Журналистика | Баспасөз қызметінің мәні және мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметі
Мазмұны
Кіріспе ...........................................................................................................................
Негізгі бөлім
I-тарау
Баспасөз қызметінің мәні және мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметі
1.1. Баспасөз қызметінің жұмыс бағыттары, құрылымы, құралдары....................
1.2. Мемлекеттік мекемелерде баспасөз қызметін ұйымдастыру және баспасөз хатшысы ……..............................................................................................................
1.3. Баспасөз қызметінің БАҚ-пен жұмыс істеу ережелері.................................
II-тарау
Мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметінің рөлі. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметін жүргізушілер
2.1. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің құрылымы және жұмыс бағыттары.....................................................................................................................
2.2. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметкерлерінің функционалдық міндеттері ....................................................................................................................
2.3. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің БАҚ-пен жұмысын үйлестіруі....................................................................................................................
Қорытынды................................................................................................................
Сілтемелер..................................................................................................................62
Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................................64
Тәуелсіз елдің осы заманғы үрдістерге сай болуы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, өркениетті атанып отырған елдер осы демократияны негізгі бағыт-бағдарын алған. Демек, біз де демократияны басты құндылық ретінде әрі оны реальды өмірде орнықтыруға күш салуымыз – жаңаша дамудың кепілі екеніне сөз жоқ.
Осы айтып отырған демократияны ақпарат еркіндігінсіз елестету мүмкін емес. Себебі, қоғам осы ақпаратты меңгермесе, мемлекетіміздің ұстанған бағының негізі болмас еді. Бұл жолда журналистердің және БАҚ-тың көтерер жүгі аз емес. Ол биліктен бастап, қарапайым азаматтардың атқарып жатқан істерін айнадағыдай көрсетіп отарады. АҚШ-тың он алтыншы президенті Авраам Линкольн «Идея ағыны, жан-жақты ойластырылған шешім қабылдай білу, сынауға мүмкіндік алу – осының бәріне негізделген саяси демократия көп жағдайда ақпаратқа тәуелді» - деген екен./1/
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері ақпараттық құралдарымыз да қарқынды дамып келеді. Қоғамда ақпараттық еркіндік, билік пен халық арасындағы дәнекерлік рөлді атқарып келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы айтпаса да белгілі. Ақпараттық технологиялар мен нарық заманында ең жедел ақпараттар беру тәсілдері мен қоғамдық пікірді қалыптастыру күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі. Кешегі Кеңестік кезеңде тек қана бір идеологияға бағынған БАҚ болса, қазіргі кезде түрлі ұстанымдағы БАҚ қоғамымыздың жан-жақты дамуының кепілі болып отыр. Мемлекет пен қоғамның, билік пен халықтың арасын жалғастыруда, жұртшылықты елде, жаһанда болып жатқан жаңалықтармен таныстырып, хабардар етуде баспасөздің рөлінің аса жоғары екендігі ақиқат. Ел тәуелсіздігінің тұғырын нығайтуда да, қоғамда демократиялық, адамгершілік құндылықтарды насихаттауда да журналистердің аянбай еңбек етіп жүргеніне көпшілік куә. Бұқаралық ақпарат құралдарына «төртінші билік» деп қарау бекер болмаса керек. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамның бейнесін тануға да, оны өзгертуге де болады. Осы жағынан келгенде Қазақстан баспасөзі өзінің кәсіби миссиясын абыроймен атқарып келеді. Оған біздің елде түрлі органдардағы баспасөз қызметі мен оны үйлестіруші орталықтардың жұмысы куә.
Қазақстан Республикасының Конститутциясының 18-бабында: «Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және БАҚ әрбір азамқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті», - деп жазылған.
Бұл БАҚ-та жарияланатын мақалалардың сенімді фактілерге сүйену арқылы жазылуын қамтамасыз ететін фактор екеніне дау жоқ. Рас, журналистердің мәлімет, деректерге қайсыбір кездерде тап осы лауазым иелерінен керегін алуға қолдары жете бермейтіні жасырын емес. Ондайда әрнені сылтауратып, оқиғаның себеп-салдарын немесе ішінара сыр бүгіп қалу да болмай қалмайды. Қай лауазым иесі жұмыстағы, қызметтегі олқылықтарын ашып берер дейсіз? Сол үшін де Конституциядағы жоғарыда келтірген бап көмекке келері анық. /2/.
Бұл заңдылықты жүйелі атқару үшін қазіргі таңда барлық билік органдары мен мемлекеттік мекемелер, түрлі ұйымдарданда баспасөз қызметі ұйымдастырылған. Бүгінгі ақпарат саласындағы басым бағытты қызмет жүйесінің бірі – баспасөз қызметі. Баспасөз қызметі билік пен халық арасын, ұйым мен қоғам арасын түсіністікке жеткізетін байланыстырушы орган. Баспасөз қызметінің негізгі жұмыс бағыты өз саласына қатысты күнделікті тыныс тіршілік, іс-әрекет жөнінде ақпарат тарату, жинау, өңдеу, сақтау./3/ Баспасөз қызметі кез-келген мекемеде, жеке адамдарда БАҚ-пен байланысты тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етінін байланыстырушы орган.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі баспасөз қызметі әлемдік деңгейде қызмет жүйесі ретінде айшықталды. Өйткені, бүгінгі «ақпарат дәуірінде» өз жұмысын баспасөз арқылы, қоғамға таратуды, қоғамдық жағымды пікірге ие болуды, адамдармен түсіністік арқылы өзі жұмысын жандандыруды, жарнамалауды, көздемейтін мекеме жоқ. Сондай-ақ демократиялық қоғам талаптарына жауап беретін жариялылық, ашық қоғам принципі де баспасөз қызметінің жұмысына тікелей байланысты. Бүгінде кез-келген елде мемлекеттік мекемелердің қоғаммен байланыс қызметінің үйлестірушісі ретінде баспасөзбен байланыс қызметі көрсетіледі. Ол ұйымның ішкі және сыртқы коммуникациясын жүзеге асыратын маңызды қызмет түрі. Қазіргі таңда бизнес пен саясаттан бастап кез-келген саланы алып қарасаңыз да баспасөз қызметін тұтынатыны белгілі. Бірақ, қоғамда осы баспасөз қызметінің жете түсінушілік аз. Еліміздегі мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметінің орны, атқаратын міндеттері, рөлі және жұмыс барыстары қандай деген мәселелер бүгінгі біздің қоғамда әлі де толып жатқан сұраққа жауап беруді талап етеді. Бұл туралы осы салының жетекші мамандары және журналистер тарапынан айтылмай жатқан жоқ. «Әліл сөз» қоғамдық қорының төрайымы Тамара Калеева: «Бүгінде қоғамның көпшілігі басылымдар мен электронды БАҚ, интернет жүйесін баспасөз қызметінің негізгі құрылымдары деп біледі. Ал негізгі ақпарат тарату қызметінің қайнар көзі болып отырған баспасөз қызметінің (үкіметтік, мемлекеттік, т.б.) жұмысы тасада көрінбей қалады. Дамыған батыста немесе АҚШ-ты алып қарасыңыз, оларда басқаша әртүрлі деңгейдегі баспасөз қызметі өздерін «жарнамалауда» алдарына жан салмайды. Ал біздегі мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметі туралы бір анықтамалыққа зорға жетесіз. Бұл қоғамның баспасөз қызметі туралы білмейтіндігіне алып келеді. Бізде шет елден делегация келсе, айтулы оқиғалар орын алса тек басылым мен электронды БАҚ, интернеттен біліп отырамыз. Бірақ сол ақапарат басылымдар мен телерадиоарналарға қалай тарады, интернеттен кім арқылы жетеді, сол ақпарат қандай құралдар арқылы таратылады, ол ақпарат қоғамға бұрмалаусыз шындықпен жетіп отыр ма? Әлде мемлекеттік шенеуніктер өз саясатын бұрмалап, қоғамға теріс ақпарат таратып отыр ма? Осының бәрі қоғам арасында күндердің-күні түсінбеушілік тудырары анық. Ал біз демократиялық қоғам даму жолына түскен мемлекет ретінде бұл мәселелерге назар аударуды талап етеміз»- деген пікір айтады. /4/.
Бұл негізінен еліміздің экономикалық-әлеуметтік және демократиялық дамуға тікелей байланысты. Сондай-ақ өз қызметін қоғам алдында айшықтайтын және сол салада білімді жетілдіретін құжаттар мен анықтамалық құралдардың жоқтығы олардың жұмысы туралы ақпараттың нашарлығына тіреп отыр.
2004-2005 жылдар аралығында АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Халықаралық ақпараттар бағдарламасының кеңсесінің көмегімен 124 түрлі анықтамалық құжаттар 6-тілде жарық көрген. Сондай-ақ әр түрлі ашық қоғам институттарының көмегімен 64 түрлі анықтамалық, 14 тілде жарық көріп, таратылған. /5/
Мемлекеттің даму саясатын жүзеге асырып, қоғамның мүддесіне жұмыс істеп отырған мемлекеттік органдардың жұмысының бет-бейнесі БАҚ-та қалай көрініс алуда және оны қалай үйлестіру қажет? Сыртқы және ішкі коммуникацияны жүргізу үшін кімнің қызметіне жүгіну керек? Бұл қазіргі қоғамда баспасөз қызметінің маңыздылығын байқатады. Міне, осы мәселер менің бітіру жұмысымның арқауы болып отыр.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Елімізде баспасөз қызметі туралы зерттеу жұмысы жоқ. Тек әлемдік деңгейде коммуникация, қоғаммен байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары салаларында зерттелген. Баспасөз қызметі Ворошилов В. В., Блаженов Е.А., Почепцов Г. Шейла Тейт (Қоғаммен байланыс маманы, Джордж Буштың президенттік компаниясының баспасөз хатшысы, баспасөз саласын зерттеуші ғалым), Майк Маккери, Ионн Инман (мемлекеттік баспасөз қызметкерлерінің Ұлттық ассоцациясы президенті) Блаженов Е.А., Маргерит Х. Салливан, Мамонтов А. сынды шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне арқау болып отыр. Ал біздің елімізде журналистика, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғаммен байланыс саласындаға кітаптарда шағын анықтамалар және мақалалар берілгенмен, әлі де ғылыми жұмыстарға арқау болмаған. Сондықтан қоғамда баспасөз қызметі жайлы бірегей түсінік қалыптаспаған. Міне осы мақсатта жазылған зерттеу жұмысы баспасөз қызметі ұғымына жан-жақты түсінік бере отырып, оның ақпараттық қоғамдағы маңызы мен рөлін анықтау себеп болып отыр. Сондай-ақ шетелдік және отандық тәжибелерге сүйене отырып, сараптамалар ұсынылған.
Зерттеу жұмысының нысаны. Жалпы, баспасөз қызметінің түсінігін және Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің құрылымын, жұмыс бағыттарын зерттеу. АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның бұрынғы баспасөз хатшысы Майк Маккэри: «Үкімет иелігіндегі ақпараттың көптігі сонша, олардың азаматтарға жеткізудің ең тиімді жолын қарастыру қажет, міне, осы тұста сахна төріне үкімет баспасөз қызметінің өкілі шығады. Бұл адам, үкіметтің өз ішінде жұмыс істейтін репортер ретінде әлеумет үшін ақпарат жинайды», - дейді. /6/
Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің негізгі міндеті мемлекеттің саясаты және мақсатты бағдарламалары азаматтардың өміріне қалай әсер ететінін түсіндіру болып табылады. Осы қызметтің арқасында мемлекеттің және оның органдарының жұмысы қоғамдыық сипат алады. Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі осының аясында жұмыс атқарады. Яғни әкімнің қала өміріне қатысты саясаты мен бағдарламаларын түсіндіріп, оның қоғам өмірінде қандай көрініс табатындығын ұғындыру. Ол үшін баспасөз қызметі БАҚ-пен үнемі байланыста болып, әкімшіліктің атқарып жатқан қызметі жайлы толық ақпаратты журналистердің еш кедергісіз алуына себепкер болып, қала болашағы үшін біріге жұмыс істеуге жұмылдырады.
Бітіру жұмысының мақсаты – баспасөз қызметінің құрылымын және ұйымдастырылуын, жұмыс бағыттарын қоғамға кең таныстыру. БАҚ-қа ресми ақпарат тарату көзі ретінде баспасөз қызметінің маңызын, соның ішінде мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметінің биліктің қоғаммен байланысын жүзеге асырудағы ұйымдастырушылық және шығармашылық жұмыс ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу мақсаты келіп шығатын Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің баспасөзбен өзара әріптесе отырып жұмыс істеу ерекшеліктері, проблемалары, қоғамдық сипаты, әкімшілік қызметіндегі маңызын көрсету бітіру жұмысының міндеттерін айқындайды.
Бітіру жұмысының методологиялық және теориялық негізіне коммуникация, журналистика, қоғаммен байланыс т.б. ғылым салаларындағы еңбектерді жатқызуға болады. Сондай-ақ зерттеудің ақпараттық базасына қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат агенттіктері туралы еңбектерден, БАҚ материалдарына жүргізілген зерттеулер, интернетте жарияланған баспасөз қызметі жайлы сараптама, анықтамалар, журналдар мен шетелдік басылымдардан аударылған мақалар және Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жұмыс ережелері арқау болды. Отандық журналистика саласындағы Б. Жақыптың ғылыми еңбектері, кафедрамыздан жыл сайын шығатын «Қазақстандағы PR және БАҚ» ғылыми еңбектер жинағынын мәліметтер алынды. Сондай-ақ шетелдік көптеген қоғаммен байланысқа қатысты әдебиеттері: Ворошилов В.В. Современная пресс-сужба, Почепцов Г. Г. Информационные войны, Блаженов Е.А. Паблик рилейшнз, Маргерит Х. Салливен. Жауапты баспасөз қызметі. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Халықаралық ақпараттар бағдарламасының кеңсесі, Анықтамалығы, Мамонтов А. PR на 100% пайдаланылды.
Бітіру жұмысының тәжірибелік маңызы. Баспасөз қызметі жайлы теориялық та, тәжибелік те мағлұматтар берілген бітіру жұмысы түрлі ғылыми жұмыстарға, анықтамалықтарға пайдалануға, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жайлы жалпы ақпарат алғысы келетіндерге маңызды. Теоретиктер мен практиктер, сонымен қатар баспасөз қызметі, қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат алу жолдарымен таныс болғысы келетін судент жастарға қажет.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспе бөлімнен, екі тараудан, алты тармақшадан және қортындыдан тұрады. «Баспасөз қызметінің мәні және мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметі» тарауы «Баспасөз қызметінің жұмыс бағыттары, құрылымы, құралдары», «Мемлекеттік мекемелерде баспасөз қызметін ұйымдастыру және баспасөз хатшысы» және «Баспасөз қызметінің БАҚ-пен өзара әрекет ережелері» бөлімдерінен тұрады.
«Мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметінің рөлі. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметін жүргізушілер» тарауы «Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің құрылымы және жұмыс бағыттары», «Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметкерлерінің функционалдық міндеттері» және «Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің БАҚ-пен жұмысын үйлестіруі» бөлімдерінен, қорытынды, сілтемелер, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I- тарау. Баспасөз қызметінің мәні және мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметі
1.1. Баспасөз қызметінің жұмыс бағыттары, құрылымы, құралдары.
«Баспасөз хатшысының жұмысының мәні президенттің ұстанымы мен ойын дәл жеткізу, сол арқылы келесі жасалатын қадамын мейлінше нақты жоспарлауға, баспасөзге үкіметтің немен айналысып жатқандығын білуге жәрдемдесу. Бұл екі бірдей қожайынға амалдап қызмет етуге мүмкіндік беретін теңгермешіл жұмыс», - дейді Ақ Үйдің президенті Джордж Буштың баспасөз хатшысы Ари Флейшер./7/ Осы ойлары арқылы ол баспасөз хатшысының қызметіне жалпы түсінік береді және демократилық қоғамда қалай жұмыс істеу керек екенін анықтайды. Олардың сол кездегі айтқан ой-пікірлері күні бүгінге дейін өз мәнін еш жойған жоқ. Билікті жүзеге асыру үшін таңдау жасауға жол ашып, тек ақпарат негізінде дербес шешім қабылдауға мүмкіндік жасау керек. Оған қол жеткізу үшін дәл әрі сенімді ақпарат қажет. Ал мұндай ақпаратты тәуелсіз БАҚ-тан алуға болады. БАҚ биліктің іс-әрекеттері туралы ақпараттарды әлеуметке жеткізе отырып, оларды пікірталасқа шақырады. Демократия жағдайында халыққа қызмет ету БАҚ-тың да, мемлекет шенеуніктерінің де атқаратын негізгі функциясы.
1980 жылдары АҚШ-тың бірінші ханымы Нэнси Рейганның, 1988 жылы вице-президент Джордж Буштың президенттік компаниясында баспасөз хатшысы болып істеген Шейла Тейт: «Үкіметтің халықпен байланыс жүргізетін күллі жүйесінің орталығы – үкіметтің бұқарамен байланыс байланыс қызметі», - дейді. Тейттің пікірінше: «Үкімет баспасөз қызметі үкіметтің күнделікті тыныс-тіршілігі, іс-әрекеті жөнінде БАҚ ақпарат алатын арна». /8/
Оның басты міндеті – азаматтарға үкімет саясаты мен бағдарламаларын түсіндіріп, олардың қоғам өмірінде қандай көрініс табатындығын ұғындыру. Баспасөз қызметінің бұл қыры үкімет шенеуніктерінің қамқорлығы мен жоспарларын көпшілікке жеткізе отырып, үкіметтің белгілі бір іс-әрекеттерінің жеке адам өміріне қалай әсер ететіндігін түсіндіруге көмектеседі.
«Біздің жұмысымыз тек қана ақпарат таратумен шектелмейді», - деп есептейді, Мемлекеттік баспасөз қызметкерлерінің Ұлттық ассоциация президенті Йони Инман. «Біз мемлекет пен халық арасында байланыс орнатып, үкімет тарататын ақпараттарды әлеуметке түсінікті боларлықтай қалыпқа ғана түсіріп қоймаймыз, сонымен қатар айнлада, өзімізді қоршаған ортада не болып жатқандығын үкімет шенеуніктеріне де жеткізуіміз керек».
Баспасөз қызметі мекеме мен қоғам арасын ақпарат алмасумен қамтамасыз ететін байланыстырушы буын болып табылады. Мемлекеттік, қоғамдық, бизнес-құрылымдар жан-жақты байланысты ұйымдастыруды нақты іске асыру үшін баспасөз қызметін, баспасөз орталығын және әртүрлі модификацияларын қолданады./9/
Баспасөз қызметінің негізгі міндеті – БАҚ арқылы қоғамды ақпараттандыру. Бұл қызмет баспасөз конференциясы, баспасөз хабарламасы, редакциялық мақала, тұтынушылармен, ақпарат тарататын қауыммен, сайлаушылармен кездесуді өткізуді үйлестіретін пресс-жоспар негізінде құрылады.
Баспасөз қызметі екі мәселені шешеді:
• Ұйым қызметі туралы ақпараттың толыққандылығын және жеделдігін қамтамасыз ету;
• Аккредиттацияланған журналистердің жұмысына үйлесімді, қолайлы жағдай жасайды.
Баспасөз қызметінің маңызы мен міндеті:
Ұйымдардағы баспасөз қызметін шартты түрде ішкі және сыртқы ортаға бөлуге болады. Ішкі ортасына ұйымның өзі және аймақтық салалары кіреді. Ал сыртқы ортасына мекеменің барлық қоршаған ортасы жатады.
Мекеменің баспасөз қызметінің негізгі мақсаты:
• БАҚ-қа мекеме қызметі туралы ақпарат беру және осы арқылы ұйымның жағымды имиджін қалыптастыру;
• Ұйым ішінде және сыртқы ортасында бірдей ақпараттық ағынды қалыптастыру.
Мекеменің ішінде баспасөз хатшысы ұйымның алғашқы және жергілікті баспасөз хатшыларымен бірігіп әрекет жасайды және ішкі ақпараттық алаңды құрады. Бұл оперативті ақпарат берудің жақсы қойылған коммуникациялық бағыты.
Сыртқы ортаға – БАҚ, түрлі деңгейдегі билік органдары, қоғамдық және коммерциялық ұйымдар жатады.
Ұйымның баспасөз қызметінің жұмыс істеу аясы
Ішкі Сыртқы
Мақсаты:
Ақпараттық ағын: - БАҚ-пен жұмыс
- ұйым ішінде - жағымды имидж
- ұйымнан (от организации) - жарнама
Кіммен жұмыс жасайды?
- бастапқы ұйымның - БАҚ
баспасөз хатшылары - билік органдары - ҮЕҰ
- коммерциялық
ұйымдар
БАҚ-пен байланыс ресми өкілі әртүрлі сұрақтарға байланысты лауазымды тұлғаның позициясын көрсететін және лауазымды тұлғаға тікелей байланыса алатын болуы қажет. Ресми өкіл шұғыл жаңалықтарды лауазымды тұлға кез келген уақытта хабарлай алатын мүмкіндігі болуы керек. Мұндай мүмкіндік мекемеде қалыптасқан қызметкерлердің төменнен жоғарыға бағынуға қайшы келуіне қарамастан, бұл ұйымның БАҚ-қа байланысты сұрақтарға тез жауап қайтаруға жағдай жасайды.
Саясатын анықтайтын тұлғалар өздерінің шешімдері қоғамға қалай әсер ететінін түсіну үшін БАҚ-пен байланыс өкілі шешім қабылдау барысына қатысуы қажет. Егер БАҚ-пен байланыс өкілі бағдарламаны дайындауға қатыспаған болса, оған сөйлем құрамын түсіну және оны БАҚ-қа мәлімдеу қиын болады.
Ұлттық баспасөз қызметкерлерінің Ұлттық ассоцициясының мүшесі Йони Инманның айтуынша: «Егер мемлекеттік шенеунік қандай да бір іс-әрекетке кірісуді жоспарласа, оның қалай қабылданатынын міндетті түрде білу керек. Қоғамның көңіл-күйін жақсы түсінуші мамандарды уақытында жұмысқа араластырылмауы күтпеген жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасуына апарады. Сондықтан жұмыстың алғашқы талқылау сатысында ақпараттық тарату мамандарын шақыру қажет.
Баспасөз қызметінің негізгі міндеті:
1. Баспасөз қызметінің күнделікті қызметі;
2. Ұйымның өткізген іс-шараларын БАҚ-та жариялау;
3. БАҚ-ты ұйым қызметі туралы үнемі ақпараттандырып отыру: ұйымдық өзгертулер, қоғамдық маңызы бар шараларға және жобаларға қатысуы, ұйымның билікпен әріптесуі.
4. БАҚ-пен бірігіп қоғамдық акция ұйымдастыру, теле және радио бағдарламаларын дайындау;
5. Баспалармен байланыс
6. Баспасөз мәслихатын, брифингтерді ұйымдастыру;
7. Баспасөз орталығының құрамын жасақтау және оның жұмысын шараларды өткізуде ұйымдастыру;
8. Ұйыммен тұрақты түрде қарым-қатынас жасайтын «сенімді» журналистер тобын құру;
9. Ұйым қызметіне қатысты ақпараттық материалдар, имиджді қалыптастыратын мақалалар, баспасөз хабарламасы, анықтамалар, тағы басқа да материалдар дайындау;
10. БАҚ-қа ұйымның басшысымен немесе бағдарлама жетекшісімен сұхбат ұйымдастыру;
11. Баспасөзбен байланыс туралы және ұсынылған тапсырмаға БАҚ-тың қуатты реакциясы жайлы ұйым басшымен және аппаратпен кеңесу;
12. Көпшілік алдына шығып сөйлеуді қадағалау, дайын болған мәтінді және хабарламаларды қарап шығу;
13. БАҚ-та жарияланған барлық материалдарды қадағалап отыру. Ақпарат құралдарындары, ондағы мақалалар, видеоматериалдар, радио бағдарламалардың аталуы, күні, шығу мерзімі және қысқаша мазмұнына мониторинг жасау.
14. Өткен іс-шараларға талдама жасау және болшаққа жоспар жасау;
15. БАҚ-тың мәліметтер жинағын жасау және БАҚ-тағы өзгерістерін бақылап отыру;
16. Алыстан келген журналистерді көлікпен қамтамасыз ету және қонақ үйлерге орналасуына жағдай жасау;
17. Журналистерді аккредитациялау;
18. Журналистердің және БАҚ-тың құқықтары мен мүддесін қорғайтын ұйымдармен әріптесу;
19. Аймақтағы билік органдарының қоғаммен байланыс департаменттерімен және баспасөз қызметтерімен байланыс;
20. Қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметімен әріптесу және бірігіп акция өткізу;
21. Қажет болған жағдайда газет, журналдарға мақалалар жазу;
22. Жеке баспа өнімдерін шығару (көп данамен шығаруы керек және оны ұйым мүшелеріне таратады)
23. Жеке жарнама өнімінің фирмалық стилін жасауға қатысу (банктар, визиткалар, палакаттар, естелік календарлар, көрнекілік құралдары, брошюралар және т.б.)
Баспасөз қызметінің құрамы:
Баспасөз қызметі аппараттың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Баспасөз қызметінің басшысы немесе баспасөз хатшысы тікелей бастыққа бағынады және барлық құрылымдық бөлімшелермен бірігіп қызмет атқарады.
Ұйымның қызметіне және құрылымдық бөлімшелеріне байланысты баспасөз қызметінің құрамы әртүрлі болады. Тәжірибе бойынша күнделікті жұмыс уақытында, үлкен іс-шаралар өткілізмеген жағдайда баспасөз хатшысы және оның көмекшісі де жеткілікті. Ал көлемді шаралар мен акциялар өткізу кезінде баспасөз орталығын құру және ұйымның бастапқы және аймақтық баспасөз хатшыларын тарту қажет. Бастапқы ұйымның баспасөз хатшылары баспасөз қызметінің негізгі әріптесі болып табылады. Баспасөз хатшысы олармен үнемі байланыста болады. Маңызды шаралар, жаңа бағдарламалар туралы ақпарат береді, семинар және мастер-класс өткізеді.
БАҚ-пен байланыс жұмыс ауқымына қарай оны орындаушылар құрамы:
1. Баспасөз хатшысы;
2. Баспасөз-бюросы;
3. Баспасөзбен жұмыс бөлімі;
4. Баспасөз қызметі немесе баспасөз орталығы
5. ПР қызметі (оның басшысымен)
6. Штаттан тыс қызметкерлер немесе ішкі кеңесші фирма
Баспасөз қызметінде штаттан тыс 1, 2 адамнан 20-ға дейін болуы мүмкін. Үлкен ұйымдарда баспасөз қызметі ПР-бөлімнің бөлімшесі болуы мүмкін. Баспасөзбен екіжақты байланыстың негізгі өзегі – баспасөз қызметі. Баспасөздің барлық өтініштері баспасөз-орталығы арқылы жүргені дұрыс. Әдепкі жағдайда баспасөзбен байланысқа жауапты адам ұйым атынан байланыс жасайды. Дегенмен, ұйым үшін өмірлік маңызы бар мүдделі сұрақтарға басшының өзі жауап беруі қажет.
Баспасөз қызметінің маңызды функциясының бірі – баспасөзбен байланыс стратегиясын жасау. Ақпараттық кеңестер, ақпараттық бюллетеньдер, мәтін және құжаттарды жариялау. Кез-келген ұйымның жұмысының нәтижелілігі – уақытылы және нақтылы ақпараттар тарату. Мұндайда ақпараттық орталық жоспарлар жасауда және мақсатқа жетуде бірігіп әрекет ететін ұйымның негізгі өзегіне айналады. ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?