Әдебиет | Абай шығармаларындағы адамгершілік мәселесі

 Әдебиет | Абай шығармаларындағы адамгершілік мәселесі

Мазмұны

Кіріспе ..................................................................................................

І - тарау. Бастауыш оқыту процесінде оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы ...............................
1.1. Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік,
оның мақсат – міндеттері ....................................................
1.2. Абай шығармаларын бастауыш оқу – тәрбие процесінде пайдаланудың маңызы.............................................................

ІІ- тарау. Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың
әдіс-тәсілдері ....................................................................
2.1. Ана тілі оқулықтарында Абай шығармаларының
берілу жүйесі ...................................................................
2.2. Абай шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу тәжірибесі .....................................................

Қорытынды ...................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....................................................
Қосымша .............................................................................................

І-Тарау. Бастауыш оқыту процесінде оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы.

1.1 Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік, оның мақсат-міндеттері.

Құлық тәрбиесі – адамгершілікті тәрбиелеудің құрамды бөлігі. Мұның міндеті – моральдық межелер мен талаптарды қоғамның әрбір мүшесінің игілігі ету: оларды терең құлықтық сенімдеріне, жоғары құлықтық қылықтарына және шын мінез – құлқына айналдыру. Құлық тәрбиесінің шеңберінде тұлғаның құлықтық санасы, оның қоғамдық борышқа, өз міндеттеріне қатынасы қалыптасады. Құлықтық тәрбие әсемдікке көзқарас қалыптастыруда әлеуметтік тәрбие институттарының тәжірибелік жұмыстарын қамтиды. Құлық тәрбиесінде беделінің үлкен мәні бар. Тәрбиешінің өзінің тәрбиелі болуы – құлық тәрбиесіндегі өзекті мәселе.
Жеке адамды адамгершілік жағынан қалыптастыру - әртүрлі факторлар мен жағдайлардың әсерінен іске асатын күрделі де, жан – жақты процесс. Жас жеткіншек әртүрлі ішкі және сыртқы, қоғамдық және табиғи факторлардың әсерімен дамиды. Өзін қоршаған ортадағы көптеген құбылыстар тікелей әсер етіп, оның мінез – құлқымен моральдық бейнесінде із қалдырады. [3] 113 б.
Мораль барлық қоғамдық өмірдің саласында – еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, отбасында және халықаралық қатынаста адамның мінезі және санасын реттейді.
Мораль этикалық зерттеу объектісі. Этика – бұл философиялық ғылым, сананың формасы, қоғамдық қатынастардың түрі. Этикаға нормативтік этика және мораль теориясы кіреді. Нормативті этика игілік, жақсылық, жамандық, әділеттілік мәселелерін зерттейді, жеке адам мінез – құлқының кодексін жасайды. Мораль теориясы моралдың мәнін, нормаларын, тарихи сипатын анықтайтын заңдылықтарын зерттейді. Нормативті этика және мораль теориясы бір – бірімен тығыз байланысты, оларды бөліп қарастыруға болмайды.
Моральдық немесе адамгершілік сезімдер адамдардың бірлесе жасаған әрекеттері негізінде туып, дамиды да осы қоғамда үстемдік етіп отырған адамгершілік ережелеріне бағынады. Олар басқа адамдар мен адамның өзінің мінез – құлқы, әсерінен туады. Көңіл – күйінің осындай халде болуы – адамның өзі үшін де, басқалар үшін де міндетті түрде қажет деп санайтын мораль ережелеріне қылықтарының сай келуі немесе келмеуін өзінше бағалаудың нәтижесі.
Адамгершілік сезімдердің ерекшелігі – олардың әсерлілігі, яғни айқын көрінетін эстетикалық сипаты. Адамгершілік сезімдердің зстетикалық сипаты дегеніміз адамдарды жігерлендіріп отырады, олар өзінің барлық күші мен энергиясын кездескен қиыншылықты жеңуге жұмсап, сөйтіп мақсатқа жетуге мәжбүр ететін күш пайда болады.
Нормативті этика және мораль теориясы әрбір азаматты саналылықта тәрбиелеуде, адамгершілік тәрбиесі теориясы мен практикасын дамытуда елеулі орын алады. Нормативті этика және мораль теориясы негізінде моралдың мына түрлерін атауға болады: ұжымшылдық мораль, гуманистік мораль, белсенді, қарекетшіл мораль.
Әрбір адам өмірінде, іс - әрекетінде кездесетін мораль категорияларын (жақсылық, жамандық, борыш, ұят, адалдық, әділеттілік, қайырымдылық, абырой,т.б.) терең ұғынуы қажет.
Моральдық этикалық нормалар, халықтың ұлттық әдет – ғұрыптары қалыптасқан дәстүрлі ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады, жастардың мінез – құлқына байымды әсер етеді өйткені, халқымыздың өзі келешек ұрпаққа айтар ақылын, адамгершілік үлгісін, салт – сананы, дәстүрлерді насихаттап келді. Халқымыз өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, ұрпақты адал еңбекке, өнер – білімге тәрбиелейді, үйелменнің, ауыл –аймақтың, елдің ар – намысын қорғау сияқты ізгі адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Қай қоғамда болмасын, оның барлық салаларында өмірде, еңбекте, тұрмыста, үйелмендік жеке қатынастарда, мораль адамның мінез – құлқын, сана – сезім реттейді. Мораль принциптері белгілі қоғамдық бастауларды, өмір құрылысын, қарым – қатынас формаларын қуаттайды, бекітеді немесе керісінше өмір талаптарына байланысты олардың өзгеруін талап етеді.
Адамгершілік дағдыларының мектеп оқушыларының моральдық бейнесін қалыптастырудағы орны ерекше. Дағды - әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі. Қандай да болмасын адамгершілік дағдыларының негізінде шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру және бекіту жатады. Дағдының ерекшелігі оның автоматтануы болып табылады. Мінез – құлық дағдылары баланың жеке басының ерекшеліктерін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Мысалы, баланы адамдармен инабатты сәлемдесуге үйретеді. Оған адамдар мен өмірдің түрлі жағдайларында қалай амандасу керек екенін түсіндіреді. Сан рет қайталау нәтижесінде балада үлкен адамдарға инабатты сәлем беру дағдысы қалыптасады.
Қазіргі кезеңде көпшілік арасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мақсаты мен мазмұны әр адамға, оның ой - өрісіне, сезіміне, мінез- құлқына ықпал жасауы тиіс.
Кез-келген қоғамда қауымдасып өмір сүру ережелерін сақтау қоғамдық тәртіпті ұстаудың ең маңызды шарты болып табылады. Түрлі елдерде бұл ережелердің жергілікті жағдайларға, дәстүрлер мен салттарға тәуелді өзіндік ерекшеліктері болады. Ғасырлар бойы қалыптасқан үйелмендегі және қоғамдағы тәртіп ережелерін үйреншікті орындауда адамдардың өндіріс пен тұрмыстағы күрделі өзара қарым – қатынасы тасада қалады.
Қазіргі ғылым тұрғысында адамның өміршең белсенді қалпы – адамның қоғамдық мәнінің біртұтас қасиеті. Ол адамның әлеуметтік және табиғи ортамен қарым – қатынас шеңберін құрайды. Өзінде адамның және қоршаған ортаның шындығының күрделі құнды қатынастар жиынын біріктіріп, өміршең белсенді қалып адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік бағдарының сипатын, оның азаматтық тәртібі және іс - әрекетінің түрін анықтайды.
Адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік қалпында өнегелікті сенімдер ерекше роль атқарады. Сенім – адамның қоғамдық мәніне енген білім. Жалпы сана сияқты, өнегелікті сана, қандай деңгейде болмасын өзінің нәтижесі ретінде әрдайым белгілі бір бағаға ие болады, яғни шындықты белгілі бір дәрежеде білу болады. Айтылған білімді қоғам өмір сүретін өнегелік ережелерді, принциптерді түсіну болып табылады.
Мінез – құлық мәдениеті жөніндегі білім өнегелі тәртіптің алғы шартын ғана жасайды. Адамның қоғамдық мәнінің өнегелік дамуының негізінде оның өнегелік тәжірибесін қалыптастыру жатады. Осымен қатар өнегелік тәжірибеде адам тәртібінің барлық тәжірибесі сұрыпталмайтынын еске алу керек. Ең алдымен ол үшін белгілі бір маңызы бар және қажетті жоғары ой - өрістік және сезімдік белсенділік туғызатын өнегелік әрекеттер сұрыпталады. Олар адам санасы мен сезіміне елеулі із қалдырады, тек бұрынғы емес, жаңа өмір шеңбері мен жағдайларда онан арғы тәртібіне ықпал жасайды.
Адамның өзін қоршаған әлемге, алатын білімге, өмір сүріп, дамитын жағдайларға қатынасы баға беру сипатында болады. Білім адамның сезімі мен күйзеліс шеңбері арқылы өткенде ғана өнегелік көзқарастардың жалпы жүйесіне қатынасады және оның моральдық сезіміне дейін көтеріледі. Күйзеліс моральдық ережелердің сезімдік тасмалдаушысы ретінде көрінеді.
Мектеп тәртібінің қалыптасу барысының нәтижесі, адамның мәнінің маңызды сапалық қасиеті – тәртіптілік. Оның негізінде адамның қоғамдық мәнінің еркін дамуы, өз тәртібін қоғамдық мүддеге бағындыру білігі, мақсатты жүзеге асыру жолында өз құлқының ынтасын өшіре отырып қиындықтарды жеңе білуі жатады.
Адам тәртібінің ішкі өлшемі қазіргі кезде оның тек жеке еңбегіне ғана емес, ұжымның, тұтасынан алғанда, қоғамның іс - әрекетіне елеулі ықпал жасайды
Гуманизм адамның моральдық бейнесінің көрінісі ретінде адамдарға көмек етуге бағытталған іс - әрекеттерде, жолдастарымен қарым – қатынастарда, өзара талапты қайырымдылықта, жауапкершілікте, оқушылар арасындағы қара бастың қамын ойлау көріністерімен белсенді күресте тәрбиеленеді.
Өнегелік ұғымдар мен сенімдердің қалыптасу барысы тек мінез-құлық мәдениетінен ағарту жұмысын жүргізу емес, жоғары ой - өрістік және практикалық іс - әрекеттің кең шеңберін қамтитын.
Тәжірибе оқушылардың өнегелік санасы білім мен тәртіп тәжірибесінің бірлігіне негізделсе ғана нәтижелі қалыптасады.
Қайырымдылық пен зұлымдық жөніндегі өнегелік түсініктер мен ұғымдардың қалыптасуына, олардың жеке көзқарастар мен сенімдерге айналуына өнегелік жайында лекция, баяндама, әңгіме, пікір талстырулар ықпал жасайды.
Өнегелікке тәрбиелеу тәжірибесінде ең көп тарағаны – мінез – құлық шамаларына арналған әңімелер. Ол оқушларға моральдық принциптер мен шамаларды түсіндірудің түрі және оқушы бойына өнегелік баға, пікір, ұғым – сенімдерді қалыптастыру мақсатында оларды құбылыстар, қылықтар және әрекеттерді талқылауға және саралауға қатыстыру әдісі ретінде көрінеді.
Мінез – құлық шамалары жайлы әңгімелердің негізгі мақсаты – оқушыларға мораль жөнінде күрделі мәселелерді түсінуге, балалардың берік өнегелі тәртіп тәжірибесін саналы ұғынуына, мораль жөніндегі алған білімдері негізінде тәрбиеленушілерге өнегелік көзқарас, бағалау, пікірлерді қалыптастыру біліктерін дамытуға көмектесу.
Мінез – құлық шамалары жайлы әңгіме балалардың күнделікті өмірінен алынған деректер мен уақиғалардан, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар, кинофильмнен алынған мысалдарды сұрыптау мен талқылау негізінде құрылады. Мінез – құлық шамалар жайлы әңгіме ерекшелігі оқушылар бойында өнегелік қылықтар жөнінде дұрыс баға және пікірлер айтуға балалардың өздерін қатыстыру әдісі болатындығында.
Белгілі өнегелік білім беру қажеттігі туса, бағдарламадан тыс әңгімелер де өткізіледі. Оң нәтижеге тек жақсы даярлық және білікті өткізілген әңгіме ғана жеткізеді.[4] 225-245б
1.2 Абай шығармаларын бастауыш оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың маңызы.

Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда тәрбиелік мақсатта пайдалануда педагог – ғалымдар мен психологтардың жас ерекшеліктері туралы ілімін және Абайдың өзінің жас балаларға арналған тәрбиелік пікірлеріне сүйену – іс- шаралардың нәтижелі болуының кепілі. Бұл орайда Абай шығармалары тәрбиелік мақсатқа қол жеткізудің құралы ретінде қарастырылуы, тәрбиелік іс – шараның мазмұны емес, керісінше, тәрбиелік мазмұнды жүзеге асыратын құрал болуы керек. Мәселен, 1-сынып оқушыларының бойына сіңіретін негізгі әдет, дағдыларының бірі оларды тәртіпке бойсынуға тәрбиелеу болса, ақын шығармалары осы мәселені шешетін құрал ретінде қолданылуы керек. Сол сияқты 2-сыныптаы тәрбиелік іс – шаралардың арқауы оқушыларға жалпы еңбек туралы мәлімет бере отырып оқу еңбегіне көзқарас, оқу еңбегі дағдыларын қалыптастыру болса, мұны жүзеге асыруда ақын шығармаларынан көптеп көмекші материалдар табуға болады. 3- сыныпта оқушының өзіне сенімін тәрбиелеу, 4- сыныпта оқу, ғылым жайлы кеңірек түсінік беру және оның жолдарын көрсету, тағы сол сияқты басқа сыныптарда да, міне, осы бағытта жұмыс жүргізу Абай шығармаларын тәрбиелеу іс – шараларында тиімді қолдануда шарт түзеді. Енді бастауыш мектептің әр сыныбына қатысты тәрбиелік іс- шаралардың үлгілеріне тоқталамыз. [5] 55-60 б.
Бастауыш мектептің 1-сынып оқушылары Абайдың өз сөзімен айтсақ, «білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» деген жан құмарының басымдығымен қатар қайратының әлсіздігі, әсерленгіштік пен жақсы оқуға ұмтылумен қатар бір нәрсеге ұзақ көңіл қоюының қиындығы, зейінділігі жақсы болғанымен, табандылығы нашар. Сол себепті психикасы тұрақсыз, ал бұл бастаған ісін соңына жеткізу, әр нәрсені өз уақытында атқару, асықпай тиянақты істеу, өзін тежеу, артын ойлау, кешіктірмеу, сабаққа кешікпеу, үй тапсырмасын уақытылы орындау, оқытушының айтқандарын көңіл қойып тыңдау сияқты іс - әрекеттеріне кедергі келтіреді. Мұның барлығы, бір сөзбен айтқанда, - тәртіп делінеді. Осылардың бәрін орындау тәртіптілікке қатысты. Сондықтан 1-сыныптан бастап-ақ оқушыларды тәртіпке бағынуға тәрбиелеу кейінгі сыныптарда, тіпті бүкіл өмірінде аса маңызды. Сондықтан осы сынып оқушыларын тәртіпке бойынсынуға тәрбиелеуде Абай шығармаларын тиімді пайдалануға болады. Мәселен, ақынның 32- қара сөзіндегі пікірді арқау етіп, оқушыларға оқудағы мақсат білу, білмекке ұмтылу, ал білу деген көргенін, естігенін көңілге түйіп, тағы да білмегенін білу үшін пайдалану. Мұны 19-қара сөзіндегі «естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады ... Сол естілердің естіп білген жақсы нәрселерін ескермес, жаман дегеннен сақтаса, сонда іске жарайды... Мұндай сөздің есіткенде жайқақтап салғырттанып не салбырап, салғырттанып естісе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса ... ондай адамға сөз айтып сөз айтып не керек»,- деген үзінділер мен өлеңдеріндегі осы секілді пікірлерді пайдалануға болады. Бұлар, әрине бала ұғымына ауыр да болар, дегенмен, ұстаздар көмегімен игертуге болады. Бұлар арқылы оқушыларға мұғалімнің айтқандарын көңіл қойып тыңдау, оларды түсінуге ұмтылу, оларды орындау, әр нәрсені өз кезінде атқару – тәртіпке бойсынудың шартты екендігін ұғындырумен қатар, тәртіп – ілудің, үйренудің негізгі қағидасы екендігін саналарына сіңіруге болады. Мұнда тәртіпке бойсыну ең алдымен оқушының өз басына қаншалықты пайдалы екендігі Абай шығармалары арқылы ұғындыру мүмкіндіге мол. Айталық, 32- қара сөзден мынадый үзінділерді оқушыларға жаттатып, әр кез ескерудің үйрету пайдалы әдет-дағдылар қалыптастырудың кепілі: 1. Бір ғана білмектің өзін дәулет біл. 2. Білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді білсем екен деп үміттен. 3. Әрбір естігеніңді, көргеніңді жақсы ұғынып ал. Немесе 19- қарасөзінен:
1. Естіген жақсы нәрселерді ескер, жаманнан сақтан. 2. Есіткеніңді қайта сұрап ал. 3. Есіткеніңді ұғайын деп ұмтыл, т.б.[6] 112-117 б.
Осы бағытта оқушылардың бойында тәртіпке бойсыну сезімдері мен дағдыларын қалыптастыруда Абай шығармаларынан көптеген материалдар тауып пайдалануға болады. Ал екінші сыныпта оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыста Абай шығармаларын пайдалану, тәртіпке бойсынуға тәрбиелеуді жалғастырумен қатар еңбектену дағдыларын қалыптастыру арқау етіп алынады. Бұл жастағы оқушыларға ең алдымен оқу, білім алуға әрекеттену, білу үшін шамасының жеткенінше ұмытылудың өзі еңбек екендігін түсіну қажет. Сонымен қатар еңбектің басқа түрлерімен таныстыру, еңбектенудің қарапайым жолдарын үйрету, еңбек шарттарын орындауға тәрбиелеу (ұқыпты жылдам, сапалы, т.б.). Мұнда еңбек деген ұғым осы жастағы баллардың жас ерекшеліктеріне сәйкес алынады. Абай шығармаларын еңбек тәрбиесіне қатысты тәрбиелік іс – шараларды жүзеге асыруда пайдалану мүмкіндігі көптен бері айтылып келе жатқандықтан, ол ұстаздарға таныс. Мәселен, ең алдымен оқушыларға еңбектің қай түрі болмасын бір нәрсені игеруге бағытталады:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған -
деген өлең жолдарын жаттатып, қазіргі заман тұрғысынан түсіндіру, мәселен, оқудағы мақсат «бастық болу» (қазақ арасында кең тараған «менің балам бастық болады») деп емес, ең алдымен білу үшін, одан соң біліміңді «өзіме, еліме қызмет етемін деп, еңбектеніп бәрін табуға үйрену үшін оқимын (оқисың)» деген пікірді баланың санасына ендіру. Бұл – басты мақсат. Одан соң не нәрсені болмасын игеру үшін еңбектену керек, мысалы, өнер үйреніп, оны өз пайдасына жарату, мал бағып, егін егу немесе ғалым болу, ұстаз, дәрігер болу, т.б. Мұнда Абайдың 31- қарасөзіндегі «естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар» - деген үзіндіні оқу үшін аса маңызды қағида ретінде түсіндіріп, мына үзіндіні жаттау «әуелі көкірек байлауға берік болмақ керек». Мұны қандай еңбекпен айналыссаң да әуелі білім керек, оны игеру үшін табанды, шыдамды төзімді, қайратты болу керек деп түсіндіру мен осы қасиеттерді дамыту жолдарын үйрету. Осы 31- қарасөздің «сол нәрсені естігенде, я көргенде көңілденіп, ынтамен ұғу керек», тағы бір шарт «сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып көңілге бекіту керек» - міне, бұларды оқушылар жаттап алғандары дұрыс. 3- сыныпта алдыңғы сыныптағыларды қайталай отырып жаңа сатыға көтеру, мұнда оқушылардың өзіне сенімін арттыру Абай шығармалары арқылы тәрбиелеудің арқауы етіп алынады. Мұнда ақынның:
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап...
деген жолдары және басқа да шығармалары арқылы - өзіне сену деген не, ақыл деген не, ақылды кісі қандай болады- деген сұрақтарға жауап берумен қатар Абайдың 13- қарасөзіндегі «беріктік» деген сөздің мәнін түсіндіру, 17, 38- қарасөздеріндегі ақыл туралы пікірлерді пайдалануға болады. Осыларға сүйене отырып, әркім өзіне сенімді болуы үшін әділ, ақылды болуға, адал еңбектенуге кедергі болатын өтірік, ұрлық, мақтаншақтық, т.б. жаман қылықтардан аулақ болса ғана өзіне сенімді бола алатындығын ұғындыру.[7] 65-72 б.
Мысалы Абайдың:
Бес нәрсеге қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
Үзіндісін жаттатумен қатар «бес нәрсенің» әрқайсысынының мәнін ашып, маңызын түсіндіру - өзіне сену пікірін оқушыларға жеткізудің нанымды етеді. Өзіне сенуге тәрбиелеу әр баланың санасын өз басына бұрады. Мұғалім әр оқушыға «мен қандаймын» - деген сұраққа өте кең болмаса да жауап берулерін ұйымдастырады (сауалнама, шығарма, т.б.). Мұнда «мен қалай оқимын, тапсырманы қалай орындаймын, мұғалімнің, ата – анамның айтқандарына қалай құлақ асамын, өтірікті көп айтып жіберген жоқпын ба ? », т.б. сұрақтар көлемінде. Бұл – оқушылардан сын көзқарас қалыптастырудың басы. Осы өзін сынаудың кемшілігінен әр адам, тіпті бір қоғам қатты зиян шегуі мүмкін. Байыпты қарасақ, біздің қоғамда осы жағынан азаматтарды тәрбиелеу кемшіндеу секілді. Өйткені сын көзқарас қалыптастыру мектептегі тәрбиеге қатысты бағдарламалардың бірінен де орын алмаған екен. 4-сыныпта оқу- ғылым тақырыбы жалғастырылып, ол Абайдың 38- қарасөзіндегі ғылым туралы пікірлер арқылы ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?