлық әскери қызметшілер бір уақытта орындайды. Екі қатарлы саптағы бөлімше оңға (солға) бұрылыс жасағаннан кейін бөлімше командирі оңға (солға) жарты адым, ал артқа бұрылыс жасаған кезде – алға бір адым жасайды.
Бөлімше орнында жазылу үшін «Бөлімше оңға (солға, ортадан) осынша адымға алшақ-ТА (жүгіре, алшақ-ТА)» командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша, жазылуды жүргізу басталатыннан басқа, барлық әскери қызметшілер көрсетілген жаққа қарай бұрылады, аяқтарын қоюмен бір уақытта басын саптың маңдайшебі жағына бұрады және артта келе жатқанға иығы арқылы қарап және одан көз айырмастан, жиіленген жарты адыммен (жүгіріп) жүреді; артта келе жатқан адам тоқтағаннан кейін әр қайсысы командада көрсетілгендей осынша адым жасайды және солға (оңға) бұрылады.
Ортадан жазылған кезде ортадағы адам көрсетіледі. Ортадағы болып аталған әскери қызметші өз тегін естігеннен кейін «Мен» деп жауап береді, сол қолын алға созады және оны төмен түсіреді.
Бөлімше түзелген кезде жазылу кезінде белгіленген аралық сақталады.
Бөлімшені орнында жинақтау үшін «Бөлімше, оңға (солға, ортаға) жинақ-ТАЛ (жүгіре, жинақ-ТАЛ)» командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша жинақталу тағайындалғаннан басқа барлық әскери қызметші жиналатын жаққа қарай бұрылады, одан кейін жиіленген жарты адыммен (жүгіре) жиналған сап үшін белгіленген аралыққа келеді және келгеннен кейін өз бетінше тоқтайды және солға (оңға) бұрылады.
Бөлімшенің қозғалуы үшін: «Бөлімше, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Адым (саптық адыммен, жүгіре) – БАС» командалары беріледі.
Егер қажет болса, командада қозғалыс бағыты мен түзелу жағы көрсетіледі.
Мысалы: «Бөлімше, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Саптық плац бағытына (5-қосымша), назар оңға (солға), адым (саптық адыммен, жүгіре) – БАС».
«БАС» командасы бойынша барлық әскери қызметші назарды және аралық пен арақашықтықты сақтай отырып, сол аяқтан қозғалысты бір уақытта бастайды.
Егер назар жағы көрсетілмесе, назар оң жақ қапталға қарай басты бұрмай көзқараспен жүргізіледі.
Бөлімшені тоқтату үшін «Бөлімше - ТОҚТА» командасы беріледі.
Әскери қызметшілерде қарудың әр түрлі түрі болған кезде және олардың біреуін басқа күйге ауыстыру қажет болған кезде командада осы қарудың атауы көрсетіледі.
Мысалы: «Автоматтарды кеуде-ГЕ», «Оқшашарларды қарубау-ҒА», «Карабиндерді иық-ҚА».
Сапта тұрып орнында шетке қарай бірнеше адымға орын ауыстыру үшін «Бөлімше, оң-ҒА (сол-ҒА)», ал сап бұрылғаннан кейін – «Бес адым алға, адым - БАС» командалары беріледі. Әскери қызметшілер қажетті адым санын жасағаннан кейін бөлімше «Сол-ҒА (оң-ҒА)» командасы бойынша бастапқы күйге бұрылады.
Алға немесе артқа қарай бірнеше адымға орын ауыстыру осы Жарғының 38-тармағында көрсетілгендей жүргізіледі.
Аяқ алысты ретсіз алып жүру қажет болған кезде «Ретсіз – АДЫМДА», ал аяқ алысты ретпен алып жүру үшін «Ретпен – АДЫМДА» командасы беріледі (ретпен жүру бағыттаушы бойынша немесе командирдің санауы бойынша жүзеге асырылады).
Қозғалыс бағытын орнынан иықпен еніп өзгерту үшін «Бөлімше, оң (сол) иық алға, адым – БАС», жүру кезінде – «Бөлімше, оң (сол) иық алға – АДЫМДА» командасы беріледі.
Осы команда бойынша бөлімше оң (сол) иықпен алға енуді бастайды: еніп келе жатқан қапталдың шеткі адамы басын маңдайшеп бойына бұрып, өзінің қозғалысын қалғандарын қозғалмайтын қапталға ығыстырмайтындай етіп толық адыммен жүреді; қозғалмайтын қапталдың шеткі адамы орнында адымдайды және біртіндеп енетін қапталдың қозғалысымен үйлесе отырып, солға (оңға) бұрылады; қалғандары енетін қапталға қарап, маңдайшеп бойынша түзелуді сақтай отырып (басын бұрмай) және қозғалмайтын қаптал жағында тұрған жанындағының шынтағын сезе отырып, олар қозғалмайтын қапталға жақындаған сайын шағын адым жасайды.
Бөлімше қажеттілігіне қарай бұрылғанда «ТУРА» немесе «Бөлімше – ТОҚТА» командасы беріледі.
Бөлімшені бір қатардан екіге қайта сапқа тұрғызу үшін алдын ала «Бөлімше, бірінші-екіншіге – САНАЛ» командасы бойынша бірінші және екіншіге санау жүргізіледі.
Осы команда бойынша әрбір әскери қызметші оң қапталдан бастап кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге басын бұра отырып, өз нөмірін атайды және жылдам басын тік қаратады; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.
Жалпы нөмірлеу бойынша есеп те осылай жүргізіледі, ол үшін «Бөлімше, ретпен – САНАЛ» командасы беріледі.
Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ қапталындағы адам жалпы нөмірлеу бойынша саптың есебі аяқталғаннан кейін: «Толық» немесе «Толық емес» деп баяндайды.
. Бөлімшені орнында бір қатардан екіге сапқа қайта тұрғызу «Бөлімше, екі қатарға – САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!