Саясаттану | Азаматтық қоғам түсінігінің генезисі
Мазмұны
Кіріспе 3-4 б
Негізгі бөлімі:
Ⅰ. «Азаматтық қоғам» ұғымының пайда болуы мен даму идеялары. 5-17 б
Ⅱ.Азаматтық қоғамның қалыптасуының мәні мен модельдері. 18-26 б
Қорытынды 27-28 б
(әдебиеттер тізімі)
I. «Азаматтық қоғам» ұғымының пайда болуы мен даму идеялары.
Азаматтық қоғам мәселесі көптеген ғасырлар бойы адамзатты толған-дырып келе жатқан түбірлі, ғылыми мәселе. Ол мемлекеттің пайда болған кезеңінен, қоғамдағы адамдардың өмірлік іс-әрекетінің, қызметінің мемле-кеттік және мемлекеттік емес болып бөлінген кезеңінен бастау бастау ала-ды. Сол кезеңнен бастап мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы туралы мә-селе орталық назарға ие болып ол көп ретте көптеген әлеуметтік алауыз-дықтарға, саяси төңкерістер мен дағдарыстарға себепкер болды. Қазіргі күн-де де бұл мәселе ауқымды қоғамдық өзгерістердің негізінде тұр және ол бү-гінгі күнде әлемдік қоғамдастықтың даму барысын анықтап отыр.
Енді азаматтық қоғамның жалпы әлеуметтік-саяси ой тарихындағы пайда болу, қалыптасу және даму барысына көз жіберіп көрелік.
« Азаматтық қоғам» ұғымы өзінің негізі жағынан антикалық полистің құбылысы болып табылады. Гректер үшін полис- адамдардың бірге өмір сү-руінің ең жетілген түрі ғана емес, сонымен қатар лайықты қоғамдық өмір-дің, еркін адамдардың құқығы мен даңқын жүзеге асыратын бірден-бір орта.
Полис- біріншіден соған жиналған азаматтардың қауымдастығы және осы негіздегі сол қауымның жасаған материалдық және рухани құндылық-тарының тұтастығы. «Полис» термині түсініктемелік аудармаларда «қала-мемлекет» ұғымымен түсіндіріледі, бірақ ол сонымен қатар «азаматтық қа-уымдастық» мағынасын білдіретін түбірді де қамтиды. Сондықтан да «по-лис» ұғымы «азаматтық қоғам» (Аристотельдің koinxia politiku , Цицеронның societas civilis ) және «мемлекет» (polis, civitas) ұғымдарын біл-діретін антикалық терминдерді біріктіреді.
Аристотель тусінігінде «азаматтық қауымдастық» біздің бүгінгі күн-дегі «әлеуметтік мемлекет» және «құқықтық мемлекет» терминдерімен ас-тарлас келеді. «Әділдік ұғымы мемлекет туралы түсінікпен тығыз бай-ла-нысты, өйткені әділдіктің өлшемі ретіндегі құқық саяси қатынастың рет-теуші нормасы»
Полистік тұрғыдағы азаматтық қауымдастық өзін-өзі басқару инсти-туты ретіндегі биліктің сайланбалы органдарының болуын, оның қажет-тілігін көрсетеді, мәселен афиндік ареопаг, римдік сенат. Көріп отырға-нымыздай антикалық полисте адамзат тарихындағы ең ұлы азамат идея-сы-ның классикалық түсінігі пайда болды: өзін азаматтық қауымдастықтың мү-шесі және осыдан келіп шығатын құқық пен борыштың субъектісі ретінде түсіну; азаматтық борышқа, жауапкершілікке, әлеуметтік тұтастыққа тиесілі екенін сезіну; тұлға үшін маңызды оны басқа азаматтар тарапынан оның аза-маттық қасиетін мойындалуының абсолюттік қажеттілігі; азаматтық игілікті жоғарғы өмірлік мәнге ие құндылық пен тұлғаның мақсаты ретінде бекіту. Осы ретте айтар болсақ азаматтылық-антикалық әлеуметтік ойдың негізгі моральдық саяси категориясы ғана емес, ол сонымен бірге универсальды өмірлік құндылық..
Дегенмен де ұғым өзінің мәнін Европадағы басталған Жаңа Заманның рухани, идеялық дүмпулерінен соң ала бастады. Ол осы кезеңде XⅦ ғ. Г.Гроции, Т.Гобсс, Дж.Локк еңбектерінде көрініс тауып, өзінің дамуын Ж.Ж.Руссо, Ш.Монтескье, В.фон Гумбольд, И.Кант, Г.Гегель, К.Маркс пен Ф.Энгельс еңбектерінде жалғасын тапты. Олар сол кездің өзінде азаматтық қоғамды өмір сүріп отырған мемлекетпен немесе нақты мемлекеттік бас-қару формаларымен сәйкестендірмей одан бөлек қарады. Осы ретте олар мемлекеттің «келісімдік теориясын» негізге алды және бұл теория бойынша азаматтардың өз еріктерімен көнген және тағайындалған өкімет қана әділ заңды болып табылады.
Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясын жақтаушылар аза-маттық қоғам мен мемлекетті егер ол қоғамдық келісімге негізделген мем-лекет азаматтардың мүддесін білдірсе ғана сәйкестендіреді. Дегенмен, олар, мемлекет бәрібір азаматтық қоғамды өзіне бағындыруға барлық кезде мүд-делі болатынын жақсы түсінді. «Абсолютті монархияны кейбіреулер әлем-дегі ең бірден-бір, жалғыз басқару түрі деп түсінеді, бірақ ол шынтуайтқа келгенде азаматтық қоғаммен бір бола алмайды, сондықтан да ол азаматтық басқару формасы бола алмайды.»
Мемлекеттің келісімділік теориясы және ол кепілдік беретін қоғамдық өмірдегі іс-әрекеттің саяси-құқықтық нормасы биліктің құдайдан берілген-дігіне тойтарыс бере отыра халықтың жеке құқығының саяси дербестікке ие екендігін дәлелдеді. Осы ретте қоғамдық келісім теориясы кез-келген емес, тек қана азаматтық қоғамды саяси қалыптастыру тәсілі ретіндегі құқықты мемлекеттің пайда болуының шарты ретінде көрінеді.
Қоғамдық келісім теориясы нормативті қажеттілік мінезге ие және ол күнделікті саяси іс-әрекет міндетіне бағытталған. Американ саясаттану-шысы Т.Пеин осы ретте былай дейді «адамдар өздерінің жеке, тәуелсіз құ-қықтарына сай үкімет орнату үшін өзара бір-бірімен келісімге түседі және бұл үкіметті жасақтаудағы бірден-бір құқық тәсілі және олар өмір сүре ала-тын бірден-бір негіз.» Осы ретте ескертер бір жайт қоғамдық келісім бас-қарушылар мен бағыныштылардың арасында емес, азаматтардың өз арасында жасалады.Яғни мемлекет келісімдегі тең серіктес емес және серіктес ре-тін-дегі заңдық құқыққа ие емес. Келісімдік қатынастардың негізі ретінде назарға тұлғаның табиғи құығы ғана алынады, ал мемлекеттің құзырына талап ету, көндіру құралы ретіндегі арбитраждық міндет қана қалды.
Табиғи құқық концепциясын ой елегінен өткізіп, сараптаудың радикалды түрін Дж.Локк еңбектерінен көре аламыз. Оның табиғи-құықтық ой-пікі-рі-нің бастамасы өмірге еркіндік және мүлікке қатынастағы табиғи құқыққа ие индивид болып табылады. Әр адам табиғаттан еркін және өзінің келісімінсіз оны жердегі билікке ешкім бағынышты жағдайға қоя алмайды. Адамдардың табиғи жағдайы «табиғат заңы аясындағы өзінің тұлғалығы мен мүлкіне қа-тынастағы оның толық еркіндік жағдайы»
Еркіндік принципін түсінуде және ендіруде Локк жекеменшіктің суб-станциясы ретіндегі еңбек концепциясын орталық назарға қояды. Табиғат жасаған мүліктерді адам өз еңбегімен ұштастыра отырып оны өзінің меншігі етеді. Яғни, жекеменшіктік қатынастың негізін адамның өзін еркін тұлға ре-тінде жасайтын іс-әрекеті мен қызметінен іздеуге болады. Табиғат заңдары бәріне ортақ, бірдей берілсе де адам өз еңбегінің иесі ретінде өзіне жекемен-шіктің ұлы негізін қалады. Осы тұрғыда Локктың ойынан бірқатар маңызды шешім шығады:
1.Табиғи құқық жекеменшіктің субстанциясы мен шегі ретінде жеке еңбекті орталық негізге қояды. Тек осындай жекеменшік құқық тұл-ғаның табиғи, бөлінбес құқығы болып табылады және ол мүліктік қа-тынастың құқықтық легитимділігінің негізін қалауы керек.
2.Табиғи құқық тұлғалардың бірімен-бірі қатынасқа тең және экономикалық еркін субъектілер ретінде түсетін қоғамды орнатуды алға қояды. Локктың табиғи құқық түсіндірмесі бойынша тұлға мен еңбек өзінің ұғымы тұрғысынан басқаның меншігі бола алмайды. Егер қоғамдық ұйым осындай келеңсіз жағдайларға орын берсе, мұндай қоғам ақылды, табиғи тәртіппен сәйкес емес, онда әлеуметтік қатынастардың құқықтық негізі өмір сүре алмайды яғни ол моральдық тұрғыда әділсіз ғана емес, ол заңға қарама-қайшы. Сондықтан да жекеменшікті еңбектен, ал еңбекті адамның өзінің субъектілігінен алшақтату –экономикалық мәжбүр етудің универсальды тетігі – табиғи құқық нормасының өрескел бұзылғандығы болып табылады.
3.Қоғамның саяси - заңдық нормалары мен азаматтық-құқықтық заңдарының жағдайы жеке өзіңдік таңдау еркіндігінің кепілдігі ретінде кө-рініп осы ретте мемлекеттік –саяси юрисдикцияның шекарасы болуы керек, яғни ол еркіндікті мемлекеттің барлық түрдегі қысымынан қорғаулары ке-рек. «Басқарушы азаматтық тыныштықты қамтамасыз ету және бодан-дарының жекеменшігін қорғау үшін әрекет ету керек және осыған қауіп төн-діретін кез-келген оқиғаға, жағдайға килігуі керек» .
Локктың табиғи құқық концепциясының барлық негізгі үрдісі заңның, құқықты мемлекеттің, билік өкілеттілігінің келісімдік негізіне, заң шығарудың мақсаты ретіндегі тұлғаның құқығы мен еркіндігінің саяси-заң-дық кепілдігіне балама жоқтығына келіп тіреледі. Локктың саяси-құқықтық ілімінің көптеген ойлары, ережелері өркениетті, демократиялық құқықтық сананың ажырымас бөлігіне айналды.
Әрбір адам басқалармен бірлесе отыра,өз еркіндігін сақтап қала алатындай логикалық мүмкіндіктегі азаматтардың осындай формадағы бір-лестігінің мүмкін екендігін философиялық тұрғыды негіздеуді Ж..Ж. Руссо алдына қойды.
Бұл ретте мемлекеттің пайда болуы мен мәнінің келісімдік тео-риясына түзетулер енгізу қажет болды: бұл келісімінің негізгі азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау кепілдігі олардың мемлекеттің қандай да болмасын құқығынан алшақтауға айырбасталмауы керек. Осы алдына қойған мақсатты жүзеге асыруды Руссо әділ қоғамдық құрылыстың басты өміршең ерекшелігімен байланыстырады: «бірлестіктің әрбір мүшесін оның барлық құқығымен тұтас қауымының пайдасына қарай ысыру қажет ал егер кімде-кім ортақ ерікке бағынудан бас тартса оны күш арқылы еркін болуға мәжбүр етеді» . Тұлғаның абсолютті еркіндігін айта отыра Руссо оны бағындырудың тұтас жүйесіне келеді. Руссо бойынша әлеуметтік-саяси тұрғыдан еркіндік құқықты өзіне-өзі беретін немесе заң шығарушылықтың ортақ ерігін беретін халықтың дербестігін білдіреді. Белгілі бір басқарушыға көнуге келісім бергенде халық суверен ретінде жоғалады, яғни ол халық болудан қалады. Сондықтан да өз заманындағы мемлекет пен азаматтық қоғамдағы адамның жағдайы адамның бастапқы табиғи жағдайдағы еркіндігі меен табиғатпен, өз-өзімен жасаған келісімнің өңін ауыстырған формасы ретінде бағаланады. Жекеменшік қатынасқа негізделген,яғни өзінің билігіне бағындыру мен бәрін өзінің меншігіне айналдыруға ұмтылған азаматтық қоғамда еркін адам жоқ:еркін болып туылған адам барлық жерде құрсауда, өйткені ол өзімен-өзі араз. Осы қалыптасып отырған жағдайдан шығу жолын ол теңдік пен еркіндіктің жаңа саяси түрін ендіру деп біледі. Оның негізгі халық пен билеушінің келісімі емес, шын мағынадағы халықтың өз-өзімен келісімі іспетті қоғамдық келісім және осының нәтижесінде суверен «саяси организм», «ұжымдық жан» пайда болады.Руссо осы сөзбен билік өкілет-тілігі бар басқарушыны емес, сол өкілеттілігі беретін халықты атайды Қоғамдық келісім теориясының Руссолық ережесі диалектикалық-логикалық және семантикалық негіздегі халық-суверен және «ортақ тұтас ерік» ұғым-дарына негізделген.
Руссо бойынша Азаматтық қауымдастық пен Саяси организмде жоғарғы билікке қатынасын азамат пен мемлекет заңына бағынатын бодан- өзінің негізі жағынан егіз ұғымдар. Азаматтық қоғам мен саяси құқық прин-ципінің өзара қатынасының Руссоның ойының парадоксы мемлекеттің пай-да болуының тарихи негізі ретіндегі қоғамдық келісім идеясына және таби-ғи құқықтың әлеуметті жұмылдырудағы құндылықты-нормативті бастама-сына күмән келтіруге алып келеді. И.Бентам табиғи құқықты идеал ретінде санауға келісе отыра оның нақты қоғамның заңдық негізі мен позитивті құ-қық ретінде қолдануға болатындығына күмән келтірді. Табиғи құқық мін-детін заңды негізден келіп шығатын позитвті заңдардың легитимділігінің адамгершілік өлшеміне телу азаматтық қоғамның терең өзгерісі мен өзін-өзі ұйымдастырудың тәсәлі және либералды-демократиялық құқықтық мемле-кетпен өзара қатынасының нәтижесі болып табылады.
Неміс ағартушылығының көрнекті өкілі Вильгельм Гумбольдт өзінің «мемлекет қызметіне шекара орнату тәжірибесі» еңбегінде азаматтық қоғам мен мемлекеттердің арасындағы үш айырмашылықты көрсетеді:
Біріншіден, индивидтерді өздері арқылы «төменнен» жасалатын және азаматтық қоғамның спецификасын құрайтын ұлттық қоғамдық мекемелер жүйесіне мемлекеттік институттар жүйесі қарсы тұра алады;
Екіншіден, азаматтық қоғам «табиғи және жалпы құқыққа», ал мемлекет – «позитивтік» құқыққа сүйенеді;
Үшіншіден, әрқайсысының субъектісі сәйкесінше «адам» және «азамат» болып табылады. В.Гумбольдт, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо сияқты ойшылдар пікірінше азаматтық қоғам субъектісі – адамның мүддесі мен қажеттілігіне қанағаттандыруына құрал болу керек.
Ол осы ретте былай ой түйеді, мемлекет мақсат емес, ол адамныңдамуы үшін құрал ғана ізінің қанатын кең жайып өсіп кеткен мемлекет адамның еркіне, оның өз мүмкіндігін жүзеге асыруына бөгет болатынына байланысты В.фон Гумбольд былай деп жазды: «Мемлекет неғұрлым көп әсер еткен сайын сол әсерді берушілер де, қабылдаушылар да біріне-бірі ұқсай түседі» . Осы кезден бастап бірте-бірте азаматтық қоғам мен мемлекеттің бөлектігі туралы ойлар өріс алып әлеуметтік теңдікті, азаматтық еркіндікті қамтамасыз ететін шектелген конституциялық мемлекет туралы идеялар бой көтере бастады.
Азаматтық қоғамның тым радикалды концепциясын американ буржуазиялық революциясының өкілі Т.Пейн жасады. Американың атақты қоғамтанушысы Т.Пейн өзінің «Адам құқықтары» памфлетінде, егер табиғи құқықтар адамдарға табиғатынан берілген болса, ал азаматтық құқық ру-тайпалық қоғамнан мемлекетке өту процесінде жасалды. Бұл адамның өзінің күшімен қорғауға қабілеті жоқ құқықтары. Пейн заңды деп, жалпылама қабылданған конституция негізінде қалыптасқан мемлекетті ғана есептеді. Мұндай мемлекеттік басқару жүйесін ол «құқықтық, өркениетті» деп атайды Оның еңбектерінде мемлекетке қарама-қарсы тұратын азаматтық қоғам мәселесі орталық мәнге ие болды. Ол бойынша мемлекет қажетті зұлымдық : ол неғұрлым аз, әлсіз болған сайын қоғам үшін ол соншалықты пайдалы. Сондықтан да мемлекет билігі азаматтық қоғамның үлесіне қарай шектелуі керек, өйткені кез-келген адамға, қоғамға қатынастағы іш тартушылық тән. Азаматтық қоғам қаншалықты дамыған жетілген болса, ол соншалықты өзінің істеріне көп мән беріп, мемлекетті керек етпейді. Өздеріне тән құқыққа ие еркін және тең адамдар мемлекетке қатынаста өткен кезеңде де, осы кезде де, болашақта да жоғары тұрады. Мемлекетті заңды және өркениетті деп барлық азаматтардың қолдауымен құралған және осы белсенді қолдау конституциялық негізделіп, парламенттік, өкілеттілік тетікпен белгіленгенде ғана айтуға болады. Яғни басқарудың өркениетті жүйесі-азаматтардың қолдауына сүйенетін өкіметтің конституциялық басқару жүйесі. Мұндай өкіметте құқық болмайды, олардың тек өзінің азаматтарының алдында міндеті ғана бар.
Азаматтық қоғам концепциясын жасауда, толықтыруда және оның мемлекетпен байланысын көрсетуде Гегель көп еңбек сіңірді. Гегель бойынша азаматтық қоғам жеке адамдардан келіп шығатын дербес мүдделердің, мақсаттардың өзара әрекетіне негізделген бірлестіктер жүйесі болса, мемлекет-қоғамдық мақсатты жүзеге асырушы жүйе Француз, англо-саксондық және неміс қоғамдық-саяси ойшылдарының барлық шығармаларын жүйелеу негізінде Г.Гегель азаматтық қоғамның орта ғасырдан жаңа кезеңге дейінгі ұзақ та, күрделі тарихи трансформациялау процесінде отбасыдан мемлекетке дейінгі диалектикалық қозғалыстың ерекше даму сатысын білдіреді,-деген шешімге келген. Азаматтық қоғам-отбасы мен мемлекет арасында болатын дифференциация, әйтсе де азаматтық қоғамның дамуы мемлекет дамуынан кейін жүреді.
Мемлекет пен азаматтық қоғам екі қарама-қайшы бірақ тең дәрежеде қажетті бөліктер және әрқайсысы адам қатынасының жеке әлемін құрайды. Мемлекеттің негізінде билік ету, азаматтық қоғамның негізінде еркіндік жатыр. Егер мемлекет бірлікке ұмтылса, азаматтық қоғам көптүрлілікке ұмтылады, өйткені еркіндік кез-келген сыртқы қысымның жоғын білдіреді және өз қалауымен әрекет етуді көрсетеді. Дегенмен мұндай кез-келген еркіндік құқық дәлелі бола алмайды. Еркіндік құқыққа азаматтық тәртіпте заң үстемдік құрған аезде ғана қалыптасады, яғни ие бола алады, өйткені құқықтың өзі еркіндікті ортақ заң негізінде өзара шектеу болып табылады. Азаматтық қоғамның қалыптасуы, Гегель бойынша, буржуазиялық мемлекеттің және өзін дербес тұлға ретінде түсінетін құқық пен еркіндікке ие, сонымен қатар қоғам алдындағы моральдық тағы басқа да жауапкершілікті түсінетін азаматтың пайда болуымен байланысты. «Азамат ұғымының негізінде еркіндік принципі бар, өйткені тек еркін адам ғана азамат ретінде құқық пен міндеттеме ала алады»
Біртұтастықты құрай отыра және мемлекет құрамына бірлестіктердің мүшесі ретінде кіре отыра, азаматтар өзара көптүрлі экономикалық, адамгершілік тағы басқа қатынастардан тұратын жеке, дербес индивидтер ретінде қала береді. Осы қатынастардың бірлігі мемлекеттен бөлек ерекше байланысты құрайды. Егер мемлекет-тұтастықтан келіп шықса, азаматтық қоғам жеке адамдардың арасындағы өзара әрекеттен келіп шығады. Бұл қатынастар саяси қатынастардан мүлдем бөлек. Жоғарғы тұтастық ретіндегі мемлекетке бағына отыра адам бір мезгілде өзінің жеке өмірін өзі анықтайтын еркін адам теріндегі құқығынан айырылмайды. Осы ретте ол басқа адамдармен қатынасқа түседі және осының негізінде ортақ байланыс пайда болады. Ортақ саяси билікке бағынатын және жеке құқық нормаларымен басқарылатын осы жеке қатынастардың бірлігі азаматтық қоғамды құрайды.
Жалпы Гегельдің халық туралы пікірі жоғары болмағанын айта кету керек, оның ойынша ол өзіне ненің қажет екенін білмейді. Өзіне ненің қажет екенін білу –терең пайымдау мен ақылдылықтың жемісі, ал ол халыққа тән іс емес.
Бірақ бұл пікірдің дұрыс еместігін бүгінгі нақтылық көрсетіп отыр, өйткені үкіметке бақылау жасау үшін халықтың белгілі бір жоғары деңгейдегі сауаттылығы керек. Сауаттылық, білімділік азаматтардың саясатқа қатынасуын кеңейтеді және үкіметтің іс-әрекетін объективті бағалауға, оны нақты бақылауға алуына мүмкіндік береді. Қабілеттілік азаматтардың саяси іс-әрекетінің аясын кеңейтіп, сайлауға қатынасу мен жергілікті өкілеттіліктен бастап мемлекеттің жоғарғы органдарының ісіне қатынасуға мүмкіндік береді.
Гегель бойынша әлеуметтік өмір-отбасының этикалық дүниесінен және мемлекеттің көпшілік өмірінен радикалды түрде ерекшеленеді. Азаматтық қоғам нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, корпорацияларды, .......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?