Қаржы | Ақша айналымындағы ақшаның ролі және оларды шығару
Мазмұны
Кiрiспе
I. Ақша – қоғамдық қатынастарды реттеуші
1.1 Ақшаның тарихи даму кезеңдерi
1.2 Ақшаның мән-маңызы және қасиеттерi
1.3 Ақша қызметтерi және олардың ерекшелiктерi
II. Ақша айналымындағы ақшаның ролі және оларды шығару
2.1 Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрылымы
2.2 Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол
емес ақша айналымы
2.3 ҚР Ұлттық банкiнiң айналысқа ақшалар шығаруы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
I. Ақша – қоғамдық қатынастарды таратушы.
1.1. Ақшаның тарихи даму кезеңдерi.
Ақша өте ертеде пайда болған. Ақшалар тауарлы өндiрiс өнiмi және оның дамуының қажеттi жағдайы болып табылады. Тауар – бұл сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнiмi. Өндiрушiлердiң белгiлi бiр қоғамдық қатынастарын тасымалдаушы бола отырып, адам еңбегiнiң өнiмi тауар формасын қабылдайды.
Заттың тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтiк алғышарты. Әрине, кез келген зат тауар болмайды. Егер тұтыну құны (нақты еңбекпен жасалған) өзiн сатып алушыны таппаса, ол қоғамға танылмайды, ендеше оны дайындауға жiберiлген уақыт боñ әурешiлiк, зат тауар формасын қабылдамайды, себебi оның қоғамға қажетi жоқ.
Әрбiр ерекше тауар тiкелей тұтыну құны ретiнде көрiнедi, оның құны жасырын түрде болады және тек ақшаға теңестiрiлу жолымен әшкереленедi. Бiр тауар формасының нақты қарама-қарсылықтары ретiндегi тауарлар мен ақшалар айырбас процесiнде бiр-бiрiмен ұйғарылып, өзара бiр-бiрiне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырағаннан кейiн айырбас құнының қарапайым немесе кездейсоқ формасы пайда болды, бұнда бiр тауардың басқа бiр тауарға кездейсоқ айырбасы жүзеге асты (1 балта-5 құмыраға, 1 қой-1 қап бидайға және т.с.с.)
Тауарлы өндiрiс дамыған сайын кездейсоқ айырбас жүйелi бола бастады. Құнның қарапайым формасы толық формаға өттi. Жалпы тауарлар салмағынан жиiрек алмастырылатын бiр немесе бiрнеше тауарлар бөлiнiп шыға бастады. Мысалы, дәндi етке, майға, жүнге және т.б. алмастыруға болатын.
Тауар өндiрiс өскен сайын тым жиi алмастрылатын тауар басға тауарлардың бiр-бiрiне алмастырылуында қатысатын өзара айырбас құралына айналды. Жалпы құнның баламасы ролiндегi ол бiр тауарға мықтап бекiтiлмеген болатын. Бiртiндеп, жалпы құнның баламасы ролiн белгiлi бiр тауар иемдендi де ақшаға айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндың балама немесе ресiмделген ақша формасында әр түрлi тауарлар жүрдi. Әрбiр тауарлы-шаруашылықты құрылыс өз баламаларын ұсынды. Бiр халықтың өзiнде әр түрлi уақытта және әр түрлi халықта бiр уақыт iшiнде түрлi-түрлi баламалар болды.
Айталық, бақташылар тайпасының бөлiнiп шығуымен мал айырбас құралына айналды және де оның нақты түрi жергiлiктi жердiң табиғи-климаттық жағдайына тәуелдi болды. Жазықты, шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой, шөл және шөлейттi аудандарда – түйе, тундрада – бұғы жалпы құндық балама қызметiн атқарды. Малды жалпы балама ретiнде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлi қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерiнде табылған заттарда кездеседi. Латынның “пекуния” сөзi (ақша) “пекус” мал сөзiнеí шыққан. Үндi елiнiң ақша бiрлiгi рупия “рупа” – мал сөзiнеí шыққан. Ярослав Мудрый тұсындағы қазынашы “малшы”, ал қазына, қазына жинау орны – “мал ұстайтын орын” деп аталды. “Капитал” сөзiнiң де пайда болуы малменен байланысты, ескi герман тiлiнде бұл сөз меншiк иесiндегi көп мөлшерде мал басы түрiндегi байлығын бiлдiрдi.
Солтүстiктегi елдер айырбас үшiн тауарлар арасынан терiнi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi жөнiнен әр түрлi тауарларды сатып, кезiнде түлкiнiң, сусардың, бұлғынның терiсiн пайдаланды. Бұлғын терiсi Солтүстiк Сiбiр халқында жалпы балама ролiнде жүрсе, ал құндыз терiсi – Солтүстiк Америкада пайдаланылды. Терi ақшалар Моңғолияда, Тибетте, Памир аудандарында кеңiнен қолданыста болды. Ежелгi Орыс елiнде сусар терiсi терiлi ақша жүйесiнiң бiрлiгiне айналды.
Жылы мұхиттар жағалауына қоныстанған тайпалар айналыс құралы ретiнде қабыршақ (раковиндi) ақшаларды пайдаланды. Тарихта қабыршақты алқалардың бiрқатар аттары қалған: чангос, цимбис, бонгез, хайква және тағы басқалары. Кеңiнен тарап үлгергенi – Каури (ақшылдау немесе қызғылттау түймедей қабыршақ). Жiпке тiзiлген¸ шекей ретiнде олар алғашқы тұрмыстық ақшалар қызметiн Ежелгi Үндi елiнде, Қытайда, Африканың шығыс жағалауында, Цейлон және Филлипин аралдарында атқарды.
Қабыршақ ақшалар тауар ақшалардың iшiнде ең орнықтысы болған екен. Олар осы күнге дейiн ешбiр өзгерiссiз жеткен.
Әлемде әр түрлi “Таңсық” ақшалар болған екен. Мысалы, Кароллиндiк аралдар тобына жататын Яв аралында әлi күнге дейiн феялар айналыста жүр. Ол ортасында ойығы бар тас шығыршықтар.
Юлий Цезарь өмiр сүрген тұста ақша ретiнде құлдарды пайдаланған. Айталық, бiр құë 3 сиыр, 6 бұзау, 12 қойға теңестiрiлген.
Қолөнер мен жер iсiнiң бөлiнуiмен байланысты балама да жетiлдiрiлiп отырды. Салмақтық қасиетi бар баламалар пайда болды: бөлiнетiн, бiрiктiрiлетiн және бiртектiлiк. Ол көп бұзыла қоймайтын өсiмдiк өнiмдерi май, күрiш, кофе, какао, кесек тұздар және т.б.
Жалпы балама ролiнде сонымен қатар металдар да пайдаланыла бастады: темiр және қалайы, қорғасын және мыс, күмiс және алтын. Темiр ақшалар Жапонияда, Африкада қолданылды. Қалайы ақшаларды рим императорлары Дионисий Сиракузский және ортағасырлық ағылшын корольдерi шығарып отырды. Мысалы, ақша ретiнде Ежелгi Рим мен Қытайда тұтынылды.
Металл ақшалардың артықшылығы сонда, олар бiркелкi, берiк және бөлiнедi. Уақыт өткен сайын металдар арасынан алтын мен күмiске басты роль берiле бастады, себебi олар жалпы балама ретiнде өте маңызды қасиеттерге ие. әрине, металдар ақшаның бұрыннан келе жатқан формаларын бiрден шығарып тастай алған жоқ. Ұзақ уақыт бойына металл ақшалар тауар формасын сақтады. Атап айтқанда, темiр ақшалар ұзақ уақыт ағымында күрек, таға, кетпен, шот, шынжыр және т.б. формасын сақтады. Мысалы, күмiс және алтын ақшалар сақина, бiлезiк, әшекей формасында болды. Тиындардың пайда болуы ақшалардың қалыптасуының аяқтаушы сатысы болды.
1.2. Ақшаның мән-маңызы және қасиеттерi.
Ақшалардың болуының объективтiк қажеттiлiгi тауарлы өндiрiс пен тауар айналысының болуына байланысты. Тауар мен ақша бiр-бiрiнен ажыратып алысыз. Ақша айналысынсыз тауар айналысы болмайды және болуы мүмкiн емес.
Бiрақ XVI ғасырдың басында утопиялық социализмнiң негiзiн қалаушы Томас Моор өзiнiң “Жаңа Утопия аралы және мемлекеттiң үздiк құрылымы туралы алтын кiтап” деген еңбегiнде: “Алдау, тонау, ұрлау...кiсi өлтiру заң тәртiбiмен қатаң жазаланатынын кiм бiлмейдi, әйтсе де бұл жөнiнде алдын-ала ескертiлмеу мүмкiндiгi бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бiрге, ақшаның жоқ болып кетуiмен байланысты адамдардың алаңдаушылығы да, қайғысы да, қиыншылықтары да және ұйқысыз түндерi де ұмытылар едi. Егер айналыстан ақшаны алып тастаса, онда тiптi ақша қажеттiлiгiнен туған кедейлiктiң өзi де жойылар едi”.
XIX ғ. социал-утопистерi – Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға терiс көçқараста болды. Прудон тауар өндiрiсiн сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды да.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан төңкерiсiнен кейiн, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәтi келедi, яғни тарихтың өзi осыған алып келедi деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңiз ауыл шаруашылық өнiмдерiн тiкелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрi сәтсiз аяқталды. С.Г. Струмулин ақшаның орнына еңбек бiрлiктерi – тредаларды, ал ағылшын экономисi Смит Фальтнер энергетикалық бiрлiктердi – энедаларды пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К.Маркс былай дейдi: ақшаларды жоя отырып, бiз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкiн немесе ең төменгi сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едiк. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, ендеше ақша бұрында болған, олар қазiр де бар және болашақта да бола бередi.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше жалпылама балама.
Ақша – жалпыға бiрдей балама, ерекше тауар, онымен барлық басқа тауарлардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуымен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Жалпыға бiрдей балама ролi тарихи түрде алтынға бекiтiлген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиетi, оның табиғи қасиетi емес. К.Маркс айтқандай: “Табиғат ақшаны жасамайды, алтынға бұл қасиеттi қоғам берген”.
Алтын жалпыға бiрдей балама ролiн орындау үшiн ең бiр лайық тауар болып қалып отыр. Бiрiншiден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлiнуi оңай, әдемi, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана “патша араñында” (2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) еридi. Екiншiден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндiруге кететiн еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкелiп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде. Ол әр түрлi салаларда пайдаланылады – электроникадан бастап зергерлiк iстерге дейiн, бiрде өте жұқа қалыңдықпен, бiрде балқытылған құймалар түрiнде кездеседi. XX ғасырда 60 мың тоннадан астам алтын өндiрiлдi, соның iшiнде 30 мың тоннаға жуығы – екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн өндiрiлген.
Ресей XIX ғасырдың 20-жылдарында алтын өндiруден бiрiншi орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзiлiк алтын өндiрiсiндегi үлесi 40%-ды құрады .
Алтын өндiру қиын және капиталды көп қажет етедi. Сонымен, 1 кг алтын алу үшiн 3000 метр орта тереңдiктi тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта өңдеуi қажет.
Алтынды ең көп өндiретiн Оңтiстiк Африка Республикасында (ОАР) алтын өндiрушiлердiң еңбек ету жағдайы құлдардың өмiрi сияқты: олар 40oС жоғары температурада терең жер астында жұмыс жасайды. Мұнан бұрын ОАР-да әлемдiк алтын өндiрiсiнiң 2/3-i өндiрiлсе, ал қазiр 1/3-i ғана өндiрiледi.
Алтынды өндiру дүние жүзiнде апатты түрде құлдырауда.
Қазақстанда 150-ден астам кен орындары бар. Соның iшiнде 60-ы жұмыс iстеп тұр.
Алтын тек қана алтын-валюта резервтерiн қана құрамайды, сонымен бiрге электронды-есептегiш және компьютерлiк техникаларды, түнгi механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшiн де қолданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әркез адамзатты толғандырды. Бұныменен ежелгi уақыттарда Аль-химиктер еңбектендi. Ежелгi Египетте жалған алтын құймалары табылған. Бiздiң ғалымдар ұзақ уақыт iздену мен сынақтар жүргiзулерi нәтижесiнде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий - 65%, индий - 35 %. Электр кедергiсi алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседi.
Құрамын өзгерте отырып (палладий - 55%, индий - 45%) червондық алтын алынды, бiрақ мұндай алтынды жасау бұл процестiң тиiмдiлiгiн көрсетпедi. Қазiргi ядерлiк физика атомдардан күкiрт және сынаптан алтын атомдарын алуға мүмкiндiк бердi. Бiрақ жасанды алтынды жасау мүмкiндiгi бұл процестi тиiмдi етпейдi. Мұндай алтынның өзiндiк құны өте жоғары және бұл жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзiнiң бағасының төмен болуына байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар, жасанды алтын өнерк¸сiпте, тiс салуда және зергерлiк бұйымдарды жасауда пайдаланылады, бiрақ еш уақытта ол жалпыға бiрдей балама ретiнде бола алмайды. “Ақша – зат емес, ол қоғамдық қатынас” .
Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келедi. Бұл дегенiмiз, қоғамнан бөлiнген адамдар үшiн ақшаның керек еместiгiн бiлдiредi. Робинзон Крузоқа да олардың қажетi болмады. Батып кеткен кемеден құтқарылып қалған барлық заттар оның кәдесiне жарады да, тек ақша қана өзiнiң барлық құндылығын жоғалтты.
Ақшалар - өндiру мен бөлу процесiнде адамадар арасындағы белгiлi бiр экономикалық қатынастарды көрсететiн тарихи дамып келе жатқан экономикалық категория. Экономикалық категория ретiнде ақшаның мәнi бiрлескен 3 қасиетiнен көрiнiс бередi.
-жалпыға бiрдей тiкелей айырбасталу;
-айырбас құнының дербес формасы;
-еңбектiң сыртқы заттық өлшемi.
Ақшаны жалпыға бiрдей тiкелей айырбасталу формасында қолдану дегенiмiз ақшаны кез келген материалдық құндылықтарға айырбастау мүмкiншiлiгiн бiлдiредi. Социализм жағдайында кәсiпорындар, жер, орман, жер асты қазба байлықтары сатылмайтын және сатып алынбайтын. Қазiргi уақытта жекешелендiру және меншiктi мемлекет иелiгiнен алу процестерiнiң жүруiмен байланысты, жалпыға бiрдей тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес нысаны ретiнде қолдану тауарды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары – несие беру, бюджеттiң кiрiстерiн, қарыздық берешектердi өтеу, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiн алыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру, ұлттық банктiң несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшенуi мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.
Ғалым-экономистердiң арасында алтынның ақшалай тауар ретiндегi ролi туралы әр түрлi көзқарас бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бiрдей балама және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейдi. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келдi. Несие ақшалар жалпыға бiрдей балама ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер. Ал, ендi үшiншi бiреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей балама ролiн орындаушы, ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.
Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгiлерi – (қағаздай белгiлерi) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақ та алтын дүниежүзiлiк ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей баламаны бiлдiредi.
1.3.Ақша қызметтерi және олардың ерекшелiктерi.
Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбастау процесiнен туындайтын, тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi әлеуметтiк-экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша бес түрлi қызметтер атқарады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзiлiк ақша.
Ақша құн өлшемi ретiнде. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Құн өлшемi болып тек қана өзiнiң құны бар тауар жүре алады. Мұндай тауар деп өндiруiне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл мiндеттi толық құнды ақшалар (алтын) орындайды. Тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастағанға дейiн жүзеге асырылады, ендеше құнның тауар формасы түрiнен ақша формасына айналдыру үшiн тауар бағасын тағайындау жеткiлiктi. Тауарды өлшеу үшiн қолма-қол ақшаның болуының қажетi жоқ, себебi еңбек өнiмiн теңестiру ойша жүзеге асырылады.
Ақшамен көрсетiлетiн тауар құны оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақшалар айналысы жағдайында алтын теңдессiз. Ақшалардың өздерiнiң бағасы жоқ, олар баға орнына тұтыну қабiлетiне ие және ол оның көп мөлшердегi тауарларды сатып алуымен көрiнедi.
Тауар бағасын анықтау үшiн баға көлемi өте қажет. Ақшалардың өз-өзiне қатынасы оның көлемiн (масштабын) көрсетедi. Металл ақшалар айналысында мемлекет заңды түрде баға көлемiн (ақша бiрлiгiне бекiтiлген металдың салмақ мөлшерi) белгiлеп отырды. Тиын ақшаларда алғашқыда оның салмақ құрамы мен баға масштабы те болды.
Ақшаның құн өлшемi қызметi мен баға мастштабы арасында елеулi айырмашылықтар бар. Құн өлшемi – бұл ақшаның мемлекетке тәуелсiз экономикалық қызметi. Ол құн заңымен сипатталады.
Баға масштабы заңды сипатта, ол мемлекетке тәуелдi және тауар бағасын көрсетуге қызмет етедi. Алғашқыда баға масштабы алтынның ресми бағасы негiзiнде тағайындалып отырды. Америка Құрама Штатында қазынашылығының анықтауы бойынша тройцк унциясы (31,1 грамм) 35 долларға тең. Ол 1971 және 1973 жылдардағы доллардың девальвациялануына дейiн сақталып, 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейiн жеттi.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттiк тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуiне байланысты өзiнiң экономикалық мағынасын жоғалтты.
Жамайка валюта реформасының (1976-1978 ж.ж.) нәтижесiнде арнайы алтын бағасы мен алтын паритетi жойылды. құн өлшеу қызметi нарықтық баға мастабы негiзiнде орындалады.
Қазiргi уақытта алтын тауарға тiкелей айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып қою жағдайында ақшалы тауар (алтын) тiкелей салмағына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргiзуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретiнде көрiнедi. Несие ақшалар тауардың құнын өлшемейдi, өлшенген құнды көрсетедi, өйткенi өзiнiң құны жоқ.
Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келдi.
Ақша айналыс құралы ретiнде. Айналыс құралы қызметiнде ақша тауар өткiзудегi делдал болып табылады. Тауарларды бiр қолдан екiншi қолға өткiзе отырып, оларды әрдайымда айналыс өрiсiнен итерiп, тауарларды тұтынушыларға жеткiзе отырып, ақша үздiксiз қозғалыста болады.
Ақша делдал ролiн атқаратын тауар айналысында сатып алу-сату актiлерi дараланып, өз бетiнше жүредi, уақыт пен кеңiстiкте бiр-бiрiне сәйкес келмейдi. Сатушы өз тауарын сатып, басқа тауарды сатып алу үшiн ақшасын жаратуға асықпайды. Ол бiр рынокта тауарын сатып, басқасынан өзiне қажет тауарды сатып ала алады. Ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi сәйкеспеушiлiк те болмайды.
Өз құнына өте отырып айналыстан кететiн тауарлардан ақшаның айырмашылығы сол, ол сатып алу-сату процесiн қамтамасыз ете отырып, айналыс құралы ретiнде әрқашанда айналыста болады.
Бiздерде ақша айналыс құралы қызметiн негiзiнен мемлекеттiк, кооперативтiк, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезiнде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың және т.б. қолма-қол ашамен есептесуiне тиым салынбаған.
Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:
-тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
-оны идеалды емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
-ақшаның бұл қызметiнде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар (алтын) емес, оны ауыстырушылар – ақша белгiлерi орындайды.
Бiрақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуымен түсiндiрiледi.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны ткiзiлуге тиiс тауарлардың бағасы мен салмағы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бiр ақша бiрлiгi несие тауар мәмiлелерiне қызмет ететiн болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшiн олардың қажеттi саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы салмағы тауар салмағынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.
Ақша төлем құралы ретiнде. Тауар айналысы ақшаның қозғалысымен байланысты. Ақшалар құнның ерiктi формасын бiлдiредi. Олар өткiзу процесiн өздерi аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауардың қозғалысынан бұрын немесе кеш жүруi мүмкiн.
Егер тауар мен ақшаның қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар әуелi сатып алынып, ақысын кейiнге төлейтiндей етiп қалдырылса, онда бұл жағдайда ақша төлем құралы қызметiн атқарады.
Ақша төлем құралы ретiнде тек тауар айналысын ғана емес, сонымен бiрге қаржылық және несиелiк .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?