География | Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Мазмұны
1 ҚҰРЛЫҚТАР МЕН МҰХИТТАР ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Географияны оқыту әдістемесіндегі ғылыми көзқарас бойынша жасалынған негізгі әдістердің тобы.
1.2 Өзіндік және сарамандық жұмыстарды өткізу әдістері
1.3 Сабақты өткізу барысындағы әдістер мен олардың түрлері
2. ҚҰРЛЫҚТАР МЕН МҰХИТТАР ГЕОГРАФИЯСЫ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
2.1 Географиялық түсініктер мен заңдылықтардың дамуы және түзілуі
2.2 Оқыту барысында қолданылатын құралдар мен оларды тиімді пайдалану
2.3 Оқушылардың білімін тексеру тәсілдері
2.4 Сабақтан тыс жұмыстар. Географиялық үйірме
2.5 Жеке тақырыптарды оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар
III. АФРИКА МАТЕРИГІ БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ.
3.1ҚҰРЛЫҚТАР МЕН МҰХИТТАР ГЕОГРАФИЯСЫ ПӘНІН ОҚЫТУДӘҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.2 САБАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Географияны оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының бір саласы. Оның зерттейтін негізгі пәні болып, болашақ ұрпақтарды кейбір ғалымдардың (геология, эканомика, демография және т.б.) элементтермен байланысты физикалық және эканомикалық географияның негіздерін оқыту қоғамдық процесі саналады.
География пәнінің мұғалімі, оқу пәнінің білім мен біліктіліктерімен жұмыс істей білу керек. Бұл өз жұмысын бағалауға, білімін дамытуға, шығармашылық ізденуге және басқа мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеуге қажет. Педагогика саласындағы зерттеу жұмыстарымен қазіргі уақытта тек, ғылыми қызыметкерлер ғана емес, сонымен қатар мектептегі шығармашылық жұмыс істеп жүрген мұғалімдер де айналысады. Көптеген мұғалімдер қауымы, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы өзекті мәселелер туралы жұмыстар жүргізіуде.
Құрлықтар мен мұхиттар географиясы – географияның мектепте оқытылатын курстарының ішіндегі ең қызықты бөлімдерінің бірі. Бұл пәннің оқушыларға танымдылық қабілеттіліктерін беретін мүмкіндіктері орасан зор. Бұл пәннің маңызы қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелерді танып-білуде одан әрі өсе түсуде. Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқытатын мұғалімнен жан-жақты және терең білімділікті, әрдайым ізденісті, тыңғылықты дайындық пен әдіскерлік шеберлікті талап етеді. Бірақ, қазіргі уақытта пәнді оқытуға арналған сағаттардың мөлшерінің қысқартылуы оқушылардың аталмыш саланы толық қанды игеруге, оқып білуіне кедергі келтіріп, берілген оқу материалдарын толық үйретуде мұғалімнің мүмкіндіктерін шектейді.
Осы дипломдық жұмыста, құрлықтар мен мұхиттар географиясының құрылымдық ерекшеліктері, географиялық түсініктердің қалыптасуының тиімді жолдары, өткізілетін сабақтардың түрлері мен оларды ұйымдастырудың әдістері, сабақтан тыс жұмыстардың түрлері, кейбір жеке тақырыптарды үйретудегі әдістемелік нұсқаулар келтіріліп отыр. Осы пәнді оқытуда туындайтын барлық мәселелерді бір бітіру жұмысына сидыру мүмкін болмайтындықтан, мектептер мен оқушылардың білім деңгейін ескере отырып, әрбір мұғалім шығармашылық түрде әр тақырыпты өз білімі деңгейінде қарастыруы қажет.
1. ҚҰРЛЫҚТАР МЕН МҰХИТТАР ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
1.1 Географияны оқыту әдістемесіндегі ғылыми көзқарас бойынша жасалынған, негізгі әдістердің тобы
Зерттеудің теориялық әдісі, зерттелетін құбылыстар заңдылықтарының тұжырымдалуына, анықталуына, жалпы қортындыны шығаруына бағытталған. Географияның оқыту әдістемесі жүйелік- құрылымдық жағынан қарастырылды. Оның ерекшелігі- зерттелетін объектісі бір-бірімен байланысты элементтерден тұратын тұтас жүйе ретінде қарастырылады. Осыған байланысты географияның оқыту процесін зерттеу барысында мұғалім мен оқушының, мақсат пен маңыздың, оқу құралдар мен әдістердің, оқушыны тәрбиелеу мен білімді қабылдау және дамыту арасындағы байланыстарды анықтауға басты көңіл бөледі.
Жүйелік – құрлыстық көзқарас сабақтың мақсатын, маңызын анықтаумен, оқыту барысында қолданылатын әдістеме мен құралдарын сұрыптау, сонымен қатар сабақтың мақсатын негізге алып оған нәтижелік баға берумен ерекшеленеді.
Әдістемелік зерттеуде типолпгиялық тәсіл басыңқы болып келеді. Ол тәсіл арқылы әр бір топтардың негізгі ерекшеліктері анықталады және зерттеліп отырған объекті мен құбылыстар топтастырылады. Бұл тәсіл, сондай-ақ, әдістемелік ғылымның барлық мәселелерін зерттеуде қолданылады.
Болашақта математикалық зерттеу әдістері кеңінен дамиды. Олардың мәні тек есеп жүргізумен ғана шектелмейді. Бұл әдістің негізгі функциясы- педагогикалық құбылыстардың заңдылықтары мен бір-бірімен күрделі байланыстарын анықтау және түсіндіру.
Теориялық зерттеу әдістердің құрылымына тарихи әдістер кіреді. Бұл әдістің ерекшелігі- барлық зерттелетін құбылыстардың уақыт бойынша дамуы мен өзгеруін қарастыру. Осы әдіс арқылы географияны оқыту әдістемесінде қазіргі проблеманы қарастыруда тарихи әдістемелік зерттеулердің мәліметтері пайдаланылады. Ал салыстырмалы зерттеу әдістер шетелдер тәжірибесін зерттегенде қолданылады.
Зерттеудің эмпирикалық әдісі. Мектеп тәжірибесін зерттейтін әдістер практикадағы бір заттарды тіркеу және көрсету мақсатында қолданылады. Бұл әдіс бағдарламалар мен оқулықтарды жаңартуда, мұғалімдерге ғылыми- әдістемелік көмек көрсетуде, тәжірибелерді зерттеу мен насихаттауда, оны тартуда үлкен роль атқарады. Мектеп тәжірибесін зерттеуде бірнеше әдіс түрлері бар: оқыту прцесін бағалау, мұғалімдер мен оқушылар арасында сауалнама жүргізу, мектеп құжаттарын зерттеу, әңгімелесу, жазбаша тексеру жұмыстарын жүргізу [2].
География сабағының мұғалімі зерттеу жұмысында нақты қойылған мәселе бойынша өзінің немесе бірнеше мектеп тәжірибелерін зерттеумен шектелуі мүмкін. Бұл мәселе географияны оқыту әдістемесінен курстық және бітіру жұмысын жазатын студенттерге де қатысты.
Педагогикалық эксперименттің бірінші түрі- экспериментальдық және бақылау сыныптарын бөліп алу. Бұл кезде бір сыныпта (экспериментальдық) жаңа оқулық материалы немесе оны оқытатын жаңа тәсіл енгізіледі, ал басқа сыныпта (бақылау) оқу процесі өзгермейді. Бірақ, экспериментальдық және бақылау сыныптарындағы оқушылардың дайындық және үлгерім деңгейлері бірдей болуы керек.
Қазіргі уақыттағы әдістемелік ғылымның дамуында эксперимент кеңінен пайдаланылады. Эксперимент алынған нәтиженің және оның ғылыми-практикалық маңызын жоғары деңгейге көтереді.
Теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері негізінен бірге қолданылады. Оның себебі- кез келген талдау деректерге сүйенумен басқа мектептердің тәжірибелерін зерттеу және экспериментті жүргізудің теориялық әдістерін қолданумен байланысады. Барлық зерттеу әдістері анализ, синтез, индукция, дедукция, талдау, салыстыру сияқты логикалық операциялар арқылы жүреді. Зерттеу әдістерін таңдап алу және оларды тиімді пайдалану, таңдап алған тақырып бойынша әдебиеттерді (оқу психологиялық-педагогикалық, географиялық) жақсы меңгеруін көрсетеді [3].

Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудағы өзіндік және сармандық жұмыстарды өткізудің әдістемелік жүйесі оқышулардың өзін-өзі әлемдік құбылыстарды танып-білуіне, сабақ барысында тәрбиелік міндеттерді орындауына жетелейді. Бұл пәнді көптеген жылдар бойы оқыту тәжірибесінде өзінің тиімділігін көрсете білген келесідей негізгі әдістер мен сабақ өткізу формалары жасалынған: ауызша жауап беру әдісі (түсінік айту, түсіндіру, дәріс), оқытудың көрнекілік тәсілдері (табиғи құбылыстарды тікелей бақылау, көрнекілік құралдармен, яғни суреттер, плакаттар, карталар және т.б.), сарамандық жұмыс өткізу тәсілдері (тақырыптық карталарды салыстыру, статистикалық мәліметтерді талдау, географиялық әдебиет көздерімен, хрестоматиялармен жұмыс жасау, география пәнінің дәптерімен жұмыс жасау).
Таңдап алынған сабақ ұйымдастыру түрі (дәстүрлі және дәстүрлі емес, экскурсия, факультативті сабақтар) мен сабақты өткізу түріне (оқытудың фронтальді түрі, топтастыра және жекелей оқыту) сәйкес, сабақ берудің ең тиімді әдістері таңдап алынады [1].
Сабақтың ұйымдастырылуының түрлері біртекті және бір стандартты болмағаны жөн. Көп жылдар бойы қалыптасқан стандарттан тыс ауқымында да өткізілуі қажет. Қазіргі заманға сәйкес сабақтың басты құрамдас бөліктеріне келесі педагогикалық міндеттер орындалуы қажет:
- Өзара түсінушілкке бағытталған мұғалім мен оқушылардың арасында қалыпты да тиімді атмосфера қалыптасуы керек;
- Оқушылар өздігінен ой-өрісін дамытуға ұмтылуы керек;
- Оқушылардың аталмыш пәнге деген шығармашылық қызығушылығын ойын элементтерін ендіре отырып ояту керек;
- Әрбір тақырыпты өткен кезде, сол тақырыпқа сай балаларға тәрбиелік маңыздылыққа ие болар әдістерді пайдалану керек.
Осы міндеттерге байланысты, сабақтың өткізілуінің сан алуан түрлері қолданылады. Мысалы, саяхат сабағы. Оқушылар картадағы кез-келген географиялық нысан арқылы саяхат жасай отырып, ол нысанның табиғи жағдайларын ескере отырып, өздеріне тиімді қозғалыс түрін (жаяу, атпен, қайықпен, кемемен, ұшақпен және т.б.) және саяхаттың ұзақтығын (бір күндік, апталық, бір айлық және т.б.) таңдап алады. Сонымен қатар, өздерін қажетті құрал-жабдықтарды (шатыр, арқан, аспалы рюкзак) алып, күнделік толтырады, есеп береді, карта сызбаларын сызады. Бұл оқушыларды келешекте өз бетінше кез-келген жұмысты жасап кетуіне бейімдейді.
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын өткізу кезінде сынақ сабақтарын жарыс, викторина, конкурс түрінде өткізуге болады. Ол негізінен, кез-келген үлкен тараудың, тақырыптың соңында бақылау сабағы ретінде ұйымдастырылғаны жөн. Сол тараудың соңындағы «өз біліміңді тексер!» деген сұрақтарды, тапсырмаларды пайдаланылады. Егер сыныпты топтарға бөліп өткізсе, соңында топтың жинаған ұпайлары бойынша бағалап, олардың білім деңгейі тексеріледі.
Дәстүрлі емес сабақ өткізудің өте жиі қолданылатын түрі конференция сабақтарын ұйымдастыру. Осындай сабақтарды өткізудің тақырыптары пәнаралық байланыстар арқылы анықталады. Мысалы, тарих пәнімен байланыстыра отырып, құрлықтар мен мұхиттардың ашылу және зерттелу тарихы, экономикамен байланыстыра отырып, мемлекеттердің саяси жағдайы, халықтары, биологиямен байланыстыра отырып, құрлықтар мен мұхиттардың табиғат зоналары, биогеографиясы және сол сияқты тағы басқалары. Бұл конференция сабақтарына оқушылар дайындалу барысында ғылыми-танымдық әдебиеттермен, мерзімді баспалармен танысып, олардың шығармашылық және ізденушілік іс-әрекеттерін белсенді түрде арттырады [4].

VII кластың құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқуда оқушылар алдыңғы жылы, яғни VI сыныпта оқыған білімін одан әрі нығайта түседі. Жаймен мұғалім оқушылардың өткен тақырыптарын есіне түсіре отырып жаңа тақырыптарды сол материалдармен толықтырады. Құрлықтар мен мұхиттардың табиғат ерекшеліктеріне сипаттама бергеннен кейін мұғалім балалардан сұрақ қоя отырып және сол тақырыпқа байланысты кездесетін терминдер мен жаңа сөздерді түсіндіріп беру керек.
Картамен жұмыс жасаған кезде өткен курста алған білімдерін пайдалана отырып географиялық объектілерге сипаттама беріп қана қоймай, соны дамыту қажет. Сонымен қатар басқа пәндерден алған білімдерінде барынша жүйелі түрде пайдалану керек. Мысалы, өсімдіктану пәнінен оқушылар өсімдіктер анатомиясы мен физиологиясы, маңызды мәдени өсімдіктер, басты өсімдіктер тобымен таныса отырып, бұл алған білімдерін құрлықтардың өсімдіктерін оқу кезінде қолдана алады. Ал тарих пәнінен оқушылар өткен курстарда танысқан ежелгі мемлекеттер: Египет, Месопатамия, Индия, Қытай, Ежелгі Грекия, Ежелгі Римді біле отырып, осы курста да одан әрі ол алған білімді дамыта түседі. Оқушылар XV- XVI ғасырларда болған географиялық ашылулар мен отаршылдық жүйенің ерекшеліктері мен Еуропа, Араб Халифаты, Византия, Осман Империясы, Қытай, Үндістан тәрізді феодалдық мемлекеттермен танысатын болады [5].
Осы материалды оқытуда сол ел туралы жалпы географиялық мағлұмат беріледі. Бұнымен қоса сол елдің қазіргі таңдағы халқының саны және саяси картадан аталған елдің тарихын, өткенімен, сонда болған соғыстар, шаруашылығы мен халқының мәдениеті және де тарихи терминдермен де танысатын болады.
География пәнін оқу барысында да алгебра мен математиканы жақсы білуді талап етеді. Жетінші сынып оқитын бала өз жасында барынша миымен жұмыс жасай білуі және жан-жақты ойлай білуге үйрету керек.
VII сынып құрлықтар мен мұхиттар географиясынан білім беруде тек қана кітаппен ғана жұмыс жасамай, картамен де жұмыс жасаған әлде қайда тиімді. Оқушылар картамен жұмыс жасау барысында шартты белгілер мен танысуы керек. Сонымен қатар картадағы кез-келген географиялық аймақ пен географиялық объектіге сипаттама бере білуі керек.
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытуда қабырғалық карталар: жарты шарлардың физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы, дүние жүзінің тематикалық физикалық картасы-климаттық және өсімдіктер картасы, құрлықтар мен олардың бөліктерінің физикалық картасы қолданылуы керек. Жеке жұмыс жасау үшін географиялық атлас, кітаптағы шағын карталар мен текстік картасхемалар және кескін карталар қолданылады.
Білім берудегі тағы бір әдіс мұғалім керекті материалды оқулықтан ғана алып қоймай, хрестоматия тәрізді кітаптардан да алуы керек. Бұнымен қоса балалардың қызығушылығын арттыру үшін хрестоматиямен бірге балалар энциклопениясы, саяхатшылар мен олардың жазған очерктері қолданылады. Мысалы, Д.Линвингстон «Оңтүстік Африкаға саяхат», В.Юнкер «Африкаға саяхат», В.Воронина «Африкаға маймылдар үшін» [7].
Көптеген саяхатшылардың өмірі туралы мағлұматтар мен материалдар қазіргі таңда «Вокруг света», «Наука и жизнь», кішкентай балалар үшін «Глобус» және географиялық календар «Земля и люди» тәрізді журналдардан табуға болады.
Мұғалім сабақ барысында да оқушылармен әңгіме құра білу керек. Ол көбіне карта мен оқу көрнекілік құралдарын түсіндіру барысында болады. Мұғалім тек қана картамен жұмыс кезінде ғана емес, құрлықтар мен мұхиттарды салыстыра отырып, олардың ерекшеліктерін басқа пәндердің ақпараттарымен де толықтыра айтып беруі тиіс.
Мұғалімдер оқушыларымен әңгіме құрып қана қоймай, тақырыпты барынша оқушыларға қызықты етіп түсіндіре білуі керек. Түсіндіру барысында алдымен айтылғалы отырған объектіге не территорияға картада немесе кітапта жазылмай кеткен жайттарға жалпы сипаттама беру керек. Оқушылардың көз алдына айтылған жайтты елестету үшін алдымен сипаттамалық әңгіме және көрнекілік құрал ретінде пайдаланатын хрестоматиялық оқу түрінде де түсіндіру керек. Барлық жағдайда карта білім көзі ретінде қолданылады, ал қалған жағдайда әңгімелесу әдісі пайдаланады. Карта бойынша әңгіме айту арқылы мұғалім бір уақытта екі нәрсені ұтады: біріншіден, балаларды түсіндіріп жатқан тақырыпқа қызығушылығын арттырады, ал екіншіден тақырыптық физикалық өздігінен оқиды.
Сабақ соңында практикалық жұмыстар жүргізіледі, мысылы, диаграмма және әртүрлі обылыстар мен географиялық объектілер таблицасын толтыру тәрізді. Практикалық жұмысты орындау үшін география пәнінен дәптер қажет. Мұнда оқушылар өздерінің әртүрлі схемаларын (мысалы, материк рельфінің кескіні), пландарды жазу, айтуға және есте сақтауға қиын географиялық атауларды жазу, құрлықтарға сипаттама беру жоспарын жазады.
Құрлықтар мен мұхиттар географиясы курсынан оқыту әдістері өзгеріп отырады [6]....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?