География | Азияның табиғат кешеніне физикалық географиялық сипаттама

 География | Азияның табиғат кешеніне физикалық географиялық сипаттама

Мазмұны

Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------------3
I-тарау Азияның өсімдік топырағының жамылғысына физикалық
географиялық сипаттама
I.1 Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама----------------------------------4
I.2 Азияның топырақ жамылғысына сипаттама---------------------------------6
II-тарау Азияның табиғат кешеніне физикалық географиялық сипаттама
2.1 Азияның жер бедері-------------------------------------------------------------10
2.2 Азияның геологиялық құрылымы мен пайдалы қазбалары-------------14

Қорытынды----------------------------------------------------------------------------20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі-----------------------------------------------22

I-тарау Азияның өсімдік топырағының жамылғысына физикалық географиялық сипаттама
1.1 Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама
Қазіргі топырактық-өсімдіктік жағдайларды сипаттағанда, сондай-ақ, адамзат қоғамының көп ғасырлар бойғы іс-әрекетінің әсерімен болып жатқан өзгерістерді де ескермесе болмайды. Биосфера компоненттері географиялық қабықтың басқа компоненттеріне қа¬рағанда адам әсерінен көбірек өзгереді, әсіресе адамзат қоғамынын іс-әрекетінің жағымсыз жақтарынан көп зақымданады. Орман ағаштарын қосу мен жерді жырту, ағаштарды қолдан отырғызу, батпақтарды құрғату және топырақтың ирригация әсерімен сор-таидануы, өсімдіктерді жердің басқа аудандарынан әкеліп өсіру мен тарату тағы сол сияқтылардың бәрі Евразияның, әсіресе оның халық бұрыннап қоныстанып тығыздала түскен бөліктері жері бетінін бастапқы топырақ өсімдік жамылуының елеулі өзгерістерге ұшырауына әкеліп соқты. Мысалы, Евразияның кейбір елдерінде жер бетінің топырақ және өсімдік пен табиғи жабылуы өзінің бас¬тапқы сипаты мен құрамын 90%-ке жуық өзгертті: Ұлы Қытай жазығында, Хуанхэ бассейнінде, топырақ өсімдік жамылғысын бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмай отыр, өйткені халық өте тығыз орналасқан бұл жерде мыңдаған жылдар бойғы егіншілік мәдениетінің әсерінен ол толық жойылып кеткен.
Сондықтан, қазіргі кезде жер бетін топырақ, өсімдік жауып жатуын сипаттағанда оның пайда болуының ерекшеліктерін, қазіргі табиғи жағдайларын және антропогендік фактордың ықпал ету дәрежесін ескеру керек.
Евразия көлемінің байтақтығын және оның әр түрлі бөліктеріндегі топырақтар мен өсімдіктердің үлкен айырмашылықтарын ескере отырып, топырақтар және өсімдіктер типтерінің алмасу ерекшеліктерің оның мұхит жағалауларындағы әрбір секторлары ЖӘНЕ құрлықтың ішкі бөліктері үшін бөлек-бөлек алып қарастырған дұрыс.

Ф-ОБ-001/035
Евразияның шеткері шығыс аудандарындағы жалпақ жапырақты ормандар орнын орманды далалар және далалар алып жатыр. Континенттік климат пен ылғалдың жеткіліксіз жағдайында Евразияның ішкі аудандарында далалар кеңінен етек алған. Шетелдік Европада байырғы далалар мен орманды далалар ортаңғы және төменгі Дунайдың қоңыржай континенттік климатты және қалыпты ылғалды аллювиальды жазықтарында ғана болған. Топырақтары — әр түрлі типті қара топырақ. Құрамында 6%-тен астам гумусы бар құнарлырақ нағыз қара топырақ Румыния ауқымындағы Төменгі Дунай жазығына тән. Оңтүстікке қарай, Солтүстік Болгарияда, олардың орнын гумусы аз оңтүстіктің қара топырақтары басады. Орта Дунай ойпатында құрамында 3—6% гумус бар және едәуір сортаң сілтісізденген қара топырақ орын алған. Осы аудандардың бәрінде бұрын кей жерлерінде жалпақ жапырақты орман¬дар ұшырасатын шалғынды далалар болған. Топырақтың құнарлылығы мен ауа райының қолайлылығы егіншіліктің, бақ және жүзім шаруашылығының дамуына ықпал еткен. Қазіргі кезде Дунай жазығында өнделген жерлер мен қолдан отырғызылған емен, терек, ақ қараған (Robinia pseudacacaia) ормандар көп.
Қысы жылы, ылғалды, ал жазы құрғақ болатын Жерорта теңізінің жағалауларындағы субтропиктік белдеудің батыс, Атлантика жағалауы секторына топырақтар мен өсімдіктердің ерекше типтері тән. Сондай-ақ Жерорта теңіз алқабының флоралық құрамы қазіргі жағдайларға байланыссыз флораның өте кенелілігімен және мәңгі жасыл өсімдіктердің де, жапырағы түсетін ағаштардың да ежелгі тропиктік элементтерінің болуымен ерекшеленеді. Негізінен Жерорта теңізі флорасы неоген дәуірінде қалыптасқан, бірак плей¬стоцен дәуірінің барысында климаттың өзгеруінің әсерімен ол біраз өзгерістерге ұшыраған. Осыған байланысты Жерорта теңізінің фло¬расы түр құрамының аса күрделілігімен сипатталады.

Ф-ОБ-001/035
1.2 Азияның топырақ жамылғысына сипаттама
Жазықтарда топырақ пен өсімдік жамылғысы ендік аймақтар құрайды. Ендік топырақ аймақтары Солтүстік Азияда айқын көрінеді. Солтүстік Мұзды мұхит жағалауын түгел бойлай, тундра топырақ аймағы жатыр. Ол оңтүстігінде бүкіл Сібір мен Қиыр Шығыстың көп жерін алып жатқан күлгін топырақ аймағына өтеді. Батыс Сібірдің оңтүстігінде, Қазақстан мен Орта Азияда солтүстіктен оңтүстіке қарай топырақ өзгеріп отырады (қара топырақ, қоңыр топырақ, шөлейттің сұр топырағы және бозғылт топырақ). Батыс Сібір мен Қазақстанның қара топырақты далалары СССР-дің негізгі астықты аудандары қатарына жатады. СССР-де тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты егіншілік қоңыр топырақ аймағында да өркендеді. Қиыр Шығыстың оңтүстігіндегі (Тынық мұхит жағалауы) жалпақ жапырақты ағаш өсетін және аралас орманды жерлер қоңыр топырақты келеді. Оңтүстік Сібір тауларында биіктік аймақтарға сәйкес таудың қара топырағы, тау орманның күлгін топырағы, тау шалғынның топырағы, тау тундрасының топырағы кездеседі. Орта Азия тауларының топырақ жамылғысы мұнан ерекше. Климаттың құрғақ, континентті болуынан далалық жердің топырағы (таудың қара топырағы мен қоңыр топырағы) кең тараған. Көп жағдайда вертикаль белдеуліктерде тау орманның топырақ аймағы болмайды, тау даласының топырағы бірден тау шалғынның топырағына ауысады. Климаты құрғақ Батыс және Орталық Азия мен ылғалды әрі ыстық Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс Азияда топырақ жамылғысының бір-бірінен айырмасы үлкен. Батыс және Орталық Азияда сұр, құба топырақ басым. Орталық Азияның солтүстігіндегі енсіз өңірде қоңыр, Тибетке биік тау шөлдерінің шала түзілген топырағы, тау жоталары беткейлеріне тау шалғынның топырағы тән. Сұр, құба және қоңыр топырақтың аралықтарында сор мен сортаңдар жиі кездеседі. Азияның көп жерін сусымалы құм, сазды және тастақты шөлдер алып жатыр. Батыс Азиядағы климаты жерорта теңіздік аудандардың топырағы қошқыл. Оңтүстік және Оңтүстік-
Ф-ОБ-001/035
Шығыс Азияның жері негізінен тропиктік және субтропиктік қызыл топырақты келеді. Үндістан тропиктік қара топырақты (регур), Солтүстік Үндіқытай мен Оңтүстік Қытай таулары, Гималайдың оңтүстік беткейлері орманға тән сұр топырақты, тропиктік және субтропиктік саванналар қызыл-қоңыр топырақты болады. Азияның ежелгі егіншілік аудандарында топырақ құралу процесіне адам әрекетінің үлкен әсері тиген. Орта Азия оазистерінде жүздеген, мыңдаған жылдар бойы жер суарудың нәтижесінде тұнбалардың жиналуынан ерекше бапталған суармалы мәдени топырақ қалыптасқан (топырақ горизонтының қалыңдығы 1-2 м, онан да артық).
Алайда егіншілігі, мал шаруашылығы және теңізде жүзу ici жоғары дамыған Евразиядағы ежелгі адамзат мәдениетінің бесігі болған Жерорта теңізінін. жағалаулары өзінің табиғи өсімдіктерінен біздін дәуірімізге дейін-ақ едәуір шамада жұтап қалған.
Тіпті Орта Европаны түгел дерліктей орман басып жатқан кезде-ақ Жерорта теңізі алқабында орманы мүлде жойылып кеткен тау баурайлары мен ішінара өңделген, ішінара құнарсыз қу далаға айналған теңіз жағалауындық жазықтар болған. Ағаш кесу, мал таптау және өрт Оңтүстік Европа мен Батыс Азияның, бастапқы өсімдіктер дүниесінің жойылып кетуінің негізгі себептері. Бұрынғы мәнгі жасыл ормандардың орнында кейіннен, аласа ағашты ормандар мен бұта қаулары пайда болған, олар осы күнге дейін көп ауқымды алқаптарды алып жатыр. Жауын-шашынның мөлшеріне, түбінде өсетін шөптер құрамы мен топырақтардыц типтеріне байланысты бұл өсімдіктердің түрі мен флоралық құ-рамы әр түрлі. Түр құрамы жағыиан жауын-шашыны мол және топырақтары жақсы жетілген Жерорта теціз алқабы аудандарының бәріне тараған маквис немесе маккия деп аталатын тоғайлар әсіресе бай. Маквистің ерекше қалың қау-лары Қорсикада, Пиренеи түбегінін. оңтүстігінде және Грецияда сақталған. Олар аласа ағаштардан немссс 3- 5метрге жететін биік бұталардан тұрады. Түр құрамы үшін аймақтық айырмашылықтар тәп, алайда барлық жерде дерлік мәңгі
Ф-ОБ-001/035
жасыл емендер, бүлдірген ағашы. (Areutus unedo, A. andrachne). Жабаны пісте (PistaceaBentiscus), розмарин (Posmapurus officinalis), арша (Zuniperus macrocarpa), ағаш тектес арша гүл (Егісаогвегеа) жабайы зәйтүн (Оіеа) көбірек болады. Маквистің. көптеген өсімдіктері хош иісті, кейбірі ірі ашық түсті гүл ашады.
Құрғақ, әкті әр жерін топырақ басып жататын беткейлер үшін сирек аласа бұталар мен бұршақ тектес, ладан тектес т. б. өсімдіктерден тұратын ксерофиттік бұталар әлдеқайда тән болып келеді. Батыста (Испания мен Францияда) мұндай тоғайлар гаррга, Бал¬кан түбегі мен Кіші Азияда фригана деп аталады. Олардың түр-тұқымдық құрамы біршама өзгешелеу.
Жерорта теңіз алқабының шығыс бөлігінде тек мәңгі жасыл өсімдіктерден ғана емес, сондай-ақ карамала (Paliurus acnlcatus), бояулы ағаш (Rhus coriaria), сирень (Syringavulgaris) сияқты жапырақ тастайтын өсімдік түрлерінен де тұратын бұта каулары өседі. Кейде едәуір биіктікте кездесетін бұл тоғайлар шибляк деп талады.
Өсімдіктерді қалпына келтіруге қолайсыздау жерлерде ормандар жойылған сайын тау беткейлері тез жаланаштанып, шайыла түседі, жыралар үлкейіп, сусымалы болып тұрады. Әк тасты жер¬лерде қарсталық процестер жедел дамиды. Сондықтан Жерорта теніз алқабында топырағы мен өсімдігінен айрылған құнарсыз жерлер өте көп. Алайда, мұнымен қатар жағалаудағы ойпаттар мен террасаларда тау беткейлерінде мұқият өнделген жерлерде зәйтүн ағаштар тоғайлары, жүзімдіктер, бидай мен жүгері егістігі кеңінен шалқып жатады. Оңтүстік аудандарда жыл бойы гүлдеп, жемісі пісіп тұратын апельсин, лимон, померанец сияқты цитрус өсімдіктері көп өседі. Елді мекендер маңайында пальма, бугенвиль, райхан т. с. с. жергілікті және тропиктік флораның сәндік өсімдіктерінің қолдан отырғызылған бақтары кең тараған.
Евразияның Атлантика жағалауы секторының жер бетін жауып жататын топырақ, өсімдік жамылғысы типтерін зерттеуді қорытындылап отырып,
Ф-ОБ-001/035
материктің бұл бөлігінде коныржай белдеу, субтропиктік белдеу де шегінде табиғи жағдайдағы орман топырақтары мен мұз басу дәуіріне дейінгі флораның көптеген элементтері бар өсімдіктердің болуы тән екендігін атап өту қажет.
Қиыр шығысы мен оңтүстік шығысын қоспағанда Азияның негізгі бөлігі енетін Евразияның ішкі материктік секторы флорасының түр құрамы мен жер бетін жауып жаткан топырақ өсімдіктердің аймақтық типтерін белу түрғысынан қарағанда бұдан елеулі айырмашылықтары бар. Материктің бұл бөлігінің жер бетін жабатын топырақтар мен өсімдіктері бұған дейін айтылғандай, неоген-антропоген дәуіріндегі климат пен рельефтің қатты өзгеруінің әсерімен геологиялық тұрғыдан біршама бертін келе түпкілікті қалыптасқан.
Қазіргі климаттық жағдайларына қоңыржай белдеуден тропиктік белдеуге дейін байқалатын және орография ерекшеліктерімен күшейе түсетін континенттік және аридтік тән. Сондықтан Атлант жағалаулық бөлігі материктің ішкі аудандарына қарама-қарсы, мұнда топырақ пен өсімдіктердің ормандық типтері аздау, далалар, шөлейттер мен шөлдер көп болуы тән.
Азияиың Совет Одағының шегіндегі солтүстік бөлігіне тундра мен орманды тундраныц кецеюі, тайганың етек жаюы Уралдан аспайтын аралас және салпақ жапырақты ормандардың болмайтыны тән сипат. Орманды далалар енсізденіп барып далаға айналады, ол Азияда қылқан жапырақты ормандар жапқан таулармен кезектесіп жататындықтан тұтас алқап бола алмайды. СССР шегіндегі Азияның жерін жауып жатқан топырақ, өсімдіктер курста егжей-тегжейлі қарастырылады. Мұнда біз шетелдік Азия жер бетін жауып жатқан топырақ пен өсімдіктсрді қарастырамыз.
Моңғолияның солтүстігіндегі Селенга өзенінің бассейнінде жазық далалы учаскелер қылқан жапырақты ормандар немесе тау дала өсімдігі жапқан тау жоталарымен алмасып отырады. Шетелдік Азияның қоңыржай белдеуі далаларында сарғыш топырақты құрғақ дәнді және бұталық-дәндік өсімдіктер өсетін дала түрлері басымдау болады.
Ф-ОБ-001/035
II-тарау Азияның табиғат кешеніне физикалық географиялық сипаттама
2.1 Азияның жер бедері
Шетелдік Азияның жер бедері түзілгенде үш ірі морфоқұрылымның типті ажыратуға болады. 1 – платформалық жазықтар, 2 – эпиплатформалық таулар, 3 – эпиорогендік зоналық таулар.
Платформаның жазықтық жер бедерінің негізгі типтері акумлятифтік денудациялық жазықтар және денудациялық үстірттер. Фунданың шығып тұрған жерлерде денудациялық таулы үстірттер және жазықтар пайда болады. Шеткі және ішкі иімдерде месопатамия және акумлятифтік Үндіганга жазықта қалыптасқан.
Платформаның таулы облыстар платформаның шеттерін алып жатыр. Ливан, Антиливан, Хиджан, Иемен, Батыс және Шығыс Гхат ол Декан үстірт бұлардың биіктігі 2000 – 3000 метр аралығында. Эпиорогендік таулар күрделі түзіліске ие. Азия териториясының үсті мен Альпі Гималай белдеуі созылып жатыр.
Шетелдік Азияның қоңыржай белдеуінің шөлдері жазы ыстық, қысы суық, жылдық мөлшері 200 мм-ден аспайтын, көбінесе 100 мм-ден кем болатын, ылғал түсуі жыл бойына біркелкі бөлініп топырақтың 0,5 метр тереңдікте ылғалдануын қамтамасыз ететін өзгермелі континенталды климат жағдайында қалыптасады. Шөл далалардың өсімдіктері мен топырағы айрықша әркелкі болып келеді, өйткені жер қыртысы жағдайларындағы, рельефтегі немесе ылғалдану мөлшеріндегі болмашы ғана өзгерістер топырақ пен өсімдіктердің өзгеруіне әкеліп соғады. Әсіресе ежелгі мен жерлерде пайда болған мол карбонатты сұр-қоңыр топырақтардағы формациялар көп тараған.
Ф-ОБ-001/035
Плиоцен дәуірінен қалыптасқан аридтік жағдайлар сондай-ақ Евразияның субтропиктік белдеуінін, ішкі бөлігіне тән, оның үстіне Жерорта теңізіндік климат алдыңғы Азия таулы қыратты аймағының ішкі бөліктерінің, континенттік климатына біртіндеп ауысады. Аридтік Анатолий тау үстіртінде-ақ байқалып, шығысқа қарай Иран таулы қыратына және Месопотамияға тарайды. Бірақ осы аудандардын барлығында жауын-шашынның көктемгі-қысқы макси¬мумы сақталады, бұл, өсімдіктер мен топырактардың калыптасуы-на елеулі әсер етеді. Жылдық ылғалдануы 300 мм-ден асатын аудандарға сұр қышқыл топырақпен құрғақ далалардың ұсақ бұталы өсімдіктері тән. Ылғал мөлшері 300 мм және одан да аз болатын қатты булануға, температуранын күрт өзгеруіне және кыстың біршама темен температурасына бейімделген жерлерге субтропиктік шөлейттердің сұр топырағы мен астрагалдар, трагаканттылар тұ-қымдас тікенекті жатаған бұталар және аласа бойлы ксерофиттер сәйкес келеді. Бұл формация таулы қыраттық ксерофиттер деген атпен белгілі. Сұр қышқыл топырақпен сұр топырақта қошқыл қоңыр топыраққа қарағанда гумус аздау, бірақ шөлді жерлердін сұр қо¬ныр топырақтарындағылардан көбірек (шамамен 2—4%), сонымен бірге бойында өсімдікке қажетті қордың химиялық элементтердің барлығы дерлік бар. Оларды ауыл шаруашылығына тиімді пайда-лану үшін қолдан суландыру қажет, бұл Түркия мен Иранның құрғақшылық аудандарында дәнді дақылдар, жеміс ағаштары, мақта өсіруге жағдай жасайды. Иран таулы қыраттарының таумен мейлінше қоршалған учаскелерінде жауын-шашын мөлшері 100 мм-ге дейін және одан да төмендейді. Онда өсімдігі жоқ дерліктей тастақты және сортанданған құмды шөлдер етек алған.
Субтропиктік белдеудің шығысырақ аудандарында дүние жүзінің ең, биік таулы қыраттары (Тибет т. б.) бой көтереді. Оларға құрамында қатты дәнді тұқымдастар мен жатаған бұтақтар басым таулы қыраттық шөл далалар тән. Өзенді алқаптарды бойлай бүргендік (Нуррорһас rhamnoides) аласа бұталары
Ф-ОБ-001/035
мен қатты тибет қияғынын шалғындары кездеседі. Жазық, жақсырақ ылғалданатын жерлерде батпақтар бар.
Жапырақ түсіретін мезофильді мәнгі жасыл ағаштары ормандардың ауқымды да қалың массивтері Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында және жауын-шашыны мол әрі климаты мұз дәуіріне дейінгі кезден бері елеулі өзгерістерге ұшйырамаған Эльбурс тау жүйесі беткейлері кездеседі.
Аридтік жағдайлар Евразияның Аравия түбегін, Месопотамияны және Үнді бассейнінін, едәуір бөлігін қамтитын тропиктік белдеуде де сақталуда. Қысы жылы, құрғақ та ыстық тропиктік климат жағдайларында тау етектерінде субтропиктік және қоныржай белдеудің шөлдерінін, топырақтарына ұксас сұр-қоныр топырақ типі қалыптасады. Жазықтарда аумақты кеңістіктерді кұмдауыт және тастақты шөл далалар алып жатады. Өсімдіктер арасында анда - санда бір жауып өтетін өткінші жанбырдан соң өсетін эфемерлер, қатты бұтақты шағын бұталар және құрғақ дәнді өсімдіктер басым. Құрғақ жылғаларды бойлай мимозалар мен қарағандар, оазистерде аса маңызды өсімдік — құрма пальмасы (Phoenix dactiliera) кездеседі.
Субэкваторлық және экваторлық белдеулердің өсімдіктері — саванналар және әр түрлі тропикалық ормандар болып келеді. Өсімдіктердің осы типі мен оларға сәйкес топырақтар типтерінің орналасуы мен арақатыпастары жауын-шашынның мөлшері мен ылғал түсудің ұзақтығына, рельеф пен жер жынысына айқын тәуелді болады. Үнді мен Ганг жазықтары және Үндістан түбегі Азия-ның оңтүстік-шығыс аудандарын дағыға қарағанда орография ерекшеліктерінің, оның муссондық ауа ағыстарымен өзара әрекеттерінің салдарынан және ылғалдануы жеткіліксіз аудандардың көптігінен ксерофитті формациялардың кен етек алуымен ерекшеленеді. Олар материктің ішкі бөліктерінін аридтік аудандарының жалғасы іспетті, ал Оңтүстік-Шығыс Азия материктін. ылғалдырақ, орманы көбірек Тынық Мұхит секторының жалғасы болып тұр. Үнді және Ганг бассейндерінің табиғи өсімдіктеріне жазғы жауын-шашын
Ф-ОБ-001/035
мөлшеріне байланысты алмасып отыратын (құрамында жоғарғы қабатта жапырағы түсетін ағаштар, шілігінде мәңгі жасыл ағаштар басым болатын) муссондық ормандар, нағыз саванналар, жапырағы түсетін құрғақ ормандар, аласа бойлы жапырағы түсетін тікенді ағаштар мен мәңгі жасыл суккуленттерден тұратын тікенді ксерофильді ормандар тән. Орман флорасынын. құрамында бағалы ағаш сүрегін беретін тик (Teetonia graHdis), сал (ShorrearoBusta), терминалия, манго (Mangifera ingica) т. б. ағаштар көбірек. Орман аясында қарағандар, альбициялар өседі. Саванналарға аталған ағаш тұқымдарынан басқа астық тұқымды биік өсімдіктер: жабайы қант құрағынын түрлері (Saccharum тұқымдас), аланг-аланг т.б. тән. Үндістан мен Үнді бассейнінің саванналары негізінен адамның шаруашылықтық әрекеттерінін әсерінен тозу нәтижесінде пайда болған екінші типті өсімдіктер болып табылады деген көзқарас кейінен тараған.
Қарастырылып отырған аудандардың топырағы кристалды және ежелгі тұнба заттарды жауып ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі