Ветеринария | Шудың түспей қалуының алдын алу және емдеу

 Ветеринария | Шудың түспей қалуының алдын алу және  емдеу

Мазмұны

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕРІЛГЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1 КІРІСПЕ
1.1 Тақырыптың өзектілігі
1.2 Жұмыстың мақсаты мен міндеттері
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Әдебиетке шолу
3 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ
3.1 Зерттеу материалдары түрлі әдістері
3.2 Өзіндік зерттеу нәтижиесін талдау
3.3 Шаруашылыққа қысқаша сипаттама
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
5 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЫҒЫНДЫ АНЫҚТАУ
6 ҚОРЫТЫНДЫ
7 ТӘЖІРБИЕЛІК ҰСЫНЫС 8 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.1 Тақырыптың өзектілігі
Шаруашылықтағы гинекологиялық аурулардын таралуын болдырмау малдың жалпы жағдайынан басқа оның көбею, өсіп-өну органдарының физиологиясы мен анатомиясы, патологиясы жөнінен терең білімі болмай мұндай табыстарға қол жеткізу мүмкін емес. Гинекологиялық аурулар малдың қысыр қалуының бірден-бір себебі болып табылады.
Аналық малды бағып-күтудің ережелерін дұрыс сақтап, оны ғылыми тұрғыдан азықтандырып, организмдегі болатын физиологиялық-биологиялық процестерді дұрыс пайдаланып отырса, озық тәжіребие көрсеткендей әрбір 100 сиыр мен құнажыннан жыл сайын 100 аса бұзау және жоғары сапалы өнім алуға болады. Бағып күтудің ережелерін сақтамай, жануарлардың рационың дұрыс құрмай, мал тұқымын асылдандыру мақсатында оның физиологиялық-биологиялық мүмкіндіктерін бағаламай қалай болса, солай малды пайдаланса, төменде келтірілген гинекологиялық ауруларға мал басының шалдығуы мүмкін. Гинекологиялық аурулардың салдарынан мал бедеулікке ұшырауы әбден ықтимал. Ал, бедеулік мал басының көбеюіне кері фактор болып табылады. Міне осыдан шаруашылыққа гинекологиялық аурулардың тигізер экономикалық залалын баса айтуға болады.
Шарушылық өркендеп, мал тұқымын асылдандыру ісі күшейген сайын ауыл шаруашылық малдардың бедеулігімен күресу туралы мәселе өзінен-өзі туды. Сондықтан гинекология ғылымы, яғни аналық малдың буаз емес кезінде, туар кезінде және туғаннан кейін жыныс системасының аурулары туралы ғылым керек болған.

1.2 Жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Жұмыстың мақсаты ретінде төменгі тақырыпты таңдадық: «Шудың түспей қалуы және оның салдары»
Осыған байланысты төменгі міндеттерді алдық:
1) Шаруашылық бойынша аналық мал басын жыныс мүшелері ауруларын себептеріне зерттеу жүргізу;
2) Ауруларды анықтап топтастырып, жиі кездесетін ауру түріне жеке дара ем қолданып тиімділігін анықтау;
3) Орындалған жұмыстар бойынша шаруашылыққа ұсыныстар беру.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Әдебиетке шолу
Бізге белгілі ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ мал бедеулігінің алдын алуда ең алдымен бедеулікке әкелетін факторларды және бедеулік түрлерін анықтап алған дұрыс деп есептейміз.Бүгінгі таңда теориялық және тәжрибелік тұрғыдан алғанда профессор А.П.Студенцовтың мал бедеулігі туралы ілімі негізге алынады.Профессор А.П. Студенцов бедеулікке байланысты төмендегі ұғымдарды ұсынады және ол туралы жақсы мәлімет бере білген :
1.Төлшеңдік-малдың үнемі тұқым беру қаблеті.
2.Бедеулік-өсіп-өну қызметінің бұзылуы.
3.Аналық малдың төлшеңдігі-бір буаздық кезіндегі аналық жатырындағы дамып,туған төл саны.
Бедеулік - дегеніміз малдың уақытша ұрықтанбай,төл бере алмай қалуы, бағып –күтудің нашарлығынан, жыныс мүшелерінің ауру салдарынан туындайтын күрделі биологиялық құбылыс.
Қысыр қалу - дегеніміз экономикалық тұрғыдан алғанда келесі есеп беру жыл басындағы аналық мал басына шаққандағы алынған төл басының саны. Мысалы есептегі 100 бас сиырдың 80 басы тірі өміршең төл берсе, 20 пайызы қысыр қалды деп есептеледі.
А.Ю. Тарасевич бедеуліктің төменгі себептерін анықтаған:
1.Экстрогениталдық - малдың жасының ұлғайуы, эндокриндік безінің қызметінің бұзылуы, жүйке және сүт безі қызметінің бұзылуы,инвазиялық және індетті аурулар.
2.Интрогениталды-аналық безінің күлдіреуігі,персистенттік сары дене,эндометриттер,анофродезия,нимфомания,ұрықтану және зиготаның теліну кезіндегі жатыр қызметінің бұзылуы.
3.Экзогендік-алиментарлық факторлар- моционның болмауы,күн сәулесінің жетіспеуінен туындайды.
Н.Ф.Мышкиннің айтуынша бедеуліктің негізгі себебі аналық және аталық малдың жыныс мүшелерінің аурулары.Ал П.А. Волосков малшарушылығындағы қолдан ұрықтандыру кезіндегі кемшіліктер деп есептейді. А.П. Студенцовтың айтуынша бедеулік себептері өткінші,брақ мал организмінде морфологиялық,қызметтік өзгерістерге әкеліп соқтырады.
Туа біткен бедеулік - бедеуліктің бұл түрі атадан балаға берілетін тұқым қуалау,эндокриндік бездердің қызметінің бұзылуы, экологиялық факторлар,туысқандық будандастыру, зат алмасуының бұзылуы, тағы басқа себептер салдарынан туындайды.
Ірі қара малында туа біткен бедеуліктің төменгі түрлері кездеседі: инфантилизм,фримартинизм, гермофродитизм,туа біткен жыныс мүшелерінің кемтарлығы.
Фримартинизм - құбылысы көбнесе егіз төл дамығанда біреуі еркек біреуі ұрғашы болғанда кездеседі, өйткені құрсақ қуысында төлдердің даму кезінде
гормондары араласып ұрғашы төлде еркек төлдің гормоны басым болғандықтан,туғаннан кейін ұрғашы төлдің жыныс мүшелері аномалияға ұшырап,шүртекейі-клиторы шамадан тыс дамып, бұқа тәрізді болады.Бұндай таншалар төл-ұрпақ беру қаблетінен айырлады,сондықтан оларды семіртіп,сойып алған дұрыс болады. Инфантилизм-жас малдың жыныс мүшелерінің дамымай қалуы және жыныстық қызметінің байқалмауы,аналық және аталық бездерінің гипоплязиясы. Гермофродитизм-бұл өзгерістер сирек кездеседі,жыныс бездерінде аналық безінің және аталықтың ұлпасының бірдей дамуы,кейбір малдын белгілі бір жыныс мүшесі шамадан тыс дамып кетеді-мал организіміндегі қос жыныстық белгісін көрсетеді және гормоналды тепе-теңдіктің сақталмай қалады.
Туа біткен бедеуліктің алдын алу. Туа біткен бедеуліктің алдын алу үшін ветеринарлық-зоотехникалық жұмысты дұрыс ұйымдастырған жөн,сонымен қатар малдың туысқандық будандастыруын болдырмау қажет.Мал басын көбейтуде тианақты түрде жас малды таңдағанда олардың тұқымына аса көніл аударған жөн.Сонымен қатар жыныс мүшелерінің дамуын гинекологиялық зерттеу арқылы анықтап алған дұрыс,селекция жұмысын дұрыс қою қажет,егер малдың жыныстық қызметінде кемшіліктер болса асылдандыру жұмысының іс-шараларын жоспарын кайта қараған дұрысыс дейміз.
Жоғарыда айтылғанмен бедеулікке әкеп соқтыратын факторлардың бірі акушерлік гинекологиялық патологиялар.
Қынаптың айналуы Қынаптың айналуы – қынаптың жыныс ернеуі арқылы айналып түсіп тұруы. Себептері. Құрсақ қуысының қысымының жоғарылауы және жыныс мүшесінің бекітетін байланыстардың босаңсуы ауруға әкеп соқтырады. Мұндай жағдай көбінесе буаз және кәрі малда дұрыс азықтанбағандықтан және мационның жоқтығынан болады. Клиникалық көріністермен анықталуы. Аурудың бас кезінде малдың жағдайы өзгермейді. Әрі қарай қынаптың ұлпаларының ісінуіне, зәрмен, нәжіспен кілегейлі қабатының тітіркенуіне байланысты эрозия пайда болып, беті жиырылып кетеді. Мал тынышсызданып, күшенеді, зәрін, нәжісін шығаруы бұзылады.
Аурудың екі түрі болады: толық және жартылай айналу (түсу). Жартылай айналғанда қынаптың жоғарғы жағы ғана айналып, мөлшері қаздың жұмыртқасындай болып шығып тұрады.
Қынап толық айналғанда жыныс ернеуінен ісініп, қанталап, кейде жарылып жатқан шар тәрізді қарайған дене көрінеді. Ол дененің ортасынан жатыр мойнының қынаптық бөлігін байқауға болады.
Емдеу: қынап жартылай айналғанда малды мационға шығарып, кілегейлі қабатын жарақаттанудан сақтап, айналған бөлімшенің әрі қарай түспеуін қадағалау керек. Ауру малдың рационын өзгертіп, шырынды азықты беруді тоқтатады. Рационға жылдам қорытылатын азықты көбірек қосады. Құрсақ қуысының қысымын төмендету үшін ауырған малдың астындағы еденді көтеріп, артқы жағы бас жағынан жоғары болуын қамтамасыз етеді.
Қынап толық түссе өз бетімен жазылмайды. Сыртқы ортаның әсерімен (кебу,нәжіс пен төсеніштен былғану) қынаптың кілегейлі қабаты некрозаға ұшырап, көбінесе сепсиске айналады. Сондықтан, қынапты тазартып, орнына салып, бекіткен жөн. Малға көмекті неғұрлым ерте көрсетсе, соғұрлым мал ерте жазылады. Қынапты орнына салар алдында күшенуді болдырмау үшін төменде аталған новокаин блокадасын жасау қажет: скральді жансыздандыру, Наздарчевтың, Исаевтың және т. б. Тосқауылдар. Одан соң сиырдың артқы жағы алдыңғы жағынан жоғары етіп орналастырылады (құрсақ қуысындағы қысымның жамбасқа әсерін төмендету үшін).
Айналып түскен қынапты және оны қоршаған ұлпаны тазалап, дизенфекциялық ерітіндімен шайған соң (калий перманганатымен 1:1000 т. б.) оның бетін синтомицин эмульсиясымен немесе антибиотик қосылған майлармен сылаған жөн. Аталған жұмыстан кейін жұдырықты салфеткамен орап, жатыр мойнының қынап бөлігінен басып, қынапты баппен жамбас қуысына қарай енгізеді. Қынапты бекітетін көптеген тәсілдер бар. Тәжірибеде көбінесе ыңғайлы екі тәсіл қолданылады. Таза бөтелкені қынапқа енгізіп, бекіту қолданылады. Ол үшін резеңке бөтелкені қолданады, оны қынапта бір деңгейде ұстап тұру үшін алдын-ала сумен толтырады да аузын тығындайды. Бөтеленің түбін жатыр мойнына қаратады. Оның мойнына төрт жаққа жіп өткізіп, малдың кеуде тұсынан бекітіледі. Ілгекті (петля) жыныс ернеуіне бекітеді де, жіптің ұшын кеудеге (алқымына) байланады. Ілгекті метардан немесе жіптен дайындайды. Аталған ілгектер малдың мазасын алмайды және зәр шығаруына кедергі етпейді. Күшену басылған соң, бөтелкені, ілгекті алып, жоғарыда аталған блокадалардың біреуін жасайды.
Шудың түспеуі. Шудың түспеуі деп төл қабаттарының әр малдың өзіне тән белгілі уақытта түспеуін айтады. Туудың бұл патологиясы қыс, көктем айларында жйі кездеседі. Сиырдың шуы түспеуі – туғаннан соң 6-8 сағат өткенше шуының түспеуін айтады. Себептері: негізгі себебі – жатыр атониясы және хорионның жатыр карункулдарына жабысып қалуы. Әкеліп соқтыратын факторлар: малдың көтерімдігі, рационда құнарлы және минералды заттардың жетіспеуі,мационның болмауы, буаз кезінде індетті ауруға шалдығуы. Клиникалық белгілері және анықтауы: ауырған сиыр тынышсызданып, жонын көтеріп, жиі-жиі зәр жіберіп тұрады. Әрі қарай түспеген шуға микроорганизмдер еніп, оның шіріп, ыдырауы басталады. Жатыр бұл кезде мик-рофлорға толып кетеді. Малдың улануына байланысты дене қызуы көтеріледі, тәбеті төмендейді немесе болмайды, уыздың бөлінуі азайып, малдың жағдайы нашарлайды. Шуы түспеген сиырдың жыныс ернеуінен қызыл түсті былғаныш дене салбырап тұрады, мал жиі күшенеді. Осы көріністерге қарап диагноз қою оңай болады. Емдеу: сиырдың организімін күшейту үшін оған тұздалған су, шарана суын ішкізген жөн, 2 л суға 400-500 гр қантты ерітіп беру қажет. Күре тамырына 150 мл глюкозаның 40%-дық ерітіндісін, 100 мл кальций хлоридінің 10%-ды ерітіндісін және 10 мл 20%-дық кофеиннің ерітіндісін жібереді. Тері астына 20%жаңадан сауылған уызды егеді. Қолқаға новокаиннің 1%-дық ерітіндісіне (30-40 ӘБ)
окситоцинді қосып жібереді. Жатыр арқылы жатырдың кілегей қабатымен және хорионның ортасына 300-500 мл ерітіндісін жіберіп, 2-3 таблетка экзутер дәрісін салады немесе ақ чемерицаның 10%-дық ерітіндісін балық майымен қосып жатыр ішіне жібереді. Ақ чемерицаның балық майымен қосындысын жатыр қуысына 100-150 мл бір рет жібереді, керек жағдайда 10-12 сағаттан кейін қайталайды. Ерітіндіні ПОС-5 приборымен (шошқаны ұрықтандыруға арналған) немесе резеңке катетермен шыны түтікше арқылы жібереді. Препаратты жібергеннен кейін 10-20 минут өткенсоң жатыр мен қынап 30-60 минутқа дейін қатты жиырылады.малдың шуы түспегенде алғашқы уақыт ішінде шара қолданса немесе туа салсымен алдын-алса, емдеу жұмыстары жоғары нәтиже береді. Егер атап өткен шаралар нәтиже бермесе, онда шуды қолмен алып тастайды. Шуды қолмен алар алдында сиырға төменгі сакралды анестезия жасап, жатыр қуысына 300-500 мл 20%-дық ихтиолдық ерітіндісін немесе натри хлоридінің гипертониялық ерітіндісін жіберіп, шуды алуды жеңілдетеді. Шудың салбырап тұрған бөлігін қолмен ұстап жиырып тартады. Содан кейін алдын-ала ихтиол майы жағылған оң қолмен карнукулдарды тауып, олардан харионның кателидондарын ағытады. Сол қолмен ағытылған сайын шуды тартып отырады. Шуды алып болғаннан кейін жатыр қуысына көпіретін (септометрин, экзутер) немесе микробтарға қарсы эмульсиямен суспензияларды балық майына араластырып жібереді. Тері астына окситоцин егіп, Мосин блокадасын жасаған жөн....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі