География | Азия қауіпсіздігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы

 География | Азия қауіпсіздігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Мазмұны

Кіріспе
I тарау.Қазақстан- Қытай ынтымақтастығының негізгі мақсаттары.
II тарау. ШЫҰ халықаралық және өңірлік қауіпсіздігін сақтау саласындағы қызметі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан-қытай ынтымақтастығын жөнге салу бірінші қадам Кеңес Одағының кезінде Қазақ ССР–ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991ж. шілдеде Қытай Халық Республикасына барған сапарынан басталады. Ол кезде өз тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Кеңес Одағының бір бөлігі болып қалды, сондықтан тікелей серіктестік ретінде біздің елмен шекараласқан Шынжан –Ұйғыр автономиялық аймақпен байланысу таңдап алынған. Қазақ ССР және Шынжан арасындағы принциптерімен негізгі ынтымақтастық бағыттары туралы Келісімге қол қойылды.
Тараптар келісімде ең жақын көрші ретінде бір біріне сенушілік және ынтымақтастықты қатынас ретінде мәлімдеді.
Екі жақ тауар айырбасын, қаржы қызметі және экономика саласында ынтымақтастықты нығайту үшін қолайлы жағдайды жасауды міндеттеді.
1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жолдың ашылуына ризашылық білдірлді. Қазақстанның тынық мұхит жағалауына қысқа жолмен жетуіне үміт пайда болды.
Сол кезде екі ел үкіметтерінің арасында Сауда келісіміне қол қойылған болатын.
Бес жылдан кейін Н.Ә.Назарбаев өзінің естелігінде: « Біз үшін Қытаймен дұрыс достық қатынас – бұл тағы да бір бейбітшілікке жол. Қазақстанға ол кезде тек қана ресей арқылы өтетін жол болған. Солай істеу Орталыққа тиімді блды. Осындай жағдай пайда болғандықтан сыртқы рынокқа балама жол іздедік».
Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасында дипломаттық қатынас 3 қаңтар 1992 жылы орнатылды. Дипломатиялық қатынасты орнату туралы біріккен коммюникеде: «Екі ел халықтарының мүдделерін сәйкес Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасында елшілер деңгейіндегі дипломатиялық қатынас 3 қаңтар 1992 жылы орнатды шешті. Екі ел Үкіметтері екі ел арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту үшін екі жақты тәуелсіздікті құрметтеу және аумақтың тұтастығын, жеке басқа қол сұқпушылық, бір бірінің ішкі істеріне араласпаушылық, теңдік пен екі жақты пайда және бейбітшілікте өмір сүруге клісім жасажы.
Қытай Халық Республикасының Үкіметі Қытайдың жалғыз заңды Үкіметі болғанын және Тайвань Қытайдың бөлінбейтін бір бөлігі екенін Қазақтан Республикасының үкіметі мойындайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тайваньмен қандай түрде болса да ресми қатынас орнатпайтынын дәлелдейді».
1992 жылы қарашада Алматыға ҚХР Сыртқы істер министрі Цянь Цияэнь ресми сапармен келді.
1993 жылы қазанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың ҚХР–на алғашқы ресми сапары болды.
Н.Ә.Назарбаев ҚХР Төрағасы Цянь Цзэминмен кездесуінде Қазақстан халықаралық істерде барлық мемлекеттердің үлкен де, орташа, кіші тнң құқықтылығын батыл қолдайды және ҚХР-мен қарым-қатынаста басымдылық сипат көрсетуде деп атап өтті. Ол Біріккен Декларация ынтымақтастықтың ұзаққа бағытталған негізгі құқықтық құжаты деп сипаттайды.
Әсіресе Президент шекараны бөлуге, қарулы күштерді қысқарту және шекара аумағында сенім шараларын нығайтуға айрықша көңіл бөлді. Ол Лобнордағы ядролық жарылыс туралы мәселені көтерді, өтіп жатқан сынақтар Қазақстан тарапын алаңдатып отырғанын атап өтті.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан қытай Тынық мұхит порттарына шығуы туралы ойын айтты
ҚХР Төрағасы Цзянь Цзэминьді келіссөздің ағымы мен мазмұны толығымен қанағаттандырады. «Біз екі жақтың қарым-қатынастарының дамуын қолдаймыз және Сіздің Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен ынтымақтастыққа қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз, Қазақстан мен ҚХР Азияда көрнекті орын алатын мемлекеттер,- деп қытай басшысы атап көрсетті» . Ол Қазақстанмен достық және ынтымақтастықты нығайтуда ҚХР барлық мүмкіндіктерді жасайтынын баса айтты. Ұлттық сепаратизмге деген ҚХР-ның ұстанымын Н.Ә.Назарбаевтың қолдағаны үшін ҚХР Төрағасы алғысын білдірді. Ол былай деді: «Біз ҚХР-ын бөлшектеу әрекеттернің кез келген түріне үзілді-кесілді қарсымыз. ҚХР-да және Орта Азия аумағындағы тұрақтылық – бір біріне әсер ететін, өзара байланысты үрдістер».
«Жоғары деңгейдегі кездесу- бұл екі жақты қатынастың бетбұрыс кезеңі екенін барлық келіссөзге қатынасушылар түсінеді,- деп Қ.К. Тоқаев тұжырымдады. Қол қойылған Декларация келісім-шарт түріндегі қазақстан-қытай қатынастарының негізгі қағидаларын бекітті». Бұл құжаттың аса маңызы ішкі істерге араласпау, тәуелсіздікті өзара құрметтеу және аймақтың тұтастығы туралы ережелер болды».
1995 жылы қыркүйек айында Президент Н.Назарбаевтың ҚХР-на екінші ресми сапары болып өтті. Президент Н.Ә.Назарбаев пен Төраға Цзянь Цзэминьнің келіссөзі, сондай-ақ Президент пен ҚХР Мемлекеттік кеңес Премьері Ли Пзннің кездесулері болды
Сапар нәтижесінде екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды ары қарай дамыту және тереңдету туралы Біріккен Декларацияға қол қойылды. Онда Қазақстан Республиеасы мен ҚХР тату көршілік, достық және өзара тиімді ұзақ және тұрақты ынтымақтастықтық қатынастарды қолдау және дамыту, екі елдің және халықтың түпкілікті мүдделеріне сәйкес келетін, Азиядағы және бүкіл әлемдегі бейбітшілік, тұрақтылық пен дамытуды сақтау және нығайтуға қолайлы жағдайлар тудырады деп есептейтінін атап көрсеткен.
Екі ел Үкіметтері арасында қазақстандық жүктерді өңдеу және тасымалдау үшін Қытай теңіз порты Ляньюнганды пайдалану туралы Келісімге, Қазақстан Министрлер Кабинеті жанындағы гидрометеороллгия Бас басқармасы және ҚХР Метеорология басқармасы арасындағы мемерология саласында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы Келісімге, сонымен қатар қазақстан-қытай мемлекеттік шекара туралы Келісімін бекіту туралы Грамота алмасу туралы Хаттамаға қол қойылды.
Қытай басшылығы Азиядағы өзара әрекет және сенімділік шаралары бойынша Мәжіліс шақыру туралы Президент Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысын тағы да қолдайтынын біл
«Шанхай бестігінің» қызметі.
Ұйымның тарихы алғаш рет Өзбекстаннан өзге мүше бес мемлекет: Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Кырғызстан басшылары 1996 жылғы сәуірде қол қойған «Шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы» келісімнен бастау алды, ал келесі 1997 жылы «Шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы» екінші келісімге қол қойылды. Бұл екі құжаттың алғашқысына бес мемлекет басшылары Қытайдың Шанхай қаласында кездесіп қол қойған соң-ақ, көп ұзамай «Шанхай бестігі» аталған термин саяси айналымға түсті. «Шанхай бестігінің» пайда болуы Қытай Халық Республикасымен бұрынғы кеңестік төрт республика арасындағы қарым-қатынастардың жаңа парағын ашты. Мемлекеттердің бір ұйым астына бірігуіне аймақтың қауіпсізлігі мен тұрақтылығына, байыпты дамуына төнетін сыртқы қауіп-қатерлердің, әсіресе терроризм мен экстремизм бейнесінде бой көрсетуі, сондай-ақ жаханданудың қайшылықты процестерін бастан кешіп жатқан қазіргі әлемнің экономикалық сипаттағы проблемалары шешуші ықпал еткені мәлім.
1997 жылғы 24 сәуірде Мәскеуде «Шанхай бестігі» шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге қол қойды. Тараптар шекараның екі жағы бойынша жүз шақырымдық аймақта өз әскерлерін едәуір қысқартуға міндеттенді. Осы аймақта тек шекара әскерлері қалдырылатын болды. Қандай да әскери жаттығулар жөнінде бес мемлекет бір-бірін алдын ала хабардар етіп отыруға міндеттенді.
Бұл орайда біздің еліміз үшін аса маңыздысы, жоғарыда аталып өткен екі келісімді орындау бойынша ҚХР-мен ортақ шекара ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және қарулы күштер балансын сақтайтын Бірлескен бақылаушы топ механизмін айтуға болады. Бұл бірегей институттың тиімділігі ҚХР мен ортақ шекара ауданында әскердің жеке құрамалары мен әскери техниканың саны 100 шақырымдық қауіпсіздік аймағында қабылданған нормалардан әлдеқайда төмен.
1998 жылы 3 шілдеде Алматыда Шанхай және Мәскеу келісімдеріне қатысушы 5 мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Міне, тап осы кездесуден кейін “Шанхай бестігі” деп аталатын ұйым өмірге келді. Оған қатысушылар осы құжаттардың екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты, аймақтағы қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпалын тигізгенін атап өтті. Делегациялар басшылары 5 мемлекеттің өзара іс – қимылы әскери – саяси және шекара мәселелерімен шектелмеуі тиіс деген пікір білдірді. Өйткені қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың проблемелары бойынша тұрақты механизмді қалыптастыру қажеттігі пісіп – жетілді.
Сыртқы істер министрлері қол қойған Алматы кездесуіне қатысушылардың бірлескен мәлімдемесінде “қырғи – қабақ соғыс” аяқталғаннан кейін туындаған қауіпсіздіктің нығайып келе жетқан жаңа тұжырымдамасы туралы айтылды. Сыртқы саяси ведомстволар басшылары 5 мемлекеттің арасындағы өзара іс – қимылдың ашық сипаты бар екендігін және басқа елдерге қарсы бағытталмағандығын атап көрсету қажет деп тапты.
Тараптар аймақтағы нақты болмыстарды негізге ала отырып, қауіпсіздік мәселесі бойынша екі жақты және көп жақты консультацияларды белсенді түрде жүргізуге уағдаласты. Кездесуге қатысушы 5 мемлекет ХХI ғасырда жалпыға бірдей бейбітшілік пен гүлдену үшін жаңа әділетті және ұтымды халықаралық саяси сондай – ақ экономикалық тәртіп құру қажет деп мәлімдеді. Олар тату көршілік, достық және ынтымақтастық қатынастарын бүкіл Еуразиялық кеңістікте тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің және дамудың тұрақты жұмыс істейтін факторына айналдыруға бекем бел буғандарын білдірді.
1999 жылғы тамызда болған «Шанхай бестігінің» Бішкек мәжілісінде маңызды саяси оқиға болды. Оның қатысушылары сенім білдіру тетіктерін әзірледі, олар мыналарды көздейді: әскери қызметтің транспаренттілігі және оны шекара алабында азайту; шекаралық мәселелерді реттеу және әскери қызмет туралы тұрақты ақпарат алмасу. Бес мемлекеттің басшылары көп тараптылық осы заманғы дамудың ортақ үрдісі болып табылады және халықаралық жағдайдың ұзақ мерзімді тұрақтылығына жәрдемдеседі деген пікір білдірді.
1999 жылы Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің күшіне енуіне байланысты оған қатысушылар 100 километрлік географиялық аймақтардағы жеке құрам, қару-жарақ және әскери техника туралы ресми ақпарат алмасуды жүзеге асырды. Мұндай акцияның азиялық дипломатиялық практикада ұқсас нұсқасы жоқ. Сондықтан аймақтағы қарусыздану процесі практикалық нәтижелерге айналды деп кәміл сеніммен айтуға болады. Қазақстан үшін бұл әсіресе маңызды, өйткені әңгіме шекара арасындағы қытайлық тарап іс-қимылының толық ашық жүргізілетіндігі туралы болып отыр.
Аталған келісімдерді орындау мақсатында 2000 жылы инспекциялар өткізілді, олар, сөз жоқ, «Шанхай бестігіне» қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерінің арасында ашық ой- ниеттің нығаюына және өзара сенім білдірудің өсуіне ықпал етті.
Соңғы уақытта «Шанхай бестігі» шеңберіндегі ынтымақтастықта жаңа элементтер көзге түсуде. Аймақтағы күрделеніп келе жатқан жағдай, террорирзм мен экстремизмнің таралуы, есірткімен және атыс қаруымен сауда-саттықтың кеңеюі азиялық мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды кешенді түрде қайта қарауды талап етті.
2000 жылғы сәуірде Астанада өткен Қорғаныс министрлерінің кездесуі және 2000 жылы Душанбеде өткен «бестіктің» саммиті жаңа қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл жасау жөнінде тиісті елдердің батыл шараларға бару дайындығын паш еткен маңызды оқиғалар болды. Саммит қорытындылары бойынша қабылданған Душанбе декларациясында «бестікке» қатысушылар өз аумағын барлық қатысушы мемлекеттердің егемендігіне, қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртібіне нұсқан келтіретін қызмет үшін пайдалануға жол бермейтіндігін қадап айтты.
ШЫҰ құрылуы.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың дербес тұлғасы ретінде өмір сүрген алғашқы күнінен бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттап, өрістете беру ұлттық мүддемізге сай келетінін айқындады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Меніңше, адамзаттың XXI ғасырдағы дамуы көбіне-көп Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасты өз саясатының негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасы қарышты қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие.»
Қытаймен шекараның заңды түрде бекітілуі, Қытай басшылығы тарапынан Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік берілуі ынтымақтастықтың барлық саласындағы екі жақты қарым-қатынасты нығайтып, тұрақтандыра түсті. Қазақстан-Қытай шекарасының өн бойында қауіпсіздіктің сенімді белдеуі жасалды. 2001 жылғы қараша айында Пекинде делимитация бойынша Қытай-Қазақстан бірлескен комиссиясының оныншы кеңесі аяқталып, шекара бағаналарының үлгісі бекітілді.
Қытайдың, Қазақстанның, Ресейдің және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің өзара іс-қимылы сенім білдіруді нығайтуға және әскери текетірес деңгейін төмендетуге қатысты проблемаларды шеше білудің үлкен дәлелі бола алады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне негіз болған Шанхай мен Мәскеуде қол қойылған келісімдердің әлемдік дипломатияда бұрын-соңды үлгісі болған жоқ. Демек олардың аймақтағы тұрақтылықтың кепілі ретінде қызмет ететіндей практикалық құндылығы бар.
Шанхай келісімінің шеңберінде шекаралық проблемаларды реттеу және бастапқы сенім білдіру шаралары жөніндегі жұмыстың басталуы 1990 жылдың сәуір айына тура келеді, сол кезде Кеңес-Қытай шекарасы ауданының қарулы күштерді өзара қысқартудың басшылыққа алынатын принциптері мен әскери салада сенім білдіруді нығайту туралы КСРО Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы келісімге қол қойылды. Сол уақытта бұл Сенім білдру мен қарулы күштерді қысқарту туралы бірыңғай келісім блады деп көзделді. Барабар нұсқа ретінде Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт пайдаланылды, егер еуропалық келісім оған қатысушы мемлекеттердің бүкіл аумағында қолданылса, біз сөз етіп отырған келісім шекаралық аймақта ғана қолданылады.
Парасатты түрде тұжырымдалған мүдделердің негізінде осы саладағы ынтымақтастықтың төмендегідей принциптері белгіленді:
- тату көршіліктің және достықтың ұзақ мерзімді қарым-қатынасын нығайту және дамыту;
- шекара аумағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту;
- Азия-Тынық мұхит аймағында және бүкіл әлемде бейбітшілікті қолдау;
- Біржақты әскери үстемдікті болдырмау;
- Шекара аумағында орналасқан қарулы күштерді қысқарту және шектеу, оларға бірыңғай қорғаныс сипатын беру.
КСРО ыдырағаннан кейін осы еркше маңызды келіссөздерді жалғастыру үшін Бірлескен тарап делегациясы құрылды. Оның құрамына Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы енді. Одан кейінгі келіссөздерде әскери саладағы сенім білдіруді нығайтатын саяси шешімдер қабылданды .
Алайда шешім қабылдау барлық уақытта оңайға түскен жоқ. Бұл ең алдымен келіс сөздердің басты тақырыбына – қысқарту процесі аяқталғаннан кейін қалатын жеке құрамның, қару – жарақтың және әскери техниканың шекті деңгейін айқындауға қатысты болды. Пікірлердегі белгілі бір алшақтық жұмыс ырғағын елеулі түрде бәсеңдетті. Жүз шақырымдық .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!